Жаратылыстану-математикалық бағыт 2023-2024 оқу жылы



бет7/8
Дата30.05.2024
өлшемі39.34 Kb.
#502109
1   2   3   4   5   6   7   8
10с ЖМБ емтихан материалы

ӘТН тапсырмасы
1.Оқылым мәтінінен сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған сөздерді табыңызөздерді сөзжасамдық тәсілдердің түрлеріне қарай топтастырыңыз.
1.Синтетикалық:___________________________________________________________________________________________________________________________________________
2.Аналитикалық:__________________________________________________________________________________________________________________________________________
3.Лексика–семантикалық тәсіл:_______________________________________


Оқылым

4 нұсқа Тапсырма. Мәтінді мұқият оқып шығып, төмендегі кестені толтырыңыз.




Алып мемлекетіміздегі ғасырлар бойы тұрған алпауыт ғимараттар мен ескерткіштер – талай тарихтың куәсі. Әр құрылыс нысаны – өз уақытының жемісі, сол кезеңдегі әлеуметтік, саяси, мәдени және техникалық мүмкіндіктердің айқын көрінісі. Олардың қойнауында мыңдаған жылдың сыры жатыр. Осы орайда жаңа маусымнан бастап «Kazakh TV» арнасы архитектуралық байлықтарымыз туралы «Сәулет өнері» бағдарламасын ұсынды. «Kazakh TV» арнасының Бас продюсері Айкүміс Сексенбаеваның айтуынша ғимараттардың құпия-сырларына үңілу арқылы бізге жұмбақ болып келген дүниелердің шешімін табуға болады. «Сәулет өнері» жобасының шығармашылық ұжымы отандастарымызды еліміздің сұлу да ғажайып нысандарымен таныстырады. Байтақ еліміз уақыт сынына сыр бермей, сан ғасырды артта қалдырған асыл қазыналарға толы. Мысалы, Ахмет Яссауи кесенесі, Жаркент мешіті, Алматы қаласындағы көптеген ескі кешендер әлі күнге дейін сынын жоймай келеді. Дархан даламыздың көп жылдық тарихы мен мәдениеті, талғамы мен танымы, сәулеткерлік өнеріннің бағыты мен бағдарын бойына жинақтаған мұндай жәдігерлерді жан-жақты зерттеу маңызды. Сондықтан бағдарламаның көрерменге берері мол» дейді. Расында да, бұл ғимараттарда мемлекетіміздің басынан өткен ауыр кезеңдер мен қуанышты сәттердің ізі қалды, дәл осы кешендердің ішінде еліміз үшін ең маңызды мәселелер шешілді, вокзалдар талай тұлғаларды күтіп алып, талайын шығарып салды, ал қазіргі аспанмен таласқан биік-биік жобалар заманауи Қазақстанның бейнесін жасауда. Француз архитекторы Поль Гурдэні Алматы қаласының тарихи орталығымен не байланыстырады, неліктен Жаркенттегі мешіт қытай сәулетшісі Хон Пикенің біздің күнімізге дейін сақталған жалғыз туындысы, Уалихановтардың «Сырымбет» үй-жайы қайда орналасқан, ұмыт болған есімдер мен белгісіз деректер, қазіргі тарих пен ұлттың бет бейнесі, осының бәрі бағдарламаға арқау болады. Тағы «Сәулет өнері» жобасы еуропаның архитектуралық стилі мен азияның эклектикасының тоғысуы туралы, сондай-ақ қираған үйінділерден алып қалалар мен шаһарлардың қайта салынуы жөнінде әңгімелейді. «Қазіргі таңда шығармашылық ұжым Түркістан, Орал, Алматы және Жаркент қалаларында болып, ондағы ең маңызды ескерткіштер жөнінде сөз етті. Хабардың әр бөліміне елімізбен қатар шетелдің беделді архитекторлары қатысады. Мысалы, бағдарламаның алғашқы бөлімінде танымал отандасымыз Сағындық Жанболатов пен Алмас Ордабаевтың пікірлері берілді. Сонымен қатар Лондон қаласындағы әйгілі Норман Фостермен сұхбаттасу үшін келіссөздер жүргізілуде. Өздеріңіз білетіндей ол Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім сарайы», «Хан Шатыр» және «Назарбаев орталығы» сынды көптеген ғимараттардың авторы» - дейді «Kazakh TV» арнасының Бас продюсері Айкүміс Сексенбаева. «Сәулет өнері» жобасының ұжымы жыл соңына дейін Қазақстандағы мешіттер, кеңестік кезеңнен қалған құрылыстар, тарихи орындар туралы 15 шығарылым жасауды жоспарлап отыр. «Тағы бір айта кетерлігі, біз тек ескі ғимараттардың тарихына ғана үңіліп қоймай, сондай-ақ заманауи архитектуралық жауһарларымыз жөнінде де сөз етеміз. Қазақстандағы жас архитекторлар мен шет мемлекеттерде аты шығып, өзінің талантымен әлемді мойындатып жүрген отандастарымыз туралы да хабар барысында айтылады» - деп қоса кетті арнаның Бас продюсері Айкүміс Сексенбаева. Гүлжанар Жарқынбекқызы https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/habar/49276/



Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз

Қандай мәселе көтерілген?

Мәліметтер мен пікірлерді
анықтап жазыңыз.


















Жазылым

Эссе жазу барысында қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтауды, абзац бен бөліктерге бөлуді, ойыңызды логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізуді, жазылымға сай стильді ұстануды ескеріңіздер. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу,келіспеу» эссесі, аргументативті эссе).Сөз саны-140-150


4. Қазақстанда әлемнің түрлі архитектуралық стилінде салынған ғимараттар мен үйлерді көруге болады. Осыған орай «Қазіргі таңда еліміздің сәулет өнері қандай дәрежеде? деген сұраққа өз пікіріңізді дәлелдеп аргументтік эссе жазыңыз



    1. Эссе жазу барысында төмендегі клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданыңыз.

  1. абзац

Кіріспе сөз тіркестері / фразалар/.

  • Бұл халық арасында саналады...

  • Адамдар жиі бекітеді, ..

  • Көп адамдар ойлайды, ..

  • Кейбір адамдар қарсы...

  1. абзац

Өз көзқарасыңды білдіретін фразалар

  • Бұл жағдайда мен өз көзқарасымды түсіндірсем деп едім

  • Бұл мәселе бойынша мен өз ойымды білдірсем деп едім Талқыланған мәселенің артықшылығын білдіретін фразалар

  • Айтылғандай, мен соның пайдасына ... бірнеше себептерге

  • Соның пайдасына айтылатын көптеген заттар бар...

  • Ең жақсы. Ол..туралы..табылады... Көзқарасты санамалап шығу фразалары

  • Біріншіден, ең әуелі...

  • Бірінші кезекте...

  • Содан бастайық...

  • Екіншіден,үшіншіден, ақырында...

  • Соңғы кезекте емес...

Жаңа аргументтер қосатын фразалар

  • Бұдан басқа...

  • Сондай-ақ...

  • Бұдан басқа,..сондай-ақ...

  • Тек қана емес...

  • Бұдан өзгеше...

  • Ол туралы сөйлемей-ақ, ...

  1. абзац

  • Кейбір адамдар ойлайды, ...

  • Алайда олар түсінбейді, ...

  • Олар есепке алмайды,..

  • Олар ұмытады,...

  • Кейбір адамдар сендіреді,...

  • Мен онымен келісе алмаймын, өйткені...

  • Мен бұл пікірмен келісе алмаймын,өйткені...

  1. абзац

Қорытынды фразалар

  • Толықтай алғанда...

  • Қорытындысында...

  • Қорытындылай келе...

  • Барлық жағдайларды ескере отыра...

  • Соңында...

  • Барлығын ескере отыра...

__________________________________________________________________________________________________________________________________________


___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет