Түтіктер (трахеи) және трахеидтер. Бұлар өткізгіш ұлпалар, олар арқылы су мен минеральдық тұздардың өсімдіктердің бойымен тасымалдануы қамтамасыз етіледі.
Түтіктер (трахеи) – бунақты мүшелерден тұратын трубалар. Олар прокамбийдің, немесе камбийдің вертикальды клеткаларының қатарынан бөлінеді. Олардың клеткаларының бүйірлік қабықшалары қалыңдап сүректенеді де, ішіндегі заттары өледі, ал көлденең қабықшаларында бір немесе бірнеше тесіктер (перфорация) болады. Түтіктердің орташа ұзындығы 10 см.
Трахеидтерде түтіктер секілді өлі құрылым, бірақ олардан айырмашылығы сол, бұлар трубалар емес, прозенхималық клеткалар. Мұндай клеткалардың қабықшаларында шеттері жиектелген (көмкерілген) саңлаулар болады. Трахеидтердің орташа ұзындығы 1 мм-дей болады.
Қабықшаларының қалыңдауының формаларына қарай түтіктер мен трахеидтер сақиналы, спиральды, торлы және тағы басқаша болып келеді. Сақиналы және спиральды түтіктердің диаметрі үлкен болмайды. Олар жас органдарға тән, өйткені бұлардың қабықшаларының сүректенбеген бөліктері болады және созылуға қабілеті келеді. Торлы және нүктелі түтіктердің диаметрі біршама үлкен және қабықшалары толығымен сүректенген болып келеді. Олар әдетте камбийден сақиналы және спиральды түтіктерден кейін пайда болады. Түтіктер мен трахеидтер, сонымен бірге теріктікте қызмет атқарады. Олар айналасындағы тірі паренхималық клеткалардың өсінділерімен толық жабылғанға дейін бірнеше жыл өмір сүреді. Тірі паренхималық клеткалардың түтіктің қуысына, оның қабырғаларындағы саңлаулар арқылы өтетін өсінділерін тилла деп атайды. Тилла өсе келе түтіктің қуысын, мүлдем ешнәрсе өтпейтіндей етіп, жауып тастайды.
Електі (сүзгілі) түтіктер. Өткізгіш ұлпа, ол арқылы жапырақтарда синтезделген органикалық заттардың тасымалдануы жүзеге асады. Бұл тірі клеткалардың вертикальды қатары, олардың көлденең қабықшаларында көптеген тесіктері болады (електі пластинкалар).
Сүзгілі түтіктердің буындарының қабырғалары целлюлозадан тұрады, ядросы болмайды. олардың қасында әдетте бір немесе бірнеше серіктік клеткалары болады. Олардың ядросы бар. Сүзгілі түтік және оған жақын орналасқан серіктік клетка бір меристемалық клеткадан пайда болады. Бұл клетка ұзынынан бөлінеді, пайда болған екі жас клетканың біреуінен електі түтіктің элементтері, ал екіншісінен серіктік клетка жетіледі. Кейбір өсімдіктердің, мысалы қылқн жапырақтылардың серіктік клеткалары болмайды. Сүзгілі түтіктері көп жағдайда бір жыл ғана өмір сүреді. Күзге қарай електі табақшалардың тесіктерінің ерекше қаллеза деген затпен бітеліп қалуына байланысты, ол арқылы органикалық заттар өту мүмкіндігінен айырылады.
Өткізгіш шоқтары
Түтіктер, трахеидтар және сүзгілі түтіктер өсімдіктің денесінде белгілі бір жүйеде, ерекше комплексті комплексті топтарға- өткізгіш шоқтарына жиналады. Шоқтардың 4 түрі болады: жай шоқтар, жалпы шоқтар, күрделі шоқтар және түтікті- талшықты шоқтар.
Жай шоқтар өздерінің құрылысы жағынан ең қарапайымдысы. Олар біртектес гистологиялық элементтерден, не тек трахеидтерден, немесе тек електі түтіктерден тұрады.
Жалпы шоқтар тек түтіктерден, трахеидтерден және сүзгілі түтіктерден тұрады.
Күрделі шоқтарда өткізгіш ұлпалардан басқа паренхималық ұлпалар да болады.
Түтікті-талшықты шоқтар арқаулық ұлпалармен қоршалған күрделі өткізгіш шоқтың элементтерінен тұрады. Бұл шоқтар ерекше мықты болады.
Шоқты екі бөлікке: ксилемаға және флоэмаға.
Ксилема түтіктерден, трахеидтерден және сүректік паренхимадан, сүректік талшықтан тұрады. Ксилемамен су және минералдық заттар тасымалданады.
Флоэма сүзгілі түтіктерден, серіктік клеткалардан, тін паренхималардан және тін талшақтарынан тұрады. Флоэмамен органикалық заттар тасымалданады.
Егерде ксилема мен флоэманың арасында камбий болса, онда мұндай шоқты ашық деп атайды. Камбийдің тіршілік әрекетінің нәтижесінде шоқ келешегінде өсіп ұлғаяды. Ашық шоқтар қос жарнақтылар класы мен жалаңаш тұқымдыларға тән. Жабық шоқтарда флоэма мен ксилеманың арасында камбий болмайды.
Шоқтар флоэма мен ксилеманың әртүрлі орналасуына қарай классификацияланады. Түтікті-талшықты шоқтардың мынадай төрт түрі бар: коллатеральды, биколлатеральды, шеңберлі және сәулелі шоқтар.
-
Коллатеральды шоқта ксилема мен флоэма өзара бүйірімен түйісе орналасады. Бұл жерде флоэма органның өзегінен алыстай, ал ксилема керісінше өзекке қарай бағыттала орналасады.
-
Биколллатеральды шоқта флоэма ксилеманың екі жағынан бірдей оған түйісе орналасады және флоэманың сыртқы бөлігі ішкісіне қарағанда көптеу болады, бұл асқабақ тұқымдастарына тән.
-
Шеңберлі шоқты екі түрі болады: ксилема флоэманы қоршап тұрады, бұл негізінен дара жарнақты өсімдіктерге тән; флоэма ксилеманы қоршап тұрады, бұл папоротниктерге тән.
-
Сәулелі шоқта ксилема органның ортасында орналасады да, шетіне қарай шашыраңқы таралған өсінділер береді. Осы өсінділердің арасында, олармен алма-кезек флоэманың бөліктері орналасды.
Бөліп шығарушы ұлпалар
Өсімдіктердің арнаулы бөліп шығарушы органдары болмайды, бірақ та экскректорлық заттар организмнен қалайда организмнен сыртқа шығарылып отырады. Осыған байланысты бөліп шығарушы ұлпалардың екі тобы болады: ішкі және сыртқы бөліп шығарушы ұлпалар. Олардың біріншісіне, сүт жолдары, жекелеген бөліп шығарушы клеткалар, схизогендік және лизогендік қуыстар жатады. Ішкі бөліп шығаратын заттардың өнімдері илік заттар, смолалар, эфир майлары және басқалар. Екіншісіне, органдардың үстінде орналасқан безді түктер мен өсімдік түктері жатады; сыртқы бөліп шығарушы заттардың өнімдеріне эфир майлары, шірнеліктер, су және басқалар жатады.
Сүт жолдары. Бұл цитоплазмасында көптеген ядролары болатын және сүтті шырындарға толы вакуолдері бар тірі клеткалар. Олардың қабықшалары целлюлозадан тұрады. Сүт жолдарының екі түрі бар: мүшеленген және мүшеленбеген. Мүшеленген сүт жолдары түтіктер секілді тік орналасқан клеткалардың қатарының, көлденең қабықшаларының жыртылуының нәтижесінде пайда болады. Мүшеленбеген сүт жолдары ұрықтың арнаулы клеткаларының өсіп ұлғаюының нәтижесінде пайда болады. Бұл аса үлкен цилиндр тәрізді немесе тарамдалған клеткалар. Сүт жолдары не тек флоэмада оналасады немесе өсімдіктің бүкіл денесіне өтеді. Олар бөліп шығару қызметін атқаруымен қатар, өткізгіштік және қор жинау қызметін атқарады. Өткізгіштік қызметі, сүт жолы органикалық заттардың синтезделетін жерін, олардың қолданылатын жерімен жалғастырған кездерде іске асырылады. Сүт жолдарының бөліп шығарушылық және қор жинау қызметінклетка шырынының қызметі бойынша анықтап білуге болады. Әртүрлі өсімдіктерде клетка шырынының қызметі әртүрлі. Экскреторлық заттардан оның құрамында көп жағдайда каучук, смолалар, т.б. болады, қорлық заттардан: крахмал, қант, белоктар шыны майлар т.б. жатады. Кейде клетка шырынында ферменттер болады. Клетка шырынының түсі ақ, немесе сарғыш болып келеді.
Бөліп шығарушы клеткалар. Басқа ұлпалардың клеткалардың арасында шашыраңқы орналасады. Экскреттің жиналуына байланысты олардың протопластары өледі, ал клетканың қабықшасына оның ішкі жағынан суберин жиналады. Ол улы заттарды, айналасындағы клеткалардан, бөліп тұрады. Бөліп шығарушы клеткалар шайдың, лаврдың, жапырақтарында, болады.
Сзизогендік және лизогендік қуыстар. Бұл қуыстар зат алмасуға уақытша қатыспайтын, өсімдіктің тіршілігінің көптеген соңғы өнімдерін жинау және оларды ұзақ уақыттар бойы сақтау үшін қажет. Оларды формалары домалақ немесе канал тәрізді болып келеді және мөлшері де әрқилы.
Схизогендік қуыстар. клеткалардың ығысуының нәтижесінде, олардың арасында пайда болатын бос кеңістіктерден түзіледі. Қуысқа жақын орналасқан тірі клеткалар болып саналады және олар осы қуысқа экскреторлық заттарды бөліп шығарады. Схизогендік қуыстар өсімдіктердің әртүрлі топтарында болады. Соңғыларының смола жолдарында бальзам жиналады.
Лизогендік қуыстар экскреторлық заттарға толы клеткалардың тобының еріп кетуіне байланысты болады. Олар цитрус тұқымдастарына тән.
Безді түктер. Эпидермистің клеткаларынан пайда болады. Олар газ түрінде, сұйық және қатты формада әртүрлі экскреторлық заттар жиналады және өсімдіктердің денесінен сыртқа шығарылып отырады. Құрылысы жағынан олар алуан түрлі, бірақ та өсімдіктердің әрбір тобына морфологиялық тұрғыдан тұрақты болады.
Шірнеліктер. Өсімдіктердің органдарының сыртына углеводтардың ерітіндісчін бөліп шығаратын бездер. Шірнеліктерден бөлінетін қантты сұйықтар гүлдің тозаңдануын қамтамасыз ететін насекомдарды шақырады.
Гидатодтар. Бұл сулы устьицалар Олар жапырақтардың шетінде орналасады.
Бақылау сұрақтары:
-
Механиқалық және өткізгіш ұлпалардың функциялары.
-
Механиқалық ұлпалардың түрлері, олардың құрлысы мен айырмашылықтары.
-
Механиқалық және өткізгіш ұлпалардың бір-бірінен айырмашылығы.
Қолданылған әдебиеттер:
-
Агелеуов Е.А. «Ботаника», Алматы «Санат», 1998 ж.
-
Әметов Ә.Ә. «Ботаника» Алматы «Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті», 2000 ж.
-
Васильев А.Е. и др. «Ботаника» Москва «Просвещение», 1988 г.
-
Хржановский В.Г. «Основы ботаники», 1969 ж.
-
Мұсақұлов Т.М. «Ботаника», 1975 ж.
-
Кудрявцев А.В. и др. «Ботаника с основами экологии», 1979 ж.
-
Генкель П.А. «Ботаника» Москва «Учебно-педагогическое издательство Министерства просвещения РСФСР», 1952 ж.
Дәріс №5
Дәрістің тақырыбы: Тамыр морфологиясы мен анатомиясы
Қарастырылатын сұрақтар:
-
Тамырдың морфологиялық құрылысы
-
Анатомиялық құрылысы
-
Тамырдың метаморфозасы
Дәрістің мақсаты:
Тамыр.Оның атқаратың қызметі, құрлысы. Анатомияның құрлысындағы өзгешеліктер. Дара және қос жарнақты өсімдіктердің тамырының анатомиялық құрлысы.Тамыр түрлері,метаморфозасы. Жоғарғы және төменгі сапалы өсімдіктердің селбесіп өсу заңдылығы. Симбиоз және паразитизм туралы түсіндіру. Жеміске айналған тамырлардың анатомиялық құрлысындағы өзгерістер. Экологиялық жағдайға байланысты тамыр формаларының өзгеруі.
Тамыр өсімдіктің өстік, көп симметриялы жер асты органы. Ол ұзақ уақыттар бойы ұзындыққа шексіз өсіп отырады. Тамырдың ұшын тамыр оймақшасы қорғап тұрады. Тамыр еш уақытты жапырақ түзбейді. Оның бұтақтануы, бүршіктенуі ішкі жағынан басталады.
Тамыр әртүрлі қызметтер атқарады: суды және онда еріген минералды тұздарды, кейде тіптен органикалық заттарды да өз бойынан сіңіріп, сабаққа жеткізіп отырады. Өсімдікті жерге бекітіп тұрады, өсімдіктің вегетативті жолмен көбеюін қамтамасыз етіп тұрады.
Морфологиялық құрылысы:
Тамырдың алуан түрлілігі. Шығу тегіне қарай тамырды 3-ке бөледі: кіндік, қосалқы және жанама тамырлар.
Кіндік тамыр, тек ұрықтың тамыршасында пайда болады. Қосалқы тамырлар сабақтан, жапырақтан немесе олардың өзгерген түрлерінен кетеді. Кіндік тамырлар мен қосалқы тамырлардан жанама тамырлар кетеді. Соңғыларынан жанама тамырлардың екінші және одан кейінгі қатарлары тарамдалып кетіп отырады.
Субстратқа қарай тамырларды: топырақтағы, судағы, ауадағы және гаусторилер деп бөледі.
Тамырлар системасы. Ұзындыққа өсудің және тарамдалудың негізінде пайда болатын барлық тамырлардың жиынтығын тамыр системасы деп атайды. Тамыр системасының негізгі үш түрі бар: кіндік тамыр системасы, ол ұрықтың тамыршасынан пайда болады және кіндік тамырдан, сонымен бірге одан кететін жанама тамырлардың әртүрлі қатарларынан тұрады. Қосалқы тамырлардың системасы, ол сабақ пен жапырақтың кез-келген бөлігінен пайда болады; аралас тамырлардың системасы ол бір мезгілде қатар өсетін кіндік тамырлардың және қосалқы тамырлардың системалары.
Тамырлардың мөлшері өсімдіктің өмірлік формасына және сыртқы ортаға байланысты болады. Суда және батпақта өсетін өсімдіктердің тамыр системасы үлкен болмайды. Құрғақ жерде өсетін өсімдіктердің тамыр системасы да аса жақсы жетілген.
Анатомиялық құрылысы:
Кіндік, жанама және қосалқы тамырлардың анатомиялық құрылысы біршама ұқсас болады.
Тамырдың зоналары. Тамырды ұзына бойында құрылысы әртүрлі болып келетін және әртүрлі қызметтер атқаратын бірнеше зоналарға бөлуге болады. Клетканың бөліну зонасы, созылу зонасы, сору зонасы, өткізу зонасы.
Клетканың созылу және бөліну зоналары тамырдың ең ұшында болады. Бұл сырты жылтыр, ұшында тамыр оймақшасы бар кішілеу участок. Тамыр оймақшасы қабықшалары жұқа клеткалардан тұрады. ол өсу конусын топырақтың түйіршіктерімен зақымданудан сақтайды. Тамыр оймақшасының сыртындағы клеткалары түлеп түсіп отырады, ол тамырдың алға қарай жылжуын жеңілдетеді. оймақшаның астында клетканың бөліну зонасы орналасады, ол алғашқы меристеманың клеткаларынан тұрады.
Одан жоғарылау клетканың созылу зонасы орналасады. Бұл жерде клеткалардың бөлінуін біртіндеп тоқтатады да ұзындыққа созылады, көлемдері ұлғаяды. Кейде бұл екі зонаны біріктіріп өсу зонасы деп атайды. Сору зонасы созылу зонасынан жоғары орналасады. Бұл жерде тамырдың үстінде көптеген бүгірлер пайда болады, олар келешегінде созылып, тамырдың түктеріне айналады. Әрбір тамырдың түгі жекелеген сыртқы клетканың ұзын өсіндісі болып табылады. Түктің қабықшалары жұқа целлюлозадан тұрады, ядро әдетте оның ұшында орналасады.
Тамыр түктері топырақтан минералды заттардың ерітіндісін бойына сіңіреді. Олар күніне 10-20күн ғана өмір сүреді. Зонаның жоғарғы жағында тамыр түктері үнемі өліп отырса, төменгі жағынан түзіліп отырады. Сондықтан да сору зонасы барлық уақытта төмен қарай жылжып, ауысып отырады және үнемі тамырдың ұшына жақын жатады. Оның ұзындығы бірнеше миллиметр болады.
Одан әрі өткізгіш зонасы орналасады. Ол тамырдың мойнына дейін созылады және тамырдың көп бөлігін түзеді. Бұл жерде тамырдың түктері болмайды, сыртын жабын ұлпасы жауып тұрады. Тамырдың осы участогінде бұтақтану жүреді.
Тамырдың алғашқы құрылысы. Тамырдың ұлпалары сору зонасында дифференциаланады. Шығу тегі жағынан бұл алғашқы ұлпалар, өйткені олар өсу зонасының алғашқы меристемасынан пайда болады. Сондықтан да сору зонасындағы тамырдың анатомиялық құрылысы алғашқы болып саналады. Осы кезеңде тамыр орталық цилиндрге және алғашқы қабыққа бөлінеді, оның сыртын тамыр түктері бар бір қатар клеткалар эпиблема жауып тұрады.
Алғашқы қабықтың сырты – экзодерма тығыз орналасқан көп бұрышты клеткалардан тұрады, олардың қабықшалары келешегінде тозға айналып қорғаныш қызметін атқарады. Экзодерманың астында негізгі паренхима орналасады, ол алғашқы қабықтың негізгібөлігін түзеді. Алғашқы қабықтың ішкі қабаты – эндодерма бір қатар клеткалардан тұрады. Бұл клеткалардың радиальды және ішкі қабықшалары қалың болып келеді. Эндодерманың клеткаларының қабықшалары азды-көпті пробкаға айналады, ал кейбір өсімдіктерде олар тіпті сүректенеді. Осындай қабықшалары қалың клеткалардың арасында қабықшалары жұқа болып келетін тірі клеткалар кездеседі, оларды өткізгіш клеткалар деп атайды, өйткені су орталық цилиндрге солар арқылы өтеді. Өткізгіш клеткалары ксилеманың ұсақ түтіктерінің қарама-қарсысында орналасады. Сонымен эндодерма судың ксилемаға өтуін реттеп отырады. Орталық цилиндрдің сыртын перицикл қаптап тұрады, ол бірқатар тірі паренхималық клеткалардан тұрады. Перициклден жанама тамырлар мен қосалқы бүршіктер пайда болады. Орталық цилиндрдің ортасын радиальды өткізгіш шоғы алып жатады. Әдетте мұндай шоқта ксилема ортасында орналасады және бірнеше сәуле тәрізді үшкір тармақтар түзеді. Олардың сырт жағында ұсақ түктері орналасады. Ксилеманың тармақтарының арасында флоэманың участоктері орналасады. Олар ксилемадан қабықшалары жұқа болып келетін паренхималардың аздаған қабаттарымен бөлініп тұрады.
Тамырдың соңғы құрылысы. Қосжарнақты және жалаңаш тұқымды өсімдіктердің тамырының орталық цилиндрінде алғашқы кездерден бастап-ақ камбий түзіледі. оның белсенділігінің нәтижесінде тамыр екінші рет өзгеріске ұшырап жуандайды. Камбий флоэмамен ксилеманың арасында паренхималық клеткалардан пайда болады. Ол тамырдың ортасына қарай соңғы ксилеманың элементтерін беретін клеткаларды бөліп шығарады. Алғашқы ксилеманың түктерінің перициклмен шектесетін жерлеріндегі участоктерде, перициклдің клеткалары да камбийге айналады. Бірақ ол тек паренхималық клеткаларды береді, олардан радиальды сәулелер пайда боладфы. Алғашқы кездерде камбийдің қабаттары иректеу формалы болып келеді, сонан соң біртіндеп дөңгелектеніп, орталықтан шетке қарай ығыстырылады. Соңғы ксилема мен соңғы флоэма тамырдың кіндігінен шетіне қарай ығыстырылады. Перициклдің клеткаларынан тоздық камбий түзіледі, ол сыртқа қарай тоз қабатын түзеді. Соған байланысты алғашқы қабық орталық цилиндрден біртіндеп бөлектенеді де, өледі, содан соң түсіп қалып отырады. Тек тоз қабатымен қапталған орталық цилиндр ғана қалады. Сонымен тамырдың соңғы құрылысында алғашқы ксилема ортасында орналасады. Оның сәулелерінен радиальды сәулелер басталады – қабықшалары жұқа тірі паренхималық клеткалардың участоктері. Радиальды сәулелер мен соңғы ксилеманың үлкен түктері бар жалпақ участоктері және ұсақ сүректік паренхиманың клеткалары алмасып келіп отырады. Олар параллель радиальды қатарлар түзіп орналасқан, ұсақ әдетте қабықшалары жұқа клеткалардан тұратын камбий зонасымен қоршалған. Камбий зонасын сыртқа қарай соңғы ксилеманың әрбір участогінің қарсысында, соңғы флоэма орналасады. Радиальды сәулелердің паренхимасын беретін камбий нашар байқалады. Сыртқа қарай ол сонымен бірге негізгі паренхималарды бөліп шығарады. Камбийден сыртқа қарай орналасқан ұлпалар (флоэма, негізгі паренхима, феллодерма және тоздық камбий), екінші реттік қабық деп аталынады.
Тамырдың өзгерген (метаморфозға ұшыраған) түрлері
Олардың ішіндегі ең көп таралғандары мыналар.
Қорлық тамырлар. Тамырдың өзгерген түрлері сүректік және тіндік (лубтық) паренхималарға артық қор заттарының жиналуына байланысты пайда болады. Шығу тегіне және құрылысына қарай қорлық тамырлардың екі типі болады – тамыр жемістер және тамырдың түйнектері.
Тамыр жемістер кіндік тамырдан пайда болады. Олардың пайда болуына гипокотильде қатысады. Тамыр жемістерді мынадай бөліктерге бөледі: басжағынан – жапырақтары бар қысқарған сабақтық бөлігі; мойынға - гипокотильдің ұлғайып өсуінің нәтижесінде түзелетін, тамыр жемістің ең жуан бөлігі; нағыз тамырға, одан жанама тамырлар кетеді. Әр түрлі өсімдіктердің тамыр жемістерінің мойнының ұзындыығы әр түрлі болады.
Тамыр жемістері монокамбиалды - камбийдің бір ғана қабатынан және поликамбиалды – камбийдің бірнеше қабатынан тұратын болып келеді. Монокамбиалды тамыр жемістердің біреулерінің тамыр жемістерінің көп бөлігін екінші реттік қабық алып жатады, осы жерже артық қор заттары жиналады (сәбіз), ал екінші біреулерінің екінші реттік қабығы кішкентай болады, ал тамыр жемістерінің көп бөлігін ксилема алып жатады, онда артық қор заттары жиналады (шалқан-репа). Поликамбиалды тамыр жеміс қант қызылшасында түзіледі. Құрылысы мұндай тамыр жемістің ортасында диархты алғашқы ксилема орналасады, оған паренхиманың радиальды учаскелерінен бөлінген соңғы ксилеманың екі участогі тиіісміп жатады. Камбий ксилеманы қоршап тұрады. Оған сырт жағынан соңғы флоэманың участкелері тиісіп тұрады. Сонымен қант қызылшасының соңғы құрылысы басқа тамыр жемістердің соңғы құрылысымен бірдей. Екінші реттік өзгерудің артынша үшінші реттік өзгеру жүреді. Соңғы флоэманың айналасында, тамырдың шет жағында перициклдің кклеткаларының бөлінуінің нәтижесінде паренхималық клеткалардың қаабаты пайда болады. Осы қаабатта клеткалардың бір қатары тангентальды перделермен бөліне бастайды да, камбийдің жаңа қабатына айналады. Камбийдің бұл қабаты ішке қарай ксилеманы, ал сыртқа қарай коллатеральды шоқ түрінде флоэманы бөліп шығарады. Бұлар бір-бірінен қабықшалары жұқа болып келетін паренхималардың қабатымен бөлініп тұрады. Сонымен бірге паренхиманың шеткі қаабаттарында камбийлі клеткалардың жааңа шеңбері түзіліп отырады және тағы басқалар.
Тамырдың түйнектері (тамырдың түйіндері) артық қор заттары бүйірлік және қосалқы тамырларда жиналған жағдайларда ғана түзіледі. Тамырдың түйнектерінде көп жағдайда қосалқы бүршіктер болады, солар арқылы өсімдіктердің вегетативтік көбеюі жүзеге асады.
Микориза. Тамырдың ұштарын олармен бірге симбиозда селбесіп өсетін саңырауқұлақтардың жіп шумақтарын (гифаларын) микориза деп атайды.
Микоризаның үш типін ажыратуға болады:
-
сыртқы немесе эктотрофты микориза, бұл жағдайда саңырауқұлақтың жіпшумақтары тамырды тек сыртынан тығыз қоршап тұрады;
-
сыртқы – ішкі немесе эндотрофты микоризы, бұл жағдайда саңырауқұлақтың жіпшумақтары тамырдың клеткаларына аздап еніп тұрады.
-
ішкі немесе эндотрофты микориза, бұл жағдайда саңырауқұлақтың жіп шумақтары тек тамырдың клеткаларының ішінде ғана өмір сүреді. Эктотрофты микориза көп жағдайда ағаштар мен бұталарда, ал эндотрофты микориза шөптесін өсімдіктерде болады. саңырауқұлақтың жіп шумақтары өсімдіктің тамырына өтіп, оның ұлпаларындағы органикалық заттармен қоректенеді, сонымен бірге оған суды және онда еріген минералдық тұздарды жеткізіп отырады. Саңырауқұлақтардың клеткасында болатын ферменттер, топырақтағы органикалық заттарды минералды заттарға айналдырады, сөйтіп оларды өсімдіктердің сіңіруіне мүмкіндік жасайды. Микориза табиғатта өте кең таралған.
Түйнектер. Бұршақ тұқымдастарға жататын өсімдіктердіңтамырларына ауадағы азотты бойына сіңіруге қабілетті ризобиум туысына жататын ерекше бактериялар қоныстанады. Бактериялар өсімдіктердің органикалық заттарымен қоректенеді, ал өсімдіктер бактериялар синтездеген азотты қосылыстарды бойына сіңіреді. Бактерияның тамырға енуі оның қабықтық бөлігінің ұлпаларының ұлғайып өсіп, түйнектер деп аталынатын, ісік тәріздес буылтық түйнектердің пайда болуына әкеліп соғады.
Бақылау сұрақтары:
-
Тамырдың анатомиялық құрылысы қандай?
-
Алғашқы және соңғы анатомиялық құрылысы қандай
-
Тамырдың өзгерген түрлерін ата
-
Микориза дегеніміз не?
-
Қорлық тамырлар дегеніміз не?
Қолданылған әдебиеттер:
-
Агелеуов Е.А. «Ботаника», Алматы «Санат», 1998 ж.
-
Әметов Ә.Ә. «Ботаника» Алматы «Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті», 2000 ж.
-
Васильев А.Е. и др. «Ботаника» Москва «Просвещение», 1988 г.
-
Хржановский В.Г. «Основы ботаники», 1969 ж.
-
Мұсақұлов Т.М. «Ботаника», 1975 ж.
-
Кудрявцев А.В. и др. «Ботаника с основами экологии», 1979 ж.
-
Генкель П.А. «Ботаника» Москва «Учебно-педагогическое издательство Министерства просвещения РСФСР», 1952 ж.
Дәріс №6
Дәрістің тақырыбы: Өркен
Қарастырылатын сұрақтар:
-
Өркен
-
Өркен және оның бұтақтану түрлері.
-
Өркеннің түр өзгерісі
-
Бүршік
Дәрістің мақсаты:
Өркен төбелік меристемадан пайда болатын және морфогенездің алғашқы этаптарында арнайы маманданған бөліктерге: сабаққа, жапыраққа, бүршікке, бөлінетін мүше (орган).
Оның негізгі атқаратын қызметі фотосинтез. Сонымен бірге өркеннің әртүрлі бөліктері, өсімдіктің вегетативтік жолмен көбеюін, артық қор заттармен суды бойына жинау қызметтерін де
Өркеннің морфологиялық құрлысы
Өркеннің бөліктері. Сабақтың жапырақ кететін участогін буын деп атайды, ал сабақтың екі буынның аралығындағы участогін буын аралық деп атайды. Буынның үстіндегі, жапырақтың қолтығында, қолтық бүршігі пайда болады. Егер буын аралықтары айқын байқалатын болса, онда мұндай өркенді ұзарған өркен деп атайды. Егер буындары бір-біріне жақын орналасса және буын аралықтары байқалмайтын болса, онда мұндай өркенді қысқарған өркен деп атайды.
Метамерия. Әдетте өркенде бірнеше буын және буын аралықтары болады. Өркеннің осындай қайталанып келіп отыратын, бірдей атпен аталатын органдары бар бөлігін метамерия деп атайды. Өркеннің әрбір метамері жапырағы бар буыннан, қолтықтық бүршіктен және төменгі буын аралығынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |