Жарақаттың организмге жалпы әсері. Терминалдық жағдайлары



бет2/4
Дата16.02.2023
өлшемі3.14 Mb.
#469632
1   2   3   4
Хирургия жарақат

Есінен тану:

  • Есінен тану –мидағы қысқа уақыттағы қан аздығы және бас айналу, әлсіздік, көздің қарауытып, талып қалу жағдайы. Есінен тану шаршаған уақытта, ұйқы қанбағанда және оттегінің жетіспеушілігі кезінде пайда болады.оған қоса, қатты қорыққанда, психикалық уайымда, қан көргенде, диагностикалық манипуляцияда, ерекше иістен пайда болады.әсіресе жүкті әйелдер көп шалдығады.

Есінен тану:

  • Есіне танған адамның терісі бозарады, температурасы төмендейді, тынысы жиілейді. Артериялық қысым қысқа мерзімге төмендейді, тамыр соғуы жиілейді, сирек жағдайда брадикардия анықталады. Есінен тану қалыпты жағдайда , бірнеше минутқа созылып, өз бетімен қайтады. Науқасты жатқызып , аяғын көтереді, жейденің түймесін ағытып, шалбарының белін босатады да, ауаның толық жетуін қамтамасыз етеді, бетіне су сеуіп, мүсәтір спиртін иіскету керек.

Коллапс:

  • Коллапс – тез дамитын қан тамырлары қызметінің жеткіліксіздігімен көрінетін сілеймеге ұқсас жағдай. Бірақ одан айырмашылығы бұл кезде афференттік серпіндердің күшеюі байқалмайды. Соған қарамай артериялық және веналық қан қысымдары күрт төмендеп кетеді, айналымдағы қан көлемі азаяды

Коллапс:

  • Пайда болу себептеріне қарай коллапстың келесі түрлерін ажыратады:
  • геморрагиялық (қансыраудан дамитын);
  • уытты- жұқпалық ;
  • ұйқыбездік.
  • Коллапс қан айналымындағы тамырлардың күрт жеткіліксіздігі нәтижесінде артериялық гипотензияға, микроциркуляцияның бұзылыстарына, тіндердің гипоксиясына әкеледі. Емдеу жолдары артериялық қысымды көтеруге, айналымдағы қан көлемін келтіруге , гипоксияны аластауға бағытталады.

Жарақаттық шок:

  • Жарақаттық шок деп-ауыр механикалық зақымдалуға жауап ретінде, тамырлар жүйесінің микроциркуляциялық бөлімінің перфузиясының жедел бұзылуын айтады. Капиллярлы қан тамырларының кенеттен тарылуынан,тіндерге оттегінің, пластикалық заттар мен энергетикалық субстраттардың жетіспеуі,алмасудың соңғы кері қарай шығуының бұзылуы дамиды.
  • Осының салдарынан пайда болатын ағзалардың қызметінң бұзылуы, науқастың жедел өліміне алып келеді. Жарақаттық шок ауыр жарақаттану кездерінде дамиды. Бұл ұғымды ең алғаш 1737 жылы француз ғалымы Ле Дран енгізген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет