Жамбыл облысына физикалық-географиялық



бет2/8
Дата18.03.2024
өлшемі227.25 Kb.
#495998
1   2   3   4   5   6   7   8
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

1.2. Жамбыл облысының тарихы

Облыстың әкімшілік орталығы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Тараз қаласы болып есептеледі. Тараз қаласы республиканың ежелгі қалаларының бірі болғандығын б.э.д. 1 ғасырдың ортасындағы қытай жазбаларынан көруге болады. 
Патшалық Ресейдің 1863-64 жылдары әскери жаулап алушылық әрекетінің нәтижесінде бұрын Қоқан хандығының қол астында болып келген Ұлы жүздің жерлері империяның құрамына кірген.
Осы өңірлерде Сырдария және Жетісу уездері құрылып, олар Түркістан генерал-губернаторлығына бағынған. Үкіметтің 1867 жылғы 11 маусымда қабылдаған жаңа жерлерді басқару жөніндегі "Уаықтша Ережеге" сәйкес Әулиеата уезі құрылған, ол Сырдария облысына қараған. Оның аумағы батысында Түлкібас стансасы, шығысы Шу өзенінің батыс жағалауына, оңтүстігі Сусамыр алабына (қазіргі Қырғызстан Республикасының Талас облысы), солтүстігі Шудың төменгі ағысына дейінгі жерді алып жатқан. Орталығы Әулиета шаһары болған.
1917 жылы Қазақ төңкерісінен кейін уезд - 1918 жылғы 30 сәуірде құрылған автономиялық Түркістан Кеңестік социалистік республикасының құрамында болған. 1924 жылы Орта Азиядағы Ұлттық-аумақтық межелеуге байланысты уезд Сырдария облысының, кейінірек Алматы округінің құрамын енген.
1927 жылы әкімшілік-аумақтық аудандастыруға сәйкес уезд негізінде 6 аудан құрылған: Жамбыл, Луговой, Меркі, Сарысу, Талас, Свердлов. Олар Оңтүстік Қазақстан облысы құрамына кірген. Өлкенің өндіргіш күштерін шапшаң дамыту және оны әлеуметтік-мәдени тұрғыдан түлету жөніндегі проблемаларды шешу мақсатында 1939 жылғы 14 қазанда өз алдына Жамбыл облысы құрылған. Оның құрамына аталған 6 ауданнан басқа Алматы облысынан Қордай, Красногор, Шу, ал 1951 жылы Оңтүстік Қазақстаннан Жуалы ауданы алынған.

1.3.Жамбыл облысының табиғи-климат жағдайы.

Облыстың табиғаты температураның құбылмалылығы, жауын-шашынның әр жылы әр территорияға әр түрлі түсетіндігі, ауаның құрғақтығы, қатты буланғыштығы, күн шуағының молдығымен сипатталады.


Облыстың оңтүстік таулы аймағының ауа-райы жұмсақтау келеді, қысы онша қатты емес. Ылғал да біршама жақсы түседі.
Облыстағы ауаның жылдық орташа температурасы 6,5 және 10,5 градус аралығында ауытқып тұрады. Ал Солтүстік және таулы аудандарда 6,5-8 градус , орталық аудандарда 9-10 градус шамасында болады.
Ең суық ай – январьдағы ауаның орташа температурасы оңтүстік аудандарда минус 5-9, солтүстік аудандарда 12-14 градус. Ал жылдың суық кезеңіндегі ауаның орташа температурасы 3-4 және 7-8 градус суықтық аралығында. Кей жылдары аяз 42-47 градусқа дейін жетеді. Ең ыстық айдағы ауаның орташа температурасы тау және тау бөктерлерінде 21-22 градус, ал Бетпақдалада тіпті 26-27 градусқа дейін көтеріледі. Жылдың жылы кезеңіндегі орташа ауа температурасы таулы аудандар мен облыстың солтүстігінде 15-17 градус, орталық аудандарда 18-19 градус. Аса ыстық жылдары күндізгі ауа температурасы шөлді аудандарда 45-47, таулы аудандарда 40-42 градус болады.
Көктемнің алғашқы белгілері март айларының екінші жартысында, ал таулы аудандарда марттың аяғы мен апрельдің басында байқалады.
Көктемнің ұзақтығы облыстың жазық аудандарында 40-55 күн, тау бөктерлерінде 50-60 күн, ал таулы аудандарда 70 күнге дейін созылады.
Жылына күн 2700 сағат шамасында шуағын төгеді, соның 2000 сағаты (74%) жылдың жылы кезеңіне сәйкес келеді.
Жылы кезеңдегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы шөл және шөлейт аудандарда 40-45 процент, ал оның ең төмен болатындығы июньавгуст арасы. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы таулы аудандарға қарай жоғарылап 55 процентке дейін жетеді.
Жауын-шашын мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай өсе береді. Облыстың шөл аймақтарында ол жылына 100-150мм, жазықтықта (150200мм), тау бөктерлерінде (300-400 мм), тау бастарында 450-500мм-ге дейін түседі. Жауын-шашын жылдың суық кезеңіне қарағанда неғұрлым мол түседі, оның 30-40 проценті көктемде жауады.
Қар жұқа түседі, әрі тұрақтамайды. Ол ең қалыңдағанда облыстың солтүстігінде 10-нан 20-35 сантиметрге дейін, оңтүстігінде – 15-30, тау бөктерлерінде - 20-40, тау бастарында 20-40 сантиметрден 70 сантиметрге дейін жетеді.
Топырақтың тоңазу қабаты қыста солтүстік аудандарда – 80-100, оңтүстікте 40-60 сантиметр.
Э.С.Зарембо классификациясы бойынша облыс территориясы мынадай агроклиматтық аудандарға бөлінеді: өте құрғақ, ыстықтау, өте құрғақ, ыстық (І) , құрғақ, ыстық (ІІ), өте қуаң тау бөктері (ІІІ), қуаңдау және ыстықтау таулы аудан (IV).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет