Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 7-сынып Қазақ тілі мен әдебиеті



бет62/63
Дата28.11.2023
өлшемі2.21 Mb.
#484604
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
7 сынып Т2 Валиева А.Б

ҚОРЫТЫНДЫ

«Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы» атты нұскаулық білім беру мазмұнын жаңарту аясында білім алушылардың білімді пайдалануды, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің шарттарын түсінуді және алынған білім мен дағдыларды шынайы өмірде пайдалануды үйретуге бағытталған.


Оқушылардың ойлау, ауызекі сөйлеу, есте сақтау қабілеттері дамиды, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мүмкіндіктерін түсінуін қалыптастыруға септігін тигізеді.білім алушылардың орындаушылық және шығармашылық дағдылары қалыптасады.Әдістемелік құралдың мақсаты - оқушылардың өз болашағына қадам басуына мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау тапсырмалары баланың сөз мәдениетін арттырып, сөйлеу әдебін дамытып, өз пікірін дәлелдеп айтуға үйретеді. Өзгені тыңдай білу әдебін үйренеді,тыңдалым тапсырмаларын орындауға бейімделеді.
Тыңдалым және айтылым дағдылары бойыншабілім алушы қарым-қаынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу-кәсіптік салалардағы мәтіндерін мақсатқа сай қолдануды үйренеді. Тапсырмалар мәтіннің тақырыбы/басы/соңы бойынша мәтін мазмұнын болжау, өз сөздерін ресімдеу кезінде грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтауға бағытталған.Оқылым дағдысын жетілдірудебілім алушының әр түрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және аралас(мәтіндік, сандық, графикалық) мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасауды көздейді.
Жазылым дағдысын дамытуда білім алушы естіген және оқыған ақпараттарын жинақтай отырып, әртүрлі эссе, мәтіндерді жазады; Сондай-ақ ақпаратты ұсынудың әртүрлі нысандарын пайдалана отырып, мәтін құрастыруға, ұсынылған ақпаратты талдау және бағалау қабілетін көрсетуге бағытталған сипаттағы мәтін (мақала, эссе, хат және т.б.) жаздыруға бағыттайды
Жиынтық бағалау тапсырмалары оқу бағдарламасы мен оқу жоспарына берілген тапсырымаларға сәйкес.Бөлім, тоқсандық жиынтық бағалу тапсырмалары білім алушының материалды қалай меңгергендігін тексереді. Тапсырмаларда барлық оқу дағдылары қамтылған. Тапсырмалардың құрылымы, көлемі, берілуі баланың жас ерекшелігіне, білім деңгейіне сай. Тапсырмалар барысында әрбір мәтін,диалог, сөйлем, сөз өмірдегі нақты тілдік қажеттіліктеріне қызмет етіп, тақырыптар бойынша сөйлей білуді меңгерулеріне көмектеседі. Білім алушылардың орындаушылық және шығармашылық дағдылары қалыптасады.
Орыс тілі, Қазақстан тарихы пәндерімен тығыз пәнаралық байланысты көздейді және білімді қолданбалы етіп, оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмалар себеп-салдардық байланыстарды айқындауға септігін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет