Нысаналы индикатор/ нәтиже көрсеткіштер атауы
|
Бірлесіп орындаушы орган
|
Өзара қарым-қатынастықты талдау
|
Бағыт 1. Жоғары инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы
|
Мақсат 4.1.1. Экономиканың тұрақты өсімін және халық санының ұлғаюын қамтамасыз ету
|
Міндет 4.1.1.1. ЖӨӨ жыл сайынғы нақты өсімін қамтамасыз ету
|
Халық санының өсуі/азаюы
|
Аудандар мен Тараз қаласының әкімдері
|
Туу және табиғи өсім деңгейінің төмендеуіне байланысты орындалмады.
|
Импорт
|
Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы
(КИИДБ)
|
Жоспарлы көрсеткіштің орындалмауы сатып алу сұранысының азаюына, халық тұтынатын, әсіресе шет елдерден импортталатын тауарлардың қымбаттауына, әлемдегі дағдарыс жағдайына байланысты. Металлдар мен олардан жасалған бұйымдар импортты 77,6%-ға; былғары шикізаты, аң терісінің – 68,6%-ға; машиналар мен жабдықтар – 61,5%-ға; тоқыма және одан жасалған бұйымдар– 58,0%-ға төмендеуі байқалады.
|
Инфляция деңгейі
|
Облыс әкімдігінің басқармалары, аудандар мен Тараз қаласының әкімдері
|
2015 жылдың желтоқсан айында 2014 жылдың желтоқсанына инфляция деңгейі 112,9%-ды құрады (ҚР-113,6%). Инфляция деңгейінің өсуі азық-түлік тауарларына бағаның 9,9%-ға, азық түлік емес тауарларына - 20,7%-ға, ақылы қызметтерге - 9,1%-ға қымбаттауына байланысты.
|
Мақсат 4.1.2.: Жамбыл облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттыру
|
Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі
|
КИИДБ,
аудандар мен Тараз қ. әкімдіктері, облыс кәсіпорындары
|
Кен өндіру өнеркәсібі (НКИ - 84,8%), өңдеу өнеркәсібі (НКИ - 88,6%) көлемдерінің төмендеуіне байланысты индикаторға қол жетпеді.
|
Өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің жалпы қосылған құнын арттыру
|
КИИДБ, аудандар мен Тараз қаласының әкімдіктері,
облыстың ірі кәсіпорындары
|
Негізгі салаларда: тамақ өнеркәсібінде - 17,7%-ға, химия өнеркәсібінде - 15,6%-ға өндіріс көлемдерінің азаюы есебінен индикатор төмендеген.
|
Міндет 4.1.2.1. Өнеркәсіптің басымды секторларын дамыту
|
Металл кендерін өндірудің нақты көлем индексі
|
КИИДБ,
аудан әкімдіктері,
тау-кен кешенінің кәсіпорындары
|
2014 жылдың деңгейіне металл кендерін өндіру көлемінің НКИ 60,5%-ға жетті. Негізігі себеп – «Казполиметалл» ЖШС-де металл кендерін өндірудің тоқтауы.
|
Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі
|
КИИДБ,
аудан мен Тараз қ. әкімдіктері,
облыс кәсіпорындары
|
Жоспарлы көрсеткіш долллар бағамының теңгеге шаққанда 1:185,95$ кезінде қалыптасқан. Валюта бағамының тұрақты өзгеруіне байланысты аталмыш көрсеткіш орындалмады.
|
Химия өнеркәсібінің нақты көлем индексі
|
КИИДБ,
Тараз қ. және
Талас ауданы әкімдіктері
химия кәсіпорындары
|
Сары фосфор өндірісінің 15,5%-ға, фосфорлы қышқылының - 35,8%-ға (нарықтағы жағдайға байланысты сату көлемінің азаюы), натрий үшполифосфатының - 48,4%-ға төмендеуі (ТПНФ өнімінің импортына 5,5% баж салығын енгізуі, GPS EC Қазақстанның бенефициар деңгейін жоғалтуы, темір жол және «KEGOC» қызметіне тарифтердің өсуі) себебінен көрсеткіш орындалмады.
|
Химия саласындағы еңбек өнімділігі
|
КИИДБ,
Тараз қ. және
Талас ауданы әкімдіктері
химия кәсіпорындары
|
Жоспарлы көрсеткіш химия өнімі өндірісінің 15,6%-ға төмендеуіне және доллар бағамының теңгеге шаққанда күрт өсуіне байланысты орындалмады.
|
Химия саласындағы еңбек өнімділігінің өсімі
|
КИИДБ,
Тараз қ. және
Талас ауданы әкімдіктері
химия кәсіпорындары
|
Көрсеткіш саланың негізгі өнімдері (сары фосфор, фосфор қышқылы, натрий үшполифосфаты) өндірісінің төмендеуіне байланысты орындалмады.
|
Өзге металл емес минералдық өнімдер өндірісіндегі еңбек өнімділігі
|
КИИДБ,
аудандар мен Тараз қ. әкімдіктері, облыстың құрылыс кәсіпорындары
|
Жоспарлы көрсеткіш долллар бағамының теңгеге шаққанда 1:185,95$ кезінде қалыптасқан. Валюта бағамының тұрақты өзгеруіне байланысты аталмыш көрсеткіш орындалмады.
|
Металлургия өнеркәсібі саласындағы еңбек өнімділігі
|
КИИДБ,
Тараз қ. және
Мойынқұм ауданы әкімдігі,
металлургия кәсіпорындары
|
Жоспарлы көрсеткіш долллар бағамының теңгеге шаққанда 1:185,95$ кезінде қалыптасқан. Валюта бағамының тұрақты өзгеруіне байланысты аталмыш көрсеткіш орындалмады.
|
Жеңіл өнеркәсібінің нақты көлем индексі
|
КИИДБ,
Тараз қ. және
Қордай ауданы әкімдіктері,
жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары
|
Салада былғары өндірісінің көлемі (НКИ-29,4%), тоқыма бұйымдары (НКИ- 51,2%), киімдер (НКИ-66,6%) төмендеген. Негізгі себеп - жеңіл өнеркәсіп өніміне тапсырыстың азаюы.
|
Жеңіл өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі
|
КИИДБ,
Тараз қ. және
Қордай ауданы әкімдіктері,
жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары
|
Жоспарлы көрсеткіш доллар бағамының теңгеге шаққанда күрт өсуіне және салада өндіріс көлемінің 59,2%-ға төмендеуіне байланысты орындалмады.
|
Машина жасау өнеркәсібінің нақты көлем индексі
|
КИИДБ,
Шу ауданы және Тараз қ. әкімдіктері, машина жасау саласының кәсіпорындары
|
Көрсеткіш «Шу локомотив жөндеу» зауытында жылжымалы құрамдарды жөндеуге тапсырыстардың азаюына байланысты орындалмады.
|
Мақсат 4.1.3.: Бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін құру
|
Міндет 4.1.3.1. Прогрессивті технологияларды енгізу негізінде агроөнеркәсіп кешені салаларының көрсеткіштерін тұрақты өсіру
|
Субсидиямен қамтылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің егістік алқабы, оның ішінде:
1 вегетация:
- жеміс-жидек дақылдары
- жүзім
2 вегетация:
3 вегетация:
|
АШБ,
аудандар және Тараз қ. әкімдіктері
|
Көрсеткіштердің жоспарлы мәндері субсидиялау ережелерінің талаптарына сәйкес келмеуіне, сондай-ақ субсидиялау ережесінің өзгеруіне, оның ішінде аталған бағдарлама бойынша қарқынды алма бақтарына субсидия беруді тоқтатуға байланысты ведомствоаралық комиссия ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне рұрсат бермегендіктен орындалмады.
|
Субсидиямен қамтылған, сатып алынған минералды тыңайтқыштардың көлемі
|
АШБ,
аудандар және Тараз қ. әкімдіктері
|
Көрсеткіштің жоспарлы мәнінің орындалмауы бағаның өсуіне байланысты.
|
Субсидиямен қамтылған, сатып алынған гербицидтердің көлемі
|
АШБ,
аудандар және Тараз қ. әкімдіктері
|
Жоспардың орындалмауы гербицидтер бағасының өсуіне байланысты.
|
Бірінші сұрыпты 1 репродукцияның және гибридтің сатып алынған тұқым көлемі
|
АШБ,
аудандар және Тараз қ. әкімдіктері
|
Көрсеткіш субсидиялау Ережесіне өзгерістер енгізілуіне байланысты орындалмады.
|
Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерінің аналықтарын отырғызу алқабы
|
АШБ,
аудандар және Тараз қ. әкімдіктері
|
Көрсеткіш субсидиялау Ережесіне өзгерістер енгізілуіне байланысты орындалмады.
|
Субсидиямен қамтылған, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарына қызмет көрсету алқабы
|
АШБ,
аудандар және Тараз қ. әкімдіктері
|
Көрсеткіш субсидиялау Ережесіне өзгерістер енгізілуіне байланысты орындалмады.
|
Субсидиямен қамтылған құрама және құнарлы жемдердің арзандатуына өндірілген сүт, қымыз, шұбат көлемі
|
АШБ,
аудандар және Тараз қ. әкімдіктері
|
Жоспарлы көрсеткіш ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінен тапсырыстың түспеуіне байланысты орындалмады.
|
Субсидиямен қамтылған құрама және құнарлы жемдердің арзандатуына өндірілген қой етінің көлемі
|
АШБ,
аудандар және Тараз қ. әкімдіктері
|
Көрсеткіш тауар өндірушілерден тапсырыстың түспеуіне байланысты орындалмады.
|
Субсидиямен қамтылған (жұмыртқа бағытындағы) тәуліктік балапандар сатып алу саны
|
АШБ,
аудандар және Тараз қ. әкімдіктері
|
Көрсеткіш тәуліктік балапандар сатып алуға бөлінген бюджеттік қаржыны тиімді басым бағыттарға қайта бөлуіне байланысты орындалмады.
|
Сақтандыру жүйесі және кепілдендірілген қарыз арқылы АӨК субъектілеріне қаржы институттарымен берілген несиелер сомасы
|
АШБ,
аудандар және Тараз қ. әкімдіктері
|
Көрсеткіш тауар өндірушілерден тапсырыстың түспеуіне байланысты орындалмалмады.
|
Субсидиямен қамтылған өндірілген өнім көлемі, оның ішінде:
- ірімшік
- қант қызылшасы
|
АШБ,
аудандар және Тараз қ. әкімдіктері
|
Көрсеткіш қаражат тапшылығына байланысты ірімшік жоспары (жоспар - 0,562 мың тонна) және қант қызылшасы жоспарланған егіс алқабына толық егілмегендіктен шикізат жетіспей қант қызылшасының жоспары (жоспар – 2,4 мың тонна) орындалмады.
|
Мақсат 4.1.4.: ШОБ және сауданы дамыту
|
Бөлшек сауданың нақты көлем индексі
|
КИИДБ,
аудандар мен Тараз қ. әкімдіктері
|
Жоспарланған көрсеткіштің орындалмауы сатып алу сұранысының азаюына, халық тұтынатын, әсіресе шет елдерден импортталатын тауарлардың қымбаттауына, Қазақстанның 20.08.2015 ж. бастап теңге курсын еркін айналымға жіберуіне, сондай-ақ әлемдегі дағдарыс жағдайы мен екінші деңгейлі банктердің несие беру шарттарын қиындатуына, және пайыздық ставканы көтеруіне байланысты.
|
Бағыт 4.2. Әлеуметтік саланы дамыту және халықтың өмір сүру сапасының деңгейін арттыру, тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету
|
Мақсат 4.2.1.: Білім берудің қол жетімділігін және сапасын қамтамасыз ету, балалардың құқығын және заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру
|
Апатты жағдайдағы және үш ауысымда сабақ жүргізетін мектептер санының өткен жылмен салыстырғанда азаюы
|
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасы
(ББ),
Жамбыл облысы әкімдігінің
құрылыс, жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары басқармасы
(ҚЖКАЖБ),
аудандар мен Тараз қ. әкімдері
|
2015 жылдың басында апатты жағдайдағы мектептер саны - 19 болса, 9 апатты мектептің мәселесі жаңа құрылыс есебінен шешілді. 2015-2016 оқу жылында 1 мектеп (Талас ауданы Қасқабұлақ ауылындағы Қасқабұлақ ОМ) апатты жағдайдағы мектептер тізіміне еніп отыр.
2015 жылдың басында үш ауысымды мектептер саны 3 болса, 2015-2016 оқу жылында тағы да үш ауысымды 2 мектеп (Тараз қаласындағы №24 және №55 ОМ) анықталған. Үш ауысымды 5 мектептің 2-нің мәселесі шешіліп (Тараз қаласы Құмшағал бекетінде 300 орындық ОМ, Байзақ ауданы Түймекент ауылындағы 300 орындық ОМ-нің құрылысы жүргізілуде), 1 мектептің құрылысы 2016 жылы Ұлттық қор есебінен қаржыландырылатын жобалар тізбесіне енгізілді (Меркі ауданы Сарымолдаев ауылындағы 600 орындық ОМ).
Қалған 2 мектептің ЖСҚ-ын дайындау сұрағы қарастырылуда.
|
Мақсат 4.2.2.: Облыстың тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін облыс халқының денсаулығын нығайту
|
Міндет 4.2.2.2. Өмір сүру ұзақтығының артуын қамтамасыз ету
|
Нәресте өлімі
|
Жамбыл облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасы
(ДСБ)
|
Алдыңғы желмен салыстырғанда 2015 жылы туу деңгейі 1160 балаға төмендегені байқалады: 27604 баладан 26444 балаға дейін. 2014 жылғы 279-дан 2015 жылғы 296-ға дейін абсолюттік өлімнің төмендеуінен.
|
Балалар өлімі (0-ден 5 жасқа дейін)
|
ДСБ,
аудандар мен Тараз қаласының әкімдіктері
|
Көрсеткіш орындалмаған. Облыс бойынша 2014 жылы нәресте қайтыс болған (0-ден 5 жасқа дейін) 349 жағдайға қарсы, 2015 жылы 346 жағдай тіркелген.
Балалар өлімі (0-ден 5 жасқа дейін) төмендеген, бірақ 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда туу деңгейінің төмендеуіне байланысты көрсеткіш өскен.
|
БАҒЫТ 4.3: Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
|
Мақсат 4.3.1.: Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету
|
Жол-көлік оқиғасынан қайтыс болғандар санының төмендеуі
|
Жамбыл облысы бойынша
ішкі істер департаменті
(ІІБ)
|
Транзитті автокөліктің тұрақты өсіміне және жүргізушілер тәртібінің төмендігіне, сондай-ақ 2 ірі жол-көлік оқиғасына байланысты индикаторға қол жетпеді.
|
Көшелерде жасалған бұзақылық деңгейінің төмендеуі
|
ІІБ
|
Көрсеткіш тіркеу ережелеріне енгізілген өзгерістерге байланысты орындалмады.
|
Бағыт 4.4. Инфрақұрылымды дамыту
|
Мақсат 4.4.1.: Байланыс және коммуникацияны дамыту
|
Байланыс қызметінің нақты көлемінің индексі
|
«Қазақтелеком» АҚ, «Жамбылтранстелеком»АҚ
|
Көрсеткіш байланыс қызметін тұтынудың төмендігіне байланысты орындалмады.
|
Мақсат 4.4.2. Құрылысты дамыту
|
Құрылыс жұмыстарының НКИ
|
ҚЖКАЖБ
|
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистралды газ құбыры мен автобан құрылысында құрылыс-монтаж жұмыстары көлемінің төмендеуіне байланысты орындалмады.
|
БАҒЫТ 4.8. Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, елді мекендерді дамыту бойынша жағдай жасау (агрокешендері)
|
Мақсат 4.8.2.: Жоғары және орта даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендерді дамыту
|
Міндет 4.8.2.1. Ауылдарда білім беру және денсаулық сақтау қызметінің сапасын жақсарту
|
Ауылға денсаулық сақтау саласындағы мамандарды тарту
|
ДСБ,
аудандар мен Тараз қ. әкімдіктері
|
Көрсеткіш орындалмаған. 2015 жылы ауылдық жерге 56 жас маман жұмысқа орналастырылды. Ауылдық жерлерде тар шеңберлі мамандық дәрігерлерінің тапшылығы байқалады.
|
Міндет 4.8.2.2. Ауылдық елді мекендерде өндірістік саланы дамыту
|
Жоғары әлеуеті бар ауылдық елді мекендерде өндірістік саланы дамыту
|
КИИДБ,
Жамбыл ауданы
«Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС
|
Жамбыл ауданы Бектөбе ауылындағы «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС-гі – Халал стандартына сай жоғары технологиялы ет өнімдері өндірісін құру жобасының іске асыру мерзімі 2016 жылға ауыстырылуына байланысты көрсеткіш орындалмады (өңірлік үйлестіру кеңесінің 2015 жылғы 19 тамыздағы №14 хаттамасы).
|