Жаратылыстану-математика факультетінің деканы



бет8/12
Дата17.06.2016
өлшемі1.1 Mb.
#141638
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Бүршік. Бұл қысқарған өркен. Ол өсу конусымен аяқталатын меристемалық остен және жапырақ тұмсықшасынан, яғни алғашқы метамерлердің сериясынан тұрады. Төмен орналасқан, дифференцияланған жапырақтар, өсу конусымен жапырақ тұмсықшасын қоршап жауып тұрады. Вегетативтік бүршіктің құрылысы осындай болады. Өсу конусының вегвтативтік- репродуктивтік бүршіктері алғашқы гүлдің немесе гүл шоғырының бастамасынан тұрады. Мұндай бүршіктерде фотосинтез процесі жүретін жапырақтардың нышаны мүлдем болмайды.

Көп жағдайда сыртқы жапырақтардың түрі өзгеріп, бүршікті кеуіп, құрғап қалудан сақтайтын, қабыршақтарға айналады. Мұндай бүршіктерді жабындық бүршіктер деп атайды. Олардың жалаңаш бүршіктерден айырмашылығы сол, тек қорғаныштық қызмет атқарады.

Орналасу ерекшеліктеріне қарай бүршіктерді төбелік және бүйірлік деп бөледі. Соңғысы шығу тегіне қарай, қолтықтық және қосалқы болып бөлінеді. Қолтықтық бүршіктер жапырақ тұмсықшаларының қолтығының өсу конусында экзогенді қалыптасады. Ұзақ уақыттар бойы өркен бермейтін, қолтықтық бүршіктерді бұйыққан бүршіктер деп атайды. Қолтықтық бүршіктер не біреуден, не бірнешеуден топтасып орналасады. Қосалқы бүршіктер сабақтың кез-келген бөлігінен меристемалық клеткалардың белсенділігінің нәтижесінде, эндогенді жолмен пайда болады. Кейде қосалқы бүршіктер жапырақта пайда болып, бірден қосалқы тамырлары немесе баданалары бар кішкентай өркендер береді. Мұндай қосалқы бүршіктерді өнім бүрлері деп атайды.

Жапырақтың орналасуы. Жапырақтың орналсуының негізгі үш түрлі варианты болады спиральды немесе кезектесіп орналасу- буында тек бір ғана жапырақ болады, сабақта жапырақтар спиральдың бойымен орналасады; қарама-қарсы орналасу буында бір-біріне қарама-қарсы орналасқан екі жапырақ болады; топтасып орналасу буында үш немесе одан да көп жапырақтар орналасады.

Өркеннің ұлғайып орналасуы. Өркен ұзындыққа әдетте төбелік меристемалардың белсенділігінің нәтижесінде өседі. Бұдан басқа көптеген өсімдіктердің өркендері қыстырма меристемалардың белсенділігінің нәтижесінде едәуір ұзарып өседі. Егер өркен бір төбелік меристеманың есебінен ұзақ уақыттар бойы шексіз өсетін болса, онда өсудің мұндай түрін моноподиалдық деп атайды. Бірақ та көп өсімдіктерде төбелік меристема аз уақыт өмір сүреді, әдетте бір ғана вегетациялық кезең бойынша тіршілік етеді. Бұл жағдайда келесі маусымда өркеннің өсуі жақын орналасқан бүйірлік бүршіктің есебінен жалғасады. Өркен төбесінен үстемелеп өседі. Өркеннің бұлайша ұзындыққа өсуін симподиалды өсу деп атайды.

Бұтақтануы.Бұтақтанудың мынадай екі типі бар: төбесінен және бүйірінен бұтақтану. Төбесінен бұтақтанғанда өсу конусы екі немесе одан да көп бөліктерге бөлінеді. Мұндай бұтақтану төменгі сатыдағы өсімдіктерге тән. Бүйірінен бұтақтанғанда жаңа өстер бұтақтың жоғарғы ұшынан төмендеу орналасады.

Бір немесе бірнеше рет бұтақтанудың негізінде өстердің системасы түзіледі. Бүйірінен бұтақтанғанда өстердің системасы моноподиалды , немесе симподиалды болуы мүмкін.

Бұтақтанудың тағы бір ерекше формасы, ол түптеніп өсу. Бұл жағдайда өркеннің ең үлкен бұтақшалары, оның тек түп жағынан кетеді. Әдетте мұндай бұтақшалар өркеннің жерег жақын орналасқан және жер асты бүршіктерінен пайда болады. Өркеннің бұл зонасын түптену зонасы деп атайды. Түптеніп өсу бұталарға, көп жылдық өсімдіктерге тән.

Өсудің бағыты. Вертикаль бағытта жоғары көтеріліп өсетін, өрмелеп өсетін болып бөлінеді. Жердің бетіне төселіп өсетін өркендерді жатаған өркендер деп атайды. Егер жатаған өркен қосалқы тамыр берсе, онда оны сұлама өркен деп атайды. Өркендер өсу барысында өздерінің бағытын өзгертіп отыруы мүмкін, онда оларды көтеріңкі, жоғары қарай өсетін өркендер деп атайды.

Өркеннің мамандануы мен түрлене өзгеруі

Өркендердің түрлене өзгеруі көп жағдайда лардың атақаратын қызметімен: өз бойына артық қор заттарын жинауымен, жылдың қолайсыз мезгілін басынан өткеруімен, вегетативтік жолмен көбеюімен тікелей байланысты болады.



Тамырсабақ. Бұл горизонталь бағытта, жоғары қарай немесе вертикаль бағытта өсетін көп жылдық жер асты өркен. Ол өз бойына артық қор заттарын жинауға қабілетті, өсімдіктердің қайта қалпына келуін реттейді және вегетативтік жролмен көбеюін қамтамасыз етеді.

Тамырсабақтың редукцияға ұшыраған қабыршақтар, бүршіктер, қосалқы тамырлар түріндегі жапырақтары болады. Артық қор заттары оның сабақтық бөлігінде жиналады. Тамырсабақтың ұзарып өсуімен, бұтақтануы кәдімгі өркендегідей жүреді. Тамырсабақ жапырақтарының болуымен және ұшында тамыр оймақшасының болмауымен, тамырдан айқын ажыратылады. Тамырсабақ ұзын және жіңішке болуы мүмкін немесе қысқа және жуан болуы мүмкін. Жыл сайын төбелік және бүйірлік бүршіктерден бір жылдық жер беті өркендері пайда болады.Тамырсабақтың ескірген бөліктері біртіндеп өліп отырады. Ұзын, горизонталь бағытта өсетін, көптеген жер беті өркендерін беруге қабілетті, тамырсабақты өсімдік, тез арада көптеген жерді алып кетеді. Егер олар арамшөп болса, онда олармен күресу өте қиынға түседі. Мұндай өсімдіктерді құмды бекітуге пайдаланады. Шалғындық тануда, ұзын горизоталь бағытта өсетін, тамырсабағы бар астық тұқымдасын тамырсабақты, ал тамырсабағы қысқа болып келетіндерін- түптенген немесе түптеніп өсетін өсімдіктер деп атайды. Тамырсабақ негізінен көп жылдық шөптесін өсімдіктерде, кейде бұталарда және бұта тектес өсімдіктерде болады.



Түйнектер. Бұлар сабақтың жуандаған бөліктері, оларда артық қор заттары жиналады. Түйнектер жер беті және жер асты болып бөлінеді. Жер беті түйнектері негізгі сабақтың немесе бүйірлік өркенннің жуандаған бөлігі болып саналады және олардың жақсы жетілген жапырақтары болады. Жер асты түйнектері гипотикальдің немесе ұзақ өмір сүрмейтін жер асты өркенінің жуандаған бөлігі болып саналады. Жер асты түйнектерінің жапырақтары редукцияға ұшыраған, олардың қолтықтарында бүршіктері болады. Мұндай бүршіктерді көзшелер деп атайды.

Жер беті сталоны. Бұл ұзақ өмір сүрмейтін, горизонталь бағытта өсетін сұлама өркен. Ол негізінен өсімдіктің таралуын және вегетативтік жолмен көбею қызметін атқарады. Оның буынаралықтары ұзын болып келеді және жапырақтары болады. Буындарынан төмен қарай әдетте қосалқы тамырлары, ал төбелік бүршіктерінен – қысқарған өркен кетеді. Ол сталон өлгеннен кейін де өз бетінше өмір сүреді. Жер бетіндегі сталон симподиальды бұтақтанып өседі. Фотосинтездік қабілетін жоғалтқан және негізінен вегетативтік көбею қызметін атқаратын жер беті сталондарын кейде мұртшалар деп атайды.

Пиязшық. Бұл көптеген бір-бірімен тығыз орналасқан, жапырақтары және қосалқы тамырлары барқысқарған сабақ. Түбіртектің үстінде бүршік орналасады. Көптеген өсімдіктерде осы бүршіктен жер беті өркен өсіп шығады, ал бүйірлік қолтықтың бүршіктерінен жаңа пиязшықтар пайда болады. Пиязшықтың сыртқы қабыршақтары көп жағдайда әрі құрғақ, әрі жұқа жарғақ тәрізді болып келеді және қорғаныш қызметін атқарады.

Пиязшықтүйнек. Сырт қарағанда ол пиязшыққа ұқсас, бірақ оның жапырақ қабыршақтарының барлығы құрғық болады, қор заттары сабақтың төменгі бөлігінде жиналады.

Тікенектер.Тікенектердің шығу тегі әртүрлі: олар өркеннен, жапырақтан, жапырақ тақтасының бір бөлігінен пайда болады. Тікенектер климаты әрі ыстық, әрі құрғақ жерлерде өсетін өсімдіктерге тән.

Мұршалар. Олар өркеннен жапырақтан немес оның бөліктерінен: ортақ сағақтан және бірнеше жапырақшалардан пайда болады Мұртшалар тірекке жабысып тұру үшін қажет.

Филлокладии. Бұл редукцияға ұшыраған жапырақтардың қолтығында орналасқан жалпақ тәрізді өркен. Филлокладииде өз кезегінде редукцияға ұшырап, қбыршаққа айналған жапырақтар пайда болады. Олардың қолтығында гүл шоғы жетіледі.

Ұстағыш аппараттар. Бұл насекомдермен қоректенетін өсімдіктерге тән (росянка, шыбынұстағыш), олардың формасы құмыра, құты, колба тәрізді болып келеді. Ұстағыш аппараттар батпақтарда өсетін өсімдіктерде жиі кездеседі және осы топырақта азоттың жетіспеуін, қосымша ұсақ насекомдармен қоректенуі арқылы толықтырып отырады. Бұл насекомдар өсімдіктің ұстағыш аппаратының ішіне түскен соң, жапырақтың арнаулы бездері арқылы бөлінетін ферменттердің көмегімен қорытылып кетіп отырады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Өркен дегеніміз не?

  2. Буын, буынаралығы, жапырақтың қолтығы дегеніміз не?

  3. Қандай өркенді ұзарған, ал қандайын қысқарған өркен дейміз?

  4. Бүршік дегеніміз не?

  5. Оның структурасы қандай?

  6. Моноподиалды бұтақтанған өркенмен симподиалды бұтақтанған өркеннің айырмашылықтары неде?

  7. Төбесінен бұтақтандың, бүйірінен бұтақтанудан айырмашылығы неде?

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Агелеуов Е.А. «Ботаника», Алматы «Санат», 1998 ж.

  2. Әметов Ә.Ә. «Ботаника» Алматы «Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті», 2000 ж.

  3. Васильев А.Е. и др. «Ботаника» Москва «Просвещение», 1988 г.

  4. Хржановский В.Г. «Основы ботаники», 1969 ж.

  5. Мұсақұлов Т.М. «Ботаника», 1975 ж.

  6. Кудрявцев А.В. и др. «Ботаника с основами экологии», 1979 ж.

  7. Генкель П.А. «Ботаника» Москва «Учебно-педагогическое издательство Министерства просвещения РСФСР», 1952 ж.


Дәріс № 7

Дәрістің тақырыбы: Сабақ

Қарастырылатын сұрақтар:



  1. Морфологиялық құрылысы

  2. Анатомиялық құрылысы

  3. Сабақтың түр өзгерісі

Дәрістің мақсаты:

Сабақ, оның морфологиясымен анатомиясы. Дара жарнақты және қос жарнақты өсімдіктердің сабағының құрлысындағы өзгешелік. Көпжылдық өсімдіктер сабағындағы жылдық сақина, соның экологиялық жағдайға байланысты өзгеруі, қылқан жапырақты өсімдіктердің сабағының анатомиялық құрылысындағы өзгешелік. Қабық пен сүректің құрамы, атқаратын қызметі. Сабақтың морфологиясының алуан түрлілігі. Оған әсер ететін сыртқы жағдайлар.

Сабақ қалыпты жағдайда шексіз өсетінполисиммеетриялы өстік орган болып табылады. Оның ұзындыққа өсуін төбелік және қыстыра меристемалары қамтамасыз етеді. Бұтақтануы және бүршіктерінің пайда болуы сырт жағынан жүзеге асады. Сабақта жапырақтар мен бүршіктер орналасады.

Сабақ жапырақтар мен тамырдың арасын байланыстырып тұрады, жақсы жетілген ассимиляциялық системаның түзілуіне мүмкіндік туғызады және сабақ артық қор заттарының жиналатын орны болып табылады.



Морфологиялық құрылысы

Сабақтың көлденең кесіндісі көп жағдайда цилиндр тәрізді болып келеді, бірақ шөптесін өсімдіктерде сабақ үш қырлы, төрт қырлы, қанатшалы, жалпақ болып келеді.

Сабақтың ұзындығы көп мөлшерде ауытқып отырады.

Анатомиялық құрылысы

Жер бетінің тіршілік ортасы, топырақтағы ортаға қарағанда алуан түрлі болып келеді.



Алғашқы құрылысы. Сабақтың ұшында алғашқы меристема орналасады. Осы жерде жапырақтың алғашқы бастамасының деңгейінде камбий түзіледі. Одан алғашқы флоэмамен алғашқы ксилема пайда болады. Камбийден сыртқа қарай алғашқы қабық, ал ішке қарай өзек орналасады. Өсу конусының ұшындағы клеткалардың қабатынан эпидермис пайда болады.Осылайша сабақтың алғашқы құрылысы қалыптасады. Сабақтың алғашқы құрылысындағы ұлпаларды, тамырдағы секілді екі комплекске: сырты эпидермиспен қапталған алғашқы қабыққа және орталық цилиндрге бөледі.

Алғашқы қабықты мынадай ұлпалар түзеді: эпидермистің астында орналасқан арқаулық ұлпа колленхима; алғашқы қабықтың паренхимасы оның клеткаларының көптеген бөлігін хлоропластар алып жатады; эндодерма – алғашқы қабықтың ішкі қабаты, оның клеткаларында көп жағдайда, крахмал дәндері болады, соған байланысты эндодерманы крахмал қынабы деп те атайды.

Орталық цилиндрдің сыртқы қабатын перицикл деп атайды. Ол паренхималық клеткалардың бір немесе бірнеше қатарынан тұрады. Олардан қосалқы тамырлар, қосалқы бүршіктер, екінші реттік меристемалар – камбий және фелоген пайда болады. Кейде перициклде паренхималармен бірге склеренхимада болады. Перициклден ішке қарай прокамбийден пайда болатын өткізгіш системасы орналасады. Ортасында қабықшалары жұқа болып келетін, үлкен паренхималық клеткалардан тұратын өзек орналасады. Онда артық қор заттары жиналады.

Сабақтың алғашқы құрылысындағы байқалатын айырмашылықтар, прокамбийдің түзілу жолдарына байланысты. Жалаңаш тұқымдыларда және қосжарнақты жабық тұқымдыларда прокамбий екі түрлі жолмен қалыптасады. Бірінші жағдайда прокамбийдің жекелеген бөліктері тікелей шеңбердің бойымен орналасады. Яғни өткізгіш ұлпалары сабақтың алғашқы құрылысында шеңбердің бойымен жекелеген шоқ түрінде орналасады және алғашқы өзектік сәулелерді түзетін паренхиманың учаскілерімен бөлініп тұрады. Екінші жағдайда прокамбий цилиндрдің бойымен орналасады. Бұл жағдайда сабақтың алғашқы құрылысында өткізгіш ұлпалары цилиндрдің бойымен орналасады. Дара жарнақтыларда прокамбийдің учаскілері, сонымен бірге одан дифференциацияланатын түтікті талшық шоқтары орталық цилиндрдің барлық жерлерінде орналасады.

Тамырдың алғашқы құрылысының сабақтың алғашқы құрылысынан айырмашылығын көрсететін негізгі белгілерге мыналар жатады: тамырдың орталық цилиндрінде көп жағдайда өзек түзілмейді; еш уақытта эпидермасымен колленхимасы болмайды; өткізгіш шоқтары барлық уақытта радиальды болып келеді және орталық цилиндрдің ортасында орналасады; тамырдың көп бөлігін алғашқы қабық қабаты алып жатады.



Соңғы құрылысы. Сабақтың соңғы құрылысы, тамырдағы секілді соңғы меристеманың – камбийдің пайда болуымен байланысты.

Сондықтан да ол жалаңаш тұқымдыларға және қосжарнақты жабық тұқымдыларға тән. Камбий орталық цилиндрде алғашқы флоэма мен алғашқы ксилеманың арасында түзіледі. Ол прокамбийден және алғашқы өзектік сәулелердің паренхимасынан пайда болады. Камбий сабақтың шетіне қарай соңғы қабықтың элементтерін бөліп шығарады. Соңғы қабықтың өзіне тән – гистологиялық элементтері – сүзгілі түтіктері, серіктік клеткалары, тіндік талшықтары, тіндік паренхималары және өзектік сәулелердіңпаренхималары бар, соңғы флоэмадан тұрады. Өзекке қарай камбий түтіктерден, трахеидтерден, сүректік талшықтан, сүректік паренхимадан және өзектік сәулелердің паренхимасынан тұратын соңғы ксилеманы бөліп шығарады.

Атап көрсеткен жөн, соңғы сүректің элементтері, әдетте соңғы қабықтың элементтерінен әлдеқайда көп бөлінеді. Камбийдің белсенділігінің нәтижесінде сабақ қалыңдап жуандайды. Соңғы құрылысқа ауысқанда сабақтың алғашқы қабығы тамырдағыдай бірден өлмей, тіршілігін жалғастыра береді. Сонымен сабақтың соңғы құрылысы эпидермистен немесе тоздан (пробка), алғашқы және соңғы қабақтан, камбийден, соңғы және алғашқы сүректен тұрады.

Сабақтың соңғы құрылысының алуан түрлілігі, оның алғашқы құрылысының алуан түрлілігіне, сонымен бірге камбийдің белсенділігіне байланысты болып келеді. Сабақтың соңғы құрылысының мынадай типтері ерекше кең таралған: шоқсыз, аралық, шоқты. Құрылысы шоқсыз болып келген жағдайда прокамбий цилиндрдің бойымен түзіліп қалыптасады да, көп ұзамай камбийге айналады. Яғни, сабақтың алғашқы және соңғы құрылысында да флоэма мен ксилеманың элементтері тұтас цилиндрдің бойымен орналасады. Сабақтың құрылысының бұл типі ағаштарға (қылқанжапырақтыларға және жалпақ жапырақтыларға), сонымен бірге кейбір шөптесін өсімдіктерге тән (қызыл бояу, шырмауықгүл, зығыр және басқалар).

Қарағайдың сабағының ортасында аздаған қабықшалары жұқа клеткалардың участогі - өзек орналасады. Өзектен шетке қарай сабақтың көп бөлігін сүрек қабаты (ксилема) алып жатады. Ол трахеидтерден тұратын шеңберлі қабаттар – жылдық сақиналар түзеді. Жылдық сақинаның түзілуін камбийдің жылдық маусымына қарай белгілі бір ырғақпен (ритммен) жұмыс жасауына байланысты болады. Камбийдің ең белсенділік көрсететін уақыты көктем. Осы кезде камбийден қабықшалары жұқа, қуысы кең өткізгіштік қызмет атқаратын түтіктер (трахеидтер) пайда болады. Жазда камбийдің белсенділігі біршама төмендейді де, қабықшалары қалың, қуыстары тар, негізінен арқаулық (беріктік) қызмет атқаратын түтіктер түзіледі. Қыста салқынға байланысты өсімдіктердің вегетативтік кезеңі үзіледі. Соған байланысты камбийдің жұмысы тоқтайды. Сондықтан да жазғы сүректен, көктемге өту күрт болғандықтан, жылдық сақиналар жақсы байқалады.

Сүректің барлық жерінде, әсіресе жылдық сақиналардың күздік участкесінде смола жолдары орналасады. Трахейдтердің сілемін (массив) радиус бойынша бірқатар паренхималық клеткалардан тұратын өзектік сәулелер қиып өтеді. Олар арқылы горизонталь бағытта әртүрлі заттардың жылжып ағуы жүзеге асады. Сонымен қарағайдың сүрегінің құрылысы басқа қылқанжапырақтылардағы секілді біртектес және соған байланысты қарапайым болып келеді: бұларда түтіктерде, сүректік талшықтарда жоқ, ал сүректік паренхимасы тек өзектік сәулелердің клеткаларынан және смола жолдарының эпителиалдық клеткаларынан тұрады.

Сүрекпен соңғы қабық қаабатының ортасында камбий орналасқан. Соңғы қабық алғашқы және соңғы флоэмадан және перициклдық зонадан тұрады. Електік түтіктерінің серіктік клеткалары болмайды. Олардың арасында біршама үлкен, дөңгелек болып келген тін паренхимасының клеткалары орналасады. Өзектік сәулелері флоэмада да бірқатар клеткалардан тұрады, бірақ та олар ксилемадағыларға қарағанда біршама үлкендеу болады. Флоэмадан сыртқа қарай алғашқы қабықтың үлкен паренхималық клеткалары орналасады, олардың ішінде үлкен смола жолдары байқалады. Тозды бір-бірімен алмасып келіп отыратын, қабырғалары жұқа сүректенген клеткалармен, қабырғалары қалың болып сүректенген (ағаштанған) клеткалардың қаабаттары түзеді.

Сонымен қылқанжапырақтылардың қабық қабатында екі структуралық ерекшелікті: електі түтіктерінде серіктік клеткалардың болмауын және алғашқы қабағында да, сүргінде де смола жолдарының болуын атап өтуге болады.

Жөкенің сабағының құрылысы қосжарнақты ағаштарға тән болып келеді. Сабақтың ортасында қабықшалары жұқа болып келетін клеткалардан тұратын өзектің аздаған участоктері орналасады. Өзекті қалың болып келген сүрек қабаты қоршап жатады. Сүрек қабатының өзекпен шектескен жерінде кішілеу төмпешіктер түзіледі. Бұлар негізінен сақиналы және спиральды түтікшелерден тұратын алғашқы сүректің участкелері. Соңғы сүректің қарағайдағы секілді жылдық сақиналары болады, олардың көктемгі учаскілері диаметрі үлкен түтіктерден, ал жазғы және күзгі учаскілері трахеидтері басым болып келетін, диаметрі кіші түтіктерден және сүректерден талшықтардан тұрады.

Сүректің айналасын камбий қоршап жатады, оның сыртында трапеция типтес болып флоэманың учаскілері орналасады. Бұл учаскелер серіктік клеткалары бар, електі түтіктердің қабаттарынан және тін талшықтарының қабаттарымен кезектесіп келіп отыратын тіндік паренхималардан тұрады. Флоэманың учаскелерінің арасында жалпақ өзектік сәулелер орналасады, олар сүрек қабатында бір қатар клеткаға дейін жіңішкереді. Флоэмамен өзектік сәулелерден кейін, шеңбердің бойымен кезектесіп келіп отыратын тін талшықтарының тобынан және паренхималық клеткалардан тұратын перициклдік зона орналасады. Флоэманың учаскелері, өзектік сәулелердің паренхимасы және перициклдік зона бірігіп соңғы қабық қабатын түзеді. Соңғы қабықтан сыртқа қарай алғашқы қабық орналасады. Перициклдік зонаға эндодерма жанасып жатады. Ол ағаштарда жақсы жетілген және өзінен кейін орналасқан, ішінде көп жағдайда қымыздық қышқылы кальцийдің кристалдары кездесетін үлкен паренхималық клеткалардан айырмашылығы жоқтың қасында болып келеді. Осы паренхималардың сыртында табақшалы колленхима мен перидерма орналасады. Кейбір өсімдіктердің жасы ұлғайған сайын, олардың сүрегінің ескі бөлігінде метаболизмнің өнімдері жиналады – илік заттар, смолалар, камедилер, тұздар, соған байланысты оның түсі қараяды. Бұл ядролық сүрек деп аталады. Сүректің қабыққа жақын жатқан ақшыл қабатын шел қабық деп атайды.

Зығырдың сабағының үстінде, сырты кутикуламен қапталған эпидермистің үлкен клеткалары орналасады. Эпидерманың астында ішінде хлорофилл дәндері бар қабықтың паренхималық клеткаларының аздаған қабаты жатады. алғашқы қабық Біршама үлкендеу клеткалардан тұратын эндодерманың толқынды қабатымен аяқталады. Эндодермадан өзекке қарай дөңгелек немесе көп бұрышты қабықшасы қалың болып келген үлкен клеткалардың тығыз тобы жатады.Бұл перициклден пайда болған тіл талшықтары. Зығырды негізінен сонысы үшін егеді.

Тін талшығынан өзекке қарай флоэманың жұқа қабаты, ал одан әрі қарай камбий орналасады. соңғы ксилема үлкен порлары бар түтіктерден, трахеидтерден және сүректік талшықтардан тұрады. Өзекпен шектескен жерде алғашқы ксилеманың ұсақ сақиналы және спиралды түтіктері орналасады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Сабақтың алғашқы құрылысы қайда және қалай қалыптасады?

  2. Сабақтың алғашқы құрылысында, алғашқы қабық пен орталық цилиндр қандай ұлпалардан тұрады?

  3. Сабақ пен тамырдың алғашқы құрылысының ұқсастары мен айырмашылықтары қандай?

  4. Сабақтың соңғы құрылысына ауысуы қалай жүреді?

  5. Ол қандай өсімдіктерде болады?

  6. Сабақтың соңғы құрылысында қабық пен орталық цилиндр қандай ұлпалардан тұрады?

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Агелеуов Е.А. «Ботаника», Алматы «Санат», 1998 ж.

  2. Әметов Ә.Ә. «Ботаника» Алматы «Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті», 2000 ж.

  3. Васильев А.Е. и др. «Ботаника» Москва «Просвещение», 1988 г.

  4. Хржановский В.Г. «Основы ботаники», 1969 ж.

  5. Мұсақұлов Т.М. «Ботаника», 1975 ж.

  6. Кудрявцев А.В. и др. «Ботаника с основами экологии», 1979 ж.

  7. Генкель П.А. «Ботаника» Москва «Учебно-педагогическое издательство Министерства просвещения РСФСР», 1952 ж.


Дәріс №8

Дәрістің тақырыбы: Жапырақ
Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Жапырақтың морфологиялық құрылысы

  2. Анатомиялық құрылысы

  3. Жүйкелену түрлері

  4. Жапырақ метаморфозасы

Дәрістің мақсаты:

Жапырақ. Оның морфологиялық құрылысының алуан түрлілігі, жапырақ бөлімдері. Күрделі және жай жапырақтар. Олардың алуан түрлілігі, жапырақ формасын сыртқы ортаның әсер етуі. Жапырақ гетерофилиясы, механикасы метаморфозасы туралы түсіндіру. олардың айырмашылығына көңіл бөлу. Жапырақтың анатомиялық құрылысындағы экологиялық факторларға байланысты болатын өзгерістер. Жарықта, көлеңкеде, далалы, шөл далалы жерлерде өсетін өсімдіктердің құрылысындағы анатомиялық өзгерістер.

Жапырақ дегеніміз өсуі шектелген бүйірлік орган. Ол қыстырмалы меристеманың белсендігінің нәтижесінде түп жағымен немесе барлық жағымен ұлғайып өседі. Ағаштар мен бұталарда бұл уақытша орган.

Жапырақтың атқаратын қызметтері: фотосинтез, газдың алмасуын және судың булануын реттеу болып табылады. Сонымен бірге жапырақтарда артық қор заттары жиналады, жекелеген жағдайларда жапырақ вегетативтік көбею қызметін де атқарады.

Бір жылдық өсімдіктердің жапырағының өмірінің ұзақтығы, сабақтың өмірінің ұзақтығымен бірдей, ал көп жылдық өсімдіктерде ол көп қысқа. Өсімдіктердің көпшілігінің жапырағы 1-11/2 жыл, кейбір жағдайда оданда аз өмір сүреді. Мәңгі жасыл өсімдіктердің жапырағы 1 жылдан 5 жылға дейін, ал кейбіреулерінде – 10-15 жыл өмір сүреді (шырша, араукария). Тек африка шөлінде өсетін вельвичияның жапырағы ғана, өсімдіктің тұрақты органы болып келеді және ол 90-100 жыл өмір сүреді.

Жапырақтың түсуі. Жара жарнақты және қос жарнақты шөптесін өсімдіктердің жапырақтары өледі және олар сабақта қала отырып, біртіндеп бұзылады. Қос жарнақты ағаштардың сағағының түп жағында бөліп тұрушы қабат пайда болады, оның клеткалары табиғи жолмен мацерацияланады. Бұл жағдайда жапырақтың түсуіне аздаған механикалық күштің әсерінің өзі жеткілікті болады (жел, жаңбыр). Жапырақ түскеннен кейін, оның сабақта қалған ізі тоз қабатымен жабылады. Оны жапырақ дағы (тыртығы) деп атайды.

Мәңгі жасыл өсімдіктердің жапырақтары бір уақытта түспейді. Жапырақтың түсуі физикалық (жазда) немесе физиологиялық (қыста) құрғақшылық кездерінде, өсімдіктерді судың булануынан сақтайтын биологиялық бейімдеушілік болып табылады. Жапырақтарымен бірге өсімдік бойында жиналып қалған экскреттік заттардан тазарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет