Жамбыл облысына физикалық-географиялық


Өте құрғақ ыстықтау агроклиматтық ауданға



бет3/8
Дата18.03.2024
өлшемі227.25 Kb.
#495998
1   2   3   4   5   6   7   8
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

Өте құрғақ ыстықтау агроклиматтық ауданға
Бетпақдаланың шығыс бөлігі ( Сарысу ауданының солтүстік-шығыс, Мойынқұм ауданының солтүстік бөлігі) жатады.
Ауаның 10 градустан жоғары тәуліктік орташа температурасының жиынтығы ( тиімді температура) 3100-3400 градус. Селянинов бойынша гидротермикалық коэффициент (ГТК) 0,2-0,3.
Жылдық жауын-шашын мөлшері 100-150 мм. Жылдың жылы мезгіліндегі ауаның орташа ылғалдылығы 45 процент, ал оның ең төмен болатын кезі жылына 160 күн.
Қыс ызғары апрельдің екінші онкүндігінде мен майдың бірінші онкүндігі арасында қайтады. Күзгі суық сентябрьдің үшінші онкүндігі мен октябрьдің басында түседі. Аязсыз кезең 130-165 күнге созылады. Тұрақты қар қабаты декабрьдің бірінші онкүндігінде қалыптасады да, 85-100 күн жатады. Қардың орташа қалыңдығы 10-20 см.
Шөл және шөлейт аймақтардың көп бөлігі негізінен көктемгі және күзгі жайылым ретінде пайдаланылады.

Өте құрғақ, ыстық агроклиматтық аудан
Бетпақдаланың қалған шөлді бөлігі, Мойынқұм құмының солтүстік бөлігі мен соған жақын құммен іргелес аудандарды қамтиды. Бұған Сарысу және Талас аудандары, Свердлов, Луговой, Мерке аудандарының солтүстік бөлігі мен Мойынқұм аудандары кіреді.
Тиімді температураның жиынтық мөлшері 3400-3900 градус, ал гидротермикалық коэффициент 0,2-0,3. Жылдық жауын-шашын мөлшері 140-230 мм, оның мөлшері батыстан шығысқа қарай көбейеді. Тиімді температура тұсындағы жауын-шашын мөлшері солтүстік аудандарда 45 мм, оңтүстік шығыс аудандарда 145 мм. Бұл аймақта атмосфераның құрғақтығы айқын байқалады. Жыл бойына ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30 проценттен кем болатын уақыт 160-170 күн, әр түрлі дәрежеде аңызақ соғатын уақыт 120-140 күн. Ең ыстық айдағы ауаның орташа температурасы 24-27 градус.
Суық көктемде апрельдің екінші жартысы мен майдың басында қайтады. Ал күзде сентьябрдің соңы мен октябрьдің алғашқы онкүндігінде түседі. Ауа 145-180, топырақтың беткі қабаты 125-165 күнге дейін суымайды. Көктем мен күздің шамамен ұқсастығы 45-50 күн.
Қар қабаты декабрьдің бірінші жартысында құралып, 65-96 күннен кейін ериді. Қалыңдығы 10-25 сантиметр, қардағы су қоры 15-20 миллиметр. Аяз 39-46 градусқа дейін жетеді, ал топырақтың тоңазу қабаты 80 сантиметрден де асып кетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет