Жамбыл облысына физикалық-географиялық



бет7/8
Дата18.03.2024
өлшемі227.25 Kb.
#495998
1   2   3   4   5   6   7   8
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

1.8. Жер бедері оны қалыптастыратын факторлар

Жамбыл облысының жер бедері жазық болып келеді. Тау массивтері
оңтүстігінен, шығыстан және оңтүстік батыстан қоршап жатыр. Оңтүстік
шығысында Кіндіктас тауы жатыр. Кіндітастың солтүстігінде Шоқпар және Қопа ойысымен, оңтүстік, оңтүстік-батысында Шу оңғарымен шектелген. Ол бірнеше массивтерге бөлінеді. Солтүстік-шығысында Қордай үстірті, шығысында Желтау тауы, оңтүстік-шығысында Ырғайты, Ақалтас өзендері бассейндерінде Ырғайты үстірті, батысында Аққойлық қыраты жатыр. Кіндіктас тауларының беті каньон тәріздес аңғарлармен тілімделген. Шоқпар ойысының солтүстік батысында Шу, Іле өзендерінің су айырығында Шу-Іле таулары жатыр. Оңтүстік батыс жағы көтеріңкі Айтауда (1800 м) ол ұсақ шоқылардан тұрады. Солтүстік-батысында Хантау (1053 м сұңқар) жалғасады. Одан әрі Желтау таулы үстірті жатыр. Солтүстік-батысында Бетпақдалаға ұласады. Облыстың оңтүстігінде Қырғыз Алатауы жатыр. Ол батысында Тектұрмас қыратынан басталады. Оның биіктігі біртіндеп биіктей береді. 1000-3000 м (Мақпал шыңы 3685). Қырғыз Алатауының
батысында беткейлердің ассиметриясы жақсы байқалады. Солтүстік беткейі тік және қысқа, оңтүстік беткейі ұзын және көлбеу. Қырғыз Алатауының жоталары тек оңтүстік-шығысында ғана қар сызығынан жоғары көтеріледі (3000-3800 м).
Оңтүстік-батысында Қаратау жоталары жатыр. Ол солтүстік батысында 700
метрден, оңтүстік-шығыста 1000 метрге дейін көтерілді. 43040 Қаратау екіге
бөлінеді: Шығыс – кіші Қаратау және оңтүстік-батыс Қаратау.
Қартаудың рельефіне жергілікті халық жон деп атайтын суайырық жоталары
тән. Палезойдың әк тастарынан тұратын тау массивтерінде карсталық рельеф формалары көп кездеседі. Қаратаудың оңтүстігіндегі тегістелген беткейден Боралдай жотасы шығып тұрады. Оның суайырығы жіңішке. Бұл жотаның беткейлері тік жартасты. Қаратауға солтүстік-шығысынан бордың үштік дәуірдің сазды-құмды қабаттарынан тұратын тау алды жазығы жалғасып жатыр. Мұнда рельефтің қыр деп аталатын формалары таралған, яғни, тік беткейлі, төбесі тегістелген қалдық тау. Ол жазықтардан 30-50м көтеріліп тұрады. Қазіргі Шу, Талас өзендерінің аңғарының рельефіне 2 терасса жайылмаға және терассалы және Шу аңғарында жайылма терассасасы Қамқалы ауданында өсіп 10-15 метрге жетеді. Үшарал маңында Таластың жайылмасы да осынша болады. Шу аңғарының оңтүстігінде Мойынқұм құмы жатыр (абс. биіктігі 200-800 метр).
Мойынқұмның солтүстігі Шу маңы құмды жазық деп аталатын құм төбелер
мен жоталар солтүстік-шығыс бағытта созылып жатыр. Мойынқұмның орталық бөлігі төбелі жоталы жазықтан тұрады. Рельефтің типтік элементі төбешіктер. Ол төбешіктердің арасында төмен түскен аймақтар болады. Оңтүстік-шығыс және солтүстік батыс бөлігінде төбешіктер жалдармен кезектесіп келіп өсімдік жамылғысымен жамылған. Құм жазықтардың 10%-ын жауып жатыр. Оңтүстік-шығыс Мойынқұм шөптің биік бөлігі. Ірі жалдардың биіктігі 20-40м-ге жетіп, төбелер тізбегін құрайды. Мойынқұмның оңтүстік-шығысында құмдар 10-20% осы жерден ағып жатқан Шу және Қорағаты өзендерінің аңғарының тереңдігі 40-60м. Шудан солтүстікке қарай Бетпақдала жатыр. Облысқа оның оңтүстік-шығысы ғана кіреді. Бетпақдаланың оңтүстігінде солтүстік батысқа созылған Жамбыл, Қойжарылған, Майжарылған, Байқара, Шоғырлы таулары созылып жатыр. Батысында төбелі-жоталы жазық жатыр. Солтүстігінде салыстырмалы биіктігі – 450 м, оңтүстігінде 325-400 м. Оңтүстігінде Сарыой аңғарымен шектелген.

Аласа таулы рельеф. Ертедегі денудациялық жазықтың аздап көтерілген
территориясын қамтиды. Рельефтің тілімдену тереңдігі, беткейлердің
морфологиясы әр жерде әр түрлі. Кіндіктаста, Шу, Іле тауларында суайырық
жоталары жатық беткейлі және қиыршық тасты саздақпен жабылған. Суайырық беткейлері коньон тәрізді аңғарлармен тілімденген. Эрозия нәтижесінде жеке участоктарда формасы жыныстардың морфологиялық құрамына байланысты ұсақ шоқылар дамыған.Тау жоталарының беткейлері бойымен кен өзен аңғарларымен бөлінген жатық қыраттар дамыған, жеке қыраттардың биіктігі 500 м. Қаратау жоталары кейбір ерекшеліктерімен ерекшеленеді.Оның жота сызықтары тілімделген. Беткейлері тік салыстырмалы рельефтің амплитудасы 600 м-ден жоғары. Бос жыныстар жамылғысы тек өзен аңғарларынан көруге болады.
Денудациялы рельеф - аридті денудациялық жазықта, эрозиялық үстірттер
түрінде тараған. Олар тау массивтерімен аккумулиятивті жазықтардың
аралығындағы өтпелі баспалдақты қамтиды.Оған Бетпақдала және Қаратау
жотасымен Шу-Іле тауларының алдындағы қалдық қыраттар түрінде сақталған тауалды еңіс жазықтарының участоктары жатады.
Аридті-денудациялық жазық пен эрозиялық үстірттердің ерекшелігі
фундамент жыныстарының терең жатпауына метеологиялық құрамы, геологилық құрылысына байланысты. Жабын шөгінділердің қабаты қалың емес.Тек пласталы жазықтарда ғана 100-деген метрге жетеді. Шу-Іле тауы мен Қаратау жотасында денудациялық жазықтар тілімденулерге ұшыраған. Өзен аңғарлары торының жиілігі оларды көлбеу беткейлі және жонды жеке қалдықтарға бөліп жібереді. Бұл қалдықтардың беткейлері өз кезегінде жыра, арықтармен тілімделген. Тереңдігі 30-50 метр болды. Тауға жақындаған сайын тереңдей беріп 200-300 метрге дейін жетеді. Өзен аралық тегістелген аймақ қиыршық таспен немесе бес тәрізді саздақпен жабылған. Жондар негізгі өзен ағысына бағытталған. Сорлы-дефлияциялық ойыстар Бетпақ даланың оңтүстігінде кездеседі. Олардың түбі сортаңдармен және тақырлармен жабылған. Тереңдігі 40-50 м. Тауға
жақындаған сайын тереңдей беріп 200-300 м-ге дейін жетеді. Өзен аралық
тегістелген аймақ қиыршық таспен саздақпен жабылған. Жондар негізі өзен
ағысы бағытына бағытталған Сорлы-дефляциялық ойыстар Бетпақ даланың оңтүстігінде кездеседі. Олардың түбі сортаңдармен және тақырлармен жабылған. Тереңдігі 40-50 м.
Аккумулиятивті рельеф. Таулардың көтерілуімен бірге грабен немесе
синклинальдық ойыс түрінде төмен түскен үлкен алқаптарды көруге болады.
Оларға әр түрлі мезгілде пайда болған тау аралық ойыстарды жатқызуға
болады. Олардың бетіндегі шөгінді жыныстардың құрамы және олардың жату жағдайы қазіргі жазық рельефтің сулы аккумулятивті шығу тегін анықтайды.
Аккумулятивті жазықтар жығу тегіне қарай пролювийлі, аллювийлі және көлдік-аллювийлі болып бөлінеді. Тауалды жазықтары ысырындылы конустар мен делювийлі шлейфтердің қосылунан түзілген пролювийлі жазықтарға жатады. Одан төмен өзен аңғарларында аллювийлі жазықтар көлдердің жағалауларында таралған. Пролювийлі еңіс жазықтар Шу-Сарысу ойысында жақсы байқалады. Олардың беткейі, тау өзендерімен тілімделген. Тілімдену тереңдігі әр түрлі,таудан ойыстың ортасына жақындаған сайын кішірейеді. Аллювиальді жазықтар бетінің әлсіз көлбеулігімен, бірнеше өзен терассаларының болуымен ерекшеленеді. Өзен аңғарларының 4 баспалдақты жайылма, 1,2,3 терассаларды болады. Жоғарғы және орта 4-к дәуірдің жыныстарынан құралған 1-2 террасалар
кең алқаптарды алып жатыр. Ал 3-ші терасса Сарысу өзенінің бойында қалдық түрінде кездеседі. Шу өзені аңғарында ол Мойынқұмның құмды массивінің көп жерін алып жатыр. Ол 2-терассадан 10 метр биіктікте орналасқан. Терассаның беті саздақпен жабылып, рельефтің аласа учаскелерінде топырақтың мұздануынан тақырлар түзеді. Көлдік-аллювийлі жазық. Балқаш, Алакөл қазан шұңқырын алып жатыр. Сонымен қатар майда көлдер аймағында таралған. Рельефі жай толқынды, эолды аккумулияция процесімен,сорлы дефлияциямен, көлді қазаншұнқырлармен күрделенген. Көлдердің маңын тегіс жазық алып жатыр.
Жер бедерінің қалыптасу тарихы. Облыс аумағы бүкіл Қазақстан жеріндей
ұзақ уақыт бойы Жердің ішкі және сыртқы күштерінің әсер етуі нәтижесінде
қалыптасқан. Аумақты бірнеше рет теңіз басып, кейіннен құрлыққа айналып, одан кейін қайта қайта теңіз суы астында қалып отырған. Жер бетінде таулар пайда болып, кейіннен олар мүжіліп, жазыққа айналған. Мұндай күрделі процестер ондаған, жүздеген миллион жылдар бойы қайталанып отырған. Соның нәтижесінде облыс аумағында қазіргі жер бедері қалыптасқан. Қазіргі жер бедерінің қалыптасуын 2 кезеңге бөлуге болады. Бұлар ерте мезозой-палеоген және жаңа неоген төрттік кезеңдер. Полезойдағы қарқынды соңғы тектоникалық қозғалыс әсеріне герцин дәуірінде облыс аумағының оңтүстігінде биік таулар пайда болған. Кайнозой эрасының басында олар мүжіліп біржола құрлыққа айналған. Жердің жаңа тарихының (кайнозойдан бастап) ұзақтығы 55-65 млн. жылға созыған. Облыс аумағының қазіргі жер бедерінің қалыптасуы жер қабығының альпілік қозғалысымен тығыз байланысты. Төрттік кезеңде жер бетінің қалыптасуы одан әрі жалғасқан. Полеоген кезінде облыс аумағында тектоникалық қозғалыс өте баяу жүрген. Осы кезеңде облыстың солтүстігіндегі ескі тау жүйелері бұзылып, жазық өңірлерге (Бетпақдала) айналған. Биік
таудың бұзылып ойпаттарға жиналуынан аккумулятивті жазықтар (Шу, Талас өзендері алабы) пайда болған. Неогеннің басында жер қыртысында бірнеше дүркін қозғалыстар болды. Бірақ олар облыс аумағына өзгеріс әкелмеді.
Неогеннің екінші бөлігінде (12-15 млн. жыл бұрын) облыс аумағында тау
массивтері қарқынды көтеріле бастады. Осы уақыттан бастап жаңа тектоникалық қозғалыс жүріп, ірі тау жоталары (Қырғыз Алатауы, Талас Алатауы, Өгем жотасы, т.б.) қалыптаса бастады. Тауаралық аңғарлар мен ірі өзен аңғарлары пайда болды. Құм тақтатасты материалдар тау алады жазығы мен тау аралық ойыстарға ысырылды. Жарылу және тілімдену нәтижесінде Шу өзенінің арналары пайда болды. Облыс аумағында неоген кезеңінің аридтік климат үстем болған. Облыс аумағын қамтыған сирек орман орнында шөл және қуаң дала қалыптаса бастады. Төрттік кезеңде (1-1,2 млн. жыл бұрын) облыстың оңтүстігінд мезгіл-мезгіл қарқынды көтерулер қайталанған. Бұрынғы түгелімен дерлік жазық аумақтар бірнеше бөліктерге жарыла ажыратылды. Кейбірулері едәуір биіктіктерге көтерілген. Кейде неогеннің түсті саз балшықтары тау бастарында кездеседі. Жоталар биік таулық кейіпке келіп, биіктігі 3000-4000 м-ге жеткен. Тауаралық ойыстар айқындалып, тау алды тауаралық аңғарлар мен қазаншұнқырлар қалыптасқан. Осы кезеңде Шу өзені жүйесі құрылған. Алғашқы
мұз басудан кейін қарқынды түрде терең шатқалдар жасап, облыстың
оңтүстігіндегі өзендердің (Қорағаты, Меркі, Аспара)арналары қалыптаса
бастаған. Қазіргі кезеңде неотектоникалық қозғалыс әлі жалғасуда. Қырғыз
Алатауы мен Талас Алатауындағы тау түзілу процестері де әлі тоқтаған жоқ.
Оған 2003 жылдың мамыр айында Тұрар Рысқұлов ауданында болған жер сілкінісі дәлел (қ. Құландағы жер сілкінісі). Геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары. Жамбыл облысының релефінің күрделілігі минералдық ресурстарының алуан түрлілігі оның геологиялық құрлысына байланысты. Полеозойға дейін облыс территориясында қатпарлану процесі жүрді.
Кембриге дейінгі қабат 2 бөлікке бөлінеді:.
1. Ертедегі гнейстен, слюда кристалдық сланецтен тұрады
2. Алғашқының үстінде фимиттен сланецттен, кварциттен, иронордан тұрады.
Гнейстер комплексі Кіндіктастың батысынан табылады.(Аққұйлық үстірті).
Кіші Ақтауда ертедегі кембрийге дейінгі жыныстар тараған. Тянь – Шаньда
кембрий әлсіз болған, Қаратауда жақсы байқалған.
Мұнда ол Қараой свитасынан көрінеді. Каледон тау түзушісі кезінде
жаңа жоталар пайда болды.Кіндіктас тауларында камедон орогенезі кезінде
солтүстік - батыс бағытта жарылыс жүрді. Каледон орогенезі Қырғыз Алатуында күшті байқалды.
Бетпақдалада мен Шу – Іле таулары бірнеше қырат тарға бөлініп кетті.
Каледондық тау түзілу қозғалысы вулкандық әрекеттің күшеюіне байланысты болды. Девонның басында оңтүстік Қазақстанда теңіз суы түгелдей кейін шегінді. Денудациялық процесттер жоталардың араласуына алып келді. Карбонның ортасында интисивті тау түзілу процесі жүрді. Орта және кейінгі полеозойда жер қыртыстарының пластикалық участкасы болған. Шу – Іле тауларында күмбез тәрізді қаттарлар құрылды [4].
Екінші фазасында ірі – ірі жарықшақтар жүрді. Бұл тектоникалық сызық
солтүстік – батыс бағытта созылып жатыр. Кіндіктаста қатпарланулар мен
жарықшақтар пайда болды. Қаратауда жоғарғы Карбон, пермге, триас жыныстары жоқ. Бұл кезде оның бұрынғы құрушысын бұзған күмбез тәрізді қатпарланулар жасаған герцин орогенезі жүрді. Одан кейін денудация күшті болды. Юраның жыныстары Қаратауда кең тараған. Ол құнды, сланец, түрінде болып, 2000 метр болып тереңдікке жеткен. Бордың жыныстары Шу өзені мен Қамқалы көлінің бойында таралған, конгломерат құрамынан тұрады. Үштік дәуірдің бірінші жартысында солтүстік Тянь – Шаньда тектоникалық процесттен денудациялық процесс басым болды. Палеоген мен неогеннің текоросинда қаттарланудың жаңа дәуірі басталып, Қазақстанның оңтүстік шығысының қазіргі релефін түзді.
Тау массивтерінің интенсивтті көтерілісінен мұздануға байланысты,
жазықтағы мореналық жиналулар астау тәрізді аңғарлар ертедегі мұзданудың іздері. Қаратаудағы ұнтақ жыныстар құнды сазды жыныстардан тұрып, бетін қызыл канглеомерат, күлгін мергель жауып жатыр. Ұнтақ жыныстар Мойынқұмның батысында кең тараған. Төрттік дәуірдің жыныстарының түзілуі тау жоталарының бұзылуымен байланысты. Ол климаттық жағдайлардың өзгеруінен болып отырады. Төртік жыныстың аллювийлі борпылдақ жыныстардан тұрады. Жер қыртысының қозғалысы әлі де жүруде. Пайдалы қазбалардан халық шаруашылығында фосфориттің маңызы зор. Оны 1936 ж геолог Машкара ашқан. Фосфарит өндіретін бассейін кіші Қаратаудың солтүстік шығыс беткейінде 45 кен орнынан тұрады. Геологтар оны 3-ке бөледі. Оңтүстік – шығыс, Орталық, Солтүстік – батыс. Оңтүстік-шығыста ең ірі кен орындары: Шолақтау, Ақсай, Минсралдық химиялық құрамы бойынша 4–топқа бөлінеді: негізгі фосфорит, фосфотты кремнилі, төменгі фосфоритті кремнилі.
Ақсай кен орны Қаратау кен – химия камбинатынан 40 км солтүстік –
батыста орналасқан. Фосфорит рудасы байытуды қажет етеді. Фосфоридты
ангридиді 24,5% Орталық фосфор басейіні (Ақсай, Алазар, Батырбай, Ақтас) фосфориттінің сапасы төмен. Солтүстік батысы фосфор бассейінінің негізгі бөлігі болып табылады.
Ірі кен орындары Жаңатас, Көксу, Көкжан, Үшбас, фосфор ангридиді 24-
25%. Кейбір биіктерінде 29-30%. Байытусыз ашық әдіспен өндіруге болады.
Бұдан басқа Қаратауда тас көмір, тенардит, миробимит, құрылыс материалдары бар. Ақтаудада марганец граниттен тамды ізбесінің қосылуынан пайда болған. Төменгі карбон және юранның жыныстарымен байланысты тас көмірдің үлкен Бурыл (Жамбыл маңында) кен орны бар. Тас көмірдің 2 кен орны юраның жыныстарында орналасқан. (Шоқпақ, Боралдай). Талас, Шудың төменгі аңғарында, Балқаш көлі маңында ас тұзы бар. Мұндай көлдерге Ащыкөл, Тұзкөл жатады. Қаратау жоталарында құрылыс материалдары: ізбес, мрамор, гранит, саз кездеседі. Тамды ізбестері: Ақтау, Шолақтауда кездеседі. Өзен аңғарларында Q дәуірдің саздары бар. Олардан кірпіш күйдіреді. Кен орындары Асса, Михайловка. Цемент өндірісіне сазды известнияк, мириль қолданылады.
Ол қаратау, Үлкен Бурыл және Кіші Бурыл тауларында таралған. Шу – Іле
таулары да цемент шикі затына бай. Соның әсерінен Шу цемент заводы жұмыс істейді.Облыс жер қойнауында сондай-ақ ірі газ кен орындары (Амангелді, Малдыбай, Алабай, Айрақты, Солтүстік Үшарал, Үшарал-Кемпіртөбе), мыс (Шатыркөл, Жайсаң), қорғасын-мырыш (Родниковское), алтын (Ақбасқай), алмас (Шу-Іле таулары),фосфорит (Қаратау өңірі), тас көмір (Талас- Қаратау аралығы), астұзы, мыс семитра т.б. Ақбақай алтын кені, Мойынқұм ауданындағы Мойынқұм ауылынан солтүстік- шығысқа қарай 60 км жерде орналасқан. 1968 ж. Геолог Д. Дүйсенбеков ашқан.
Кен орны негізгі 5 тік құлайтын және 9 көлбеу жатқан желілерден тұрады.
Желілердің ұзындығы 250 м-ден 600 м-ге дейін, қалыңдығы бірнеше см-ден 1,5- 2 м-ге жетеді. Кен орнында алтынның 4 түрі кездеседі. Ақбақай алтын кені Қазақстандағы ірі кен орны қатарына жатады, оның негізінде Ақбақай кен байыту комбинаты салынған. Амангелді газ кені, Талас ауданында, Тараз қаласынан солтүстікке қарай 165 км жерде орналасқан. Газ конденсаты құрылым сейсмикалық зерттеулер арқылы 1947 жылы анықталған, 1975 жылы терең іздеу ұңғымасынан газ фонтаны атылған. Төменгі пермь өнімді қабатындағы құрылымның өлшемі 13,5(7 км; қалыңдығы 400 м шамасында. Өндірістік маңызды газ горизонттары төменгі пермь – төменгі карбон шөгінділері қабатында жатыр. Газ кені қабаттанған құрылымның биік төбешіктерінде шоғырланған, коллекторлары құмтастан, алевролиттен,әктастан тұрады. Амангелді газ кен орнын игеру жұмыстарының бірінші кезеңі 2003 жылы аяқталып, газ тұрғындарға беріле бастады.
Қазақстанның оңтүстік өңірін газбен жабдықтауда бұл кен орнының маңызы
ерекше.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет