«Жаратылыстану» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен



бет4/7
Дата13.06.2016
өлшемі366.5 Kb.
#133216
1   2   3   4   5   6   7

12-Лекция .


Тақырып: Жер шаруашылығы, топырақты тиімді пайдалану

және оның құнарлылығын арттыру.
Жоспар :

    1. Топырақ құрайтын табиғи процесстердің дамуы

    2. Топырақ құнарлылығын реттеу

    3. Танаттың топырақ қабатындағы өсімдіктер мен жәндіктерге сипаттама

Егіншілік жүйесі бір аймаққа тікелей байланысты қалыптастырылады. Ғалымға негізделген егіншіліктің интенсивті жүйесін жүргізуге топырақтың пайда болуы мен топырақ құнарлылығының құралу заңдылығын игеріп, оны одан әрі пайдалану шешуші шарттардың бірі. Әрине, егіншіліктің жалпы заңдылықтарынан туындайтын агротехникалық әдістерді нақтылы аймаққа қарай қолданған жөн. Өйткені біздің кең байтақ республикамыздың егістік алқаптары әртүрлі аймақтарға – орманды, далалық, шөл, шөлейт, таулы, суамалы жерлерде орналасқан, соған орай егіншілікті жүргізудің әдістері әрқилы.

Топырақ құрайтын табиғи процесстің дамуымен топырақтың құнарлылығының басқа да көрсеткіштері – физикалық, суға және ауаға байланысты қасиеттері жақсарады. Мұның бәрі топырақтағы өркендей беретінін көрсетеді.

Климаты, температурасы мен су тәртіптері қолайлы аймақтарда өсімдіктердің, жер қыртысының үстіңгі қабатында микрофлоралар мен жан – жануарлар дүниесінің өркендеуіне қолайлы жағдай жасалынатыны белгілі. Бұл әрине топырақ құралуын жеделдетеді, топырақтың құнарлылығын арттыруға мүмкіндік туғызады. Мұндай аймақтарда топырақтың өнімділігі мен биологиялық қуаты арта түседі.

Топырақ құралу процессін биологиялық процесстер айқындайды. Биологиялық процесстер неғұрлым жедел жүрсе, топырақ құнарлығының да соғұрлым қырқынды артатыны зерттеулерден белгілі. Сондықтан да егіншілік саласында топырақ қабатында тиімді биологиялық процесстердің белсенділігін көтеруге болады. Мелиорациялық шаралардың ғылыми жүйесіне сүйене отырып, топырақты кез – келген климат жағдайында мәдени дақылдарды өсіруге қажетті су және ауа режимімен қамтамасыз етуге толық мүмкіндік бар. Сондықтан табиғаттың өз күш қорын, оның даму жолдарының заңдарын меңгеріп ақылмен пайдаланса, топырақтың құнарлылығы кемімей, қайта керісінше оның құнарлылығы да, құрылымы да жақсара түседі.

Топырақ құнарлылығын реттеу.

Өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін топырақ құнарлылығын міндетті түрде бағдарлау жолымен реттеу керек. Интенсивті егіншіліктің негізгі мақсаты топырақ құнарлылығын ұлғаймалы ұдайы өндіріс арқылы арттыру. Сонымен қатар топырақ құнарлылығын төмендетуге бағытталған қолайсыз жағдайларды, яғни эрозияны,қуаңшылықты, гумус пен қоректік заттар қорының кемуін жою, топырақты мелиорациялауды енгізу, қолайлы физика – химиялық ортаны жасау, құнарлылықты және ауыл шаруашылық дақылдар өнімдерін арттыруға қолда бар барлық мүмкіншіліктерді пайдалану керек.

Топырақтың агрофизикалық және физика – химиялық қасиеттері. Топырақ көп фазалы жүйе. Топырақ қатты, сұйық, газ бөліктерінен тұрады. Бұлардың ара қатынасы әртүрлі топырақта ғана емес, тіпті бір топырақ қабатының өзінде де әртүрлі болады. Топырақтың жоғарғы қабатынан бастап төменгі қабатына қарай бірте – бірте органикалық заттар мен тірі организмдер азая береді де, оның қатты бөлігінде минералдық заттар басым келеді.

Топырақтың қатты бөлігінің құрамы – органикалық заттарда, оның негізгі бөлігі күрделі құрылымды қарашірік. Органикалық затта клетчатка, лигнин, белок, қант, шайыр, май т.б өсімдіктер мен жануарлар, микробтектес қалдықтар қосындылары және солардың ыдырау процесінде пайда болған аралық заттары болады.

Топырақтағы органикалық заттар ыдыраған кезінде олардағы азот өсімдікке сіңімді түрге айналады.

Танаптың топырақ қабатында өсімдіктер мен басқа тірі жәндіктердің қалдықтарын бактериялар мен қарашірікті құрайтын топырақ түйірлерінің органикалық бөлігін түзеді. Топырақтың құнарлылығы ондағы қарашіріктің аз көптігіне қарай бағаланады. Топырақтың тірі бөлігі топырақ микроорганизмдерінен ( бактериялар, саңырауқұлақтар, балдырлар ), омыртқасыздардың көптеген тобынан ( қарапайымдар, жәндіктерден, құрттардан, насекомдардан мен олардың личингкаларынан ), топырақ арасында тіршілік ететін омыртқалылар тобына жататындардан тұрады. Бұлардың қалдықтарының бір бөлігі толық минералданатын болса, екінші бөлігі қайтадан топырақтың органикалық жаңа түріне - қарашірікке айналады.

Өсімдіктер өсіп- өну кезеңінде топырақта сумен бірге қоректік заттарды алады да, ал олардың негізгі қоры осы қарашірік болып табылады. Қарашірріктің негізгі қоры осы қарашірік болып табылады. Қарашіріктің негізгі қасиеті – оның өз бойына суды жақсы сіңіргіштігі. Сондықтан топырақтың физикалық қасиетін де жақсартады, яғни ол топырақ құрамындағы түрлі минералды заттарды біріктіріп ұстап тұрады , қатты жаңбырдан кейін топырақ бетінде қалың қабыршақ пайда болуы – топырақтың құнарсыздығынан, ондағы қарашіріктің аздығынан болады. Топырақ қабатының жылу тәртібі органикалық қалдықтардың шіруі мен жылудың бөлінуіне байланысты. Топырақ қабатында пайда болған қарашірік оның өте ұсақ майда бөлшектерін өзара біріктіреді, жабыстырады.



13 лекция

Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің өсу жағдайлары және оларды реттеу





  1. Табиғаттағы топырақ түзілуінің жағымды тиімділігі заңы

  2. Қоректік заттарды топыраққа қайтару заңы

  3. Өсімдіктердің өсу мен даму заңдылықтары

1. Егіншілік – біріншіден халыққа тағам, малға азық, өнеркәсіпке шикізат ретінде қажет өсімдіктерді өсіретін ауыл шаруашылығының бір саласы; екіншіден, ауыл шаруашылығының өнімдерін өсіру, күту, өнімін арттыру, жерді тиімді пайдалану және оның құнарлылығын арттыруды зеттейтін ғылым саласы. Ғылым мен озық – тәжірибенің жетістіктеріне сүйене отырып егіншілікьің мынадай заңдылықтарын атап айтуға болады.



  1. Табиғаттағы топырақ түзілуінің жағымды тиімділігі заңы. Топырақ құнарлылығының қалыптасуы және оның біртіңдеп арта беретіні, ондағы жәндіктер тіршілігі барған сайын ұлғая беретіні және күн сәулесінің қуаты мен қоршаған ортаның қоректік заттарды көп жинауы, ал содан соң бұларды жетекшілігінен топырақтың құралуы осы заңға жүгінеді.

  2. қоректік заттарды топыраққа қайтару заңы. Бұл қайтару заңынын талабы бойынша – ысырап болу, егімен бірге кету немесе басқа себептер салдарынан топырақтың сіңімді қоректік заттарының тепе – теңдігі бұзылған жағдайда, тиістьті тыңайтқыштар енгізу жолымен, яғни агротехникалық әдістермен сол тепе- теңдікті қалпына келтіру керек. Соның өзінде топырақ – жанды іспекті екенін және ондағы микробиологиялық жұмыстар дұрыс реттелсе өсімдіктердің сан алуан қиын болып келген заттардың бір бөлігі сіңімді күйге ауысатынын ескерген жөн. Заттарды қайтару заңының бұзылуы топырақтың құнарлылығының жойылып кетуіне соқтырады.

  3. Минимум, оптимум және максимум заңы. Бұл заң қайтару заңымен тығыз байланысты. Егінжайдағы өсімдіктердің өсуінің минимумдегі факторға немесе қоректік элементке тәуелді болатыны белгілі. Егер топырақтағы сіңімді азот 1 га 10 ц мөлшерінде астық алуға ғана жететін болса, ал фосфордың калийдің және басқа қоректік заттардың қоры 30ц, одан да көп түсім алуға жетеін болса, бәрібір өнім 10ц маңайында ғана алынады., өйткені, өнімнің мөлшерін ондағы минимум элемент айқындайды. Егер топырақта қоректік заттар жеткілікті болып, бірақ су тапшы болса, онда алынатын өнімнің мөлшерін ылғал белгілейді. Фактордың – ылғалдың, қоректік заттардың, жылудың, жарықтың шамадан тыс көп болуы да жетіспей кем болуына өсімдіктердің өсуі мен дамуын тежейді.

Өсімдіктің тіршілігіне минималды – қолайсыз және оптималды – ең

қолайлы жағдайларымен қатар максималды жағдай да болады. Мұндайда

көбінесе өсімдіктерге жайсыз жағдай болғаны. Егер барлық тіршілік

факторлары қолайлы мезгілде, әрі тиісті мөлшерде бар болса, онда

өсімдіктің өнімі мол болады.


  1. Өсімдіктердің өз ортасына сәйкес келуі және дақылдарды уақыт пен кеңістік бойынша дұрыс ауыстыру, дұрыс ауыспалы егіс жүйесін қолдану заңы.

Тек жекелеген организм ғана өзінің өсіп - өнетін орнымен тығыз байланысты болып қоймайтын, сондай – ақ тұтас алғанда бүкіл өсімдік жасыл жебесі өзін қоршаған ортамен тығыз бірлікте өзара әрекеттес болады.

Өсімдік қаумын құрайтын өсімдіктердің түр – түрі тек оқшау топ құрып немесе одан бетер жеке- жеке көршілес ылғал, жарық және тіршілікке қажетті басқа факторлар үшін күресуде өзара олардың бір – бірімен тығыз қатынасы да болады. Екіншіден, өсімдіктерді қолдан іріктеуде осы фитоценозға жататын өсімдік түрлерінің өздері мекендеген ортадағы жағдайлардың бүкіл кешеніне бейімдеуін көздейді. Бір түрге жатаын өсімдіктер арасында немесе белгілі бір факторларды бірдей мезгілде қажетсінетін өсімдік түрлері арасында бәсекелестік күшті болады. Ал қоректік заттар мен ылғалды топырақтың қабаттарынан алатын және күн сәулесін әр мөлшерде қажет ететін, басқа қоректерін де әртүрлі мерзімде пайдаланатын өсімдіктер арасында бәсекелестік байқалмайды.Сондықтан өсімдік қауымдарында тамыр жүйелері топырақтың әртүрлі қабаттарында өсімдіктер кездесетіні жайдан – жай емес. Өсімдіктің бір түрінің тамыры негізінен үстіңгі қабатты жайласа, басқаларыныңы тамырлары одан едәуір тереңге бойлайды да, тайыздағы тамырларға кедергі келтірмейді.



  1. Өсімдік тіршілігінің жекелеген факторлары өз алдына оқшау емес, қайта бір – бірімен өзара тығыз байланыста әрекет ететіні белгілі. Оларды басқа еш нәрсемен алмастыруға болмайды, себебі бұл факторлар кешенінің ықпалында болады.

3.Егіншілік саласында ғылымның маңызды міндеттері: еліміздің барлық аймақтарында топырақтың құнарлылығын және егіншілік мәдениетін аймақтарында топырақтың құнарлылығын және егіншілік мәдениетін арттырудың теориясы мен практикалық шапраларын одан әрі талдау қуаңшылықпен, эрозиямен және топырақ сортаңымен күрес жөніндегі зерттеулерді күшейту, ауыл шаруашылық дақылдарын орналастыруды агроклиматтық тұрғыда негіздеу; интенсивті егіншілік жағдайында егіс алқаптары мен ауыспалы егістердің тиімді құрылымын белгілеу; мәдени дақылдардың мол өнімді, ауруларға және зиянды жәндіктерге төзімді сорттарын шығару болып табылады.

14 лекция

Топырақ зоналарында жылу режимін реттеу әдістері

1.Топырақтың жылу режимі



  1. Топырақтың жылу қасиеттері




  1. Жылу - өсімдік тіршілігіне қажетті бес фактордың бірі. Өсімдіктердің жер бетіндегі бөлігі мен тамырлары үшін температурының маңызы зор. Топырақ қабатында температура төмендеген кезде тамырлар жүйесі, ал көтерілген кезде өсімдіктің топырақ бетіндегі бөлігі жақсы дамиды. өсімдік тамырларының белсенділігі мен тіршілік әрекеті топырақ қабатындадағы температураға байланысты. Дәннің өне бастауы мен көктің пайда болуы үшін оптималды температура қажет.

Көптеген егіншілік аймақтарда дән түсетін тереңдіктегі топырақтың белгілі бір температураға дейін жылуын, тұқым себуге қолайлы мерзім ретінде пайдаланады.

Жылу топырақтың қажетті қасиеттерінің бірі. Жылу әсерінен микробиологиялық және химиялық процестердің қарқыны өзгереді, өсімдіктердің өсуіне, дамуына қолайлы жағдай туады. Топырақ жылуды негізінен күн сәулесінен алады. Сонымен қатар жылу топырақтағы микробиологиялық процестерден, өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының шіруінен, топырақ құрамындағы кейбір заттардың өзара қосылысқа түсуінен , су буының қоюланып суға айналуынан да пайда болады.

Күн нұрының әсерінен әр қилы топырақ түрліше жылынады. Ылғалы мол ашық түсті топыраққа қарағанда, қарашірікке бай, құрғақ топырақ анағұрлым тез жылынады. Құмдақ топырақ сазды топырақтан оңай жылынады.Температураның әсерінен топырақ бөлшектері әрдайым бұзылып отырады. Ауа – райының жағдайларына қарай топырақтың жылу тәртіптері де өзгереді. Топырақ қабатының жылынуы күн сәулесіне байланысты болады. Осы энергия көзінің әсерінен ондағы микробиологиялық процестер де жақсы жүреді. Күн сәулесінің, әсіресе ультракүлгін сәулесі микроорганизмдерге жойқын әсер етеді.Ғылыми деректерге қарағанда өсімдіктер суды өздері салқындау үшін буға айналдырады екен. Ал булану үшін көп жылу қажет. Топырақтағы пайдалы микрорганизмдер жоғары және төменгі температураға мейлімше төзімді, әйтседе олардың тіршілігі үшін ең қолайлы температура 25-30 0 С болып саналады.Топырақтың бұл температурасы мәдени өсімдіктер үшін де қолайлы. Топырақтың температурасы төмендегенде, олар өзінің тіршілік әрекетін күрт тежейді., ал көктемде топырақ қайта жылынғанда олар бұрынғы қалпына келеді.

2.Топырақтың күн сәулесі әсерінен жылынуы оның қай жерде орналасқанына да байланысты болады. М/ы, таулы жерлерде, оңтүстік баурайда кездесетін топырақтар басқаларға қарағанда жақсы жылынады, шығыс және батыс баурайдағылар орташалау, ал солтүстік баурайдағылар бәрінен де солғын жылынады.

Топырақтың жылуы су және ондағы ауа арқылы төменгі қабаттарға тарайды. Топырақ бөлшектері жылудан біресе ұлғайып ( қызғанда ), біресе кішірейіп

( суығанда ) отырады., ал мұның өзі оның тез үгілуіне себепкер болады.

Топырақтың қыс кезеңдерінде жылы сақталуына, оның бетінде қардың көп жиналуы септігін тигізеді, ал қардың көп жиналуына өсімдіктер әсер етеді.

Кейібір жағдайларда топырақтағы жылуды сақтау үшін оның беткі қабатын торфпен және де басқа қопсыған құрғақ затпен ( қалыңдығы 1.0-1.5 см шамасында ) жабады.Бұл үшін солтүстіктің қара топырақтарын және жылуды көбейту үшін торф қолданылады, ал оңтүстікте топырақ өте қызатындықтан, оларды біршама салқындату үшін астық бастырудан қалған қалдықтармен жабады, бұл тиімді.





  1. лекция

Ауыл шаруашылығының дақылдарына ылғалыдың қажеттілігі


  1. Мелиорацияның жердің өнімділігін көтерудегі маңызы

  2. Гидромелиорация

  3. Жер құрғату




  1. Мелиорация дегеніміз ауыл шаруашылығына арналған алқаптардағы топырақтың ылғалдылығын, қышқылдлығын, танптағы жылу мөлшерін өзгерту арқылы жер сапасын көтеруге арналған әртүрлі шаралар жүйесі. Мелиорация шараларына ылғал жетіспейтін жерлерді суару, ылғалы өте көп саздау жерлерді құрғату, химиялық мелиорациялау ( қышқылы мол топырақтарды әктеу, тұзы көп топырақтарды гипстеу ) шабындық жерлер мен жайылымдардың өнімін көбейтуге арналған тәсілдер, алқапты қорғайтын ағаштар отырғызу, топырақты эрозиядан қорғау сияқты жұмыстар жатады.

Мелиорациялау шараларының әсерінен топырақтың құнарлылығы көтеріледі, одан алынатын өнімнің мөлшері артады. Суару әр гектар жерденөндірілетін астықтың түсімін орта есеппен 15-20 центнерге көтереді.

Ылғалы өте мол жерлерде құрғату шараларын жүргізгенде одан алатын өнім 1.5 –2 есе артады тәлімі жерден суармалы мәдени жайылым жасалса, ондай жердің шөбі шүйгін болады, түсім 4-5 рет молаяды.



  1. Жер суару еліміздің құрғақшылық аудандарында егінді суару арқылы ғана дақылдан мол өнім алуға болады. Топырақта су жеткіліксіз болса, қолданылған тыңайтқыштар да, гербицидтерде, басқа шаралар да өнімді айтарлықтай көтере алмайды. Қазақстанның Қызылорда, Атырау сияқты облыстарында, Алматы, жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Жезқазған облыстарының кейбір аудандарында суарылмайтын жерлерге егілген дақылдан ешқандай өнім алу мүмкін емес.

Қазақстанның көп жерлерінде ( солтүстікте, шығыста, солтүстік – батыста орналасқан облыстарында, оңтүстікте орналасқан облыстардың тауға жақын аудандарында ) бірсыпыра дақылдардан суармай- ақ тәуір өнім алуға болады. Бірақ бұл аймақтарда да суармалы дақылдар өнімі 2-4 есе артатынын тәжірибе көрсетіп жүр. Орташа есептегенде Қазақстанда суармалы жер өнімді орташа тәлімі жерге қарағанда 4 есе көп береді.

Егісті суаратын әртүрлі жүйе салудан бұрын су апасын тексеріп алу керек. Өзен, тоспа суларының сапасы көбіне жақсы болып келеді, ал көл суы мен жер асты суы кей жағдайда егіске пайдалануға жарамайды. Су көзі суарылатын танаптардан жоғары тұрса, онда танаптарды судың табиғи ағысын пайдаланып, суаруға болады. Су көзі танаптардан төмен жатса, бұл ретте суды әртүрлі насостармен көтеруге тура келеді.Бұл тәсіл механикалық суару тәсіліне жатады.

Суды жер бетімен ағызыпсуару, арнаулы құбырлармен суды жердің астымен алып келіпсуару, жаңбырлатқыш құралдармен суару және көктемгі тасқынды пайдаланып суару болып бірнеше түрге бөлінеді.

Суды жер бетімен ағызып суару ерте заманнан бері қолданылып келе жатқан әлі күнге дейін көп тараған тәсіл. Оның үстіне бұл тәсіл өте қарапайым, сенімді, көп қаражатты, күрделі құралдарды қажет етпейді.Бұл тәсілмен суғарғанда ылғал топыраққа жақсы сіңеді.

3.ТМД – да көптеген егістік жер жауын – шашын өте көп болатын, топырақтағы ылғал буланып үлгермейтін, егілген дақылдар ылғалдың аздығынан гөрі, оның көптігінен зардап шегетін аймақтарға орналасқан.

Қазақстанда мұндай жерлер жоқтың қасы деуге болады. Мұндай жерлерде жауын – шашын көп болғандықтан, ылғал буланып үлгермейді де топыраққа сіңеді, жер астындағы суларға қосылып, ойпаң тұстардан бұлақ болып шығады. Ал ойпаң жерлерден су ешқандай ағып кете алмайды, содан барып бұл ара батпаққа айналады. Сазды жерге егін егу мүмкін емес. Оны құрғату үшін әртүрлі инженерлік шаралар қолданылады, сөйтіп артық суды басқа жаққа аударып, жер өңдейтін техникалар жүретіндей жағдайға келтіреді.

Құрғату кезінде ойпат жерлерде тұрып қалған сулардың ағысын реттеу және жеделдету қажет, бұл араға артық судың келмеуі қадағаланады, жер астындағы су деңгейі төмендетіледі, топырақтың су және ауа өткізгіштік қасиеті жақсартылады.

Құрғату жүйелері артық суды танаптардан алып келетін ашық терең ор – арықтардан және жабық құрғатқыш – дренаждардан тұрады. Барлық жүйе еңіске көлденен орналасқан ашық құрғатқыш каналдармен еңіс бағытымен жүретін су жинағыш каналдардан, суды танаптан аударатын магистралды каналдардан тұрады.

Топырақ бетіне жақын орналасқан суларды кетіру үшін жасалынатын арықтардың тереңдігі әдетте 50-60 см, бетінің кеңдігі 100-120 см табанының кеңдігі 20-30см болады. Бұлар еңіске көлденең тартылады және бір – бірінен

50-200 метр болады. Бұл арықтардың жиілігі ауа- райына тікелей байланысты болады, жаңбыр өте көп жауатын және ол жаңбыр сулары буланып үлгермейтіндей , ауа- райы салқын болатын аймақтарда бұлар жиірек орналасады.Құрғатылатын жер мал жайылымына арналған болса, не орман- тоғай ағаштары өсірілетін танаптар болса, онда құрғататын арықтар арнасыкөбіне ашық болады. Егер құрғататын танапқа астық егілетін болса, бұл арықтарджы әртүрлі суды өткізіп, тұратын заттармен толықөтырып, дақылдарды себу,күту, жинау кезінде тракторлар мен әртүрлі тіркелмелі құралдармен жүріп тұруына жағдай жасалады.



І6 – лекция



Ауа және қоректік заттардың өсімдік тіршілігіндегі маңызы


  1. Өсімдіктер үшін ауаның маңызы.

  2. Өсімдіктер үшін қоректік заттардың маңызы.

  3. Жер шаруашылығын реттеудің принциптері.

Өсімдіктер ауадан көмір қышқыл газын, ал топырақтан су және қоректік заттарды алу арқылы күрделі органикалық зат түзеді, бұл құбылыс фотосинтез деп аталады. Фотосинтез процесі нәтижесінде өсмдіктер мүшесінде негізгі үш элементтен тұратын ( көміртегі, оттегі, және сутегі ) органикалық заттар түзіледі.

Өсімдіктердің ауадан көмір қышқыл газын бойына сіңіруінен органикалық заттардың пайда болуын олардың ауа арқылы қоректенуі дейді.

Өсімдіктердің топырақ үстіндегі вегетативтік мүшелерінің жалпы көлемі

( сабағы мен жапырағы ) оның тамырлар жүйесі көлемінен едәуір көп болады да, ауадан қоректенуі топырақ арқылы қоректенуге қарағанда біршама артық келеді.

Атмосферада көмір қышқыл газының қоры өте аз. Мысалы, 1 гектар жердегі атмосфераның 1 метрлік қабатында небәрі 5-6 кг шамасында көмір қышқыл газы болады, бұл дақылдардың өсіп, дамуына тым жеткіліксіз. Өсімдіктердің ауадан қоректенуі жарық, жылылық, ылғалдылық және қоректік заттар қатысуымен өтетін күрделі процесс болып табылады. Агротехникалық тәсілдер, әсіресе органикалық тыңайтқыштар қолдану арқылы ауаның топырақ бетіне жақын қабатындағы көмір қышқыл газын бір процентке дейін көбейту өсімдіктің тіршілік әрекетін күшейтіп, олардың шығымдылығын арттырады.

Өсімдіктердің топырақ арқылы қоректенуімен ауадан қоректенуінің арасында тұрақты байланыс бар екені белгілі. Өсімдіктер көміртегінен басқа қажетті қоректік заттарды тамыр жүйесі арқылы топырақтың қабаттарынан қабылдап алып бойына сіңіреді. Олар өздерінде органикалық заттарды топырақтан, күл заттарын тамыр арқылы, ауадан көміртегін жапырақ арқылы түзеді. Өсімдіктердің топырақ қабатынан сіңірген минералдық заттарының көбі өткізгіш сабақтар арқылы жоғарғы органдарына қарай көтеріледі де фотосинтездің өттуін реттейді. Әрине, өсімдіктердің топырақ қабатынан тамырлары арқылы қоректік заттар алып, бойына сіңіруі белгілі белгілі белгілі бір заңдылыққа сүйенеді. Айталық, әрбір дақылдар өзіне неғұрлым жетіспейтін заттарды ең алдымен оптимальды мөлшерде алады. Сондықтан әрбір элементтің өмірінде алатын орнын, топырақта қандай қосылыстар түрінде кездесетінін және өсу жағдайларына байланысты оларды қалай пайдаланатынын, қалайша реттеуге болатындығын білген жөн.
Өсімдіктің минералдық қоректенуі.

өсімдіктердің шіріндіге бай топырақта жақсы өсіп, мол өнім беретіндігін көрсететін сан ғасырлық егіншілік тәжірибесі, қоректенудің шірінділік – гумустық теориясын өмірге келтірді. Алайда фотосинтездің ашылуф мен зерттелуі өсімдік денесінің 95 проценті көмір қышқыл газы мен судан құралатындығын көрсетті.

Минералыдық қоректер - өсімдіктің тіршілік әрекетіне қажет минерал тұздары. өсімдікке азот, фосфор, калий, күкірт, кальций, магний элементтері көп мөлшерде темір, бор, мыс, мырыш, марганец, т.б эементтер аз мөлшерде қажет. Сондықтан біріншілері макро екіншілері микроэлементтер деп аталады. Минералдық қоректерді өсімдіктер ион түрінде сіңіреді. Бір клеткалы организмдер мен су өсімдіктері иондарды барлық дене бетімен, жоғары сатыдағы өсімдіктер негізінде тамыр түктері арқылы сіңеді.

Фотосинтез процесі ашылған соң өсімдікттердің негізгі органогендерді ауа мен судан сіңіретіндігі белгілі болса, минералдық қоректену теориясы өсімдіктердің құрамына енетін барлық басқа элементтердің топырақтан қабылданатынын көрсетті. Бұл элементтер топырақта негізінен минералдық тұздар және органикалық заттар түрінде кездеседі. Органикалық заттардың көп бөлігі минералдық заттарға дейін ыдырайды да, осыдан кейін ғана өсімдіктттер оны қабылдай алады. Сондықтан өсімдіктердің топырақтан қоректенуі минералдық қоректену деп атайды. Бұған өсімдіктерде проценттің оннан бастап жүзден бір бөлігіне дейінгі мөлшерде кездесетін элементтер кіреді. Оларға барлық органогендер көміртегі, оттегі, сутегі, азот, сондай- ақ күкірт, кальций, магний,натрий, темір, фосфор элементтері жатады.

Микроэлементтер деп аталатын екінші топқа өссімдіктер денесінде проценттің мыңнан жүз бөлігінен мыңнан бір бөлігіне дейінгі мөлшерде кездесетін элементтер кіреді. Оларға марганец, бор, мыс, мырыш, барий, молибден, кобальт, тағы басқалар жатады. Ультраэлементтер деп аталатын үшінші топқа өсімдіктер денесінде проценттің миллионнан бір бөлігіне дейінгі мөлшерде кездесетін элементтер кіреді. Оларға цезий, селен, кадмий, радий, күміс, сынап, алтын элементтері жатады.

Әдебиеттер.


Негізгі

  1. Н. Құспанов. Топырақ. Өсімдік. Тыңайтқыш. Алматы – Қайнар –1976 ж

  2. Қ. Жаңабаев. Т. Саудабаев, И.Сейітов. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы Алматы – қайнар 1994ж

  3. Е. Жамалбеков. Халық қазынасы. Алматы – Қайнар –1982 ж

  4. Е. Исаханов, Т. Мұқсаев. Топырақ механикасы. Алматы Білім –1994 ж

  5. А. Биғалиев, Е. Жамалбеокв, Р. Білдебаева. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. Алматы – санат 1995 ж

  6. Р. Елешев, Т.Смағұлов, Б. Бәсібеков, Ә. Балғабаев. Агрохимия практикумы. Алматы –1995 ж

  7. Р. Елешев, А. Бекмағанбетов. Агрохимия. Алматы- Қайнар –1989

  8. А. Герасимов, М. Глазовская. Основы почвоведения и география. Москва-1960

Қосымша әдебиеттер




  1. М. Құлбаев. Ауыл шаруашылығы микробиологиясы. Алматы- білім –1994 ж

  2. Ш. Шолтыров, С. Зарембо, М. Мейірманов. Агрономның анықтамалығы. Алматы. Қайнар –1967 ж

  3. Е. Жамалбеков, Р. Білдебаева. Топырақтану және топырақ георафиясы мен экологиясы. Алматы. Қазақ университеті –2000 ж

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.


«Сырдария» университеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет