Жамбыл облысына физикалық-географиялық


Құрғақ ыстық агроклиматтық аудан



бет4/8
Дата18.03.2024
өлшемі227.25 Kb.
#495998
1   2   3   4   5   6   7   8
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

Құрғақ ыстық агроклиматтық аудан.
Оған Сарысу мен Талас аудандарының оңтүстік бөлігі(тау мен тау бөктерін қоспағанда), Жамбыл ауданы тегіс дерлік, Свердлов, Луговой, Мерке, Шу аудандарының оңтүстік бөлігі, Мойынқұм ауданының оңтүстік-шығыс, Красногор ауданының солтүстік (таулы өңірлері енбейді) бөлігі жатады.
Тиімді температура жиынтығы 3500-3700 градус аралығында гидротермикалық коэффициент 03,-0,5. Жылдық жауын-шашын жиынтығы 200-300 миллиметр. Оның жылы кезеңдегі мөлшері (160-180 миллиметр) суық кездегіден біршама көп.
Ауа райы аса құрғақ, жылына ылғалдылығы 30 проценттен де төмен болатын кез 120-140 күнге дейін жетеді. 110-130 күн әр түрлі дәрежеде аңызақ соғады, соның 20-30 күнінде ол неғұрлым екпінді болып, батыстан шығысқа қарай күшейе түседі.
Ауа ызғары көктемде апрельдің екінші жартысында қайтады. Күзгі суық сентьябрьдің аяғы мен октябрьдің бірінші жартысында түседі. Ауаның суықсыз кезі 145-190 күн, топырақта – 130-170 күн.
Қар қабаты декабрьдің бірінші жартысында пайда болады да , 60-90 күнге дейін бұзылмай жатады. Қалыңдығы 15-30 сантиметр. Қардағы су қоры 35-60 миллиметр. Топырақтың тоңазу тереңдігі 40 сантиметр. Жылымық жиі болып тұрады (54-57 күн). Мал шаруашылығымен қоса суармалы және тәлімі егіншілік дамыған. Құмды аймақтар қысқы жайылымға пайдаланылады, соның негізінде мұнда отарлы мал шаруашылығы дамыған.

Өте қуаң тау бөктері агроклиматтық аудан.
Бұған Талас, Жамбыл, Луговой, Мерке, Шу, Красногор және Қордай аудандарының тау бөктерлері жатады. Гидротермикалық коэффициенті 0,5-0,7. Тиімді температура жиынтығы 3000-3500 градус. Жылдық жауын-шашынның жиынтық мөлшері 300-400 миллиметр. Оның суық және жылы кезеңдегі мөлшері тиісінше батыс аймақта 220-200 мм, шығыста 100-190 мм.
Жазы салқын, әсіресе ол батыста салқынырақ. Июльдегі орташа температура 22,5-25 градус.
Жыл бойындағы ауа ылғалылығының ең төмен болатын мерзімі 120130 күн,90-100 күн аңызақта болады, соның он күнінде ол неғұрлым күштірек болады.
Марттың екінші жартысында орташа тәуліктік температура 0 градус шамасында болады да көктем 60-70 күнге созылады. Қыс ызғары апрельдің екінші жартысы мен май айының басында қайта бастайды. Күзгі суық сентьябрьдің ортасында түседі. Аязсыз кезең 120-190 күн болады, ол батыстан шығысқа қарай ұлғая береді.
Тұрақты қар қабаты декабрьдің бірінші онкүндігінде пайда болады. Ол 60-100 күндей жатады. Орташа қалыңдығы 20-40 сантиметр, қардың су қоры 40-75 мм.
Ең тиімді температура жазық жерлер мен қыраттарда - 32-42 градус, ал төменірек аймақта -37-47 градус. Топырақтың тоңазу қабаты 20-25 см, ең тереңдегісі 56 см.
Бұл аймақта тәлімі және суармалы егіншілік дамыған. Ауданның батыс бөлігінің климат жағдайлары суармалы жерлерде картоп өсіруге мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет