Жаратылыстану факультеті 5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы



бет2/27
Дата25.02.2016
өлшемі3.15 Mb.
#21064
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




Название курса/дисциплины/юнита: Русский язык

Код дисциплины : K (O)t-1102

Тип дисциплины: общеобразовательные, обязательный компонент

Год обучения : 1-год обучения

Семестр обучения : 1,2

Количество кредитов: 6

Ф.И.О.лектора/профессора: Есенова П.С., канд. филол. наук, ст.преп.;

Цель курса (ожидаемые цели обучения и приобретаемые компетенции): расширение лексического минимума общеупотребительных слов и словосочетаний, овладения граммати-ческими формами и конструциями на уровне их употребления в речи. Овладение лексичес-ким и термонологическим минимуом по специальности. Построение различных типовв ре-чевой деятельности: беседа, описание, информирование.

Пререквизиты:

Содержание курса/дисциплины: Грамматические формы и конструкции в функциональ-ном аспекте, Реппродуцирование адапттированных и продуцирование несложных прагмати-ческих текстов, диаологических и монологических высказывании в устоной и письменной форме, на темы, актуальные для социально-бытовой и профессиональной сфере, по разным видам речевой деятельности, говорению, аудированию, чтению, письму. Развитие учебно-профессиональной речи: вырботка умений и навыков чтения, слушания, конспектирования литаратуры по специальности.

Рекомендуемая литература:

1. Жаналина Л.К., Мусатаева М.Ш. Практический курс русского языка. Алматы, 2005 г.

2. Дудников А.В. и др. Русский язык. М., 1981 г.

3. Ворожбицкая И.И. и др. Русский язык. Москва. 1987 г.

4. Городилова Г.Г. и др. Практикум по развитию речи. Учебное пособие для педагогических институтов. Л., 1988 г.

5. Греков В.Ф., Крючков С.Е. Чешко Л.А. Пособие для занятий по русскому языку. Москва. 1966 г.

6. Метса А.А. и др. Русский язык. Москва. 1991 г.

7. Надежина И.Ф. и др. Учебник русского языка: Для национальных групп неязыковых вузов. 3-е изд. М., 1985 г.

8. Насырова М.Р. Практический курс русского языка. Алматы. 1991 г.

Методы преподавания: лекция, практика, проблемные методы обучения, деловая игра, мо-дульная технология, репродуктивные методы, объяснительно-иллюстративный метод, час-тично-поисковые или эвристические методы.

Методы формы оценки: буквенно-рейтинговая система, посещаемость, активность на заниятиях, групповая презентация, выполнение практических задач

Язык обучения : русский

Условия (требований для обучения специальности (ступени): библиотечный фонд, вертуальная лаборатория, интерактивная доска, электронные учебники, электронно-образовательные ресурсы.

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Информатика

Пәннің коды: Inf 1102

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент

Оқу жылы: 1

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3

Дәріс беруші : Есиркепова А.У., аға оқытушы

Курстың мақсаты: Информатика пәнiн оқыту мақсаты студенттерге есептердi компьютер көмегiмен шешу әдiстерiн оқыту және оларды компьютерлiк жүйе мен ақпараттық технологияларды болашақ қызметiнде тиiмдi қолдануына дайындау болып табылады:

информатиканың негiзгi ұғымдарын игеру мақсатында студенттердiң “алгоритмдiк“ ойлау дағдыларын қалыптастыру, ақпаратты қазiргi қоғамның ресурсы ретiнде бейнелеу және ақпараттық ресурстарды басқару әдiстерiн оқыту;студенттердi қазiргi заманғы озық әмбебап компьютерлердiң құрылысымен таныстыру және олардың компьютерде жұмыс iстеу дағдысын қалыптастыру;студенттерге алгоритмдiк тiлдердi, программалау әдiстерiн, ақпараттық жүйелер негiздерiн оқыту.

Деректемелері: Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін мектеп курсындағы информатика мазмұнын жақсы меңгеру қажет.

Пәннің мазмұны: Информатика ғылым жəне техниканың бірлестігі. Қазіргі информатика құрылымы. Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері. Деректерді тасымалдаушылар. Деректермен жұмыс істеу операциялары. Буль алгебрасы. Графтар және ағаштар. Компьютердің логикалық элементтері. Машинаны ұйымдастыру: Фон-Нейман принципі, басқару құрылғылары, командалар жүйелері мен типтері. Енгізу-шығару жəне тоқтату. Компьютер жадысының құрылғысы. Енгізу-шығару құрылғылары. Есепті шешудің стратегиялары және шешімді іздеу.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Бөрiбаев Б. «Информатика және компьютер“ – Алматы, “Рауан“, 1996 ж.

2. Камардинов О. “Информатика“ – Шымкент, 2000ж.

3. Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика- Астана, 2004ж.

4. Комягин В.Б., Коцубинский А.О. “Современный самоучитель работы на персональном компьютере“, Москва, 1997 г.

5. Микляев А. “Настольная книга пользователя“ – Москва, 1997 г.

6. Фигурнов В.Э. “ІBM PC для пользователя“ – Москва, 1999 г.

7. Балапанов Е.Қ. Бөрiбаев Б. Дәулетқұлов А. “Информатика 30 сабақ. Жаңа ақпараттар технологиялар“ – Алматы, “ Шартарап“, 2001 ж.



Сабақ беру әдістері:Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қортынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластар, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).






Пәннің атауы: Экология және тұрақты даму




Пәннің коды: Eko UR 1106




Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент




Оқу жылы: 1




Оқу семестрі: 1




Кредиттер саны: 2




Дәріс берушінің аты-жөні: Ауезова Нұрқұйған, биология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы




Курстың мақсаты: «Экология және тұрақты даму» пәнінің мақсаты: Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. «Экология» пәні экологиялық міндетін, нақты экологиялық жағдайды терең түсіне отырып экологиялық білім мен тәрбие, қоршаған ортаны жақсарту, қалыптастыру болып табылады.Экология және тұрақты даму» пәнінің міндеттері:

  • студенттерге биологиялық және әлеуметтік экожүйелердің тіршілік етуінің жылпы заңдылықтары туралы білім беру;

  • мекен ету ортасын қорғау мен қалыптастыру механизмдерін көрсету;

  • адам қызметінің жалпы экология заңдарымен үйлесімділігінің дәрежесін көрсету;

  • қазіргі әлемдегі экологиялық мәселелердің сараптамасын беру;

- экологиялық дағдарыстан шығу жолдарын көрсету.




Деректемелер:




Пәннің мазмұны: «Экология және тұрақты даму» пәнінің қалыптасуы, даму кезеңдері, ағза және орта, экологиялық факторлар, биологиялық ырғақтар, геоэкология туралы мәселелерді қамтиды. Сол сияқты түр, популяция, популяциялар құрылымы, олардың табиғаттағы саны мен ауытқуы, тұрақтылығы, биоценоздар мен экожүйелер, олардың құрылымы, биоценоздағы ағзалардың қарым-қатынастары және т.б. экологиялық мәселелер жан-жақты қарастырылады.




Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Баешов А және т.б. «Экология негіздері» Түркістан, 2000ж.



  1. Ақбасова А., Саинова Г.Ә Экология. Алматы, 2003 ж.

3. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г. «Экология» Алматы, 2002ж.

  1. Сағымбаев Ғ. «Экология негіздері» Алматы, 1995ж.

  2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. «Экология» Алматы, 2001ж.

6. Риклефк Р. «Жалпы экология негіздері» Москва, 1981ж.




Сабақ беру әдістері:Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.




Бағалау нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қортынды баға.




Оқу тілі: қазақ, орыс тілі




Мамандық бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластар, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).




Пәннің атауы: Философия

Пәннің коды: Fil 2102

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент

Пән деңгейі: Бакалавр

Оқу жылы: 2

Оқу семестрі: 3

Кредиттер саны: 3

Дәріс берушінің аты-жөні: Жанбатыр А.С., аға оқытушы

Пәннің мақсаты: Студенттерде философияық білім негіздері, дүние кұрылымы, дүниедегі адамның ролі мен орны туралы түсініктер қалыптастыру. Болмыс, ойлау, таным, адам мен дүниенің мәні мәселерін талдау. Адамның өзін-өзі тануында, ақпараттандыру мен жаћанданумен байланысты әлеуметтік және этикалық мәселелерді талдаудағы философиялық білімнің ролін түсіну. Қазіргі қоғамдағы тұлғаның еркіндігі мен жауапкершілігінің мәнін ашу, тарихи оқиғаларды сыни көзқарас тұрғысынан талдау қабілетін жетілдіру.

Пререквизит: Қазақстан тарихы, Саясаттану, Мәдениеттану, Адам және қоғам.

Курстың мазмұны: Әлемдік және Отандық философия тарихы, әр алуан философиялық ілімдер. Философия мәдениет феномені ретінде, оның мәдени тарихы контексі. Болмыс философиясы, болмыс және бейболмыс мәселесі. Материя өмір сүру тәсілдері мен формалары. Сана және таным философиясы, таным методологиясы. Диалектиканың тарихи типтері және оның категориялары. Ғылым философиясы. Философиялық антропология, адам өмірінің бірегейлігі. Қоғам феномені, оның әлеуметтік құрылымы мен динамикасы. Жаћандық мәселелер философиясы.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ғабитов Т. Философия. – А., 2005

  2. Кішібеков Д. Философия. – А., 2005

  3. Алтаев Ж., Қасабек А., Мұқамбетқалиев Қ. Философия тарихы. – А., 2000.

4. Философиялық сөздік. – А., 1996.

5. Әбішев К. Философия. – А., 2001.



Қосымша әдебиеттер:

1. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. – А., 1999.

2. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. – А., 2004.

3. Философия. Қ.Тұрғынбаев. Алматы 2001.

4. Кішібеков Д., Сыдықов К. Философия. – А., 2005.

5.Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. – А., 1998.

6. Бұқаралық ақпарат құралдары, мерзімді басылымдар, интернет деректері

Интернет-ресурсы


1

http://www.philos.msu.ru/libfile

Философиялық қайнар көздері

2

http://www.yanko.lib.ru/gum.html

Философиялық түп негіздері

3

http://filosof.historic.ru/ -

Философиялық әдебиеттер

4

http://referats.allbest.ru

Реферат тақырыптары


Оқу әдістемелік бағыттары: компаративистік, анализ, сұрақ-жауап, суреттеу т.б.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).

Пәннің атауы: Құқық негіздері

Пәннің коды: ОP 2109

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән

Оқу жылы: 2

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Жарекеев Қ.Ж.- оқытушы



Курстың мақсаты: Заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет пен құқық теориясының, мораль ұғымының басты түсінігін студенттердің білуі; ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру; Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының алғышартымен және мәселелерімен таныстыру;

Қазақстандық мемлекеттік- құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси- құқықтық жолдарын анықтау; Студенттердің ҚР конституциялық құрылымын, мемлекеттік билік жүйесін және олардың басқа қоғамдық- саяси институттармен өзара қатынасын білуі; Студенттердің адам және азаматтық құқықтық жағдайын негіздерін білуі;



Студенттердің егеменді Қазақстанның құқық салаларын білуі (азаматтық, отбасы, еңбек, әкімшілік, қаржы, қылмыстық т.б.)

Деректемелер/Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Саясаттану, Мемлекет және құқық тарихы, Экономикалық теория

Курстың/пәннің мазмұны: «Құқық негіздері» курсы әлеуметтік-гуманитарлық цикл пәндерінің бірі ретінде жоғары білімді мамандар даярлауда үлкен маңызға ие. Қазіргі уақытты алғышарттардың бірі болып құқықтық тәрбие, заңдық білімдерді нақтылау сияқты мәселелер қарастырылуда. Осыған байланысты аталмыш курс бағдарламасында демократиялық, құқықтық мемлекет құру, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығының негізгі қағидалары, заң және оның түрлері сияқты ұғымдар тереңірек қарастырылады. Мемлекет пен құқық негізі ұғымдары мен түсініктері. Құқықтық қатынастар. Заңды мінезқұлық және құ-қық бұзушылық. Заңды жауапкершілік. Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының негіздері. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық негіздері. Қазақстан Республикасы азаматтық құқық негіздері. Қазақстан Республикасының отбасы құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылуы негіздері. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы негіздері. Қазақстан Республика-сының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздері. Халықаралық құқық негіздері т.б.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Қазақтың ата заңы 1,2,3,4,5,6,7,8,9,

  2. Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық негіздері Алматы, 1999ж.

  3. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, Жеті жарғы, 2006ж.

  4. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Оқулық. Ерекше бөлім, Алматы, 2000 ж.

  5. Байжанов Н. Неке және отбасы. Алматы, 1997ж.

  6. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Оқулық. Алматы, 1997ж,

  7. Төлеуғалиев Г.И. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. А., 2001ж.

  8. Баққұлов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2001ж.

  9. Дулатбеков, Амандықова, Турлаев. Қазіргі Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2004ж.

  10. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Алматы, «Жеті Жарғы» 2006 ж.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері-лекциялық және практикалық сабақтар; интрактивті әдістер - шағын топтарда жұмыс, презентация, пікір-талас, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану. Лекциялық курс құқық негіздерінің машықтарын игеру үшін іскерлік ойындар, ситуациялық семинарлар, практикалық тапсырмалар түрінде өтетін семинар сабақтардың негізі болып табылады.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.
Пәннің атауы: Экономикалық теория негіздері

Пәннің коды: Ektn2109

Пәннің типі: Жалпы білім беретін пәндер, міндетті пән

Оқу жылы: 2

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Құлтанов Б., аға оқытушы

Курстын мақсаты: Студенттердің заман талабына сай экономикалық ой-өрісін кеңейту болып табылады. Ол қазіргі демократиялық қоғам идеясымен жаңа қағидаларға сүйеніп, ұлттық және әлемдік экономикалық ойларға бағытталуы қажет. Қазақстан Республикасындағы жаңа қатынастардың сапалы экономикалық жүйесінде болуын талап етеді№

Деректемелері/Пререквизиттері: Математика. Құқық негіздері. Саясаттану.

Курстың/пәннің мазмұны: Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі. Экономиканың негізгі мәселелері. Экономикалық категориялар және заңдар, экономикалық үрдістерді оқу әдістері, ерекшеліктері. Меншік қатынастары және экономикалық жүйелер типтері. Нарықтың қалыптасу заңдары және посткеңестік елдердегі нарықтың құрылу ерекшеліктері; нарықтың негізгі заңдары мен категориялары; жеке ұдайы өндірістің қағидалары, шығындардың қалыптасу ерекшеліктері мен түрлері, өндірістік факторлар нарығының, олардың бағасы мен табысының ерекшеліктері. Микро және макродеңгейдегі экономика мәселелерінің өзара байланысы, макро-экономиканың қызмет ету заңдылықтары; экономикалық өсу және оның түрлері; экономикалық цикл және әлеуметтік-экономикалық циклдылық мәселелері. Қазіргі экономикалық жүйедегі мемлекет. Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі. Экономиканың негізгі мәселелері. Экономикалық категориялар және заңдар, экономикалық үрдістерді оқу әдістері, ерекшеліктері. Меншік қатынастары және экономикалық жүйелер типтері.
Ұсынылатын әдебиет:

1. Экономикалық теория. Оқу құралы. - Алматы, 1999;

2. Жалпы экономикалық теория. Оқулық / Редактор жетекшісі Шеденов Ө.Қ. – Алматы-Ақтөбе, 2002;

3. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері. – Алматы, 2002;

4. Байгісиев Н. Халықаралық экономикалық қатынастар. Оқу құралы. - Алматы, «Санат», 1998;

5. Видяпин В.И. Экономическая теория. – Москва, 2001;

6. Добрынин А.И., Тарасевич Л.С. Экономическая теория. Изд. 3-е. СПб, ГУЭФ, 2000;

7. Жунісов Б.С., Мамбетов Ұ.Е., Байжомартов Ұ.С. Нарықты экономиканың негіздері. Оқу-әдістем елік құралы. – Ақтөбе, 1993.



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: : Әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: Компьютер класы, кітапхана қоры, интернет ресурстары, интерактивті тақтаны пайдалану.






Пәннің атауы: Педагогикалық мамандыққа кіріспе

Пәннің коды: VPP 1201

Пәннің типі: Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу жылы: 1

Оқу семестрі: 1

Кредиттер саны: 1

Дәріс берушінің аты-жөні: Ыдырысов Серік Махмұтұлы, аға оқытушы

Курстың мақсаты: Мемлекеттік стандарт негізінде педагогикалық жоғарғы оқу орындары студенттерін мамандыққа даярлау,болашақ мұғалімдерді педагогикалық даярлау мақсатын көздейді. Көздеген мақсатқа қол жеткізу – келесі міндеттерді айқындайды:

Пәннің міндеттері:



  • болашақ мамандардың педагогикалық қызметінің міндеттерімен таныстыру

  • кәсіптік қызметке қызығушылығын таныту

Курстың практикалық міндеттері:

  • студенттердің практикалық іскерліктерін дағдыларын қалыптастыру.

педагогиканы оқытудың теориялық,әдістемелік негіздерін меңгерту

Деректемелер: Гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық пәндер: философия, тарих, әлеуметтану, мәдениеттану, экономика.

Пәннің мазмұны: Мемлекеттік стандартқа сәкес жоғары кәсіптік білім беруде педагогика курсын оқыту барысында студенттердің міндетті түрде меңгеретін білімдері:

-педагогиканың теориялық-әдіснамалық негізі бойынша;

-теория мен тәжірибедегі тұтас педагогикалық процесс бойынша;

-тұтас педагогикалық процесті басқару бойынша, сонымен қатар студенттер төмендегідей іскерлікті меңгеруі тиіс;

-тұтас педагогикалық процесті таратудың технологиялары бойынша;

-педагогикалық процестің тәрбиелік механимдері мен заңдылықтарына сәйкес келетін оқу-тәрбие жүзеге асыру.



Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. ҚР Білім туралы заңы. Алматы, 2007

  2. Рубинский Л.И. Мамандыққа кіріспе. Алматы, 1991

  3. Хмель Н.Д. Мұғалімді кәсіптік дайындаудың теориялық негіздері. Алматы, 1998

  4. Пошаев Д.Қ. Мамандыққа кіріспе. Шымкент, 2004

  5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары білім беру стандарты, Астана, 2006

  6. Абдуллина О.А Общепедагогическая подготовка в системе профессионального образования. Москва, 1990

  7. Бабанский Ю.К, Ильина Т.А, Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы, 1989

  8. Бұзаубақова Қ.Ж Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2006

  9. Беспалько В.А. Слагаемые педогоической технологии .М:Педагогика,1989.

10.Буланова М.В,- Топоркова, Духавнева А.В,Кукушкина В.С,Сучков Г.В-Педагогичекие технологии.учебны пособие-Москва-Ростов-на-Дану,2006

Сабақ беру әдістері:Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қортынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс

Мамандық бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластар, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет