Жарылғыш материалдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


-параграф. Сұйық мұнай өнімдерімен жұмыс істеу ережесі



бет5/8
Дата21.06.2016
өлшемі0.79 Mb.
#152768
1   2   3   4   5   6   7   8

6-параграф. Сұйық мұнай өнімдерімен жұмыс істеу ережесі
298. Құятын құрылғылар жерге қосылады, жұмысты бастамас бұрын олардың сенімді түрде жерге қосылғандығы тексеріледі.

299. Мұнай өнімдерін құю кезінде шашыратуға, тозаңдатуға немесе қатты араластыруға болмайды.

Жұмыстарды жүргізу барысында мұнай өніміне суды немесе механикалық қоспаны өткізбеу қадағаланады.

Құбыр арқылы мұнай өнімдерінің қозғалыс жылдамдығы және олардың аппаратқа өтуі, тиеу құбырының орналасуы, оның ұшынан бастап қабылдау ыдысының түбіне дейінгі қашықтық технологиялық регламентке сәйкес қабылданады.

300. Дуалды құбырларда ұштарында құбырға өлшенген қатты бөгде заттардың өтуінен алдын алу үшін металл торлар орнатылады.

301. Мұнай өнімдерін кенет төгіп алған кезде оларды қалақтың және ескі заттың көмегімен бөлек ыдысқа жинап, жою үшін жөнелтеді. Төгілген орын белсенділігі шамалы заты бар жуатын құрамды қосып, ыстық сумен жуылады және ескі заттармен құрғатылады, кейін оны да жоюға жібереді. Мұнай өнімдерінің канализацияға түсуіне жол берілмейді.

Орынжайдан тыс жерге төгілген кезде төгілген орынға құм себіледі, кейін оны жинап, жағуға жібереді.

302. Сұйық мұнай өнімдері сақталатын немесе олармен жұмыс жүргізілетін орынжайларда ұшқын шығатын немесе ашық отты пайдаланумен байланысты әр түрлі жұмыстарды жүргізуге болмайды.

Резервуарларды ашы және жабу кезінде соққы және үйкеліс кезінде ұшқын бермейтін аспап пайдаланылады.

303. Мұнай өнімдерінің қоймасы қажет болған жағдайда тұтқырлықты қажетті деңгейде ұстау үшін қысқы уақытта жылытылады.

Мұнай өнімдерін қыздыруға арналған аппараттар мен сыйымдылықтар қақпақтармен және жұмыс аймағынан буды бұру үшін желдеткішпен жабдықталады. Мұнай өнімдерін мұнай өнімдерінің өздігінен тұтану температурасынан жоғары қыздыруға болмайды. Мұнай өнімдерін қыздыру температурасы термометрлермен, температуралық релемен бақыланады.

304. Сұйық мұнай өнімдерін найзағай кезінде құюға, сақтауға және оларды ашық сыйымдылықтарда тасымалдауға болмайды. Ұшқын разрядтарының қауіптілігін болдырмау үшін сұйық мұнай өнімдерінің бетінде қалқыма заттардың болуына жол берілмейді.

305. Мұнай өнімдерімен ластанған сүрту материалдары, құм өртегенге дейін жанбайтын материалдан жасалған қақпағы бар металл жәшіктерде сақталады.

306. Жер асты ТДБ қоймаларына мұнай өнімдері жанар-жағармай материалдарын тасымалдау үшін арнайы жабдықталған және өздігінен жүретін рельссіз көлікпен жеткізіледі. Жеткізу мұнай өнімдерін тұрақты сыйымдылыққа аударып құю немесе оны шахталық вагоншаның шассиіне сақтай отырып жүзеге асырылады.

307. Мұнай өнімдерін тиісті өртке қарсы шараларды сақтаған жағдайда ұңғымаларға тұрақты төселген құбырлар арқылы үстінен беруге болады. Мұндай құрылғының жобасы белгіленген тәртіппен келісіледі.

Мұнай өнімдерін тұрақты құбыр арқылы резервтік сыйымдылықтан жер асты қазбаларына төселген негізгі сыйымдылыққа белгіленген тәртіппен келісілген жоба бойынша қотарылады.

308. Мұнай өнімдерін тасымалдау және сақтау үшін оларды жабу кезінде ұшқын түзілуді болдырмауға кепілдік беретін төсемдермен сұйық жанғыштың деңгейін өлшеу үшін металл ойма тығындары мен люктердің қақпақтары бар металл сыйымдылықтар қолданылады. Сыйымдылықтың қабырғаларында өлшеу шынылары мен сынама крандарын орнатуға болмайды. Толтырылған және босатылған сыйымдылық үнемі жабық болады.

309. Сұйық мұнай өнімдерін араластырғышқа мөлшерлеп беру үшін олардың үстінен көлемі ТДБ тәуліктік қажеттілігіне дейінгі, негізгі сыйымдылықпен арынды және құю құбырларымен қосылған шығын сыйымдылығы орнатылады. Құю құбырының диаметрі арынды құбырдың диаметрінен үлкен болады. Құю құбырының ұшы шығыс сыйымдылығын толтыруды көзбен бақылау үшін негізгі сыйымдылықтың құятын мойнағынан 10 см жоғары бекітіледі.

310. Мұнай өнімін негізгі сыйымдылықтан шығыс сыйымдылығына беру мұнай өнімдерін қотарып алуға арналған сорғылармен немесе өздігінен ағызумен жүзеге асырылады.

311. Мұнай өнімін шығыс сыйымдылығынан араластырғышқа мөлшерлеу: сусыма құрамдас бөліктерді мөлшерлеу, оларды араластырғышқа тиеу, құрамдас бөліктерді араластырғышта араластыру сатыларында гравитациялық, электрлік немесе пневматикалық мөлшерлегішпен жүргізіледі.

312. Жер бетіндегі және жер асты ТДБ-де жеңіл ағатын эмульсияларды пайдалану кезінде оларға да сұйық мұнай өнімдеріне қойылатын талаптар қойылады. Эмульсия матрицалары арнайы Изотермиялық сыйымдылықтарда тасымалданады. Оларды ТДБ сақтау, тасымалдау және тұтыну орындарында сақтау жобамен анықталады.

11-тарау. Жарылғыш заттарды тұрақты дайындау бекеттерінің жабдығына қойылатын талаптар

1-параграф. Технологиялық жабдыққа қойылатын талаптар
313. Пайдаланылатын жабдықтың құрылымын тиісті құрылымдық құжаттама болған жағдайда өзгертуге болады.

314. Пайдалануға берілетін барлық жабдыққа пайдалану жөніндегі негізгі талаптар баяндалған паспорт дайындалады.

315. Жабдықтың құрылымы жабдықпен генерацияланатын ықтимал зиянкестердің шекті деңгейін қамтамасыз етеді.

316. Жарылу, өрт шығу қауіп бар орынжайлардың барлық жабдығы жерге қосылады.

317. ЖЗ араластырғыш-зарядтау және зарядтау машиналарына тиеу жерге қосатын өткізгішті машинадан жерге қосатын құрылғыға бір реттік қосқыштың немесе ажыратқыштың көмегімен кемінде 6 мм2 қимамен қосқаннан кейін ғана жүргізіледі. Жерге қосатын өткізгіштер мен байланыстырушы қабаттар тотығудан қорғалады.

318. Араластырғыш-зарядтау машиналары тек өзінің тікелей мақсаты бойынша ғана қолданылады.

319. Жабдықты (жаңа немесе жөндеуден кейін), бақылау-өлшеу аспаптарын, желдеткішті, өрт сөндіру құралдарын, жерге қосу жүйесін және статикалық электрден қорғағышты пайдалануға қабылдау тиісті актілерді рәсімдеу арқылы жүргізіледі.

320. Жабдықтың құрылымы мен жай-күйі жабдықтың үйкеліс бөлшектері арасындағы саңылауларға өнімдердің түсуін және ЖЗ мен тотықтырғыштарға майлау материалдарының өтуін болдырмайды.

321. Технологиялық жабдықтың қақпақтары, фланецтері мен люктері қайта өңделетін заттарға химиялық жағынан тұрақты эластикалық материалдардан жасалған төсемдер арқылы қосылады.

322. Қорғағыш құрылғылар мен қоршаулар құрылымдық құжаттама бойынша орындалады.

323. Жабдық, аспаптар, бақылау-өлшеу аспаптарының құралдары мен аппаратура жөндеуден кейін оларға арналған техникалық сипаттамамен қанағаттандырылады.

Жарылыстан қорғалған электр жабдығын жөндеу белгіленген тәртіптен жүргізіледі.

324. Барлық аппараттар мен сыйымдылықтар ішкі жағынан тексеру және тазалау үшін қол жеткілікті болып орындалады.

325. Ұзақ уақыт бойы тұрғанда ыдырауға бейім заттар шығарылатын және дайындалатын жабдықта, мұндай заттарды тасымалдауға арналған коммуникацияларда өнімнің жиналуы, қатпарлануы ықтимал жерлер болмайды, ал аппараттар мен коммуникациялардың беті тегіс, өнімнен оңай тазаланатын етіп орындалады.

326. Сыртқы қабатының температурасы 45ºС астам және қызмет көрсету жағдайлары бойынша персонал оларға тікелей жақын жылу коммуникациялары үшін жылу оқшаулағыш немесе қоршау қарастырылады.

Жылу оқшаулағыш материалдар жанбайтын және қайта өңделетін заттарға қатысты химиялық инертті болып орындалады.

327. Жабдықтың құрылымдық материалдары қайта өңделетін ЖЗ, құрамдас бөліктермен және жартылай дайын өнімдермен өзара әрекетке түспеуі қажет. Жабдық пен оның бөлшектерін дайындау үшін мысты, мырышты, қорғасын мен оның қорытпаларын осы материалдардың тотықтырғыштармен байланысуы ықтимал жерлерде пайдалануға болмайды.

328. Жарылу, өрт шығу қаупі бар заттармен жанасатын жабдықтың бөлшектері соққы және үйкеліс кезінде ұшқын бермейтін материалдардан жасалады.

329. Жабдықтың құрылымы 5 м/с аспайтын жылжымайтын немесе жылжитын қабатқа қатысты ЖЗ бөлшектерінің қозғалыс жылдамдығын қамтамасыз етеді.

330. Білік камераларда немесе ЖЗ болуы ықтимал жазықтықтарда орналасқан ұсақтау, ауыстыру, тасымалдау немесе мөлшерлеу құрылғыларының атқарушы органдарының қозғалуына әкелген жағдайда біліктің мойынтіректері жеке орындалады. Мойынтіректер мен жарылғыш заттың өту жолын бөліп тұратын қабырға арасындағы көрінетін айыру жолы кемінде 40 мм құрайды. ЖЗ ағынының ішінде орналасқан аспалы мойынтіректерді орнатуға болмайды.

ЖЗ қозғалыс жолын бөлетін қабырға арқылы біліктің өту орындарында тығыздағыштар орналастырылады.

331. Жеке мойынтіректер мойынтіректердің қақпақтарына тығыздамаларды орнатып тығындалады. Тығыздау элементтері ретінде фторопласт-4 немесе қасиеттері осыған ұқсас өзге материалдар қолданылады.

332. Білік жетегінің редукторын камерада немесе ЖЗ болуы мүмкін жазықтықта орналастыруға болады. Мұндай жағдайда редуктордың оны майдың ағуынан және одан ЖЗ тозаңының түсуінен сенімді түрде сақтандырын құрылымы болады. Редуктордағы майдың деңгейі мен температурасы ЖЗ өту жолынан тыс орналасқан оны қосатын кеңейткіш бөшкенің көмегімен бақыланады.

333. Араластырғыш қондырғылардың, тиеу жолдарының және жинақтаушы бункерлердің иірлік бұрамалары үшін бункерлер мен тиеу жолдарының шамадан тыс толтыру және иірліктердің бүйір жақ бөліктерінде дайын өнімнің тығыздалып басылу мүмкіндігін болдырмайтын құрылымдық элементтер қарастырылады.

Тиеу иірлік бұрамалары 45 кГм шекті мезгіліне есептелген тілік штифті бар сақтандыру муфтасының (жартылай муфтасының) редукторының баяу жүрісті білігімен қосылады.

Тиеу жолдары мүмкіндігінше ашық түрде орындалады. Жабық түрдегі жолдарды орнату кезінде олар жеңіл қақпақпен жабылатын, тиеу жолы шамадан тыс толған кезде тиеуге ЖЗ қозғалатын топсалармен ашылатын қосымша (авариялық) тиеу ойықтарымен жарақталады.

Жинақтаушы бункерлердің жоғарғы бөлігінде бункердің асыра толтыруына кедергі келтіретін ойылған тесігі болады.

334. Араластырғыш қондырғы авария (қоспаның қызуы және өздігінен тұтануы) болған жағдайға адамдардың болуы мүмкін авариялық дабылды өзге орынжайға шығарып, дыбыс және (немесе) жарық дабылын беріп бұғаттайтын, жетекті тоқтатын авариялық түймемен жарақталады.

Араластырғыштың жетекті тоқтататын авариялық түймесі араластырғышқа өртке қарсы сыйымдылықтан су беруге арналған құрылғымен бұғатталады.

335. Қашықтықтан басқарылатын жабдық үшін оларды жұмыс орнынан іске қосу және тоқтату үшін жұмысты қатар атқаратын құрылғы орнатылады.

336. Пайдалануға қабылданатын жабдық, аспаптар, бақылау-өлшеу аспаптарының құралдары мен аппаратуралары ЖЗ-мен жұмыс істеуге жіберер алдында бос жүрісте және ұқсатқышта тексеріледі (егер бұл талап технологиялық регламентте қарастырылған болса), ол жөнінде акт дайындалып, оларды ЖЗ-мен жұмыс істеуге жіберу мүмкіндігі туралы көрсетіледі.

2-параграф. Технологиялық тасымалдау құрылғыларына қойылатын талаптар
337. ЖЗ мен тотықтырғыштарды тасымалдау үшін қолданылатын бұрама конвейерлерде (иірліктерде) жеке мойынтіректері болады. Иірлік бұрамалар иірліктердердің бүйіржақ бөліктерінде өнімнің тығыздалу және өнімдердің мойынтіректерге түсу мүмкіндігін және иірлік бұраманың корпусқа үйкелу мүмкіндігін болдырмайтындай етіп орындалады.

338. ЖЗ мен тотықтырғыштарды тасымалдауға арналған иірлік бұрамалар тоттанбайтын болаттан, ал конвейерлердің қаптамалары алюминий балқымасынан жасалады. Қаптамаларды тоттанбайтын болаттан дайындауға болады.

Басқа материалдарды тасымалдау үшін қара металдан жасалған иірлік бұрамалары бар бұрама конвейерлері орнатуға болады.

339. Конвейерлердің (таспалы, қырғыш және тағы басқа), элеваторлардың тартылыс күші органы тұрып қалған немесе үзілген жағдайда автоматты түрде тоқтатуды қамтамасыз ететін құрылғысы болады.

340. ЖЗ-ды ғимараттан ғимаратқа ауыстыру үшін пневмо ағызу немесе пневмовакуумдық көлікті жануды тоқтатқыштар мен детонацияны орнатқан жағдайда пайдалануға болады.

ЖЗ-ды ЖМ базистік немесе шығыс қоймасынан ТДБ ғимаратына жеткізу үшін пневмо ағызу немесе пневмовакуумдық көлікті пайдалануға болмайды.

341. Скип көтергіштер арқан ұштарының біреуі үзілген жағдайда скипті автоматты түрде ұстауды қамтамасыз ететін қос ұшты тарту арқанымен мен бекіткішпен орындалады. Скип көтергіштің жетегі энергия беру кенет тоқтаған жағдайда скипті автоматты тоқтатуды қамтамасыз етеді.

342. Құбыр өткізгіштер мен өзге де коммуникациялар электр өткізгіштерден үзілген немесе салбыраған кезде олармен жанасуын болдырмас үшін қорғалады.



3-параграф. Желдеткіш пен жылу беруге қойылатын талаптар
343. Желдеткіш жүйелерінің ауа өткізгіштерінде ауа сынамасын алу және жуу, тазалау, нақты өнімділігін тексеру үшін люктер қарастырылады.

344. Қолданысқа жаңадан немесе күрделі жөндеуден кейін енгізілген барлық желдету қондырғылары жерге қосылады, реттеледі, сыналады және актімен пайдалануға тапсырылады.

345. Барлық желдеткіш қондырғылары мен сүзгілерге паспорттар және жөндеу мен пайдалануды есепке алу журналдары ресімделеді.

346. Желдеткіш қондырғылары мен сүзгілерге пайдалану, тазалау және жөндеу жөніндегі технологиялық регламент әзірленеді.

347. Желдеткіш жүйесін тазалау, тексеру және алдын ала жөндеу бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

348. Жылу беру жүйелерін алдын ала жөндеу техникалық басшы бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.



4-параграф. Технологиялық жабдықты жөндеу
349. Жабдық пен орынжайды жөндеу жұмыстарына дайындау технологиялық регламент бойынша жүргізіледі.

350. Жөндеуге дайындалатын аппараттарды оларға су (немесе өзге инертті баяулататын сұйықтықты) толтыру кезінде буландырғаннан және жуғаннан кейін немесе аппаратты сыртқы жағынан ұқыпты тазартқаннан және оны суландырғаннан (немесе технологиялық регламентте көрсетілген өзге баяулататын сұйықтықпен) кейін ашуға болады.

351. Жұмыс ауысымы барысында жабдықтың едәуір жауапты тораптарында ақаулықтарды дер кезінде анықтау үшін мойынтірек тораптарының, редукторлардың, ауаны аспирациялау және желдету жүйесінің, көтергіш-жеткізу тетіктерінің жай-күйін жүйелі тексеру жүргізіледі.

352. ЖЗ қалдықтарымен аппараттардың және тасымалдаушы құрылғылардың ішкі қабаттарын тексеру кезінде осы Талаптың 220-тармағы бойынша шамдары пайдаланылады.



5-параграф. Отты пайдаланып жөндеу жұмыстары
353. Жабдық пен құрылғыны, оның ішінде дәнекерлеу немесе отты пайдаланып жүргізілетін өзге де жұмыстармен байланысты желдету жүйелерін жөндеу рұқсат наряды бойынша жүргізіледі.

Жөндеуге жататын жабдық 229-тармағына сәйкес дайындалады. Ауа жинағыштар, сүзгілер мен ауа өткізгіштер монтаждалады, бөлшектенеді, ТДБ тыс шығарылады және ыстық сумен жуылады.

Дайындық сапасын бақылау тұлғасы тексереді.

354. Үстірт ТДБ-дегі дәнекерлеу және өзге де отпен байланысты жұмыстарды тек күндізгі уақытта ғана жүргізуге болады.



6-параграф. Бақылау-өлшеу аспаптарына қойылатын талаптар
355. Жұмыс жүргізу қауіпсіздігі технологиялық регламентте көрсетілген температураны, қысымды, ылғалдылықты және өзге де өлшемдерді сақтауға байланысты аппараттар мен жабдық жобада көзделген бақылау-өлшеу аспаптарымен жарақталады. Мүмкіндігінше аппараттар мен жабдық тиісті өлшемдерді ұстауға кепілдік бере отырып, автоматты реттегішпен қамтамасыз етіледі.

Бақылау-өлшеу аспаптарының шкалаларында немесе аспаптардың жанында тиісті өлшемдердің шекті рұқсат етілген шамаларының көрсеткіштері (қызыл сызық, қызыл тілше, цифрлы көрсеткіштер, ауыстырмалы кестелер және басқалары) белгіленеді.

356. Сынақтан, метрологиялық аттестаттан өткен бақылау-өлшеу аспаптарын және автоматты реттеу аспаптарын пайдалануға болады.

Дайындаушы зауытта қабылдау-тапсыру сынағынан өткен және паспорты, пайдалану құжаттамасы, ал өлшеу құралдары үшін тексеру әдістемесі бар өлшеу және автоматика құралдарының озық үлгілерін пайдалануға болады.



12-тарау. Аумақты ұстау
357. Жер бетіндегі ТДБ аумағы 6-тармаққа сәйкес орынжайларда ЖЗ болуына қарамастан тұрақты күзетіледі.

358. Бекеттің аумағы таза күйінде ұсталады. Өту жолдары мен өткелдерінде орлар мен шұңқырлар болмайды, тегістелген, қозғалыс үшін жеткілікті және тәуліктің түнгі мезгілінде жеткілікті жарықтандырылған болады. Қазандықтар, құдықтар, аумақтағы шұңқырлар жабылады немесе қоршалады.

359. Тозаңдануды болдырмас үшін ағаш отырғызылған жерлерден басқа аумақтағы барлық бос кеңістікке, әсіресе өндірістік ғимараттың айналасына шөп өсіру ұсынылады.

360. Аумақта шырпылардың, құрғақ шөптің және өзге де жанғыш материалдардың жиналуына жол берілмейді.

361. Теміржол арқылы өту жолдары белгіленген талаптарға сәйкес жабдықталады.

362. Өндірістік орынжайларға кіреберістер мен өту жолдарына жазғы уақытта су себіледі, ал қысқы уақытта қардан, мұздан тазартылады және құм салынады.

363. Жауын-шашын суларын бұруға арналған суағарлар (орлар, құбырлар және тағы басқа) жүйелі түрде тазартылады және жөнделеді.

364. Бекеттердің аумағындағы жердегі жұмыстар тек бақылау тұлғасының жазбаша рұқсатымен жүргізіледі.

365. Жер асты ТДБ аумағы 10-12-тармақтарының талаптарына сәйкес болады.

13-тарау. Қауіпсіздік белгілері және Жабдық пен коммуникацияларды ажырату реңкі
366. Өндірістік аумақтың, ғимараттардың, жұмыс орынжайлары мен жабдықтың көрінетін, жақсы жарықтандырылған орындарында орындалатын жұмыстың сипатына сәйкес келетін және жұмысшылар мен келушілердің ықтимал қауіптілікке назарын аударуға арналған, оның алдын алу үшін іс-қимыл жасауды көрсететін белгілер мен шартты қауіпсіздік нышандары, ескерту плакаттары, аумақта көлік пен жүргіншілердің қозғалыс сызбасы ілінеді.

367. Көліктің аумаққа кіретін қақпаларында, адамдардың жүруіне арналған жолдарда, өндірістік ғимаратқа кіретін есіктерде мыналарға:

қозғалтқыштың газ шығатын құбырында ұшқын сөндіргіш құрылғысымен жабдықталмаған автокөліктің өтуіне;

тез тұтанғыш сұйықтықтарды, темекі шегу құралдарын ауыстыруға, ашық отты пайдалануға жол бермейтін қауіпсіздік белгілері ілінеді.

368. Жарылғыш құрамдас бөліктер мен ЖЗ қайта өңдеу орынжайларында ұшқын шығаратын құралмен жұмыс істеуге тыйым салатын белгілер ілінеді.

369. Ғимараттар мен жұмыс орынжайларының көрінетін орындарында өрт сөндіргіштердің орналасу орнын, өрт сөндіру және өрт туралы хабарлау жүйелерін іске қосу түймесінің орналасқан орындарын көрсететін белгілер мен өндірістің қауіптілік санатын көрсететін белгілер ілінеді.

Өрт сөндіру құралдарының орналасу орны жер бетінде орналасқан ТДБ үшін мемлекеттік өртке қарсы қызметімен келісіледі, ал жер асты жағдайында орналасқан ТДБ үшін өрт сөндіру құралдарының орналасу орны ӘАҚҚ-мен келісіледі.

370. Жолдар мен теміржол арқылы өту жолдары жол белгілерімен жабдықталады.



14-тарау. Өндірістік санитария
371. Зиянды жағдайларда жұмыс істейтін жұмысшылар арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, ішкі киіммен, бас киіммен (каскамен, жеке қорғану құралдарымен) қамтамасыз етіледі.

372. Арнайы киім мен арнайы аяқ киім тұрмыстық орынжайлардың шкафтарында сақталады.

373. Жұмыс аяқталғаннан кейін өндірістік орынжайлар мен жұмыс орындарында арнайы киім мен арнайы аяқ киімді қалдыруға болмайды.

374. Арнайы киім тазарту құралдарын пайдалана отырып, кір жуғышта жуылады, кейін киімнің толықтай тазарғандығы бақыланады.

Арнайы киімді жуынатын бөлмеде және үйде жууға болмайды.

375. Тыныс алу органдарын ЖЗ және оның құрамдас бөліктері тозаңының түсуінен қорғау үшін персонал респираторлармен қамтамасыз етіледі.

376. Өндірістік орынжайлардың жұмыс аймағындағы ауа ортасының жай-күйін бақылау мерзімділігі технологиялық регламентте көрсетіледі.

377. Өндірістік орынжайларда арнайы бөлінген орындарда персонал жарақат алған жағдайда алғашқы көмек көрсету құралдары (дәрі-дәрмек сөмкесі, таңу материалдары, бұраулар және тағы басқа) орналастырылады. Зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету орнымен барлық жұмысшылар таныстырылады.

378. ЖЗ мен оның құрамдас бөліктерінің адам ағзасына зиянды әсері және олармен жұмыс істеу кезінде қолданылатын алдын алу шаралары технологиялық регламентте көрсетіледі.

379. ТДБ өндірістік үдерістерінің тобы мен тұрмыстық орынжайлардың құрамы өндірістің тиісті ерекше жағдайларын ескере отырып, 3-қосымшада анықталады.



15-тарау. Өрт қауіпсіздігі
380. ТДБ пайдалану үдерісінде:

өрт қауіпсіздігі шараларын орындау қамтамасыз етіледі;

өрттен қорғауды төмендететін технолгиялық және құрылымдық өзгерістерге жол берілмейді;

жобамен және осы Талаппен белгіленген өрттен қорғау құралдарының жұмыс қабілеттілігі қамтамасыз етіледі.

381. ТДБ барлық орынжайларында алғашқы өрт сөндіру құралдары мен өрт жабдығын орналастыруға арналған орындар қарастырылады. Өрт жабдығы мен өрт сөндіру құралдары қол жеткілікті орындарда орналастырылады. Оларды орналастыру орындары жобада белгіленеді.

382. Пайдалану шарты бойынша 169-тармағымен дренчерлік автоматты өрт сөндіру қондырғысы бар сумен жабдықтау жүйелері қарастырылған ТДБ үшін өрттен қорғау құралдары мен жүйесіне техникалық қызмет көрсету және пайдалану осы жүйелер мен құралдарға арналған нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес жүргізіледі.

383. ТДБ үшін жанған жағдайда өрт ошағын жою кезінде қызмет көрсетуші персоналдың іс-қимыл жасауын қарастыратын өрт сөндіру жөніндегі шараларды қамтитын аварияларды жою жоспары (бұдан әрі-АЖЖ) әзірленеді. АЖЖ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен келісіледі және ТДБ қарайтын ұйымның техникалық басшысы бекітеді.

Қолданыстағы шахталар мен кеніштерде орналасқан жер асты ТДБ үшін аварияларды жою және өрт сөндіру шаралары шахтаның (кеніштің) аварияларды жою жоспарына кіргізіледі.

384. ТДБ әр ғимаратында өрт болған жағдайда өрт сөндіру құралдарын пайдалану және іс-қимыл жасау бойынша АЖЖ-нан көшірме ілінеді.

Көшірмеде мыналар:

1) ТДБ-індегі жалпы және жекеленген өндірістегі өртке қарсы режим;

2) өрт сөндіру құралдарын орнату және пайдалану;

3) өрт сөндіру құралдарын жөндеу тәртібі мен оларды тексеру мерзімділігі;

4) жекеленген өндіріс үдерістері үшін іс-шаралар;

5) өрттің немесе жарылыстың туындауы ықтимал бақылау-өлшеу аспаптарының шекті көрсеткіштері;

6) отпен байланысты немесе өзге де жарылу, өрт шығу қаупі бар жұмыстарды атқару тәртібі;

7) сүртетін материалдарды жинау және сақтау тәртібі;

8) жұмыс аяқталғаннан кейін орынжайды жаппас бұрын тексеру тәртібі;

9) өртке қарсы қызмет бөлімшелерін шақыру тәртібі;

10) өрт болған кезде адамдарды өткізу және өндіріс ерекшелігімен байланысты өзге де деректер көрсетіледі.

Көшірмеде қосымша мыналар:

жүйенің (су беру және өрт сөндіру, іс-қимыл жасаудың тиімділігі, бас тарту түрлері және тағы басқа) жұмысын есепке алу тәртібі;

жұмыс қабілетінің көрсеткіштері (қысымның шамасы мен судың деңгейі, электр тізбектерінің, клапандардың жарамдылығы және тағы басқа) көрсетіледі.

385. Өрт сөндіру жүйелері, өрт дабылы және телефон байланысы жарамды күйде болады, оларға еркін өту жолы қамтамасыз етіледі. ТДБ-да орнатылған әр телефонның жанында өртке қарсы қызмет органдарының телефон нөмірлері ілінеді.

386. Өрт сөндіру машиналарының жүруіне арналған жолдар мен теміржол арқылы өту жолдары жарамды күйде ұсталады, дер кезінде жөнделіп, қардан тазартылады.

387. ТДБ өту жолдары, дәліздер мен шығу жолдары адамдардың жүріп-тұруы үшін еркі болады.

388. Өрт ошағы туындаған жағдайда бақылау тұлғасы өрт сөндіру командасын шақырумен қатар отты сөндіру жөніндегі шараларды қабылдайды. ТДБ персоналы өзінің іс-қимылында өрт сөндіру жөніндегі іс-шараларды орындау бөлімінде аварияларды жою жоспарын басшылыққа алады.

Өрт сөндіру кезінде адамдар жану өнімдерімен уланудан сақтанып, ық жақта болады, жеке қорғану құралдары пайдаланылады.

ЖЗ мен оның құрамдас бөліктеріне өрттің таралуынан алдын алу мүмкін болмаған жағдайда барлық адамдар қауіпсіз қашықтыққа шығарылады.

Селитра жанған кезде қоймада немесе жұмыс орынжайында мүмкіндігінше қауіпті өлшемдерге дейін өрттің таралуына жол бермей, қатарларда тұрған селитрасы бар қаптар бөлек қойылады. Жанған селитраны барынша көп мөлшерде берілетін сумен сөндіруге болады.

389. Сұйық мұнай өнімдері немесе эмульсия жанған кезде өрт сөндіру құралдары ретінде шашыранды су, химиялық көбік, бу көмірқышқыл газы немесе азот қолданылады.

390. Объектілерді өрттен қорғауды ЖЗ дайындау бекеттері орналасатын ұйым аумағының басшылығы қамтамасыз етеді.

391. Жер асты ТДБ-де өрт туындаған жағдайда өрт ошағын жою шахтаның (кеніштің) аварияны жою жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Авариялық жағдайды дұрыс бағалауды, оны жою жөніндегі персоналдың дұрыс іс-қимыл жасауын, өртке қарсы құралдарды дұрыс, оның ішінде 171-175-тармақтары бойынша пайдалануды аварияларды жою басшысы-бақылау тұлғасы жүзеге асырады.

16-тарау. Статикалық электрден қорғау шаралары
392. Технологиялық үдерістер мен жабдық заттарды өндіру және қолдану кезінде олардың қауіпті электрленуін болдырмаудан қамтамасыз етіледі. Статикалық электрдің қауіпті жағдайларын болдырмау жөніндегі негізгі іс-шаралар технологиялық регламентте көрсетіледі.

Өндірісті іске қосу кезінде статикалық электрден қорғау құралдарының болуы және жеткіліктілігі тексеріледі, ал қажет болған жағдайда оны қосымша қорғау қамтамасыз етіледі.

393. Технологиялық регламент заттардың электрлік қасиеттерін (үлестік электрлік кедергісі) сипаттайтын, оны өндіру кезінде қалыптасатын өлшемдерді және электр статикалық разрядтарға (ең төменгі тұтану температурасы) сезімталдығын, статикалық электрден қорғау құралдарының сипаты мен оларды қолдану тәртібін қамтиды.

394. ЖЗ мен оның құрамдас бөліктерімен отырғызу, ұсақтау, араластыру, тиеу және аппараттардан түсіру, пневмо ағызу немесе пневмовакуумдық көлік сияқты операцияларда электр статикалық разрядтардың пайда болуы және жиналуы әбден мүмкін. Өнімдердің әр түрін өңдеудің электр статикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін технологиялық үдерістің шекті өлшемдері технологиялық регламентте белгіленеді.

395. Қауіпті электр статикалық разрядтардың пайда болу мүмкіндін болдырмау үшін өндіріс ерекшелігін ескере отырып, мынадай қорғау шаралары:

1) электр өткізу жабдығы мен коммуникацияларын жерге қосу;

2) бейтараптағыштарды қолдану;

3) әр түрлі белгідегі зарядтармен электрленетін байланыстырушы материалдардың жұбын таңдау;

4) қоршаған атмосфераны ылғалдандыру;

5) жабдыққа арналған электр жетегі материалдарын қолдану;

6) арнайы киімді пайдалану қарастырылады.

396. Статикалық электр зарядтарының туындау қарқындылығын төмендету үшін мыналарға жол беріледі:

1) технологиялық жағынан ықтимал барлық орында бу және тозаң-ауа қоспалары өлшенген сұйық және қатты бөлшектерден, ал сұйықтықтар қатты және сұйық қоспалардан тазартылады;

2) жанғыш ортаның қосылымы жарылу шегінен төмен ұсталады;

3) өндіріс технологиясы қажет етпейтін барлық жерде заттарды ұсақтау және тозаңдау жүргізілмейді;

4) технологиялық үдерістер белгіленген өлшемдерге сәйкес жүргізіледі;

5) тозаң, бу, газ қоспалары мен сұйықтықтарды тасымалдау және қайта өңдеу жылдамдығы, ағыстардың қарқындылығы төмендетіледі;

6) құбырлардан, шлангілерден, форсундардан, тамызғыштардан бу мен газ аққан кезде оларды конденсаттау және кристалдау жүргізілмейді.

397. Статикалық электр зарядтарының түзілуі және жиналуы ықтимал барлық технологиялық жабдық (аппараттар, сыйымдылықтар, коммуникациялар, жұмыс үстелдері мен стеллаждарының жабындары, жарақ және басқалары) металдан немесе электр жетекті материалдардан дайындалады және жерге қосылады (үлестік көлемдік электрлік кедергісі 105 Ом·м аспайтындар электр жетекті материалдар болып табылады).

Өнімді ауыстыру, ұсақтау, тозаңдату, бүрку жүргізілетін аппараттар, сыйымдылықтар, агрегаттар, құбырлар, бөлек тұрған машиналар, ортақ аппараттар мен сыйымдылықтар жүйесі бар құбырлармен қосылған агрегаттар, аппараттар оларға қосылған коммуникациялардың жерге қосқышына қарамастан жеке тармақтардың көмегімен ішкі жерге қосу контурына қосылады. Бірнеше аппараттарды, агрегаттарды немесе құбырларды жерге қосу дөңгелегіне (жетегіне) бірінен соң бірін қосуға болмайды.

Статикалық электрден қорғау үшін жерге қосу құрылғыларын электр жабдығының қорғайтын жерге қосқышымен біріктіруге болады. Тиеу алдында АЗМ жерге қосу осы Талаптың 317-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

398. Технологиялық жабдыққа арналған құрылымдық құжаттамада жерге қосу өткізгіштерін қосуға арналған орындар мен оларды бекіту тәсілі көрсетіледі.

Әрбір өндірістік ғимаратта жерге қосу сызбасы дайындалады, онда жерге қосылатын барлық жабдық, жарақ пен құрал-сайман көрсетіледі.

399. Электр жетекті материалдардан (металл емес) жасалған жабдықтың ішкі қабатының кез келген едәуір қашық нүктесінің жерге қосу кедергісі 106 Ом·м аспайды.

Тек статикалық электрден қорғауға арналған жерге қосқыш құрылғылардың кедергісі 100 Ом аспайды.

400. Жер қосқыш өткізгіштер мен жерге қосу контуры оларды тексеру мүмкіндігі қамтамасыз етілетіндей етіп ашық төселеді. Бұл ретте олардың механикалық және химиялық әсерлерге тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

Статикалық электрден қорғауға арналған жерге қосқыш өткізгіштер технологиялық жабдыққа және ішкі жерге қосу контурына қосу орындарында ені 15 мм қызыл түсті көлденең бір жолақ сала отырып, қара түске боялады. Орынжайды әшекейленуіне байланысты жерге қосқыш өткізгіштерді жоғарыда көрсетілгендей қызыл жолақпен таңбалай отырып, өзге де түске (қызыл түстен басқа) бояуға болады.

401. Жерге қосу контуры элементтерін қосу, жерге қосқыштар мен жерге қосу құрылымдарын қосу дәнекерлеу арқылы жүргізіледі. Дәнекерді қолдану мүмкін болмаған жағдайда жерге қосқыш өткізгіштерді бұрандамен қосуға болады.

АЗМ-ын жерге қосқыш құрылғыға бір рет қосуға арналған иілгіш жерге қосқыш өткізгіштердің ұштарында бұрандамен қосуға арналған арнайы бөліктері болады. Барлық бұрандамен қосқыштар тотығудан қорғалады.

402. Бір-бірінен 0,1 м дейін қашықтықта параллель орналасқан құбырлар әрбір 20 м сайын өзара түйістіргіштермен қосылады.

Құбырлар бір-бірімен, металл сатылармен және құрылымдармен 0,1 м кем қашықтықта қиылысқан кезде олар түйістіргіштермен қосылады.

Желдетуге немесе ауаны аспирациялауға арналған металл ауа өткізгіштер әрбір 20 м сайын жерге қосылады.

403. Жерге қосқыш корпуспен байланысы бұзылуы ықтимал машиналар мен аппараттардың электрленуге бейім қозғалатын бөлшектерінде жерге қосуды қамтамасыз ететін (ток ажыратқыш) құрылғысы болады.

Заттардың қарқынды түрде электрлену орындары бар аппараттар, сондай-ақ діріл жабдығының жылжымалы тораптары (діріл науалары, механикалық жетегі бар електер және тағы басқа) кемінде еуі нүктеде жерге қосылады.

404. Технологиялық үдеріс шарттарымен рұқсат берілетін заттардың, құрамдар мен құрылымдық материалдардың үлестік қабатының электрлік кедергісін төмендету үшін салыстырмалы ауаны 65 % төмен емес етіп ұстау ұсынылады.

405. Заттар мүмкіндігінше ең төменгі биіктіктен бүркіледі. Технологиялық регламенттерде белгіленген мерзімдерде дымқылдау тәсілімен жабдық, желдеткіштің ауа өткізгіштері, ауа сорғыштар, ауаны аспирациялау жүйесінің ауа өткізгіштері мен сүзгілері және орынжайдағы өзге де құрылымдар қонған тозаңнан тазартылады.

Сусыма өнімдерді қағаз, полиэтилен, полихлорвиниль және өзге де электрленетін қаптардан жанғыш сұйықтықтардың буы бар аппараттардың люктеріне тиеуге болмайды. Мұндай жағдайда аса көп тозаңданбауды қамтамасыз ететін өткізгіш материалдардан жасалған тиеу құрылғылары қолданылады.

Сусыма өнімнің сынамасын алу, жеке сынама алу құралдарының және аспаптардың көмегімен технологиялық өлшемдерді өлшеу тозаңданғаннан кейін жүргізіледі.

406. Өндіру барысында электрлену өлшемдерін өлшеу бекітілген өлшемдерді жүргізудің кестесіне сәйкес мерзімді түрде, бірақ жылына кемінде екі рет жүргізіледі.

Өлшемдерді жүргізу үшін электрлік статикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, ұшқынға қауіпсіз және жарылудан қорғалған аспаптар қолданылады.

407. Статикалық электрден қорғау құрылғыларын пайдалану барысында:

жұмысты бастамас бұрын қосу орындарында жерге қосқыш өткізгіштерінің электрлік байланысының сенімділігі мен электр тізбегінің тұтас ұзындығы бойымен үздіксіздігін тексеру;

технологиялық жабдықтың электр өткізу қабаттарында механикалық зақымдардың болуына, сілтілердің, қышқылдардың, органикалық еріткіштердің ұзақ мерзімді әсер етуіне жол бермеу талап етіледі.

408. Технологиялық жабдықтың, құбырлардың және тағы басқа жерге қосқыш құрылғыларының электрлік кедергілерін тексеру және өлшеу электр жабдығын жерге қосуды тексере отырып жүргізіледі. Жерге қосу құрылғыларын тексеретін сынақтардың, тексерістердің және жөндеулердің нәтижелері паспортқа жазылады. Технологиялық аппараттардың, жабдықтың, жылжымалы жабдықтың, көлік құрылғыларының, жарақтардың жерге қосқыш кедергілерін өлшеу нәтижелері журналда тіркеледі.

Мынадай мерзімдерде статикалық электрден қорғау құралдарын бақылау ұсынылады:

жерге қосу құрылғыларының (жерге қосқыштардың, контурлардың) кедергілерін тексеру және өлшеу-жылына 2 рет;

электр өткізгіш етіктің кедергісін өлшеу-тоқсан сайын 1 рет;

тұрақты технологиялық жабдықтың жерге қосқышының кедергісін тексеру жәе өлшеу-тоқсан сайын 1 рет;

жабдықтың жылжымалы бөлшектері, жылжымалы жабдық пен сынама алу құралдары үшін жерге қосу кедергісін тексеру және өлшеу-айына 1 рет;

сынама алу құралдарындағы жерге қосатын өткізгіштердің тұтастығын тексеру-ауысым алдында жүргізіледі.

Статикалық электрден қорғау құралдарын жөндеу технологиялық жабдықты және электр жабдығын жөндеумен бірге бір мезгілде жүргізіледі.

17-тарау. Қоршаған ортаны қорғау
409. Ағынды судың сынамасын алу орындарын, анықталатын заттардың тізбесі мен сынама алу мерзімділігін ұйымның техникалық басшысы анықтайды.

410. Өндірістік канализацияны, аулағыштарды, сүзгілерді, тұндырғыштарды және өндірістік орынжайлар мен бекет аумағындағы өзге де тазарту құрылыстарын жөндеу және тазалау бекітілген кесте мен технологиялық регламентке сәйкес жүйелі түрде жүргізіледі.

411. Өндірістік канализация мен тазарту құрылыстарын жөндеу алдында жиналған ЖЗ технологиялық регламентке сәйкес алдын ала алынады.

Өндірістік канализация (құбырларды, коллекторларды, науаларды, бағандарды, бақылау құдықтарын және тағы басқалар) мен тазарту құрылыстарын (аулағыштарды, сүзгілерді, тұндырғыштарды және тағы басқа) тазалау, тексеру, жөндеу журналда жазылады.

Канализациялық құдықтарды ашық, ал оларды тексеру және жөндеу кезінде қоршауларсыз ұстауға болмайды.

412. Дымқыл түрде жинайтын өндірісте тұндырғыштардағы ЖЗ қалдықтарын шығарылатын материалдарға қатысты химиялық жағынан инертті аспаптарды пайдалана отырып, суды шығарғаннан кейін жояды. Жиналған қалдықты жару арқылы (ашық тау-кен жұмыстарында ұңғымаларды зарядтау кезінде кенжар ретінде пайдалану жолымен) жойылады.

413. Сыртқы канализацияға келіп түсетін ағынды суларда зиянды қоспалардың болуына жол берілмейді.

414. Майысқан жерлері, сызаттары және канализациядан тыс ЖЗ мен оның құрамдас бөліктерінің жиналуына әкелетін өзге де ақаулар бар өндірістік канализацияны пайдалануға жол берілмейді.

415. Өндірістік канализацияның құбырлары мен құдықтарына жүйелі түрде тексеру үшін тұрақты қол жеткізу қамтамасыз етіледі. Тексеріс аптасына кемінде бір рет жүргізіледі.

416. Құдықтарды желдетпей және олардағы зиянды газдардың құрамын тексермей оларға түсуге және жұмыстарды жүргізуге, оларды ашық түрдегі шамдармен жарықтандыруға болмайды.

417. Аулағыш құрылғыларды тазалау кезінде жұмысшылар тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етіледі.

418. Суда ЖЗ болмаған немесе рұқсат етілген шекті мөлшерде болған жағдайда суды орынжайлар мен жабдықты дымқыл түрде сүрту үшін қайта пайдалануға болады.

419. ЖЗ және оның құрамдас бөліктері шашылған немесе төгілген жағдайда оларды қалақтың, шөміштің немесе құмның көмегімен бөлек ыдысқа жинайды және уақытша сақтау алаңына немесе жоюға жөнелтеді.

420. ЖЗ және оның құрамдас бөліктерінің қатты қалдықтарын жою Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 141 бұйрығымен бекітілген Жарылыс жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жағылады.

421. Желдеткіш қондырғыларымен сыртқа шығарылатын ауада зиянды заттардың болуына жол берілмейді.

18-тарау. Тиеу-түсіру, көлік және қойма жұмыстары
422. ЖЗ және оның құрамдас бөліктерімен тиеу-түсіру, көлік және қойма жұмыстары белгілі бір өнім санатымен жұмыс істеу кезіндегі нақты қауіпсіздік шараларын қамтитын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 141 бұйрығымен бекітілген Жарылыс жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына және осы Талапқа сәйкес орындалады.

423. ЖЗ қолмен тасымалдаудың шекті рұқсат етілген нормалары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 141 бұйрығымен бекітілген Жарылыс жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабына сәйкес қабылданады.

424. Жүктерді қолмен тасымалдау үшін жұмысшылар тасымалдауды ыңғайлы, жүктің сырғуын және құлауын болдырмайтындай бұйымдармен қамтамасыз етіледі. Жарылу, өрт шығу қауіпті өнімдері бар жүктерді сүйреуге, жиектеуге, лақтыруға болмайды.

Жүктерді ауыстыру үшін тексерілген, жарамды тетіктер мен бұйымдар (шығырлар, блоктар, көтергіш крандар, авто тиегіштер және тағы басқа) қолданылады. Электротельферлер мен көпір крандарының түймелі станциялары оларды бөгде адамдардың пайдалану мүмкіндігін болдырмау мақсатында «кілт-маркалармен» жабдықталады.

Механикаландырылған көлік және көтергіш құралдарда жұмыс істеуге оқудан өткен және осы жұмыс түрін жүргізуге құқық беретін тиісті куәлігі бар тұлғалар жіберіледі.

425. Теміржол вагондарын тиеу және түсіру орындарында түйіспелерді вагонның рамасына мықтап орнатылған көлденең бөренелермен немесе баспалдақтармен, майысқан жерлерді, тіректерді және жайпақ жерлерді қалпына келтіру үшін айырлармен бекіту үшін ақауы мен серіппесі жоқ кішкене ағаш көпірлердің саны жеткілікті болады. Кішкене көпірлердің ені кемінде 1 м, тақтайлардың қалыңдығы 60 мм болғанда түйіспелердің ені 1,0-1,5 м қабылданады. Аса ауыр жүктер үшін түйіспелер мен кішкене көпірлердің қалыңдығы есеппен белгіленеді. ЖЗ көлік құралдарына тиеу немесе түсіру жұмыстары орындалатын алаңдарда орама бүлінген жағдайда шашылған ЖЗ оңай жиналатын, сызаты жоқ, қатты, тегіс жабыны болады.

Контейнерлерді тиеу және түсіру орындары тиеу-түсіру құрылғыларын пайдалану жөніндегі талаптарға сәйкес жабдықталады.

426. Тиеу және түсіру орындарына, кішкене көпірлер мен түйіспелерге сырғуды әсіресе, қысқы уақытта болдырмас үшін құм себіледі.

427. Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде теміржол вагондары мен платформаларының дөңгелектерінің астынан қажетті тұрақтылықты қамтамасыз ететін тежеуіш башмактар орнатылады.

428. Жылжымалы теміржол вагондарын жабық және қаусырма есіктермен ғана пайдалануға болады.

429. Бекет аумағындағы разряд жүктері бар жылжымалы теміржол құрамының қозғалыс жылдамдығы 15 км/сағ аспайды. Вагондарды маневрлеу түрткісіз және күрт тоқтатусыз жүргізіледі.

430. Көлік құралдарында шашылған жарылу, өрт шығу қаупі бар заттар анықталған жағдайда соңғысы технолгиялық регламентте көзделген қауіпсіз тәсілмен қапқа немесе жәшікке мұқият жиналады және жоюға жіберіледі.

431. ЖЗ тиеу (түсіру) орындарына тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде осы жұмысқа қатысы жоқ тұлғалар жіберілмейді.

432. Жер асты ТДБ-де жарылыстан қорғалған күйдегі электр жабдығы бар аккумулятор электровоздар мен электрлік тиегіштерді, ұшқын сөндіргіш жүйемен жабдықталған дизелдік автотиегіштерді және белгіленген тәртіппен пайдалануға рұқсат етілген пайдаланылған газдарды бейтараптағышты қолдануға болады.

Байланыстырушы электровоздарды босатылған ЖЗ жіберу және тиелген ЖЗ шығару үшін ТДБ жер асты қазбаларында вагоншалар мен платформаларды пайдалануға болады. Бұл ретте электровозды қоректендіру ТДБ тыс орналасқан қорапқа қосылған иілгіш кабель арқылы байланыстырушы желінің тармақталу орнына дейін жүзеге асырылады. ТДБ рельс жолдары жалпы шахталық (кеніш) жолдарынан электрлік түрде оқшауланады.

ТДБ ішінде вагоншаларды ауыстыру қолмен немесе арқанмен домалату арқылы жүргізіледі. Рельс жолдарының еңісі ТДБ-нен тұрақты жылдамдықпен кіреберіс қазбаға тиелген вагоншалардың немесе платформаның өздігінен шығуын ескере отырып орнатылады.

433. Жер асты ТДБ-нен дайындалған ЖЗ кенжарға жеткізу осы мақсат үшін дайындалған және қауіпсіздік талаптарына сай келетін жалпы шахталық көлік құралдарымен жүзеге асырылады.

ТДБ төмен орналасқан көкжиегіне жеткізу үшін ЖЗ-ды түсіру үшін ұңғыма жабдықталады. Түсіру ЖЗ-ды тасымалдау және сақтау үшін жабдықталған және төмен орналасқан көкжиекте орналасқан бункерлерге немесе вагондарға (көлік-зарядтау машиналарына) жүзеге асырылады. ЖЗ сақтау және үлестіру үшін төмен орналасқан көкжиектегі ЖЗ түсіру орындары ЖМ сақтаудың учаскелік бекеті немесе үлестіру камерасы ретінде жабдықталады. ЖЗ мен жабдықты түсіруге арналған ұңғымалардың орналасу орны жобамен анықталады.

434. ЖЗ-ды ТДБ-нен ЖМ жер асты шығыс қоймасына және жару жұмыстарын жүргізу орындарына дейін қосымша қауіпсіздік шараларын жүзеге кезде тиеу-жеткізу машиналарының шөміштерінде жеткізуге болады.

435. Жер бетіндегі және жер асты ТДБ-де дайындалған жарылғыш заттар ыдысқа салынбаған күйде осы Талаптың 48-тармағына сәйкес зарядтау, көлік-зарядтау, араластырғыш-зарядтау машиналарына немесе ЖЗ тасымалдау үшін жабдықталған шахталық жеткізу вагоншаларына (вагондарына) тиеледі.

436. Вагондар тұратын камерадағы ЖЗ бар вагондар тіркелген күйде орнатылады, ал құрамдағы алғашқы және соңғы вагондар рельс тізбегіне бекітіледі.

19-тарау. Жарылғыш материалдарды сақтау, есепке алу және пайдалану
437. Құрамдас бөліктерді алу тәртібі, дайындалған және TДБ-нен жіберілетін жарылғыш заттарды есепке алу Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 141 бұйрығымен бекітілген Жарылыс жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабына және осы Талапқа сәйкес жүргізіледі.

438. Жер бетіндегі және жер асты ТДБ сақталатын құрамдас бөліктердің саны құрылымдық құжаттамада көзделген көлемнен аспайды.

439. ТДБ-не жеткізілген құрамдас бөліктер зауыттық жол (көлік) құжаттардың немесе наряд құжаттарының негізінде тіркеледі және сақтау орындарына орналастырылады.

440. Жер бетіндегі және жер асты ТДБ ұйымдар дайындалған ЖЗ базистік немесе ЖМ шығыс қоймасына бере отырып, ЖЗ мен оның құрамдас бөліктерін есепке алуды ұйымдастырады.

441. Дайындау бекеттері «Кіріс және шығыс ЖЗ мен оның құрамдас бөліктерін есепке алу кітабын» жүргізеді, 1а нысаны (4-қосымша).

1а нысанды кітап тігіледі, ұйымның мөрімен бекітіледі. 1А нысанды кітапты ТДБ меңгерушісі жүргізеді.

ТДБ-не келіп түсетін аммиак селитрасының мөлшері 1-6 бағандарға тіркеледі, өндіріске жіберілген аммиак селитрасының мөлшері 7-9 бағандарда жазылады, дайындалған және қоймаға жіберілген (жөнелтілген) ЖЗ мөлшері 1а нысанды кітаптың 10-15 бағандарында жазылады.

Есепке алудың дұрыстығын бақылау аммиак селитрасының бір (50 кг) немесе екі (100 кг) қап ЖЗ нормасы бойынша жүргізіледі. Ыңғайлы бақылау үшін, ТДБ-де дайындалатын ЖЗ барлық түрі үшін 50 және 100 кг болатын аммиак селитрасының басқа құрамдас бөліктерінің шығыс нормалары әзірленеді. Нормалар осы үшін ыңғайлы орында кесте түрінде ілінеді.

442. Басқа да кіріс және шығыс құрамдас бөліктерді, оның ішінде жанғыш ұнтақтарды, мұнай өнімдерін, эмульсияны және өзге де заттарды есепке алу 1к нысаны бойынша жүргізіледі (4-қосымша).

443. Ауысым соңында өндіріс қалдықтары арнайы ыдысқа жиналады және уақытша сақтау алаңына шығарылады немесе белгіленген тәртіппен жойылады да, ол жөнінде 1а және 1к нысандарының тиісті бағандарында жазба жазылады.

Өндіріс қалдықтары шартты түрде қарапайым тәртіппен бухгалтерия есептен шығаратын нормативтік шығындарға және акт бойынша есептен шығарылатын нормадан тыс шығындарға бөлінеді.

444. ТДБ-де дайындалған жарылғыш заттарды:

қаптарға, оның ішінде бракка шығарылғаннан кейін аммиак селитрасынан босатылған қаптарға толтыруға болады. Толтырылатын мөлшер салмақтық немесе көлемдік мөлшер өлшегішпен өлшенеді. Көлемдік мөлшер өлшегішпен өлшенетін барлық өлшемдер технологиялық регламентте белгіленген мерзімдерде бақылау өлшегішпен тексеріледі. ЖЗ бар қаптар байланады немесе тігіледі және таңбаланады немесе осы ЖЗ-ға арналған ұйым стандартына сәйкес таңбалауы бар биркамен жарақталады;

осы Талаптың 435-тармағы бойынша тиеуге болады. Көлемдік мөлшерлеу кезіндегі ЖЗ жалпы мөлшері мөлшердің саны және бір мөлшердің салмағы бойынша анықталады. Мөлшердің салмағы ЖЗ әр партиясы үшін кемінде үш бақылау өлшегішпен анықталады.

445. ЖЗ дайындаған күнә мен айы ЖЗ ыдысын таңбалау немесе жөнелту нарядын ресімдеу үшін парияның нөмірі деп есептеледі.

446. Ауысымның соңында 1к нысанды кітапта құрамдас бөліктердің шығыс саны есептеліп, қалдық саны шығарылады. 1А нысанды кітапта аммиак селитрасының шығыс саны есептеліп, қалдық саны шығарылады, дайындалған және қоймаға жіберілген (жөнелтілген) ЖЗ саны жазылады. Ауысымда саны өзгерген құрамдас бөліктерге ғана қатысты жазба жүргізіледі.

447. Дайындалған ЖЗ жөнелту наряды бойынша ЖМ базистік немесе шығыс қоймасына жіберіледі (жөнелтіледі), олар үш данада жазылады. Бекет меңгерушісі немесе оператор ЖЗ жөнелту кезінде жөнелту нарядының екі данасын ТДБ-де қалдырады, ал үшінші данасын ілеспе құжат ретінде жеткізушіге береді. Одан кейін жөнелту нарядының бір данасы ТДБ-нен бухгалтерияға беріледі де, ЖЗ мен оның құрамдас бөліктерін ТДБ-нен есептен шығару үшін бухгалтерлік есепте қалады.

448. Аммиак селитрасы мен жанғыш ұнтақтар материалдық-техникалық жарақтау қоймаларынан, ЖМ базистік немесе шығыс қоймаларынан немесе өндірушіден жеткізіледі және ыдыста көрсетілген салмақ бойынша ескеріледі. Сұйық мұнай өнімі ЖЖМ қоймасынан жеткізіледі және деңгей өлшегіштің көрсеткіші бойынша ескеріледі.

449. Кәсіпорынның бухгалтериясы ТДБ меңгерушісі ұсынатын кіріс-шығыс құжаттары негізінде кіріс және шығыс ЖЗ мен оның құрамдас бөліктерінің есебін жүргізеді. Жазбаларды қарындашпен жазуға, шимайлауға және өшіріп жауға болмайды, қанай да бір түзетулер ескісінің үстінен сызып, жаңа цифр қою арқылы жүргізіледі. Әрбір түзету көрсетіліп, түзету енгізген тұлға қолын қояды.

450. ЖЗ мен оның құрамдас бөліктерін есепке алу дұрыстығын:

тәулік сайын-ТДБ меңгерушісі;

ай сайын-қарамағында ТДБ бар ұйым басшысы тағайындаған тұлға тексереді.

451. ТДБ-де дайындалған және базистік немесе ЖМ шығыс қоймасына сақтауға жіберілген жарылғыш заттар осы ЖЗ берілген ұйым стандартында көрсетілген кепілді сақтау мерзімі өткенге дейін қолданылады. ТДБ-де дайындалған ЖЗ-ды кепілді сақтау мерзімі өткеннен кейін олардың сапасы ұйым стандартының талаптарына сәйкестігіне тексерілгеннен кейін, егер ол жөнінде осы стандарттарда айтылмаса, пайдалануға болады.

4-бөлім. Жару жұмыстарын жүргізу орындарында қарапайым жарылғыш заттарды дайындау

20-тарау. Жалпы талаптар
452. Қарапайым түйіршіктелген аммиак-селитралы жарылғыш заттар сұйық немесе тез балқитын мұнай өнімі мен түйіршіктелген аммиак қоспасы (ANFO түріндегі қоспа, игданит) түрінде болады.

453. Қарапайым ЖЗ:

1) мамандандырылған зауыттар жағдайында және ЖЗ тұрақты дайындау бекеттерінде;

2) жылжымалы араластырғыш құрылғыларда және араластырғыш-зарядтау машиналарының (ЖАҚ, АЗМ) көмегімен зарядтау барысында;

3) қолмен дайындау (игданит түріндегі қарапайым ЖЗ) түрінде дайындауға болады.

21-тарау. Жылжымалы араластырғыш құрылғыларда игданитті дайындау
454. Аммиак селитрасын ЖАҚ және АЗМ-на аммиак селитрасын дайындау және толтыру бекеттерінің орынжайындағы сыйымдылықтардан тиеледі. Қолмен және механикаландырылған тәсілмен тиеуге болады.

455. Дизелдік отынды АЗМ мен ЖАҚ бактарына толтыру аммиак селитрасын тиеу бекетінен немесе авто толтыру станцияларында кемінде 50 м қашықтықта жүргізіледі.

456. Көлік-зарядтау немесе араластырғыш-көлік-зарядтау құрылғылары орнатылған автомашиналарда тізбекті жерге қосқышы және екі өрт сөндіргіштен болады. Автомашиналардың сөндіргіштері ұшқын өшіргіштермен жарақталады. Карьерлердегі тиелген автомашиналардың жылдамдығы 15 км/сағ аспайды.

457. Аммиак селитрасын дизелдік отынмен араластыру селитра қабатына шығару нүктесіне иірлікпен орналастырылатын мұнай өнімін мөлшерлеп беру арқылы, аммиак селитрасының еркін қозғалатын ағысына форсундар мен ұқсас құрылғылардың көмегімен дизелдік отынды бөлу және сығылған ауаның немесе тетіктердің қалақтарының көмегімен құрамдас бөліктерді ауыстырып, мөлшерлеп тиеу арқылы орындалады.

Барлық жағдайда дайын қоспадағы құрамы нормадан ±0,5 % жоғары ауытқымайтындай жанғыш қоспаның қажетті мөлшері қамтамасыз етіледі.

458. Ашық жұмыстарда компрессор, араластырғыш және зарядтау-жеткізу қондырғылары платформаларда, автомашиналарының шанақтарына немесе зарядтау орнына жақын алаңда орналасады. Араластырғыш қондырғыға аммиак селитрасын үздіксіз тиеу толтырғыш құрылғыны пайдалана отырып, таспалы транспортермен (қоректендіргішпен) жүргізіледі.

459. Дайын қоспаны ЗМ-на өздігінен ағызу немесе механикалық тәсіл арқылы тиеуге болады.

460. Жер асты жағдайларында игданит дайындауға арналған ұңғымаларды зарядтау кезінде жару жұмыстарын жүргізу учаскелерінде осы мақсатқа жіберілген араластырғыш-зарядтау құрылғыларын пайдалануға болады. Игданиттің құрамдас бөліктерін әкелу, оларды араластыру және ұңғымаларға (камераларға) зарядтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жобасын шахтаның (кеніштің) техникалық басшысы бекітеді.

461. Жекеленген жағдайларда жоба бойынша жаппай жару жүргізу кезінде салынған аммиак селитрасын дизелдік отынмен тегіс сіңіру арқылы зарядтау камерасында (шұңқырында) игданит дайындауға болады.

462. Аммиак селитрасының ылғалдылығына байланысты 100 кг түйіршіктелген аммиак селитрасының жанғыш қоспасының мөлшері:

аммиак селитрасының ылғалдылығы 0,5 % болғанда-7,5 л;

ылғалдылық 0,5 бастап 1,0 % дейін болғанда-7,25 л;

ылғалдылық 1,0 бастап 1,5 % дейін болғанда-7,0 л құрайды.

Селитраның ылғалдылығы кәсіпорынға келіп түскенде, ал ұзақ уақыт бойы сақталғанда қайта, бірақ айына кемінде бір құрғақ уақытта және кемінде бес күнде бір рет жаңбыр және ылғалдылық жоғары болғанда анықталады.

463. Игданит дайындауды АЗМ операторлары, жарушылар немесе ұйымның бұрғылау-жару жұмыстары бастығының бақылауымен арнайы бағдарлама бойынша оқудан өткен жұмысшылар немесе бақылау тұлғасы жүргізеді. Игданит дайындауға жіберілген тұлғалардың тізімі ұйымның бірінші басшысының бұйрығымен ресімделеді.

Игданит дайындау жөніндегі кешен жұмысына басшылық етуді жару жұмыстарына басшылық етуге құқығы бар инженерлік-техникалық жұмысшылар жүзеге асырады.



22-тарау. Игданитті қолмен дайындау

1-параграф. Қолмен дайындалған игданиттің қолданылу саласы
464. Қолмен дайындалған игданит:

1) жаппай жару жұмыстарын жүргізу кезінде негізгі ЖЗ ретінде қолданылады, игданитті зарядтауды бастау мен жаруды жүргізу арасындағы уақытты ауысымның ұзақтығынан асыруға болмайды;

2) жаппай жаруға ЖЗ жалпы шығысы АЗМ бункерінің сыйымдылығынан артық болғанда блокты әбден зарядтау үшін;

3) игданитті энергияның едәуір көлемдік қосылымына ие ЖЗ-мен қосылымда қолдану кезінде пайдаланылады.

465. Қолмен дайындалған игданит су баспайтын ұңғымаларда, жеңдер мен шыңырауларда күндізгі қабаттарда, су басқан ұңғымалардың құрғақ бөліктерінде, су баспаған немесе жыныс (кеніш) қазындыларын бұзу үшін мұқият су оқшауланған камераларда орналастырылған камера зарядтарында қолданылады.

2-параграф. Игданитті қолмен дайындау тәсілдері
466. Түйіршіктелген және қабыршақталған аммиак селитрасын дизелдік отынмен араластыруды мынадай:

1) дизелдік отынның мөлшерленген бөлігін аммиак селитрасы қабына алдын ала салу;

2) тоттанбайтын болаттан, алюминий мен оның қорытпасынан, пластмассадан, ағаштан жасалған сыйымдылыққа дизелдік отынның мөлшерленген бөлігі мен аммиак селитрасын (1-2 қап) қолмен араластыру;

3) селитраны ұңғымаға өткізу барысында оны дизелдік отынмен араластыру тәсілімен жүргізуге болады.

467. Түйіршіктелген көпіршікті аммиак селитрасын пайдалану кезінде құрамдас бөліктерді араластыру осы Талаптың 466-тармағының 2-тармақшасына сәйкес жүргізіледі. Құрамдас бөліктерді араластырудың бірдейлігі көзбен анықталады.

468. 466-тармағының 3-тармақшасы бойынша игданитті дайындау тәсілін ұңғымаға аммиак селитрасын мөлшерлеп берумен ЗМ пайдалану кезінде қолдануға болады.



3-параграф. Игданитті қолмен дайындау тәртібі және оны пайдалану
469. Игданитті қол тәсілімен дайындау жару жұмыстарын жүргізу орындарында бақылау тұлғасының қатысуымен жүргізіледі. Дайындалған игданиттің барлық мөлшері сол ауысымда жұмсалады.

470. Игданитті дайындау кезінде аммиак селитрасы салмағы бойынша, дизелдік отын 462-тармағын ескере отырып, көлемі бойынша мөлшерленеді.

471. Игданитті 466-тармағында келтірілген тәсілдермен дайындау кезінде жұмсалған дизелдік отынды өтеу үшін (қаптың крафт-целлюлоза қабатын сіңіруге, зарядтау ұңғымасының қабырғасының сулауға және буландыруға) игданиттегі дизелдік отынның мөлшері 6,2-6,3 % дейін артады.

472. Аммиак селитрасы зарядтау басталғанға дейін бір сағат бұрын кемердің жұмыс алаңына жеткізіледі. Селитрасы бар қап зарядтауға жататын әрбір ұңғыманың жанына ұңғыма зарядының алдын ала есебіме қарастырылған мөлшерде орналастырылады.

Дизелдік отын мен мөлшерлеуге арналған ыдыс жұмыс алаңына тікелей зарядтауды бастар кезде жеткізіледі. Дизелдік отын аммиак селитрасынан бөлек, одан 5 м жақын емес орналасады.

473. Игданитті қолмен дайындау тәртібі:

1) аммиак селитрасы бар қаптарға дизелдік отынды толтыру зарядтау басталғанға дейін бір сағат, қаптағы селитраның тұтас ашық қабатының бойымен бірдей етіп жүргізіледі. Дайындалған ЖЗ ұңғымаға тиеу оны қаптан қолмен себу арқылы жүргізіледі;

2) сыйымдылыққа аммиак селитрасының мөлшерленген көлемі себіледі, өлшейтін ыдыспен қажетті дизелдік отын құйылады. Құрамдас бөліктер қолмен 481-тармағына сәйкес материалдан дайындалған аспаппен араластырылады. Араластыру құрамдас бөліктерді әбден араласқанша жүргізіледі. Сыйымдылықтың көлемі мен құрылымы араластыру барысында дайындалатын өнімнің топыраққа түсуін болдырмайды және игданиттің ұңғымаға түсу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

3) зарядтау барысында игданиттің құрамдас бөліктерін араластыру оларды ұңғымаға кезекпен жіберу арқылы жүргізіледі (аммиак селитрасының ЗМ мөлшерлегіш сыйымдылығы немесе 0,5-1 қап және дизелдік отынның қажетті мөлшері). Аса бұзылған, сызатты және көпіршікті жыныстарда жару жұмыстарын жүргізу кезінде артық шығынды болдырмас үшін дизелдік отын ұңғымаға құйғыш және ұзындығы зарядтың жоғарғы бөлігіне жететін шланг (құбыр) арқылы құйылады.

474. Дайындалған игданитке бөгде заттардың түсуіне (қағаз кесінділері, жоңқа,жыныс кесектері және басқалары) жол берілмейді.

475. Ұңғымаларды дайындау және зарядтау кезінде игданиттің соққы және үйкеліс кезінде ұшқын беретін материалдардан, кадмийден, мырыштан, қорғасыннан, мыстан және олардың балқымаларынан дайындалған заттармен жанасуына жол берілмейді.

476. Игданит дайындау орнында жару құралдарының болуына және қандай да жұмыс түрлерін жүргізуге болмайды.



23-тарау. Дайын ЖЗ мен оның құрамдас бөліктерін есепке алу
477. ЖМ қоймаларындағы аммиак селитрасы жеке есеп бойынша «Кіріс және шығыс жарылғыш материалдары кітабында» есепке алынады.

478. Материалдық қоймалардан жару жұмыстарын жүргізу орнына жөнелтілетін аммиак селитрасы жөнелту наряды бойынша ЖМ қоймасы арқылы жүргізіледі.

479. Жару жұмыстарын жүргізу орындарында игданит дайындауға арналған аммиак селитрасын (қол тәсілімен немесе жылжымалы араластырғыш-зарядтау қондырғыларында) ЖМ қоймасынан жарушы тікелей жолдама наряд бойынша жөнелтеді.

480. Дайын ЖЗ есепке алу Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 141 бұйрығымен бекітілген Жарылыс жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабына сәйкес жүргізіледі.

481. Игданитті тұрақты бекеттен кешенге қызмет көрсетуші бақылау тұлғасы жөнелтеді.

482. Игданиттің нақты шығыны көрсетілген жолдама нарядын жарушы ауысым соңында игданитті алған орынға тапсырады.

483. Игданитті тұрақты дайындау бекеті болған жағдайда барлық жолдама нарядтар, оның ішінде шығыс бойынша жылжымалы араластырғыш зарядтау қондырғылары барлық жұмсалатын шығыс игданитін есепке алатын ТДБ-не беріледі.

Қабылданған қысқартулар
ЖЗ-жарылғыш заттар;

ЖМ-жарылғыш материалдар;

ЗМ-зарядтау машиналары;

АЗМ-араластырғыш зарядтау машинасы;

ТДБ-тұрақты дайындау бекеттері;

ЖАҚ-жылжымалы араластырғыш қондырғы.

_________________

Жарылғыш материалдарды

өндіру кезіндегі өнеркәсіптік

қауіпсіздік талаптарына

1-қосымша

Жарылу, өрт шығу қауіптілігі бойынша ТДБ орынжайларының санаты


Ғимараттар мен орынжайлардың атауы

Ғимараттар мен орынжайлардың қауіптілік санаты

1. Түйіршіктелген және эмульсиялы ЖЗ салқын түрде араластыру әдісімен дайындау ғимараты




Тротил (гранулотол) дайындау орынжайы

Б

Түйіршіктелген аммиак селитрасын дайындау орынжайы

В

Ұнтақ тәріздес металл жанғышты дайындау орынжайы (орамды босату, ұнтақты мөлшерлеуге беру)

Б

В


Мұнай өнімдерін дайындау орынжайы (сыйымдылықтарда қыздыру, мөлшерлеуге беру):

Тұтану температурасы 61°С төмен дизелдік отын;

Тұтану температурасы 61°С жоғары парафин, минералды май және дизелдік отын


Б

В




Су-май эмульсиясын дайындау орынжайы (жинау, мөлшерлеуге беру)

В


ЖЗ дайындау және құрамдас бөліктерді мөлшерлеу орынжайы (құрамдас бөліктерді мөлшерлеу және араластыру,дайын өнімді елеу және жинақтаушы бункерге тасымалдау)

Б

Дайын ЖЗ уақытша сақтауға және оны АЗМ немесе ЗМ тиеуге арналған жинақтаушы бункері бар орынжай

Б

ЖЗ патрондау немесе қапқа салу (патрондарды мөлшерлеу, патрондау, таңбалау және бекіту немесе орау, таңбалау және қапты тігу) орынжайы

Б

2. Ұңғымаларды зарядтау үдерісінде түйіршіктелген ЖЗ дайындауға арналған түйіршіктелген аммиак селитрасын дайындау ғимараты




Түйіршіктелген аммиак селитрасын дайындау орынжайы (орамын шешу, електен өткізу, жинақтаушы бункерге тасымалдау)

В

Селитраны АЗМ немесе ЗМ тиеуге арналған жинақтаушы бункері бар орынжай

В

3. Тотықтырғыш ерітінділерін дайындау, өзге құрамдас бөліктерді, эмульсияларды даярлау және ұңғымаларды зарядтау үдерісінде құрамында суы бар, оның ішінде эмульсиялы ЖЗ дайындауға арналған оларды АЗМ-на тиеу ғимараты




Тотықтырғышты (тотықтырғыштарды) дайындау, тотықтырғыш ерітіндісінің жұмсалатын шығыс қорын дайындау және жинау және АЗМ-на тиеу орынжайы

В

Ұнтақ тәріздес металл жанғыштарды дайындау, жұмсалатын шығыс қорын жинау және АЗМ-на тиеу орынжайы

Б

Металл жанғыштың вакуум-сорғысының орынжайы

В

Алюминий ұнтағынан босатылған бос банкаларды престеу орынжайы

Б

Сұйық жанғыш құрамдас бөліктер мен эмульгаторды дайындау орынжайы

В

Сұйық жанғыш құрамдас бөліктерді ұнтақты және металл жанғыштармен мөлшерлеу және араластыру орынжайы:

тозаң бөлу арқылы;

тозаң бөлмей.


Б

В



Сұйық құрамдас бөліктерді (тотықтырғыш ерітінділерін) мөлшерлеу және қотарып құю орынжайы

В

Натрий нитриті ерітіндісін дайындау және қотарып құю орынжайы

В

Эмульсияны дайындау және АЗМ-на тиеу орынжайы

В

Басқару пультінің орынжайы

Д

Қоюлағышты, құрылым түзгіш ерітіндісін және ингибиторды дайындау орынжайы

Д

4. Эмульсия суспензиясын сұйық және металл жанғышпен дайындау және АЗМ-на тиеу ғимараты




Сұйық жанғыш құрамдас бөліктерді ұнтақты және металл жанғыштармен мөлшерлеу және араластыру орынжайы:

тозаң бөлу арқылы;

тозаң бөлмей.


Б

В



Тотықтырғыш ерітінділерді мөлшерлеу, металл жанғыштармен эмульсияны алу немесе металл жанғыштармен эмульсия қоспасын дайындау орынжайы

Б

Металл эмульсияны АЗМ-на тиеу орынжайы

Б

5. Зауыттық өндірістегі ЖЗ АЗМ-на тиеп механикалық зарядтауға дайындау ғимараты




Түйіршіктелген ЖЗ дайындау орынжайы (орамды шешу, електен өткізу, бункер жинағышқа тасымалдау)

Б

АЗМ тиеуге арналған бункер жинағышы бар орынжай

Б

6. Арнайы киімді тазалау бөлімшесі және қызмет көрсетуші персоналға арналған тұрмыстық орынжайлары бар АЗМ мен тиегіштерді орталықтандырылған тазалау және жуу ғимараты




Бункерлерді, зарядтау машиналары мен тиегіштердің тораптарын тазалау және жуу орынжайы

В

Шайынды суды тазалау орынжайы

В

Арнайы киімді тазалау орынжайы

В

7. Бақылау-талдау зертханасы

В

8. Құрамында тротил бар ЖЗ арналған алаң немесе қойма

Б

9. Бөлек тұрған немесе орауышта келіп түсетін селитраны ұсақтау бөлімшесі бар тотықтырғыштар (аммиак, натрий және кальций селитрасы) қоймасы

В

10. Металл жанғыш ұнтақтардың (алюминий, силикоалюминий, ферросилин және басқалары) қоймасы

В

11. Натрий нитриті қоймасы

Д

12. ЖЗ дайындау ғимаратының жинақтаушы сыйымдылығына немесе АЗМ-на қотарып құю станциясынан сұйық және қатты жанғыш (дизелдік отын, май, мазут, парафин, эмульгатор және стабилизатор) қоймасы

В

13. Қосалқы құрамдас бөліктердің (ингибитордың, газ генерациялау қоспаларының, құрылым өзгерткіштің, қоюлатқыштың және карбамидтің) қоймасы

Д

14. Натрий ерітіндісінің, кальций селитрасының қоймасы

Д

15. Қосалқы материалдардың, арнайы киім мен жеке қорғану құралдарының қоймасы.

В


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет