Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi N 593 Заңы
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 18, 107-құжат
МАЗМҰНЫ
Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша «су тоғандарындағы (учаскелерiндегi)», «су тоғандарында (учаскелерiнде)», «су тоғандарын (учаскелерiн)», «су тоғандарының (учаскелерiнiң)», «су тоғандары (учаскелерi)», «су тоғандарына (учаскелерiне)» деген сөздер тиiсiнше «су айдындарындағы және (немесе) учаскелерiндегi», «су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде», «су айдындарын және (немесе) учаскелерiн», «су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң», «су айдындары және (немесе) учаскелерi», «су айдындарына және (немесе) учаскелерiне» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша «мемлекеттiк бақылауды» және «мемлекеттiк бақылау» деген сөздерден кейiн тиiсiнше «және қадағалауды» және «және қадағалау» деген сөздермен толықтырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Осы Заң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және қазiргi және келешек ұрпақтың мүдделерiн ескере отырып, адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында жануарлар дүниесiн, оның биологиялық сан алуандығын сақтау, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) акваөсiру – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының жасанды өсiмiн молайту және өсiру;
2) аншлаг – аңшылық шаруашылықтардың, өсiмдi молайту учаскелерi мен тыныштық аймақтарының, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң атауы мен шекараларын, сондай-ақ аңшылыққа және балық аулауға тыйым салынған мерзiмдер мен орындарды көрсететiн маңдайша жазу;
3) аңшы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аң аулауға құқық алған жеке тұлға;
4) аңшы куәлiгi – жеке тұлғаның аң аулау құқығын куәландыратын белгiленген нысандағы құжат;
5) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қоры – жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi;
6) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап (бұдан әрi - аңшылық минимумы) – оқыту бағдарламасының Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының, аңшы куәлiгiн беру үшiн бiлу мiндеттi шарт болып табылатын аң аулау кезiндегi қауiпсiздiк техникасының мәселелерiн қарастыратын арнайы қысқаша курсы;
7) аңшылық иттердiң ұлттық тұқымы – Қазақстан Республикасының аумағында халықтық селекциялық әдiспен алынған және әдетте әуесқойлық (спорттық) аңшылықта қолданылатын тазы, төбет тұқымы;
8) аңшылық олжа – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мекендеу ортасынан алынған жануар (балық ресурстары мен басқа да су жануарларлынан басқа), олардың бөлiктерi мен дериваттары;
9) аңшылық шаруашылығы – аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану, жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасын сақтау, оларды қорғау және өсiмiн молайту жөнiндегi шаруашылық қызметтiң түрi;
10) аңшылық шаруашылығының санаты – аңшылық шаруашылықтарына шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру негiзiнде берiлетiн, аңшылық алқаптары өнiмдiлiгiнiң, күзет және өсiмiн молайту iс-шаралары сипатының белгiлерi бойынша аңшылық шаруашылықтарының жiктемелiк бөлiну бiрлiгi;
11) аңшылық шаруашылығы субъектiсi – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аңшылық шаруашылығын жүргiзетiн жеке немесе заңды тұлға;
12) аңшылық шаруашылығының iшкi регламентi – жеке тұлғаның аңшылық шаруашылығы аумағында аң аулауды жүргiзу тәртiбiн белгiлейтiн, жануарларды ұстап алу нормасын, көрсетiлетiн қызметтердiң баға прейскурантын қамтитын құжат;
13) аушы жыртқыш құс – аңшылықта пайдаланылатын бүркiт, сұңқар және қаршыға;
14) балық аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау;
15) балық аулаушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әуесқойлық (спорттық) балық аулау құқығын алған жеке тұлға;
16) балық аулау олжасы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мекендеу ортасынан алынған балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектiсi, олардың бөлiктерi мен дериваттары;
17) балықтардың көбею кезеңi – белгiлi бiр балық түрiнiң уылдырық шашатын уақыт кезеңi;
18) балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама – уәкiлеттi орган белгiлеген, балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде ауланған балық ресурстары мен басқа да су жануарларының шығу тегiн растайтын құжат;
19) балықтарды қорғау құрылғысы – балық ресурстары мен басқа да су жануарларының су жинайтын және гидротехникалық құрылыстарға түсуiн болдырмауға арналған құрылғы;
20) балықтардың қырылуы – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының су айдынының және (немесе) учаскесiнiң гидрохимиялық және өзге де режимiнiң бұзылуынан туындаған жаппай қырылуы;
21) балықтың қырылу қаупi бар су айдыны және (немесе) учаскесi – балық шаруашылығының балық әлсiн-әлсiн қырылуға ұшырайтын су айдыны және (немесе) учаскесi;
22) балықтардың өрiс аударуы - балықтардың бiр мекендеу ортасынан екiншi ортаға жаппай ауысуы;
23) балық өсiру – акваөсiрудiң кәсiпкерлiк қызмет мақсатында балықтардың өсiмiн жасанды молайту және өсiру жөнiндегi бағыты;
24) балық ресурстары және басқа да су жануарлары – сулы ортада мекендейтiн барлық жануарлардың жалпы жиынтығы;
25) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттiк басқарудың бассейндiк принципi (бұдан әрi - бассейндiк принцип) – жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiне қарамастан қолданатын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсiмiн молайту мен өрiс аудару ерекшелiктерi ескерiлген, балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) учаскелерiндегi балық ресурстарын және басқа да су жануарларын басқарудың бiртұтас жүйесi;
26) балық шаруашылығы – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғаумен, өсiмiн молайтумен, акваөсiрумен, балық өсiрумен, балық аулаумен, сондай-ақ қайта өңдеумен және өткiзумен байланысты шаруашылық қызмет түрi;
27) балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiн паспорттау – балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп бергенге дейiн жүргiзiлетiн, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң шекараларын, олардың алаңын, жай-күйiн, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының түрлiк құрамын белгiлеу жөнiндегi iс-шаралар кешенi;
28) балық шаруашылығы субъектiсi – қызметiнiң негiзгi бағыты балық шаруашылығын жүргiзу болып табылатын жеке және заңды тұлға;
29) балық шаруашылығын ұйымдастыру – балық өсiру-мелиорациялық, қорғау және өсiмiн молайту iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру, абаттандыру, балық шаруашылығын жүргiзу жоспарына сәйкес балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп бергеннен кейiн пайдаланушы жүргiзетiн, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсiпшiлiк қорын ғылыми зерттеудi ұйымдастыру және оның деректерiн нақтылау;
30) балықшы – бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде өзiнiң еңбек мiндеттемелерiне қарай балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектiсiнiң қызметкерi;
31) балықшы куәлiгi – жеке тұлғаның балықшы функцияларын жүзеге асыру құқығын куәландыратын, балық шаруашылығы субъектiсi берген, белгiленген нысандағы құжат;
32) биологиялық негiздеме – жануарлар дүниесiн пайдалануға, жануарлар дүниесi объектiлерiнiң жол берiлетiн аулау мөлшерiн анықтауға, сондай-ақ жануарлар дүниесiнiң объектiлерi мен олардың мекендеу ортасына ықпал етуге қабiлеттi қызметке арналған ғылыми негiзделген қорытынды;
33) дериват – жануардың туынды түрi мен одан және оның туынды түрiнен өндiрiлген өнiм;
34) аң-құс өсiру – аң аулау объектiсi болып табылатын жануарларды аңшылық шаруашылық субъектiлерiнiң өсiруi;
35) жануарлар – құрғақта, суда, атмосферада және топырақта табиғи еркiндiк жағдайында болатын жабайы жануарлар (сүтқоректiлер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекендiлер, балықтар, моллюскалар, жәндiктер және тағы басқалары);
36) жануардың бөлiгi (бұдан әрi – бөлiк) – жануардың түрiн танып бiлуге мүмкiндiк беретiн оның денесiнiң бiр бөлiгi;
37) жануарларды будандастыру – шаруашылықта пайдалы озық белгiлерi немесе қасиеттерi бар дара нұсқаларды алу мақсатында жануарлардың алуан түрлерiнiң немесе тұқымдарының дара нұсқаларын шағылыстыру;
38) жануарлар дүниесi – Қазақстан Республикасының аумағын тұрақты немесе уақытша мекендейтiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтағы қайраңының және айрықша экономикалық аймағының табиғи ресурстарына жататын жануарлар жиынтығы;
39) жануарлар дүниесi объектiлерiн алу – табиғи еркiндiк жағдайында мекендейтiн жануарларды, олардың бөлiктерi мен дериваттарын мекендеу ортасынан жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсаттың негiзiнде алу (ұстап алу, аулау, атып алу, жинау, соғып алу);
40) жануарлар дүниесi объектiлерiн жасанды өсiру – жануарлар түрлерiн ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда ұстау және өсiру;
41) жануарлар дүниесiн қорғау – жануарлар дүниесiн, олар мекендейтiн ортаны және биологиялық сан алуандықты сақтауға, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану мен өсiмiн молайтуға бағытталған қызмет, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралар кешенi;
42) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) – жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы басшылықты және мемлекеттiк саясатты iске асыруды, сондай-ақ өз өкiлеттiктерi шегiнде салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
43) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау – жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органның тексерiлетiн субъектiлердi олардың қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгiне тексеру және қадағалау жөнiндегi қызметi, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша шұғыл ден қоюсыз құқықты шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкiн;
44) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк қадағалау – жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органның тексерiлетiн субъектiлердiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және қадағалау жөнiндегi қызметi, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша құқықты шектеу сипатындағы, оның iшiнде шұғыл ден қою шаралары қолданылуы мүмкiн;
45) жануарлар дүниесiн орнықты пайдалану – жануарлар дүниесi объектiлерiн жануарлар дүниесiнiң түрлiк сан алуандығының таусылуына әкеп соқпайтын және оның өсiмiн молайту мен қазiргi және келешек ұрпақтың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру қабiлетiн сақтап қалатын тәсiлдер арқылы пайдалану;
46) жануарлар дүниесiн пайдалану – жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын және пайдалы қасиеттерiн мекендеу ортасынан айырып немесе айырмай пайдалану;
47) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсат – жеке және заңды тұлғаларға жануарлар дүниесiн пайдалануға, сондай-ақ жануарлар дүниесiнiң ұстап алынған объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын, оның iшiнде аңшылық және балық аулау олжаларын әкетуге және өткiзуге құқық беретiн, белгiленген нысандағы құжат;
48) жануарлар дүниесiн пайдаланушылар – осы Заңға сәйкес жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы берiлген жеке және заңды тұлғалар;
49) жануарлар дүниесi үшiн болмай қоймайтын зиян – жануарлар дүниесiне немесе оның мекендеу ортасына табиғи-климаттық және антропогендiк әсер ету салдарынан пайда болатын факторлардың қолайсыз әсерiнен келтiрiлген және (немесе) келтiрiлетiн, алдын алу шараларымен болдырмау мүмкiн емес қалдықты зиян;
50) жануарлар дүниесiнiң биологиялық сан алуандығы – жануарлар дүниесi объектiлерiнiң бiр түр шеңберiндегi, түрлер арасындағы сан алуандығы және экологиялық жүйелердiң сан алуандығы;
51) жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасы – жануарлар дүниесiнiң объектiлерi табиғи еркiндiк жағдайында мекендейтiн табиғи орта;
52) жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасын қорғау – табиғи еркiндiк жағдайында жануарлар дүниесi объектiлерiнiң орнықты тiршiлiк ету және өсiмiн молайту шарттарын сақтауға немесе қалпына келтiруге бағытталған қызмет;
53) жануарлар дүниесi объектiсi – жануарлардың дара нұсқасы немесе популяциясы;
54) жануарларды интродукциялау – жануарлар түрлерi дара нұсқаларының ареалдардан (таралу аясынан) тысқары, бұл түрлер бұрын мекендемеген, олар үшiн жаңа орындарға әдейi тарату немесе олардың кездейсоқ таралуы;
55) жануарларды реинтродукциялау – жануарлар түрлерi дара нұсқаларын бұрынғы мекендеу орталарына әдейi ауыстыру;
56) жануарлар түрлерiнiң өсiмiн молайту – жануарлар түрлерiнiң табиғи жағдайларда табиғи көбеюi және оларды жасанды өсiру;
57) жерсiндiру – жануарлар дүниесi объектiлерiн олар бұрын мекендемеген немесе өз маңызын жоғалтқан мекендеу орындарындағы тiршiлiк ету жағдайларына бейiмдеу;
58) жолдама – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарға және (немесе) балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне жануарлар дүниесi объектiлерiн ұстап алу мақсатында бару үшiн жеке тұлғаға берiлетiн құжат (бiржолғы немесе маусымдық);
59) зоологиялық коллекция – жануарлар дүниесi объектiлерi тұлыптарының, жұмыртқаларының, криоконсервiленген жыныс клеткаларының, препараттары мен бөлiктерiнiң, оның iшiнде зоопарктердiң, зообақтардың, цирктердiң, зоологиялық питомниктердiң, аквариумдердiң, океанариумдердiң жабайы жануарлардың ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелiк және эстетикалық құндылығы бар жинағы;
60) ихтиофауна – қандай да бiр су айдынындағы немесе оның бөлiгiндегi балықтар және дөңгелекауыздылар түрлерiнiң жиынтығы;
61) кәсiпшiлiк қор – дербес кәсiпшiлiк маңызы бар популяция немесе уақыт жағынан орнықты, оның кеңiстiктегi оқшауланған бөлiгi;
62) кездейсоқ ауланым – рұқсаттарда көрсетiлмеген балықтар мен басқа да су жануарлары түрлерiнiң дара нұсқалары және (немесе) белгiленген кәсiпшiлiк мөлшерден кiшiрек балық түсетiн ауланымның бiр бөлiгi;
63) криоконсервiленген жыныс клеткалары – жануарлардың жыныс клеткаларының (гаметаларының), эмбриондары мен әртүрлi тiндерiнiң оларды одан әрi ұрпақ алу, геномдар бөлiп шығару мақсатында немесе басқа да ғылыми зерттеулер үшiн пайдалану мүмкiндiгiн беретiн төмен температуралық жағдайда және өзге де консервациялау нысанында тұрған үлгiлерi;
64) қорықшы – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғауды жүзеге асыратын қорықшылық қызметтiң арнайы уәкiлеттiк берiлген тұлғасы;
65) қорықшы куәлiгi – қорықшының құқықтарын куәландыратын, белгiленген нысандағы құжат;
66) қорықшылық қызмет – аңшылық және балық шаруашылығы субъектiлерiнiң бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесi;
67) қыстау шұңқыры – қысқы кезеңде балықтардың су айдыны түбiнiң шұңқырларында жаппай жинақталатын орны;
68) өзен (теңiз, көл) бассейнi – су айрықтарымен шектелген, олардан су өзенге (теңiзге, көлге) ағып келетiн жерүстi бетiнiң және топырақтың қалың қабатының бөлiгi;
69) рекреациалық балық аулау аймағы – әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi орган белгiленген тәртiппен айқындайтын балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесiнiң және оған iргелес жағалау белдеуiнiң учаскесi;
70) сервитут – аңшылық және балық шаруашылықтарының мұқтаждары үшiн бөгде бiреудiң жер учаскесi мен су объектiсiн, оның iшiнде бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесiн шектеулi түрде мақсатты пайдалану құқығы;
71) су айдындарына балық жiберу – өз өсiмiн өзi молайтатын популяцияларды жасау, бағалы, сирек кездесетiн және құрып бара жатқан балықтардың түрлерiн сақтау және (немесе) тауарлық өнiм алу мақсатында су айдындарына және (немесе) учаскелерiне балық өсiру материалы мен балықтарды жiберу;
72) су объектiлерiн балық шаруашылық мелиорациялау – су айдындарының балық өнiмдiлiгiн сақтауға және арттыруға, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының мекендеу және көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған iс-шаралар кешенi;
73) сүзу – жағалау аймағында, сол сияқты ашық су кеңiстiгiнде де балық аулау мақсатында сүзетiн аулау құралдарымен (жылымдармен) су айдындары акваториясының белгiлi бiр бөлiгiн сүзу жолымен жүзеге асырылатын кешендi процесс;
74) тыныштық аймағы – жануарлар дүниесiн сақтау немесе қалпына келтiру үшiн ерекше маңызы бар, шаруашылықiшiлiк аңшылықты ұйымдастыру қызметi айқындайтын, оның шеңберiнде (тұрақты немесе уақытша) шаруашылық қызметтiң жекелеген түрлерi мен нысандарына тыйым салынған немесе регламенттелген аумақ
75) уәкiлеттi органның мамандандырылған ұйымдары (бұдан әрi – мамандандырылған ұйымдар) – жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк мекемелер мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар;
76) уылдырық шашу – балықтардың жетiлген уылдырықты шашу процесi және оның кейiннен ұрықтануы;
77) уылдырық шашатын орын – балықтардың уылдырық шашатын орны;
78) ұйық (ұйықтық учаске) – су айдынының және оған iргелес жағалау белдеуiнiң шектеулi су акваториясы бар, өзеннiң және өзге де ағынды су айдынының кәсiпшiлiк балық аулау мұқтажына арналып, бейiмделген учаскесi;
79) шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру – аңшылық алқаптарды бекiтiп бергенге дейiн жүргiзiлетiн, аңшылық шаруашылықтарының шекаралары мен санаттарын белгiлеу, алаңын есептеу, жануарлар дүниесi мен олар мекендейтiн ортаның жай-күйiн айқындау;
80) шаруашылықiшiлiк аңшылықты ұйымдастыру – аңшылық алқаптарын түгендеу, сапасын бағалау, олардың табиғи және экономикалық жағдайларын зерттеу, жануарларды есепке алу, олардың негiзiнде аңшылық шаруашылығын жүргiзу жоспары әзiрленетiн биотехникалық және пайдалану iс-шараларын жобалау жөнiндегi iс-шаралар кешенi.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн
қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы
заңдары
1. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Жануарлар дүниесiнiң санаттары
1. Жануарлар дүниесi мақсатты пайдалану жағынан мынадай санаттарға бөлiнедi:
1) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi;
2) жануарлардың аң аулау объектiлерi болып табылатын түрлерi;
3) жануарлардың балық аулау объектiлерi болып табылатын түрлерi;
4) жануарлардың өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулау мен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын түрлерi;
5) жануарлардың шаруашылық мақсаттарда пайдаланылмайтын, бiрақ экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар түрлерi;
6) жануарлардың халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, қоршаған ортаға зиян келтiрiлуiн болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметiне айтарлықтай зиян келтiру қаупiнiң алдын алу мақсатында саны реттелуге тиiс түрлерi.
2. Жануарлардың түрлерiн санаттарға бөлу және оларды бiр санаттан басқасына ауыстыру жануарлар дүниесiнiң түрлiк сан алуандығын сақтау, оларды қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану мақсатында жүргiзiледi.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
4-бап. Жануарлар дүниесiне және жануарлар дүниесi
объектiлерiне меншiк
1. Жануарлар дүниесi мемлекеттiк меншiкте болады.
2. Мекендейтiн ортадан осы Заңда белгiленген тәртiппен алынған, сондай-ақ ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда өсiрiлiп, ұсталатын жануарлар дүниесiнiң объектiлерi оларды аулаған, өсiретiн және ұстайтын жеке және заңды тұлғалардың меншiгi болып табылады.
5-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
пайдалану саласындағы қатынастар субъектiлерi
Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттiк органдар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қатынастар субъектiлерi болып табылады.
2-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласын мемлекеттiк басқару
6-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
пайдалану саласын мемлекеттiк басқарудың
негiзгi принциптерi
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласын мемлекеттiк басқарудың негiзгi принциптерi:
1) жануарлар дүниесiнiң қорғалуын, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету;
2) жануарлар дүниесiн iзгiлiк принциптерiне сәйкес жануарларға қатал қарауға жол бермейтiн тәсiлдермен пайдалану;
3) бекiре тұқымдас балықтарды табиғи мекендеу ортасынан алу, оларды сатып алу, өңдеу және олардың уылдырығын және мемлекеттiк монополияға жатқызылған өнiмнiң басқа түрлерiн экспорттау жөнiндегi қызметтi қоспағанда, жануарлар дүниесiнiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөнiндегi қызметтiң жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалану жөнiндегi қызметпен қоса атқарылуына жол бермеу;
4) жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын жердi, суларды, өсiмдiк дүниесiн және басқа табиғи ресурстарды пайдалану құқығынан бөлу;
5) жануарлар дүниесiн арнайы пайдаланудың ақылы болуы;
6) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiктен бұлтартпау;
7) азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану саласындағы мiндеттердi шешуге қатысуы болып табылады.
Ескерту. 6-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
6-1-бап. Жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды
және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жүйесi
Жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жүйесiне:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi;
2) уәкiлеттi орган;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану саласындағы қызметтi жүзеге асыратын өзге де мемлекеттiк органдар;
4) жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары;
5) мамандандырылған ұйымдар;
6) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
7) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдар;
8) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектiлерi кiредi.
РҚАО-ның ескертпесi!
6-1-бапты 9) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 2012.01.25 N 548-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Ескерту. Заң 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
6-2-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару
органдары мен лауазымды адамдар
Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару органдарына және лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, оның аумақтық бөлiмшелерi бар ведомстволарын қоса алғанда, уәкiлеттi орган жатады.
Ескерту. Заң 6-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), өзгерiс енгiзiлдi - 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
7-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын
қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы
Достарыңызбен бөлісу: |