Жарыққа шыққан еңбектің библиографиялық сипаттамасы



Дата22.02.2016
өлшемі80 Kb.
#46
* * *

1984 жылы халықаралық ақпараттық-іздеу жүйесі құрылғаннан бері, басылымға шығатын туындыларды библиографиялық тұрғыдан сипаттау ережесі пайда болды (ГОСТ 7.1-84). 2003 жылдың 2 шілдесінде (№ 12 бұйрық) құрамына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты кіретін Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық кеңесі «Межгосударственный стандарт: Система стандартов по информации, библиотечному и издательскому делу» (М.: Изд-во стандартов, 2004) құжатын қабылдады. Аталмыш стандарт ғылыми, әдістемелік және басқа әдебиетті библиографиялық тұрғыдан сипаттаудың негізгі ережелерін ұсынады.


Жарыққа шыққан еңбектің библиографиялық сипаттамасы
Библиографиялық сипаттама белгілі бір қатарда бірінен соң бірі келетін бірнеше құрамдас бөліктерден тұрады.
Басылым туындыларын сипаттау элементтері:


  1. Автордың аты-жөні;

  2. Кітаптың (жинақтың) атауы;

  3. Жанрын анықтайтын тақырыпшалық мәлімет (қос нүктеден кейін), редактордың фамилиясы (қисық сызықтан кейін);

  4. Томдардың, бөлімдер немесе шығарылымдардың саны (араб сандарымен) және мінездеме (түзетілген, толықтырылған);

  5. Сипатталатын еңбек томы, бөлімі, шығарылымының нөмірі (болған жағдайда).

  6. Шығу мәліметтері: басылып шыққан жері (қала), баспа немесе шығаратын ұйымның атауы (тырнақшасыз), басылып шыққан жылы;

  7. Есептеу бірліктері көрсетілген көлемі туралы мәлімет (бет, парақ саны)

▼ 6-тармақта басылып шыққан жерін көрсеткеннен кейін қос нүкте қойылады, баспа атауынан кейін үтір қойылады (Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2002.). Баспа атауы болмаған жағдайда, басылып шыққан жылы басылып шыққан жерінен кейін үтір арқылы жазылады (Алматы, 2003.).

▼ 4-7-тармақтардың арасы сызықша белгісімен бөлінеді (Жукеев Е.Т. Таңдаулы туынд.: 2 т. – Т.1. М.: Көркем әдеб., 1990. 235 б.).

▼ Айтылып кеткен құрамдас бөліктің әрқайсысы бас әріппен жазылады.

▼ Кітаптың мұқабасында мәліметтер толық көрсетілмеуіне байланысты, кітапты сипаттау элементтері мұқабадан емес, бірінші беттен алынады.

▼ Библиографиялық сипаттамалардың кез-келген элементінде еркінше қысқартулар жасауға болмайды.

▼ Баспаға шыққан жылды көрсеткенде, «жыл» сөзі немесе («ж.») жазылмайды.

▼ Газет немесе журналда шыққан мақала туралы сипаттама бергенде, басылым атауы тырнақшасыз жазылады, одан соң араб сандарымен шыққан жылы, томы, шығарылымы, нөмірі (газет үшін – еңбектің шыққан күні, айы) және мақала жарияланған беттері көрсетіледі. Журнал/газетте мақаланы сипаттау элементтері өзара сызықша белгісімен бөлінеді (Әдебиет сұрақтары. – 1997. – № 7. – Б. 47-59. немесе Орталық Қазақстан. – 1985. – 17 қаңт. – Б. 3.).



Пайдаланылатын тыныс белгілері
Библиографиялық сипаттамаларды айыру үшін шекаралық белгілер жүйесі құрылған. Олардың пайдалануы тыныс белгілері ережелеріне байланысты еместігін есте сақтаған жөн.


1

Нүкте

.

2

Үтір

,

3

Қос нүкте

:

4

Нүкте мен үтір

;

5

Сызықша



6

Қисық сызық

/

7

Тырнақша

« »

8

Жақша

( )

9

Қос қисық сызық

//


Қала атаулары мен сөздердің қысқартылған түрлері



1

Халықаралық

Халықарал.

2

Республикалық

Респуб.

3

Аймақтық

Аймақ.

4

Жооаралық

Жооара.

5

Теориялық

Теор.

6

Ғылыми

Ғыл.

7

Техникалық

Техн.

8

Әдістемелік

Әдіст.

9

Оқу

Оқу

10

Студенттік

Студ.

11

Конференция

Конф.

12

Мақалалар жинағы

Мақ.жин.

13

Баяндамалар жинағы

Баянд.жин.

14

Оқу құралы

Оқу құр.

15

Шығарылым

Шығар.

16

Бөлім

Бөл.

17

Том

Т.

18

Баспа

Баспа

19

Нұсқаулар

Нұсқау

20

Ұсыныстар

Ұсын.

21

Мәскеу

М.

22

Санкт-Петербург

СПб.

23

Ростов-на-Дону

Ростов-на-Д.

24

Мемлекеттік

Мемл.

25

Университет

ун-т

26

Баспа

Баспа

27

London

L.

28

New York

NY


Ізденушінің жарыққа шыққан ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектер тізімін дұрыс рәсімдеу ережелері1


  1. Бірінші бағанда (р/с №) еңбектердің реттік нөмірі көрсетіледі.




  1. Екінші бағанда («Атау») мақала, монография, оқу құралының аты көрсетіледі.

  2. Үшінші бағанда жұмыс сипаты («Жұмыс сипаты») және жанры беріледі «Баспа (монография)», «Баспа (оқу-әдістемелік құралы)», «Баспа (оқулық)», «Баспа (мақала)», «Баспа (әдістемелік нұсқау)», «Баспа (тезистер)», «Патент», «Депон.(мақала)».




  1. Төртінші бағанда («Баспа, журнал (атауы, №, жыл), авторлық куәлік №») көрсетіледі:

- мақала үшін:

а) мақала шыққан журнал, жинақ атауы;

ә) басылым жанры (мақалалар жинағы, конференция материалдары және т.б.);

б) жақшада конференцияның өту мерзімі көрсетіледі (егер мақала конференцияның материалдары бойынша алынса), одан соң қисық сызық арқылы (/) басылымды шығаратын мекеменің аты жазылады;

в) жалпы том, бөлім, шығарылым саны (егер бар болса);

г) шығу мәліметтері (қала, баспа, жыл);

д) мақала орналасқан том, шығарылым, бөлім нөмірі (болған жағдайда);

е) мақала орналасқан бет нөмірі, (сызықшадан кейін, беттерді көрсетпес бұрын Б. бас әрпі жазылады);


- монография, оқу құралы, оқулық және т.с.с.:

а) том, шығарылым, бөлімдердің жалпы саны (егер бар болса);

ә) шығу мәліметтері (қала, баспа, жыл);

б) баяндалатын еңбектің том, шығарылым, бөлім нөмірі (егер бар болса);

г) баяндалған еңбектегі жалпы беттер саны (беттердің санын көрсеткеннен кейін кішкентай б. әрпі жазылады );

- патент үшін:

а) куәлік нөмірі;

б) тіркеу күні.
5. Бесінші бағанда («Көлем») беттердің немесе баспа табақ саны көрсетіледі (жүйеге келтіру қажет).
6. Алтыншы бағанда («қосалқы автордың аты-жөні») қосалқы автор(-лар)дың аты-жөні көрсетіледі. Егер қосалқы авторлар үшеуден көп болса, онда екі қосалқы автордың аты-жөнін көрсетіп, «және т.б.» деп жазу керек.
7. Кандидат және ғылым докторына тізімді рәсімдеу кезінде «Кандидаттық (докторлық) диссертация қорғағанға дейінгі жарияланған ғылыми және оқу- әдістемелік еңбектер» және «Кандидаттық (докторлық) диссертация қорғағанна кейінгі жарияланған ғылыми және оқу- әдістемелік еңбектер» атты бөлімдер жасау ұсынылады (үлгіні қара).

7. Қолжазба құқығында шығарылатын авторефераттар, магистр, кандидат және ғылым докторы ғылыми атағына ізденуші диссертациялары тізімде көрсетілмейді.


Баспа табақтарды есептеу әдісі
1. Мәтіннің 16 (он алты) стандартты беті бір баспа табақты құрайды.

2. Шеттері 3х2,5х1,5х2,5 құрайтын А4 форматында (бет көлемі 210х297 мм) 14 (он төртінші) шрифтпен "жалқы" интервалмен терілген мәтін стандартты бет болып табылады.

3. Прозалық мәтіннің бір беті орташа алғанда 44-48 жолдан тұрады, олардың әрқайсысында 64 позиция (әріп, тыныс белгілері, белгілеулер, интервалдары бар белгілер) бар.
4. Тақпақ мәтінінің бір баспа табағы 700 жолдан тұрады.


  1. Математикалық есептеулер, формулалар, графиктер, сызбалар, кестелерден тұратын бір баспа табақ 300 шаршы см графикалық материалдан тұрады.

6. Жарияланған жинақтағы мақаланың, баяндама тезистерінің баспа табақтағы көлемін есептеген кезде, библиографиялық сипаттамадағы көрсетілген басылымның жалпы баспа табақ көлеміне сүйену қажет. Бұл көрсеткіш жинақтың жалпы беттер санына бөлінеді, осылайша бір беттің баспа табақтағы көлемі есептеледі. Алынған бірлік баспа табақтағы көлемі есептелетін мақаланың беттер санына көбейтіледі.


Х ÷ У × Н = Z,

бұл жерде:

Х – жинақтың баспа табақтағы жалпы көлемі,

У – жинақтағы беттер саны,

Н – көлемі есептеліп отырған мақаланың беттер саны,

Z – баспа табақтағы мақаланың көлемі.

үлгі

Оспанова Әлия Қасеновның жарыққа шыққан ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектерінің



ТІЗІМІ

N

п/п



Атауы

Жұмыс сипаты

Баспа, журнал (атауы, жылы, №)

авторлық куәліктің №


Көлемі

Қосалқы авторлардың аты- жөні, тегі


1

2

3


4

5

6

Кандидаттық (докторлық) диссертация қорғағанға дейінгі жарияланған ғылыми және оқу- әдістемелік еңбектер

1

Мектептегі практикаға арналған әдістемелік нұсқаулар


Баспа

(әдіс. нұсқа)



Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2001. – 17 б.

1 б.т.




2

Семинар сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін пайдалану


Баспа

(мақала)


ҚР жоғары білімнің маңызды сұрақтары: Вузаралық ғылыми- әдіс. конф. материалдары (27 наурыз 2002 ж.) /ҚарМУ. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2002. – Б. 135-143.


0,5 б.т.

Смағұлов Т.Т.

3


Жастар арасындағы патриоттық тәрбие

Баспа

(мақала)


ҚарМУ хабаршысы. – Педагогика сериясы. – 2002. - № 3 (27). – Б. 47-55.

0,5 б.т.



Ізденуші А.Қ.Оспанова


Тізім расталды. Кафедра меңгерушісі Е.И. Суворина


Ғалым хатшы А.Т. Мустояпова


1

2

3

4

5

6

4

Жоғары сынып оқушыларының құқықтық тәрбиесі

Баспа

(оқу құрал)



Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2003. – 162 б.

10 б.т.

Мұсабеков М.Р., Қоянбаев С.А. және т.б.

5

Математика сабағында ТСО-ны пайдалану мүмкіндігі

Баспа

(мақала)


Мектептерде математика сабағын беру әдісінің қиындықтары/ҚарМУ. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2003. - Б.35-43.

0,5 б.т.




Кандидаттық (докторлық) диссертация қорғағаннан кейінгі жарияланған ғылыми және оқу- әдістемелік еңбектер

6

Жастар арасындағы заң бұзушылық

Баспа

(мақала)


Үлкен мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу қиындығы: Ғылыми еңбектер жиынтығы/ Ақанов А.С. - Алматы, 2003. - Б. 49-65.

1 б.т.




7

Жасөспірімдік кезең

Электронды оқулық

24.12.2003, куәлік № 046

40,9 МГБ




8

Жасөспірімдер туралы

Патент

15.07.2004, авторлық куәлік № 40772







9

Аналитикалық химия

Баспа.

(типтік бағдарлама)



Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004. - 9 б.

0,6 б.т.




Ізденуші А.Қ.Оспанова


Тізім расталды. Кафедра меңгерушісі Е.И. Суворина


Ғалым хатшы А.Т. Мустояпова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет