Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы


-тарау. Жануарлар түрлерiнiң санын реттеу



бет5/5
Дата04.07.2016
өлшемі342 Kb.
#176224
1   2   3   4   5

8-тарау. Жануарлар түрлерiнiң санын реттеу

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбына өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      44-бап. Жануарлар түрлерiнiң санын реттеудiң мақсаттары

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Жануарлар түрлерiнiң санын реттеу:
      1) халықтың денсаулығын сақтау;
      2) ауыл шаруашылығы мен үй жануарлары ауруларын болдырмау;
      3) экономикаға зиян келтiрудi болдырмау;
      4) биологиялық тепе-теңдiктi сақтау мақсатында жүзеге асырылады.
      Ескерту. 44-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      45-бап. Жануарлар дүниесi түрлерiнiң санын


               реттеудiң негiздерi

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Жануарлар дүниесi түрлерiнiң санын реттеудiң негiздерi:
      1) халықтың, ауыл шаруашылығы мен үй жануарларының жұқтырушылары жануарлар дүниесiнiң объектiлерi болып табылатын ауруларды жұқтыру немесе онымен ауыру қатерiнiң туындауы;
      2) экономикаға елеулi зиян келтiру қатерiнiң туындауы;
      3) жануарлардың жекелеген түрлерi санының азаюына және басқа жағымсыз салдарларға әкеп соққан жануарлар дүниесi мекендейтiн ортада қалыптасқан табиғи баланстың бұзылуы;
      4) балықтардың жаппай қырылуына әкеп соғуы мүмкiн су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң гидрохимиялық және өзге де режимдерiнiң бұзылу қаупiнiң туындауы болып табылады.
      Ескерту. 45-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      46-бап. Жануарлар түрлерiнiң санын реттеудiң тәртiбi

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Жануарлар түрлерiнiң санын реттеудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.


      Ескерту. 46-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

9-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және тұрақты пайдалану жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру және экономикалық ынталандыру

      47-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту


               және тұрақты пайдалану жөнiндегi iс-шараларды
               қаржыландыру

      1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану iс-шараларын бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


      2. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру аңшылық және балық шаруашылықтары субъектiлерiнiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
      3. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қоғамдық қорлар құрылуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер тартылуы мүмкiн.
      Ескерту. 47-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

      48-бап. Жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды


               және орнықты пайдалануды экономикалық
               ынталандыру

      Жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды экономикалық ынталандыру (жеңiлдiктер, преференциялар беру және мемлекеттiк қолдау) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.



10-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы бақылау

      49-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және


               пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау және
               қадағалау

      1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.


      Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi:
      1) тексерулердiң жылдық жоспары бойынша жылына бiр реттен көп емес;
      2) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу фактiлерi туралы жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша, олардың түсуiне қарай;
      3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы келеңсiз салдарларды растайтын ғылыми зерттеулер мен жануарлар дүниесiнiң мониторингi нәтижелерi бойынша, олардың айқындалуына қарай, оларды жою жөнiндегi ұсынымдарды ескере отырып;
      4) жоспарлы iс-шаралар нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың нұсқамада көрсетiлген мерзiмде орындалуын бақылау мақсатында жүзеге асырады.
      Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      50-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және


               пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау және
               қадағалау объектiлерi

      Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау объектiлерi:


      1) жануарлар дүниесi және олар мекендейтiн орта;
      2) жануарлар түрлерiн ерiксiз және жартылай ерiктi жағдайларда ұстаудың шарттары;
      3) жануарлар дүниесiн аулау құралдары;
      4) жануарлар дүниесiнiң ауланған өнiмi;
      5) жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын растайтын құжаттама (аңшы және (немесе) балықшы куәлiгi, аңшылық және (немесе) балық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарт, аң аулауға және (немесе) балық аулауға арналған шарт, жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған шарт және рұқсат, жолдама, кәсiпшiлiк журналы);
      6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi қызмет;
      7) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтiк құжаттама;
      8) жануарлар дүниесiне және олар мекендейтiн ортаға әсер ететiн қызмет болып табылады.
      Ескерту. 50-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      51-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және


               пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және
               қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

      1. Ведомстволардың басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.


      2. Ведомстволар басшыларының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiн қадағалайтын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары болып табылады.
      3. Ведомствоның аумақтық бөлiмшесiнiң басшысы лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстың (бассейннiң) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.
      4. Аумақтық бөлiмше басшысының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiн қадағалайтын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстың (бассейннiң) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары болып табылады.
      5. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында реттеу мен бақылау мәселелерiн қадағалайтын ведомстволардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары - лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, ал ведомстволардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында реттеу мен бақылау мәселелерiн қадағалайтын мамандары - Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.
      6. Ведомстволардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында реттеу мен бақылау мәселелерiн қадағалайтын аумақтық бөлiмшелерiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары - лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстың (бассейннiң) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, ал жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында реттеу мен бақылау мәселелерiн қадағалайтын мамандары - тиiстi облыстың (бассейннiң) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.
      Ескерту. 51-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

      52-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және


               пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және
               қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың
               құқықтары мен мiндеттерi

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.



      1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
      1) объектiлерге жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау мақсатында баруға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың қызметi туралы ақпарат алуға;
      2) осы Заңда берiлген өкiлеттiктер шегiнде актiлер шығаруға;
      3) тексеру материалдарын құқық қорғау органдарына iс жүргiзу шешiмiн қабылдау үшiн беруге;
      4) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың қызметiн тоқтата тұруға немесе қызметiне тыйым салу туралы ұсыныс енгiзуге;
      5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы салдарынан келтiрiлген зиянның көлемiн анықтауға және осының негiзiнде кiнәлi тұлғаларға осы зиянды ерiктi түрде өтеу туралы талап қоюға не сотқа талап-арыз беруге;
      6) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға;
      7) аңшылық алқаптардың, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң аумақтарында және олардың жағалау белдеуiнде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және олардан шыққан кезде көлiк және жүзу құралдарын тоқтатуға, оларды жете тексеруге;
      7-1) су тарту құрылыстарын оларды тиiстi балық қорғау құрылғыларымен жабдықтау және су тұтыну шарттарын уәкiлеттi органмен келiсу нысанына тексерудi жүзеге асыруға;
      7-2) аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде, жағалау белдеуiнде болған және олардан шыққан кезде адамдардың жануарлар дүниесiн пайдалану құқығына арналған құжаттарын тексеруге;
      8) жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау құралдарының тыйым салынған түрлерiн сот шешiм қабылдағанға дейiн сақтау үшiн алып қоюға;
      9) заңсыз ауланған жануарлар дүниесi объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен алып қоюға;
      10) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын сот шешiм шығарғанға дейiн уақытша сақтау үшiн алып қоюға;
      11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнаулы құралдар мен қызметтiк қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.
      2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
      1) аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзу ережелерiнiң сақталуына;
      2) аң аулау және балық аулау ережелерiнiң сақталуына;
      3) жеке және заңды тұлғалардың аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзуге арналған шарт талаптарының орындалуына;
      4) жануарларды ерiксiз немесе жартылай ерiктi жағдайларда ұстау тәртiбiнiң, сондай-ақ зоологиялық коллекциялардың сақталуына;
      5) жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн белгiленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуына;
      6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына;
      7) уәкiлеттi орган белгiлеген жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыру мен жерсiндiрудi жүзеге асыру тәртiбiнiң сақталуына;
      8) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердiң сақталуына;
      9) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының өзге де талаптарының орындалуына бақылау жасауға мiндеттi.
      3. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар айырым белгiлерi бар нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етiледi.
      Ескерту. 52-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.07.17 N 188-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      53-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және


               пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және
               қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган және
               оның аумақтық бөлiмшелерi лауазымды адамдарының
               актiлерi

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

      1. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдары талаптарының бұзылуының белгiлi болуына байланысты мемлекеттiк бақылау және қадағалау нәтижелерi бойынша ықпал етудiң құқықтық шараларын қолдану мақсатында жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң лауазымды адамдары мынадай актiлер:
      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама;
      1-1) тексеру актiсi;
      2) мынадай:
      жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзуды жою туралы;
      жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметiне сот шешiмiнсiз үш күннен аспайтын мерзiмге тыйым салу немесе көрсетiлген мерзiмде сотқа мiндеттi түрде талап-арыз бере отырып, оны тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарады. Бұл ретте шаруашылық қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт анықталған бұзушылықтар жойылғанға немесе сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданыста болады;
      3) мынадай:
      жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда кiнәлi тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы;
      Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын, тыйым салынған аулау құралдарын және заңсыз ауланған жануарлар дүниесi объектiлерi мен олардың өнiмдерiн сот шешiмi шығарылғанға дейiн уақытша сақтау үшiн алу туралы қаулы шығарады.
      2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi лауазымды адамдарының актiлерi жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
      Ескерту. 53-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      54-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және


               пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және
               қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның
               және аумақтық бөлiмшелердiң лауазымды адамдарын
               құқықтық және әлеуметтiк қорғау

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

      Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және аумақтық бөлiмшелердiң лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқықтық және әлеуметтiк қорғалуға тиiс.
      Ескерту. 54-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

      55-бап. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау

      1. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау (бұдан әрi - жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерiн қадағалайтын жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мамандандырылған ұйымдардың қызметкерлерiнен құралады.
      2. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғауға өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн:
      1) жеке және заңды тұлғалардың аң және (немесе) балық аулау құқығын беретiн құжаттарын тексеру;
      2) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру;
      3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды ұстап, құқық қорғау органдарына жеткiзу;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көлiк құралдарын, өзге де объектiлер мен орындарды, ал қажет болған кезде - ұсталған адамдардың жеке заттарын жете тексеру;
      5) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын, заңсыз аң аулау мен балық аулаудан алынған өнiмдi, аулау құралдарының тыйым салынған түрлерiн алып қою және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен олардың бұдан әрi тиесiлi болуы туралы мәселенi шешу;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айырым белгiлерi бар нысанды киiм (погонсыз) кию және қызметтiк қару алып жүру құқығы берiледi.
      3. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау:
      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмауға және олардың жолын кесуге;
      2) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзу фактiлерi бойынша ақпаратты, талап қою мен өзге де материалдарды уәкiлеттi және құқық қорғау органдарына, сотқа жiберуге мiндеттi.
      4. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнаулы құралдар мен қызметтiк қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат берiледi.
      5. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айырым белгiлерi бар нысанды киiммен (погонсыз) және қызметтiк қарумен қамтамасыз етiледi.
      6. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау қызметi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау туралы ережемен айқындалады.
      Ескерту. 55-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      56-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту


               және пайдалану жөнiндегi өндiрiстiк бақылау

      1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өндiрiстiк бақылау - бекiтiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғау функциясын жүзеге асыратын аңшылық шаруашылығы мен балық шаруашылығы субъектiлерiнiң қорықшылық қызметi.


      2. Қорықшының:
      1) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес кейiннен оларды жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға, уәкiлеттi органға не сотқа мiндеттi түрде беру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға;
      2) қызметтiк қаруды алып жүруге және айырым белгiлерi бар арнаулы киiм киюге;
      3) жеке және заңды тұлғалардың аң аулауға және балық аулауға құқық беретiн құжаттарын тексеруге;
      4) аң аулау қағидаларын бұзғаны үшiн атыс қаруын кейiннен iшкi iстер органдарына мiндеттi түрде беру үшiн алып қоюға;
      5) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған аулау құралдарын, заңсыз аулап алынған аң аулау және балық аулау өнiмдерiн, тыйым салынған аулауға арналған қару түрлерiн кейiннен жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторға беру үшiн алып қоюға құқығы бар.
      3. Қорықшы:
      1) бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарында және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғауды қамтамасыз етуге;
      2) аң аулау және балық аулау қағидаларын, аңшылық шаруашылығының iшкi регламентiн, өрт қауiпсiздiгi қағидаларын, сондай-ақ тыныштық аймақтарында жануарлар дүниесiн пайдалануға қойылған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтардың жолын кесуге;
      3) жеке және заңды тұлғалардан жануарлардың қырылуына және олар мекендеу ортасының бұзылуына әкеп соқтыратын әрекеттердi тоқтатуды талап етуге;
      4) жануарлар дүниесi объектiлерiнiң мекендеу ортасын, олардың көбею жағдайларын және шоғырлану орындарын сақтау жөнiнде шаралар қолдануға;
      5) жануарлар дүниесiне ұқыпты және iзгiлiктi қарау насихатын жүргiзуге;
      6) жануарлар ауырған және дүлей зiлзала кезiнде қырылу қаупi төнген жағдайларда жануарлар дүниесi объектiлерiне көмек көрсету жөнiнде шаралар қолдануға;
      7) аншлагтардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Ескерту. 56-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      57-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және


               пайдалану саласындағы қоғамдық бақылау

      Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық бақылауды Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес қоғамдық бiрлестiктер жүзеге асырады.



11-тарау. Қорытынды ережелер

      58-бап. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн


               қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы
               заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.


      Ескерту. 56-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

       59-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және


               пайдалану саласындағы дауларды шешу

      Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында  белгiленген тәртiппен шешiледi.

      60-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
               пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық

      Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      61-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.


      2. Мыналардың:
      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 1993 жылғы 21 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 18, 439-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 11, 357-құжат; 2001 ж., N 3, 20-құжат; N 24, 338-құжат);
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгiзу тәртiбi туралы" 1993 жылғы 21 қазандағы Қаулысының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 18, 440-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының


      Президентi

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет