Гимнастика түрлері.Спорттық және көркем гимнастика
Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді.
Біріншісі - гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады.
Гигиеналық гимнастика - денсаулықты қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы.
Ырғақты гимнастика - негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады. Жалпы дамыту жаттығуларының мақсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы.
Атлетикалық гимнастика - жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондай-ақ, тренажерлық аспап-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен - жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады.
Екіншісі - спорттық гимнастика. Спорттық гимнастика бірнеше жекелеген спорт жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекеленген спорт түрі болып есептеледі. Ерлердің жабдықтары - керме, шығыршық, қоссырық, кіші және үлкен ағаш ат және еркін жаттығу. Әйелдердің жабдықтары - бөрене, үлкен ағаш ат, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу. Спорттық гимнастика – спорттың негізгі түрлерінің бірі; еркін жаттығулар, таянып секіру және снарядтардағы жаттығуларды қамтиды. Қазақстанда спорттық гимнастика 1920 жылдардың аяғында дами бастады. Гимнастшыларды даярлауда В.Рякшин, А.Ершов, Г.Мещерский, Қ.Қуанышбаев, И.Муллаев, В.Байдин, т.б. жаттықтырушылар көп үлес қосты. Спорттық гимнастикадан Н.Ким – Олимпия чемпионы (1976), әлем кубогының жеңімпазы (1978), бірнеше дүркін КСРО чемпионы, Н.Ильенко – КСРО-ның абсолют чемпионы (жеке түрінен) және КСРО құрама командасының құрамында әлем чемпионы (1984), Ю.Цапенко – КСРО құрама командасының құрамында Олимпиада ойындардың күміс жүлдегері (1964). Халықар. дәрежедегі спорт шебері Қ.Қалиева 1982 жылы республика чемпионы, халықар. жарыстардың жүлдегері болды. 1987 жылы В.Люкин (Алматы) Еуропаның және КСРО-ның абсолют чемпионы әрі КСРО құрама командасының құрамында В.Новиковпен (Алматы) бірге әлем және 1988 жылы Олимпиада ойындардың чемпионы атанды. 1991 жылы республика тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда алматылық Е.Ерімбетов, С.Федорченко, А.Дмитренко, т.б. гимнастшы жігіттер бірнеше дүркін Азия чемпионы, Азия ойындары, ізгі ниет ойындарымен қатар, әлем кубогының иегері және халықар. турнирлердің жеңімпазы, жүлдегері болды. Дүниежүзілік спорт түрлерінің ішінде зор бедел иесіне айналған спорт түрі- спорттық гимнастика.Мұның толық дәлелі - спорттың бұл түрінің жаңалықтары 1881 жылдың өзінде ақ халықаралық федерациясын құрып үлгерді.Дүниежізілік ең көп олимпиада медальінен алқа таққан орыс гимнасткасы Лариса Латынина,олардың саны 14. Көркем гимнастика – спорттың бір түрі; музыка сазымен арнаулы зат (лента, доп, шеңбер, т.б.) не затсыз гимнастикалық және жаттығулар комбинациялары орындалатын қыздар арасындағы жарыс. Көркем гимнастикашұғылданушылардың дене сұлулығын қалыптастырып, эстет. тәрбие береді. Онда толқынды, серіппелі қозғалыс, иіліп, бұралу, денені тік ұстау, би өнеріне тән жүріс, жүгіріс, секіру, халықтық би мен шалқыма би басым келеді. Көркем гимнастикадан дүниежүз. чемпионат 1963 жылдан өтеді. Олимпиялық ойындар бағдарламасында 1984 жылдан бар. Қазақстанда 1947 ж. Алматы дене тәрбиесі ин-тында көркем гимнастика секциясы ашылды. 1949 ж. гимнасшы-қыздар арасында тұңғыш респ. жарыс өтті. Қазақстандағы көркем гимнастика спортын ұйымдастырып, дамытуда Л.Каспарова, Э.Волкова, К.Морозова, К.Степанова, Э.Осадчая, Л.Дягилева, т.б. спортшылар мен жаттықтырушылар көп еңбек сіңірді. Көркем гимнастикадан А.Батырбекова, С.Рахметова, С.Барлыбаева сияқты қазақ қыздары 1960 – 70-жылдары республиканың бірнеше дүркін чемпионы болып, халықар. жарыстарға қатысты. 1991 ж. республика тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда павлодарлық Ә.Мұстафина, алматылық З.Жақыпова, шымкенттік Ә.Юсупова, т.б. гимнасшы қыздар бірнеше дүркін Азияның чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы, жүлдегері болды. Павлодарлық Майя Сүлейменова қазақ қыздары арасында алғаш Халықаралық дәрежедегі төреші атанып, дүниежүзілік чемпионатқа қазылық етті (Вена, 1995; Будапешт, 1996), екі рет Азия чемпионатына төреші болды (1994, 1996 ж.), Көркем гимнастика Шымкент, Алматы, Павлодар, Астана, Өскемен, Қарағанды, Петропавл, Көкшетау қалаларында жақсы дамыған. Көркем гимнастика шұғылданушылардың дене сұлулығын қалыптастырып, эстетикалық тәрбие береді. Онда толқынды, серіппелі қозғалыс, иіліп, бұралу, денені тік ұстау, би өнеріне тән жүріс, жүгіріс, секіру, халықтық би мен шалқыма би басым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |