Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы



бет4/5
Дата04.07.2016
өлшемі342 Kb.
#176224
1   2   3   4   5

5-тарау. Aң аулау

      32-бап. Аң аулау ұғымы және түрлерi

      1. Аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн мекендейтiн ортасынан алуды жүзеге асыру арқылы жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану түрi.
      Жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау мақсатында iздеу, iзiн кесу және iзiне түсу, аулауға әрекет жасау, аңшылық алқаптарда қабынан шығарылған аңшылық қаруы және басқа да аң аулау құралдары немесе аң аулаудан алған өнiмдерi бар, қарғыбауы алынған аң аулайтын иттерi мен аушы жыртқыш құстары бар адамдардың жүруi аң аулауға теңестiрiледi.
      2. Аң аулау:
      1) кәсiпшiлiк аң аулау;
      2) әуесқойлық (спорттық) аң аулау, оның iшiнде ұлттық аң аулау болып бөлiнедi.
      3. Кәсiпшiлiк аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн кәсiпкерлiк қызмет мақсатында аулау.
      4. Әуесқойлық (спорттық) аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн спорттық, эстетикалық қажеттiктерiн қанағаттандыру мақсатында және ауланған өнiмдi жеке тұтыну үшiн аулау.
      Ұлттық аң аулау - аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттердiң ұлттық тұқымдарын пайдалана отырып, әуесқойлық (спорттық) аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн аулау.
      5. Егер уәкiлеттi орган өзгеше белгiлемесе, аң аулау бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда жүргiзiледi.
      Ескерту. 32-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      33-бап. Аң аулау құқығы

      1. Аң аулау құқығы жеке тұлғаларға:
      1) егер аң аулау атыс қаруы қолданыла отырып жүргiзiлетiн болса, он сегiз жасқа толған;
      2) егер аң аулау аңшылық ережелерiнде рұқсат етiлген басқа да аңшылық құралдарының түрлерi, аңшылық иттер мен аушы жыртқыш құстар қолданыла отырып жүргiзiлетiн болса, он төрт жасқа толған;
      3) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгiсi бар аңшы куәлiгi болған және аң аулау құқығына рұқсат беру үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мемлекеттiк бажды төлеген;
      4) жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алған жағдайда берiледi.
      РҚАО-ның ескертпесi!
      2-тармаққа өзгерiс енгiзу көзделген - ҚР 2012.01.25 N 548-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      2. Шетелдiктер үшiн Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығы аңшылық шаруашылығы субъектiсiмен жасасқан аң аулауды ұйымдастыру шартының және оның аң аулау құқығын куәландыратын тұратын елiнде берiлген құжаттың және жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алуының, сондай-ақ iшкi iстер органдарынан аңшылық атыс қаруын және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсатының негiзiнде туындайды.
      Ескерту. 33-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      33-1-бап. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектiлерi


                 қоғамдық бiрлестiктерiнiң республикалық
                 қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және
                 балық шаруашылығы субъектiлерiнiң қоғамдық
                 бiрлестiктерi

      1. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерi жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүддесiн қорғау үшiн құрылады.


      2. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерi коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерi өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) құруға құқылы.
      Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектiлерiнiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектiлерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiппен тiркеуге жатады. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектiлерiнiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектiлерiнiң қоғамдық бiрлестiктерiн тiркеудi уәкiлеттi орган олардың берген өтiнiштерi мен олардың жеке қаражаты есебiнен жүргiзедi.
      Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектiлерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
      3. Аңшылар және аңшылық шаруашылығының субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң республикалық қауымдастығы:
      1) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң аңшылық шаруашылығын, аңшылық ит өсiрудi, аң-құстарды өсiрудi дамыту жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi;
      2) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң мүддесiн мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттiк емес және халықаралық ұйымдарда бiлдiрудi;
      3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi және басқа да құжаттарды дайындауға қатысуды;
      4) жануарлар дүниесi объектiлерiнiң мониторингiне және есебiн алуға қатысуды;
      5) жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қою квоталарын бөлуге қатысуды;
      6) аң аулауда пайдаланылатын аушы жыртқыш құстардың есебiн және тiркеуiн жүргiзудi;
      7) өз филиалдары мен өкiлдiктерi арқылы аңшы куәлiктерiн берудi, уәкiлеттi органға белгiленген нысан бойынша берiлген аңшы куәлiктерi туралы есептiлiктi ұсынуды;
      8) аңшылық минимумына оқыту жүргiзудi;
      9) аңшылық шаруашылығының субъектiлерi ұсынатын жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы деректердiң есебiн жүргiзудi және оларды уәкiлеттi органға берудi;
      10) жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайтуды ұйымдастыруды;
      11) аңшылық алқаптарды бекiтiп беру жөнiндегi конкурстық комиссияларға қатысуды;
      12) шетелдiктермен Қазақстан Республикасының аумағында аң аулауды ұйымдастыру шарттарын жасасуды;
      13) аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттердi пайдалана отырып, аң аулаудың ұлттық түрлерiн дамытуды ұйымдастыруды;
      14) Жарғыда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтi жүзеге асырады.
      Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң республикалық қауымдастығы берген аңшылық минимумын тапсырғаны туралы құжат аңшы куәлiгiн беруге негiз болып табылады.
      4. Балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектiлер қоғамдық бiрлестiктерiнiң республикалық қауымдастығы мынадай қызмет түрлерiн:
      1) балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң балық шаруашылығын, акваөсiрудi, жануарлар түрлерiнiң өсiмiн молайтуды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды дамыту жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi;
      2) балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң мүддесiн мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттiк емес және халықаралық ұйымдарда бiлдiрудi;
      3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi және басқа да құжаттарды дайындауға қатысуды;
      4) жануарлар дүниесi объектiлерiнiң мониторингiне және есебiн алуға қатысуды;
      5) жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қою квоталарын бөлуге қатысуды;
      6) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiндегi конкурстық комиссияларға қатысуы;
      7) балық шаруашылығын дамытуға бөлiнетiн субсидияларды бөлуге қатысуы;
      8) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде балық ресурстары және басқа да су жануарларының жаппай ауыруы, олардың қырылу қаупi, балықтардың қырылу қаупi жағдайларында, сондай-ақ жас балықтарды құтқаруды ұйымдастыруға көмектесуге қатысуды;
      9) шетелдiктермен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыру шарттарын жасасуды;
      10) Жарғыда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметтi жүзеге асырады.
      Ескерту. Заң 33-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

6-тарау. Балық аулау

      34-бап. Балық аулау түрлерi



      1. Балық аулау мынадай түрлерге бөлiнедi:
      1) кәсiпшiлiк балық аулау;
      2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
      3) ғылыми-зерттеу үшiн аулау;
      4) бақылау үшiн аулау;
      5) мелиорациялық аулау;
      6) өсiмiн молайту мақсатында аулау;
      7) эксперименттiк аулау.
      2. Кәсiпшiлiк балық аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын бiр мезгiлде көп мөлшерде аулауға мүмкiндiк беретiн және (немесе) су айдынының (кәсiпшiлiк аулау құралдарымен) бiр бөлiгiн қамтитын, бөлiп тұратын аулау құралдарымен мекендеу ортасынан балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюды қамтамасыз ететiн кешендi процесс.
      Кәсiпшiлiк балық аулау кәсiпкерлiк қызмет мақсатында жүзеге асырылады.
      Кәсiпшiлiк балық аулау жағалауда және теңiзде аулау арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Жағалауда аулау – бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жүзеге асырылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
      Теңiзде аулау – бекiтiлiп берiлген учаскелер шегiнен тыс су айдындарының (теңiздердiң, көлдердiң) ашық бөлiгiнде жүзеге асырылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
      Уәкiлеттi орган белгiлеген рекреациялық балық аулау аймақтарында кәсiпшiлiк балық аулауға жол берiлмейдi.
      3. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау – бiр-бiрлеп аулауға ғана (кәсiпшiлiк емес аулау құралдары) мүмкiндiк беретiн аулау құралдарымен жүзеге асырылатын, спорттық және эстетикалық қажеттiлiктердi қанағаттандыру, спорттық жарыстарды өткiзу мақсатында, сондай-ақ аулап алынған өнiмдi жеке тұтыну үшiн балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
      Әуесқойлық (спорттық) балық аулау ауланған балықты кейiннен тiрi күйiнде табиғи мекендеу ортасына қайтадан жiберумен жүзеге асырылуы мүмкiн.
      4. Ғылыми-зерттеу үшiн аулау – жануарлар дүниесiнiң жай-күйiн бағалау жөнiнде ғылыми зерттеулер жүргiзу мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
      Жануарларды аулау лимитiнен тыс ғылыми-зерттеу үшiн аулауға бұрын жануарлар дүниесiнiң жай-күйiн бағалау жүргiзiлмеген су айдындарында жол берiледi.
      5. Бақылау үшiн аулау – ихтиофаунаның жай-күйiн бақылау, балық ресурстарын және басқа да су жануарларының өсiмiн молайту тиiмдiлiгiн, шабақтардың өнiмдiлiгiн, су айдындарының балық өнiмдiлiгiн айқындау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
      6. Мелиорациялық аулау – жаппай аулауды, арзан бағаланатын балықтар түрлерiн аулауды, қырылу қаупi бар су айдындарындағы және (немесе) учаскелерiндегi аулауды қоса алғанда, су айдындарының балық өнiмдiлiгiн арттыруға, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтауға және олардың мекендеу әрi көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
      Жаппай аулау - су айдынындағы балық ресурстарының және басқа да су жануарларының бүкiл кәсiпшiлiк қорын алып қою немесе балықтардың жеке түрлерiнiң кәсiпшiлiк қорын немесе экологиялық тобын алып қою. Жаппай аулау мелиорациялық аулау ретiнде және ғылыми-зерттеу мақсаттары үшiн қолданылуы мүмкiн.
      7. Өсiмiн молайту мақсатында аулау - балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсiмiн молайту мақсатында оларды аулау.
      8. Эксперименттiк аулау - балық аулау құралдары мен тәсiлдерiнiң жаңа түрлерiнiң тиiмдiлiгiн зерделеу мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
      9. Балық аулауды жүзеге асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен балық аулау ережелерiнде айқындалады.
      Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      35-бап. Балық аулау құқығы

      1. Кәсiпшiлiк балық аулау құқығы жеке және заңды тұлғаларға:
      1) жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаты;
      2) уәкiлеттi органмен балық аулауға жасасқан шарты болған кезде берiледi.
      2. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау, ғылыми-зерттеу үшiн аулау, мелиорациялық және эксперименттiк аулау, сондай-ақ өсiмiн молайту мақсатындағы аулау құқығы жеке және заңды тұлғаларға жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаты немесе жолдамасы болған кезде берiледi.
      3. Бақылау үшiн аулауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Ескерту. 35-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

      36-бап. Жасанды әдiспен жасалған су тоғандарында балық


               шаруашылығы қызметiн реттеудiң ерекшелiктерi

      Өздерi жасаған жасанды су тоғандарында балықтар мен басқа да су жануарларын өсiрген жеке және заңды тұлғалар осы балықтар мен су жануарларының меншiк иесi болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оларға иелiк етедi.



7-тарау. Аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзу

      37-бап. Аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзу құқығын


               беру

      1. Аңшылық шаруашылығын, сондай-ақ су айдындары және (немесе) учаскелерi бекiтiп берiле отырып, балық шаруашылығын жүргiзу құқығы Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына облыстың жергiлiктi атқарушы органының аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру туралы уәкiлеттi органмен келiсiлген шешiмiнiң, уәкiлеттi орган мен жануарлар дүниесiн пайдаланушы арасында жасалатын аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзу шартының негiзiнде берiледi.


      Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп берусiз балық шаруашылығын жүргiзудi Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары және шетелдiк заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
      2. Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектiлерi жануарлар дүниесi объектiлерiн квота шегiнде алып қою құқығын жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алған сәттен бастап, ал басқа жеке және заңды тұлғалар - аңшылық және балық шаруашылықтары субъектiлерiнен жолдама алғаннан кейiн немесе солармен аң аулау немесе балық аулау шартын жасасқаннан кейiн алады.
      3. Алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      38-бап. Аңшылық алқаптар



      1. Аңшылық алқаптар - аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу жүзеге асырылатын немесе асырылуы мүмкiн, аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiнiң мекендеу ортасы болатын аумақтар мен акваториялар.
      Сулы-батпақты алқаптар осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген белгiлерге сәйкес келген жағдайда аңшылық алқаптар құрамына енгiзiлуi мүмкiн.
      2. Аумақтар мен акваторияларды аңшылық алқаптарға жатқызу, олардың шекараларын айқындау, тиiстi сервитуттар мен аңшылық шаруашылығының санаттарын белгiлеу шаруашылықаралық аңшылық iсiн ұйымдастыру нәтижелерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      3. Аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға байланысты емес шаруашылық қызмет жануарлар дүниесi объектiлерiнiң және олар мекендейтiн ортаның сақталуын қамтамасыз ететiн әдiстермен және тәсiлдермен жүргiзiлуге тиiс.
      4. Аңшылық алқаптары бар жерлер мен акваторияларды иелену, пайдалану және оларға билiк ету құқығы аң аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiн пайдалану құқығын бермейдi.
      5. Мына жағдайларда:
      1) аңшы куәлiгiнсiз;
      2) атыс қаруын сақтау мен пайдалану құқығын беретiн iшкi iстер органдары рұқсатынсыз атыс қаруын қолданып;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркеуден өткiзiлмеген аушы жыртқыш құстарды қолданып;
      4) аң аулау ережелерiнде қолданылуы көзделмеген аулау құралдарын пайдаланып;
      5) аңшылық шаруашылығы субъектiсiмен шарт жасаспай кәсiпшiлiк мақсатта;
      6) егер уәкiлеттi орган өзгеше белгiлемесе, аңшылық алқаптардың резервтiк қорында;
      7) елдi мекендердiң жерлерiнде, сондай-ақ олармен iргелес аумақтарда аң аулау ережелерiне сәйкес аңшылық атыс қаруын қолдану қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлмейтiн қашықтықта;
      8) уәкiлеттi органның рұқсатынсыз өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерлерiнде;
      9) күйзелiстi және дәрменсiз жағдайдағы жануарларды (дауылдан, су тасқынынан, өрттен бас сауғалағандарды, су тоғандарынан өту кезiнде, көктайғақ кезiнде, аштықтан әлсiрегендердi, жусанды паналаған суда жүзетiн құстарды);
      10) қозғағышын iске қосып, авиа-, авто-, мотокөлiк құралдарын, қарда жүретiн техниканы (қасқыр аулауды қоспағанда), шағын көлемдi кемелердi, түнде көру құралдарын, лазерлiк нысана көрсеткiштерiн, жарық беру және дыбыс шығару құралдарын қолдана отырып, әуесқойлық (спорттық) мақсатта;
      11) алкогольден немесе есiрткiден масаң болу немесе өзге түрде улану жағдайларында;
      12) егiн орағы аяқталғанға дейiн ауыл шаруашылығы дақылдары егiлген жерлерде;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен табиғатты пайдаланудың жекелеген түрлерiне жол берiлетiн аумақты қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда;
      14) өзен құндызына, кәмшатқа, күзенге, ондатраға атыс қаруын қолданып;
      15) аңшылық иттердi құтқару үшiн iндердi қазуды қоспағанда, жануарлардың тұрағын бұзып және зақымдап;
      16) өзен құндызы тұрғызған бөгеттi бұзып;
      17) пневматикалық, лақтыратын қаруды қолданып (жануарлар дүниесi объектiлерiн қозғалтпауға және егуге байланысты ғылыми-зерттеу және профилактикалық жұмыстарды жүргiзу үшiн садақтар мен арбалеттердi пайдаланудан басқа);
      18) сауыт бұзатын, өртегiш немесе жарғыш қуаты, ауыртпалық орталығы ауыстырылған оқтары бар патрондарды қолданып;
      19) тегiс ұңғылы аңшылық мылтығына қолдан жасалған ойық жиналмалы (қосалқыларды) ұңғыны қолданып;
      20) бос жерлердi, су бетiндегi өсiмдiктердi жағумен, басқа да өсiмдiктердi түбiрiмен қопарып және жойып;
      21) өздiгiнен атылатын қаруларды, қысқыштарды, қаусырмаларды, қапсырмаларды, кескiштердi қолданып; тұзақтар құрып, аулау орларын қазып; адам байқамайтын айқындаушы белгiлерiнсiз iрi қақпандарды, шатырларды, бастырмаларды, iлмектердi, найзаларды, құс желiмiн орнату жолымен, түтiн салып, жылтыр мұзға, қатқыл мұзға, терең қарға және топырағы жабысқақ сортаңға, шабылған қамысқа айдап шығарып, қоңыр аюды, тұяқты жануарларды және құстарды аулау кезiнде қақпанды қолданып, қоршауға алып, тағамен аулап;
      22) торларды қолданып; су құю арқылы iннен шығарып (уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау, будандастыру немесе ерiксiз ұстау үшiн оларды аулауды қоспағанда);
      23) жарылғыш құрылғыларды, химиялық және улы заттарды қолданып, уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшесiмен келiсiм бойынша тышқан тектес кемiргiштердi (саршұнақтарды, сұр егеу құйрықтарды, аламандарды) жойған кезде, сондай-ақ жануарлардың құтыру эпизоотиясы және басқа аурулары жағдайында улы химикаттарды қолдануды қоспағанда;
      24) жануарлардың рұқсатта көрсетiлген санынан тыс;
      25) рұқсатта көрсетiлмеген басқа жануарлар түрлерiн;
      26) аңшылық шаруашылығы субъектiсiнiң жолдамасынсыз;
      27) аулап алу объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiне, басқа елдерден әкелiнген жыртқыш қыран құстарды пайдалана отырып;
      28) еркекүйрекке көктемгi аң аулау кезiнде елiктiрушi үйрексiз немесе тұлыпсыз;
      29) тұяқты жануарларды және қоңыр аюды аулау кезiнде қорықшының немесе жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың ерiп жүруiнсiз;
      30) әуесқойлық (спорттық) мақсатта суырға калибрi бес бүтiн оннан алты миллиметрлiк бүйiрден (сақиналы) тұтандырғыш патронды ойықты қару қолданып;
      31) тыныштық сақтау аймақтарында және өсiмiн молайту учаскелерiнде аң аулауға тыйым салынады.
      Ескерту. 38-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      39-бап. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе)


               учаскелерi

      1. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау, өсiру және көбейту үшiн пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн не олардың қорларының өсiмiн молайту үшiн маңызы бар су айдындары не олардың бөлiктерi (өзендер және оларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, сулы-батпақты алқаптар, су қоймалары, тоғандар және басқа да iшкi су айдындары, аумақтық сулар), сондай-ақ теңiз сулары.


      Заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кiретiн су айдындарында балық аулау «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi.
      2. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi маңызы жағынан халықаралық, республикалық және жергiлiктi болып бөлiнедi.
      3. Халықаралық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне Қазақстан Республикасының және онымен шектес мемлекеттердiң аумақтарында орналасқан су тоғандары жатады.
      Республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне екi және одан да көп облыстардың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi жатады.
      Жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне облыстық атқарушы орган бекiткен тiзбеге енгiзiлген қалған барлық балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi жатады.
      3-1. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi биологиялық негiздемесi болған кезде акваөсiру мақсаттары үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
      Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесi балық шаруашылығын жүргiзу ережелерiне сәйкес ихтиофаунаның толығымен немесе iшiнара ауысуымен балық өсiру мақсатында пайдаланылуы мүмкiн.
      4. Балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде:
      1) елдi мекендердiң, балық қабылдау пункттерiнiң жанына бакендер орнату үшiн, аялдауды және аса қажет жағдайды қоспағанда, балық аулауға тыйым салынған жерлерде су көлiгiнiң тоқтауына;
      2) балық аулайтын түрлi құралдарды бiр балық шаруашылығы су айдындарынан және (немесе) учаскелерiнен басқаларына арнайы өңдеусiз апаруға;
      3) уәкiлеттi органның рұқсатынсыз өзендерде жаңа балық шаруашылығы учаскелерiн, ұйықтар (ұйықтық учаскелер) ашуға, салдар мен қалқымалар орнатуға;
      4) су тоғандарында немесе оған тiкелей жақын жерде балық аулау ережелерiнде қолдану көзделмеген балық аулау құралдарымен болуға;
      5) балықтарды ноқталарында сақтауға, жүзу құралдарынан және балық аулау құралдарынан шыққан өлi және ауру балықты суға және жағалау белдеуiне лақтырып тастауға;
      6) балық аулау ережелерiнде белгiленген кәсiпшiлiк шаралардан кем балық аулауға, қабылдауға, сатуға және сақтауға;
      7) уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатынсыз балық шаруашылығы  су айдындарында және (немесе) учаскелерiндесуда жүзетiн құстар өсiруге және құндыз өсiру немесе басқа кәсiпшiлiк мақсатта мелиорациялық жұмыстар жүргiзуге;
      8) мұз қатқан кезеңде балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз көлiк және өзге де механикалық жылжымалы құралдармен баруға;
      9) жеке және заңды тұлғаларға түрiн көрсетпестен немесе «басқа» және «майда» деген атаумен тапсыруды және қабылдауды жүзеге асыруға;
      10) екi және одан да көп аумен (құлыптаудағы) сүзудi бiр мезгiлде жүргiзуге, сондай-ақ алдыңғы ауды жағалауға толық лақтырғанға дейiн ауды сүзудi бастауға;
      11) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған жерлерде уәкiлеттi органмен келiсусiз двигательдерi қосылған су көлiгiнiң барлық түрлерiнiң жүруiне;
      12) санитариялық күзет аймақтары мен акваториялар шегiнде жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсатсыз және балық аулау қағидаларында көзделген құжаттарды ресiмдеусiз жеке және заңды тұлғалардың балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сатып алуына және өткiзуiне тыйым салынады.
      5. Мына жағдайларда:
      1) бөгеттердiң, шлюздердiң және көпiрлердiң жанында, көлдердi өзара және негiзгi өзенмен жалғастыратын тармақтарда, мелиорациялық жүйелердiң жеткiзу арналары мен бұрылыстарында, балық аулау ережелерiнде белгiленген шекаралардан тыс өзендер мен арналардың сағалары алдында;
      2) балық аулау ережелерiнде көзделмеген балық аулау құралдарымен;
      3) мемлекеттiк экологиялық сараптамаға жататын, тиiстi ғылыми ұйымдар берген биологиялық негiздеменiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн мерзiмде және орындарда қысқы кезеңде балықтардың қыстайтын шұңқырларында, уылдырық шашу кезiнде уылдырық шашатын жерлерде және өзге де учаскелерде;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген және тiркеу нөмiрлерi көрсетiлмеген жүзу құралдарымен;
      5) балық аулау құқығын беретiн рұқсатқа сәйкес ұйымның атауы және балық аулау құралдарының параметрлерi көрсетiлген жапсырмалары жоқ балық аулау құралдарымен;
      6) теңiзде және өзендерде бекiре балықтарды аулауға арналған құрылған аулау құралдарымен;
      7) алкогольден немесе есiрткiден масаң болу немесе өзге түрде улану жағдайларында;
      8) балық аулау ережелерiмен, шектеулермен және тыйымдармен жол берiлмейтiн тәсiлдермен;
      9) ұясы рұқсаттарда көзделгендерден кем мөлшердегi аулау құралдарымен;
      10) аулау құралдары өзеннiң немесе өзен тармағы енiнiң үштен екiден астамын қамтып;
      11) құрмалы аулау құралдарын шахматтық тәртiппен, вентерлер мен секреттердi өзендер мен бастаулардың, құятын каналдардың сағасынан бес жүз метр радиуста орнатумен;
      12) кәсiпшiлiк балық аулауды жүзеге асыру кезiнде бөгеттерден, шлюздер мен көпiрлерден бес жүз метрден жақын қашықтықта;
      13) мемлекеттiк экологиялық сараптамаға жататын, тиiстi ғылыми ұйымдар берген биологиялық негiздеменiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн орындарда және мерзiмде балық ресурстарының және басқа да су жануарларының көбею кезеңiнде олардың шоғырлану орындары мен өрiстеу жолдарында;
      14) жарылғыш құрылғыларды, химиялық және улы заттарды, сондай-ақ атыс қаруын пайдаланумен;
      15) уәкiлеттi органның рұқсатынсыз кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес балық аулау құралдарының түрлерi мен тәсiлдерiн қолдануға рұқсат берiлген тiзбеге енгiзiлмеген балық аулау құралдарының түрлерi мен тәсiлдерiн қолданумен балық аулауға тыйым салынады.
      Ескерту. 39-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      39-1-бап. Сулы-батпақты алқаптар

      1. Сулы-батпақты алқаптар – табиғи (тереңдiгi судың қайтуы кезiнде алты метрден аспайтын теңiз суларын қоспағанда) және сирек кездесетiндерiн әрi құрып кету қаупi төнгендерiн қоса алғанда, су маңындағы жануарлар түрлерiнiң жаппай мекендейтiн, ұя салатын, өсiмiн молайтатын орны болып табылатын жасанды акваторийлер.
      2. Сулы-батпақты алқаптар маңызы бойынша халықаралық және республикалық болып бөлiнедi.
      3. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тiзiмiне енгiзiлген алқаптар жатады.
      4. Республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тiзiмiне енгiзiлген барлық қалған алқаптар жатады.
      5. Сулы-батпақты алқаптарда, сирек кездесетiндерiн және құрып кету қаупi төнгендерiн қоса алғанда, жануарлар дүниесiн қорғау және өсiмiн молайту жөнiндегi шаралар көзделедi.
      6. Сулы-батпақты алқаптарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi орган даму жоспарын бекiтедi.
      Ескерту. Заң 39-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

      40-бап. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су


               айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру
               тәртiбi

      1. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi конкурс қорытындысы бойынша облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен бассейндiк принцип ескерiле отырып, бекiтiп берiледi.


      Конкурсты конкурс өткiзу ережелерiне сәйкес құрылған, құрамына уәкiлеттi органның, облыстың жергiлiктi атқарушы органының, ғылыми ұйымдардың және аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң республикалық қауымдастықтары, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң өкiлдерi енгiзiлетiн комиссия өткiзедi. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда конкурсты Қазақстан Республикасының Үкiметi құратын комиссия өткiзедi.
      Конкурсқа бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын, балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру мен паспорттау негiзiнде аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзуге перспективтi деп танылатын резервтiк қордың аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi қойылады. Пайдаланушы аңшылық алқаптарын бекiтiп беруге конкурсқа қатысқан кезде қабылдаған мiндеттемелер аңшылық және балық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарттың мiндеттi талаптары болып табылады.
      Жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың жеке меншiгiндегi немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерiнде толығымен орналасқан аңшылық алқаптар, сондай-ақ жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi олар белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда олардың өтiнiмi бойынша облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен конкурс өткiзiлмей-ақ және уәкiлеттi органның ұсынымынсыз соларға бекiтiп берiледi.
      Бекiтiп беру мерзiмi өткен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген, шарттық мiндеттемелердi орындаған жағдайда олар бұрын бекiтiп берiлген адамдардың өтiнiмi бойынша конкурс өткiзiлмей-ақ, уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша қайта бекiтiп берiледi.
      Жергiлiктi маңызы бар, қырылу қаупi бар су айдындары және (немесе) учаскелерi бекiтiп берiлген адамдар қабылдаған шаралардың нәтижесiнде байланысты қырылу қаупi белгiлерiн жоғалтса, олар бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда бекiтiп берiлу мерзiмi өткен соң олардың өтiнiмi бойынша конкурс өткiзiлмей-ақ және уәкiлеттi органның ұсынымынсыз бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге қайта бекiтiп берiледi.
      Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi, ұйықтар (ұйықтық учаскелер) мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде өсiмiн молайту мақсаттары үшiн уәкiлеттi органның ұсынымы бойынша конкурстан тыс негiзде қырық тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге өсiмiн молайту кешенiнiң мемлекеттiк кәсiпорындарына бекiтiп берiлуi мүмкiн.
      2. Бекiтiп беру:
      1) аңшылық алқаптар үшiн аңшылық шаруашылығын жүргiзу мақсатында – он жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi;
      2) балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi үшiн балық шаруашылығын жүргiзу мақсатында – бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi;
      3) жергiлiктi маңызы бар, қырылу қаупi бар су айдындары және (немесе) учаскелерi үшiн балық шаруашылығын жүргiзу мақсатында – бiр жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмдi құрайды.
      3. Бұрын ұйымдастырылған аңшылық және балық шаруашылықтары шекараларындағы аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi алдыңғы шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастырудың және балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерiн паспорттаудың материалдары негiзiнде қайта бекiтiлiп берiледi.
      4. Жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушы мүдделi жеке және заңды тұлғаларға, оның iшiнде аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi аумағына немесе акваториясына кiретiн учаскелерде аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзу және аң аулау мен балық аулауды жүзеге асыру мақсаттарында сервитут берудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Ескерту. 40-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      41-бап. Аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын


               жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалану

      Аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттерi мен тiршiлiк ету өнiмдерiн шаруашылық мақсаттарда пайдалану уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

      42-бап. Жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк
               және эстетикалық мақсаттарда, оның iшiнде
               зоологиялық коллекциялар жинау үшiн пайдалану

      Сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнгеннен басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жинау үшiн пайдалану уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

      43-бап. Мамандандырылған ұйымдар

      Қазақстан Республикасының Үкiметi жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды жүзеге асыру үшiн мамандандырылған ұйымдар құрады.


      Ескерту. 43-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      43-1-бап. Жануарлар түрлерiнiң өсiмiн молайту

      Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар түрлерiнiң өсiмiн молайтуды мамандандырылған ұйымдар, сондай-ақ биологиялық негiздеме, мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және уәкiлеттi органның рұқсаты негiзiнде жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
      Ескерту. Заң 43-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет