ӘТН тапсырмасы
3-тапсырма.Оқылым мәтінінен сөзжасамдық норма арқылы жасалған сөздерді кестеге толтыр.
Туынды сөз
|
Біріккен сөз
|
Қос сөз
|
Тіркесті сөз
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Оқылым
№2 нұсқа Тапсырма. Мәтінді мұқият оқып шығып, төмендегі кестені толтырыңыз.
Жалпы Қазақстанда тұтастай индустрияландыру бағдарламасын қолға алудың өзі батыл қадаммен пара-пар еді. Өйткені Мемлекет басшысы айтқандай, «Біз инновациялық-индустриялық секторды тақыр жерден бастадық». Десе де, елдік бағыттың дұрыстығы бірінші бесжылдықтағы табыстармен айқын білінді, бүгінде жоғары өнімнің жетістіктерін жұртшылық сезіне бастады. Индустрияландыру шарапатының арқасында іске қосылған нысандардан бюджетке триллиондаған теңгенің өнімдері түссе, жер-жерлерде құрылған жұмыс орындары ел игілігіне қызмет етуде. Бастысы, еліміздің экономикалық құрылымын өзгертуде маңызды қадам жасалып, жаһандық экономиканың алмағайып жағдайында дағдарысқа қарсы ден қоюдың теңдессіз тәжірибесін бастан өткердік. Нәтижесінде, Қазақстанда алғашқы бесжылдықтың өзінде 770-тен астам кәсіпорын іске қосылды, соның арқасында өңдеуші өнеркәсіптің құрылымы өзгеріп, отандық экономикадағы дәстүрлі, қуатты металлургия, азық-түлік өнеркәсібіне қосымша жаңа бағыттар ашылды. Қазақстанда индустрияландырудың алғашқы жылдары өңдеуші өнеркәсіп өсімінің қарқыны дәстүрлі өндіру саласынан алғаш рет асып түсті. Яғни 2011 жылдан бастап өңдеуші сектордың өсімі тау-кен өндіру саласын басып оза бастады. Соған орай, Қазақстан өңдеуші өнеркәсіп секторының нақты өсімі бойынша Кеден одағы елдері арасында көшбасшы елге айналды.
Жалпы Ұлттық Өнім (ЖҰӨ) бір елдің баға бойынша есептелген, жыл бойы шығарған, дайын өнімін құрайды. Оған сол елде және сол елдің иелігіне жататын, шет елдерде шығарылған өнім құны да кіреді. ЖҰӨ-нің жалпы ұлттық табыстан айырмашылығы — оған өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлардың амортизациясы және өндірістік емес жүйелер мен сыртқы экономикасы қызметтен түсетін табыстар да қосылады. ЖҰӨ-ді есептеудің әдістері ЖҰӨ-ді есептеудің бірнеше әдістері қалыптасқан: Қосымша құнды, шығынды және табысты қосу арқылы; Барлық кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халық ш-нда материалдық игіліктер өндіретін халықтың еңбекақысы мен басқадай табыстарын, әлеуметтік қамтамасыздандыру төлемдерін, пайда мен басқадай табыстарды, сондай-ақ, амортизациялық төлемдерді қосу арқылы. Соңғы тәсіл бойынша халықтың тауарлар мен қызметті тұтыну құны, қоғамдық ұйымдардың қызмет құны, ғылым мен басқару буындарына көрсетілген қызмет құны, қор жинау (күрделі қаржы және басқалар), сыртқы сауда сальдосы, экон. қызметтен түскен табыс сальдосы сияқтыларды қосу арқылы анықталады. ЖҰӨ шамасына баға деңгейінің әсері мол, ол баға индексі арқылы беріледі де, ағымдағы бағамен есептелген ұлттық өнім жалпылама (номинальді) көрсеткіш болып аталса, баға деңгейімен түзетілген ұлттық өнім нақты ЖҰӨ болып табылады. Ол ұлттық экономиканың дәл сипаттамасын береді. Қазақстандағы жалпы ұлттық өнім және оны есептеу әдістері Көптеген тауарлар және қызмет түрлері ЖҰӨ-де нарықтағы бағаларымен есептелінеді, ал кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлері нарықта сипатталмайды, сол себепті нарықтық бағасы жоқ. Дегенмен, осы көрсетілген кызмет құны ЖҰӨ- ге енгізілуі керек, сол үшін біз оларды өлшеуіміз керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелінген құн атауға ие болады. Мысалға, тұрғындарға әкімшілік, полиция және өрт сөндірушілер қызмет көрсетеді. Осы көрсетілген қызмет құнын бағалау қиын, себебі олар сатылмайды және нарық бағасын иемденбейді. ЖҰӨ құрамында осы мемлекеттік жұмысшылар өнімінің құнының көрсеткіші олардың жалақысы болып табылады. Яғни, ЖҰӨ-де арнайы есептелінген құн жалға берілген жеке үйлер, машиналар және ұзақ қолданылатын тауарлар іс жүзінде жасалынбайды. Онымен қатар кейбір тауарлар үйде жасалынып, үйде қолданылады, олар нарықта болмайды.
(286 сөз). https://el.kz/kz/news/archive/content-5061
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз
|
Қандай мәселе көтерілген?
|
Мәліметтер мен пікірлерді
анықтап жазыңыз.
|
|
|
|
|
|
|
Жазылым
Эссе жазу барысында қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтауды, абзац бен бөліктерге бөлуді, ойыңызды логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізуді, жазылымға сай стильді ұстануды ескеріңіздер. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу,келіспеу» эссесі, аргументативті эссе).Сөз саны-140-150
«Индустрияландыру-ұлттық өнім» қазақстандағы жалпы ішкі өнім жыл санап өсіп келе жатқандығын дәлелдеп аргументтік эссе жазыңыз.
Эссе жазу барысында төмендегі клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданыңыз.
абзац
Кіріспе сөз тіркестері / фразалар/.
Бұл халық арасында саналады...
Адамдар жиі бекітеді, ..
Көп адамдар ойлайды, ..
Кейбір адамдар қарсы...
абзац
Өз көзқарасыңды білдіретін фразалар
Бұл жағдайда мен өз көзқарасымды түсіндірсем деп едім
Бұл мәселе бойынша мен өз ойымды білдірсем деп едім Талқыланған мәселенің артықшылығын білдіретін фразалар
Айтылғандай, мен соның пайдасына ... бірнеше себептерге
Соның пайдасына айтылатын көптеген заттар бар...
Ең жақсы. Ол..туралы..табылады... Көзқарасты санамалап шығу фразалары
Біріншіден, ең әуелі...
Бірінші кезекте...
Содан бастайық...
Екіншіден,үшіншіден, ақырында...
Соңғы кезекте емес...
Жаңа аргументтер қосатын фразалар
Бұдан басқа...
Сондай-ақ...
Бұдан басқа,..сондай-ақ...
Тек қана емес...
Бұдан өзгеше...
Ол туралы сөйлемей-ақ, ...
абзац
Кейбір адамдар ойлайды, ...
Алайда олар түсінбейді, ...
Олар есепке алмайды,..
Олар ұмытады,...
Кейбір адамдар сендіреді,...
Мен онымен келісе алмаймын, өйткені...
Мен бұл пікірмен келісе алмаймын,өйткені...
абзац
Қорытынды фразалар
Толықтай алғанда...
Қорытындысында...
Қорытындылай келе...
Барлық жағдайларды ескере отыра...
Соңында...
Барлығын ескере отыра...
__________________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |