Жарақаттың организмге жалпы әсері. Терминалдық жағдайлары


Жарақаттық шоктың патогенезі



бет3/4
Дата16.02.2023
өлшемі3.14 Mb.
#469632
1   2   3   4
Хирургия жарақат

Жарақаттық шоктың патогенезі:

  • Эректилдік (лат.erectus – қызбалану) немесе қозу сатысы кезінде жаракаттың әсерінен сыртқы, ішкі ағзалар мен мүшелердің және буындардың қабылдағыштары (рецепторлары) қоздырылады. Орталық жүйке жүйесінен миға бағытталған серпіндер түсуі көбейеді. Осының нәтижесінде қысқа мерзімде ОЖЖ және дербес жүйке жүйелерінің қозуы болады; стресс дамытатын жүйе (гипоталамус, гипофиз, бүйрекүсті безі, адренергиялық жүйе) хабарланып, стресс- шектейтін ГАМҚ-ергиялық, опиоидергиялық, антиоксидантық т.с.с. жүйе әлсірейді. Осыдан организмге қатты стресс- реакция дамиды.

Жарақаттық шоктың патогенезі:

  • Торпидтік сатысы. Жоғарыда келтірілгендердің әсерлерінен шоктың екінші торпидтік сатысы дамиды. Торпидтік (лат.torpidus – мелшиіп, сілейіп қалу) немесе тежелу сатысы бірнеше тәулікке дейін созылады.
  • Жасуша мембраналары рецепторларының конформациялық өзгерістерінен адрено- және холинорецепторлардың т.б.қабылдағыштардың жауап қайтару қабәілеті төмендейді, жасушаларда гормондардың безден тыс жеткіліксіздіктері дамиды. Содан ағзалар мен тіндердің жүйкелік- эндокриндік реттелулері бұзылады.
  • Ақтық сатысы. Сілейменің ақтық сатысында артериолалар қатты кеңіп кетеді. Олар катехоламиндерге жауап қайтармайды. Гиповолемия кезінде катехоламиндердің әсерінен артериялық қан қысымы көтерілудің орнына, керісінше, күрт төмендеп кетуі мүмкін.
  • Бұл кезде гипоксия барлық ішкі ағзаларда, сонымен қатар мида дамиды. Осдан тыныс алу және қан тамырларының қимылдық орталықтары салданады, науқас адам жан тапсырады.

Жарақаттық шоктың клиникалық көрінісі:

  • есінің тежелуі (мидағы қан айналымы төмендегенде);
  • жиі, жіп тәрізді тамыр соғуы (жүректен қанның шығарылуы азайғанда);
  • артериялық қысымның төмендеуі;
  • тері жамылғысының мұздай, ылғал, бозарған- цианозды немесе мраморлық түсті болуы (шеткі вазоспазм, микроциркуляцияның бұзылуы);
  • диурездің азаюы- шамамен бір минутта 0,5 мл-ден төмен (жүректен қанның шығарылуы азайғанда, тамырлардың тарылуынан,антидиуретикалық гормон мен альдостеронның антидиуретикалық әсерінен);


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет