4-тарау. Масса алмасу үдерістері
76. Масса алмасу үдерістерін дайындау мен жүргізуде регламенттелген мағынадан технологиялық параметрлердің ауытқуында тұрақсыз жарылыс қауіпті түйісулер туындайды, І және ІІ санатты жарылыс қауіпті технологиялық блоктары бар объектілер үшін параметрлерді автоматты реттеу құралы қарастырылады.
77. ІІІ санатты жарылыс қауіпті технологиялық блоктары бар объектілер үшін үдерістің көрсетілген параметрлерін автоматты бақылауды және олардың шекті мәндерінен асуы туралы белгі беруді қамтамасыз етуде реттеу операциясын қолмен жүргізуге рұқсат беріледі.
78. Ауа оттегісімен жарылыс қауіпті қоспа тудыруға қабілетті заттар жинақталатын сұйылтумен жұмыс істейтін тіректерде булы газ фазасында оттегінің болуына автоматты бақылау жасалады.
79. ІІІ санатты жарылыс қауіпті технологиялық блоктары бар объектілерге кезеңді бақылаудың әдістері мен құралдары қарастырылады.
80. Жанатын сұйықтардың тазарту тіректері бақылау құралдарымен және сұйықтың текше бөлігінде температура мен деңгейін автоматты реттеумен, өнім мен флегманы бөлуге түсетін температурамен, параметр мағынасының қауіпті ауытқушылығы туралы дабыл бергіш құралдарымен жабдықталады.
81. Тазарту тіректеріне флегманың түсуі тоқтаған жағдайда үдеріс параметрлерінің қауіпті ауытқушылықтарына келіп тірелгенде флегманың үзіліссіз берілуін қамтамасыз ететін шаралар қарастырылады.
82. Адсорбция және десорбция үдерістерін жүргізуде жұтқыштың өзінен өзі жануын болдырмайтын, адсорберлерді өзінен өзі жану бастауларын бақылау және оларды сөндіру құрылғыларымен жабдықтайтын шара қарастырылады.
5-тарау. Араластыру үдерістері
83. Жанатын өнімдерді араластырудың тәртібі мен әдісі жабдық пен араластыратын құрал құрылымы бұл өнімдердің тиімді араласуын қамтамасыз етіп тоқырау аумағының пайда болу мүмкіндігін жоққа шығарады.
84. Әрекеттесулері бағынбайтын экзотермиялық реакцияның дамуына соқтыратын заттарды араластырудың кідіріссіз үдерісі үшін бұл заттардың қауіпсіз көлемді жылдамдығы анықталады, жылуды алудың тиімді әдістері дайындалады, үдерісті реттейтін автоматты бақылау құралы, аварияға қарсы қорғаныс және дабыл бергіш орнатылады.
85. Араластырудың кезеңді үдерістерінде өзіндік жылдам экзотермиялық реакциялардың даму мүмкіндігінде олардың бағынбайтын ағынын болдырмау үшін аппаратқа тиелетін заттардың қол жетімді саны мен салдары регламенттеледі.
86. Жанатын өнімдерді араластырудың технологиялық үдерістерінде, сонымен қатар қышқылды жанатын өнімдерді араластырғыштар алдындағы компоненттердің қатысуын автоматты реттеу, ал булы газ орта үшін қосымша қысымды реттеу қарастырылады.
87. Булыгазды ортаны қышқылмен араластырғанда қажетті жағдайларда регламенттелген қышқылдың мазмұнына бақылау қарастырылады, араластырғыштан немесе технологиялық үдерістің басқа параметрлерінен шығатын материалды ағынын, қышқыл концентратының регламенттелген мағынадан ауытқуын анықтайды.
88. І санатты жарылыс қауіпті технологиялық блоктарда қоспа құрамын бақылау және қышқылдармен жанатын заттардың қатынасын реттеу, сонымен қатар материалды ағындағы қышқыл мазмұны араластырылғаннан кейін автоматты түрде жүзеге асырылады.
89. Коммуникацияны араластырушыға келтіретіндер осы коммуникацияларға кері қайту жолымен жанатын заттарды, қышқылдарды немесе қоспаларды араластыруға берілетін канализацияға (үдерістің регламенттелген параметрінен ауытқу болғанда) кері қақпақшалармен немесе басқа да құралдармен жабдықталады.
90. Ұсақталған қатты жанатын өнімдерді араластыру, ұсақтау жарылыс қауіпті қоспалар жүйесінде пайда болмау үшін инертті газ ортасында жүзеге асырылады. Ұсақтауға және араластыруға арналған жабдықтар инертті газдардың қысымын бақылау құралдарымен жабдықталады.
6-тарау. Жылу алмасу үдерістері
91. Жылу алмасуды ұйымдастыру жылу тасымалдағышты және оның параметрлерін таңдау өнімнің ысу және бұзылу мүмкіндігін болдырмайтындай жылу берумен қажетінше қамтамасыз ету мақсатында жылытылатын материалдың физика-химиялық құрылымын есепке ала отырып жүргізіледі.
92. Жылу алмасу үдерісінде технологиялық ортамен химиялық әрекеттесуде жарылыс қауіпті өнім тудыратын жылу тасымалдағышты қолдануға жол берілмейді.
93. Жылуды қабырға арқылы беру үдерісін талдауда технологиялық өнім мен жылу тасымалдағыштың жарылыс қауіпті ортаның пайда болуына әкелуі мүмкін өзара ену туралы белгі беру мен бақылау құралдары және әдістері қарастырылады.
94. Аппараттағы қыздырылған жанатын сұйықтың деңгейінің төмендеген жағдайында және жылу алмасудың үстіңгі бетінің жалаңаштануы бұзылуға, құрғауға, жанатын өнімнің жайылуына, бағынбайтын үдерістің дамуына, үдерісті реттеу және бақылау құралына, сонымен қатар белгіленген мәннен төмен жанатын қыздырылған өнім деңгейінің төмендеуінде жылыту агентінің берілуін тоқтататын бекітіп тастауға соқтырады.
95. Үстіңгі жылу алмастырғыштарда жанбайтын жылу тасымалдағыштардың қысымы (хладагенттер) сәйкесінше, қыздырылатын жанатын заттардың қысымынан артық болады.
96. Жылу алмасу, сонымен қатар технологиялық параметрлердің регламенттелуінен ауытқығанында басқарылмайтын, өзіндік қысқаратын экзотермиялық реакциялардың дамуы мүмкін реакциялық үдерістерде олардың дамуын тоқтататын құралдар қарастырылады.
97. Өнімнің криссталдануы мүмкін немесе криссталдық гидраттар түзетін жылу алмасу үдерістерінде бұл өнімдердің пайда болуының алдын алатын реагенттерді енгізу қарастырылады, технологиялық үдерістердің бекем жүргізілуін, үзіліссіздігін және жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа да шаралар қарастырылады.
98. Отты жылытумен жылу алмасу үдерістерін ұйымдастыруда жылытылатын элементтерде, пештің жұмыс аумағында және жағу кеңістігінде жарылыс қауіпті қоспалардың пайда болу мүмкіндігін болдырмайтын шаралар мен құралдар қарастырылады.
99. Жылыту пештерінің жағу кеңістігін аварияға қарсы автоматты қорғау:
1) жылу, ауа және су буының берілген қатынасын басқару жүйесімен;
2) газ тәрізді отын мен ауаның қысымы бекітілген параметрден төмендегенде түсуін тоқтататын жауып тастаумен, сонымен қатар бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматтарының (ӨАмА) электрмен-(пневмо) қамтамасыз ету тоқтатылғанда;
3) отынның түсуі тоқтағаны туралы белгі беру құралдарымен, сонымен қатар ауаның оны жағу кеңістігіне мәжбүрлеп бергенінде;
4) түтінсорғыш тоқтағанда немесе пеште сұйылтудың жол берілмейтіндей төмендеуінде жану аумағына газ отынын беруді автоматты тоқтату және тартылыс деңгейін бақылау құралдарымен, ал пеш агрегаттарын пайдаға асыру қазандықтармен құрастыруда түтін сорғышсыз агрегаттар жұмыстарын ауыстыру жүйесімен;
5) құбыр өртенгенде су буын жағу кеңістігіне және иректүтікке автоматты түрде беру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
100. Жылыту пештерінде қыздырылған элементтерді (иректүтіктер) аварияға қарсы автоматты қорғау қамтамасыз етіледі:
1) пештің иректүтіктерін құбырларға зақым келгенде немесе оның айналысы тоқтағанда жылытылатын сұйық өнімнен авариялық босатумен;
2) шикізат беру тоқтатылғанда отын беруді тоқтату бойынша жауып тастаумен;
3) иректүтіктер жүйесінде авария болғанда шикізат пен отын беруді қашықтан тоқтату құралдарымен;
4) шикізат беру жүйелерінде қысымның төмендеуі туралы дабыл беру құралдарымен.
101. Ашық отты үдерісті пештерді газды ортадан оқшаулау үшін авария болғанда сыртқы қондырғыларда немесе пеш ғимараттарында автоматты не қашықтан қосылатын бу пердесімен қамтамасыз етіледі. Пердені қосқанда автоматты дабыл бергіш дыбыстық белгі береді.
102. Жылытатын пештер үшін отын газы онда сұйық фазаның, ылғалдың және механикалық қоспаның болуы регламенттелген талаптарға сәйкес болады. Жануға түсетін отын газында сұйықтар мен механикалық қоспаларды болдырмайтын құралдар қарастырылады.
103. Жоғары температуралы органикалық жылу тасығыштарды (әрі қарай-ЖТОЖТ), иісті майларды және басқаларды қолданумен жылу алмасу үдерістерін ұйымдастыруда ұшатын өнімдерді жоятын, нәтижесінде оларды жекелей тарататын жүйелер орнатылады.
104. Үдерісті жоғарғы шегіне жақын жүргізуде ЖТОЖТ қолдануда мүмкін жылу тасығыш құрамын өзгертуге қатаң бақылау жүргізіледі; ЖТОЖТ құрамының жол берілетін көрсеткіштері регламенттеледі.
105. Құрғату агенті және құрғату тәртібі құрғатылатын материалдың, жылу тасығыштың жарылыс өрт қауіпті құрылғыларын есепке ала отырып және блоктың жарылыс қауіптілігін төмендету мүмкіндігімен таңдалады.
106. Инертті газ ауасында құрғату үдерісін жүргізуде құрғатудан (үдеріс ерекшелігіне қарай) шыққанда, не кіргенде инертті газда оттегінің болуы автоматты бақыланады. Оттегі концентрациясының жол берілуінен асқан жағдайында құрғату үдерісін тоқтату бойынша автоматты жауып тастау және аппаратта жарылыс қауіпті қоспалардың пайда болуын болдырмайтын басқа да шаралар қарастырылады.
107. Құрғату агрегаттарында жарылыс қауіпті қоспалардың құрғатқыштан жылыту құрылғыларына шегіну жолымен түсуін болдырмайтын шаралар қарастырылады.
108. Газды ауа ортасында құрғату үдерісін жүргізудің негізді қажеттілігінде үдерістің жарылуының және жабдықтың жарылу қорғанысының алдын алудың төмендегідей шаралары қарастырылады:
1) қатты (соққы, сызат) және электрлі ұшқын тұтандыру туындыратын құрылғылармен жабдықтау;
2) жергілікті қыздырылуды болдырмайтын құрғату тәртібін ұстау, тоқырау аумағының туындауы, құрғатылатын материалдың жоғарғы ауа температурасы аумағында болу уақытын көбейту және өнімдердің құрғату камераларының қабырғаларында жинақталуын болдырмау;
3) бүріккіш құрғатқыштарды құрғатылатын материалды және құрғату агентін олардың біреуінің түсуі тоқтатылғанда беруді автоматты тоқтату құралдарымен жабдықтау;
4) жанатын өнімдердің қыздырылуы және (немесе) термобұзылудың алдын алу үшін құрғату агрегаттары құрғатылатын материалды және құрғату агентінің температурасын автоматты реттеу құралдарымен, сонымен қатар бұл температуралардың белгіленген шектен аспауын болдырмайтын (хладагенттің берілуін қосу, құрғату агентін беруді сөндіру) жауып тастаумен жабдықтау;
5) құрғатылатын материалдың белгіленген мәннен жоғары температураға жеткенінде суық затты (суық газ, су) автоматты беру.
109. Жанатын заттарды вакуум астында құрғату үдерісін жүргізуде құрғатқышты іске қосар алдында және тоқтатылғанында жұмыс кеңістігіне инертті газ беру (инертті газбен үрлеу) тәжірибеленеді. Инертті газ беру ұзақтығы технологиялық үдерістерді жүргізудің нақты шарттарын есепке алумен анықталады және регламенттеледі. Сонымен қатар, құрғату агрегаттары жұмыс кеңістігінде вакуумның белгіленгеннен төмен төмендеуінде немесе болмауында олардың қыздырылуға қосылу мүмкіндігін болдырмайтын автоматтандырылған жүйемен жабдықталады.
110. Жанатын заттарды құрғатуға арналған құрғату агрегаттары өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады. Өрт сөндіру тәсілдері шаңның пайда болуын, қоршаған ортаға жанатын өнімдердің тасталуын және аппаратта да құрылғының жұмыс аумағында да жарылыс қауіпті қоспаның пайда болуын болдырмайды.
111. Құрғатылатын өнімнің құрғату агентімен тікелей қатынасы бар құрғату құрылымдары құрғату агентінің құрғатылатын өнімді шаңнан тазарту құрылғыларымен және тазартуды бақылау құралдарымен жабдықталады. Тазалау тәсілдері мен кезеңділігі регламенттеледі.
7-тарау. Химиялық реакциялық үдерістер
112. Бірнеше үдерісті біріктіретін (гидродинамикалық, жылу масса өткізгіштік, реакциялық) технологиялық жүйелер регламенттелген параметрлерді бақылау аспаптарымен жабдықталады. Басқару, реттеу және аварияға қарсы қорғаныс құралдары үдерістің жарылысқауіпсіздігіне және тұрақтылығына кепілдеме береді.
113. Кез келген санаттағы жарылыс қауіпті блоктар үшін реакциялық үдерістердің технологиялық аппараттары автоматтандырылған бақылау, реттеу құралдарымен және үдерістің жарылыс қауіптілігін анықтайтын бір немесе топты параметрлердің қорғаныс блокировкаларымен жабдықтайды (шығарылатын заттардың түсуі мен санының сәйкестігі, реакциялық аппараттарда қысым, орта температурасы, саны, жылу тасымалдағыштың шығыны мен параметрі, сындық мәнге жетуі мүмкін компоненттердің материалды ағындарда болуы).
114. І санатты жарылыс қауіпті технологиялық блок құрылымының құрамына кіретін технологиялық жабдықтар әрбір қауіпті параметр үшін екіден кем емес көрсеткішті белгілегішпен (тәуелді параметр үшін әрбіріне бір көрсеткішті белгілегіштен), реттеу құралымен және аварияға қарсы автоматты қорғаныспен, ал қажеттілігі болғанда басқару және қорғаудың балама жүйесімен жабдықталады.
115. Аварияға қарсы қорғаныстың автоматты жүйесінің іске қосылуы берілген бағдарлама (алгоритм) бойынша жүргізіледі.
116. 10 бар технологиялық блоктарда реакциялық үдерістермен басқару жүйесінде қауіпті параметрлер мен олардың көрсетілген мағынадан шыққанында іске қосылатын дабыл бергіштер автоматты бақыланғанда қолмен реттеу құралдарын қолдануға рұқсат беріледі.
117. Шайырланатын және тығыздалатын (полимерлеу, поликонденсациялау) әсерлі жарылыс қауіпті өнімдердің аралық қышқыл байланысының пайда болуы туындайтын реакциялық үдерістерде және құбырөткізгіштер мен аппаратурада шоғырланған басқа да тұрақсыз заттар қарастырылады:
1) жарылыс қауіпті заттардың пайда болуына әсер ететін шикізатқа түсетін қоспалардың болуын бақылау, аралық өнімдерде тұрақсыз байлаулардың болуы және көрсетілген тәртіпті қамтамасыз ету;
2) апаратта тұрақсыз заттардың қауіпті концентраттарының пайда болуын болдырмайтын ингибиторды енгізу; қолданыстағы құрылатын материалдарды қолдану сапасына және аппарат үстін, құбырөткізгіштерді, арматураларды, үдеріс айналымындағы өнімдермен байланысатын көрсеткішті белгілегіш аспаптармен өңдеудің тазалығына қойылатын ерекше талаптарды орындау;
3) қатты жарылыс қауіпті тұрақсыз өнімдерді жиналу мүмкіндігін төмендету немесе болдырмау үшін өнімдердің, шикізаттардың ыдыс аппаратында үзіліссіз айналысы; аппараттан қауіпті компоненттермен толған массаларды шығару;
4) жеткізілу уақытын ескере бұзылуға және бүлінуге бейім өнімдерді сақтаудың бекітілген мерзімі мен тәртібін қамтамасыз ету.
118. Үдерісті ұйымдастырудың қажетті және жеткілікті шарттарын таңдау үдерісті дайындаушымен анықталады.
119. Шикізаттағы қоспаның құрамын бақылау тәсілдері мен кезеңділігі, аралық және соңғы өнімдердің реакциялық массасындағы тұрақсыз байлаулар, қауіпті әсер ететін заттары бар реакциялық массаны шығару тәртібін, өнімді сақтау мерзімі мен тәртібін үдерісті дайындаушы анықтайды, ол өндірістің технологиялық регламентінде және жобалық құжаттамасында көрсетіледі.
120. Жабдықтың ішкі бетінде және құбырөткізгіштерде қатты өнімнің жиналуы мүмкін болғанда, оларды қағу, сонымен қатар технологиялық жүйеден авариялық қотару құрылғысы бұл жиналулардың болуын бақылаумен және оларды қауіпсіз тазалаумен, ал қажетті жағдайларда қордағы жабдықпен қарастырылады.
121. Ауа оттегісімен не (немесе) сумен өзара әрекеттесетін катализаторды, оның ішінде металлорганикалықты қолданғанда өзінен өзі жануы не (немесе) жарылуы мүмкін, мөлшерінде оттегі не (немесе) дым бар белгіленген шекті мәннен асатын материал және инертті газды шикізат жүйесіне беру мүмкіндігін болдырмайтын шаралар қарастырылады. Оттегі мен дымның қол жетімді концентрациясы, олардың бастапқы өнімдерде болуын бақылау тәсілдері мен кезеңділігі қолданылатын катализаторлардың физика-химиялық ерекшеліктерін, технологиялық блоктың жарылыс қауіптілігін есепке ала отырып анықталады және регламенттеледі.
122. Реакциялық үдерістерде компоненттерді мөлшерлеу автоматты жүргізіледі және салдарында үдерісті дайындаушымен анықталатын аппарат ішінде немесе реакция барысында бағынбайтын жарылысқауіпті қоспалардың пайда болу мүмкіндігін болдырмайды.
123. Үдеріске қатысатын заттардың қызып кету мүмкіндігін болдырмау үшін, жарылыс өрт қауіпті өнімдердің пайда болуынан олардың өзінен өзі тұтануы немесе термиялық ыдырауы жылытылған аппаратура элементтерімен байланысы нәтижесінде температура режимі, өнімді тасымалдау жылдамдығы, олардың жоғары температура аумағында шекті уақытта болуы анықталады және регламенттеледі.
124. Үдеріс дамуының бағынбау қауіпсіздігін болдырмау үшін оны тұрақтандыру, авариялық оқшаулау немесе аппараттан босату шаралары қарастырылады.
125. Массаны басқа аппаратқа тығыздау үшін кезеңді әрекеттегі реакторда ортаның қалдық қысымын реакциялық қолдануға жекелеген, нақты жағдайларда рұқсат беріледі.
126. Сұйық фазалы үдерістер аппаратурасы ондағы бар сұйықтың деңгейін реттеу және бақылау жүйесімен бекітілген деңгейден асқанда немесе қотарып алу мүмкіндігі болмағанда басқа да құралдармен не (немесе) бұл сұйықты аппаратқа беруді автоматты сөндіру құралдарымен жабдықталады.
127. Жарылыс қауіпті технологиялық үдерістердің реакциялық аппараттары араластырғыш біліктің сенімді жұмысын және саңылаусыз тығыздығын автоматты бақылау, аппаратқа қауіпсіздікті қамтамасыз ету және үдерісті жүргізу шарты бойынша талап етілсе, жұмыс істемейтін араластырғыш құрылғылармен өнімді арту мүмкіндігін болдырмайтын жауып тастау құралдарымен жабдықталады.
128. Қабырға арқылы жылу беруде реакцияның артық жылуын шығаруда реакциялық аппаратура сұйытылған сұйықты (суық зат) булау есебінен жүргізіледі, автоматты бақылау, реттеу және жылуөткізгіш элементтерде суық зат деңгейін дабыл беру құралдарымен жабдықталады.
129. Сұйытылған газдарды реакциялық аппаратураның суыту жүйесінде:
1) суық зат температурасы (сұйытылған газдың қайнау температурасы) мағынасы автоматты реттелетін бір қалыпты қысымды ұстаумен қамтамасыз етіледі;
2) реакциялық аппаратураның жылуалмасу элементтерінен суық затты шығаруды автоматты қамтамасыз ететін, сонымен қатар қысымның оны кенет тоқтатқанда бекітілген деңгейден жоғарылау мүмкіндігін болдырмайтын шаралар қарастырылады.
130. Жоғары жарылыс қауіптілікпен сипатталатын (оксидтік, металлорганикалық байлаулардың жоғары параметрлерінде ацетилин, этилен), термикалық ыдырауға немесе өз бетінше шатасқан полимеризациялауға бейім, өзінен өзі жылуға, сонымен қатар, сумен және ауамен өзара қарым-қатынаста өзінен өзі тұтануға немесе жарылуға қабілетті өнімді алғанда не қолданғанда реакциялық үдерістерді жүргізу және дайындау осы жағдайларды есепке ала және қауіпсіздіктің қосымша арнайы шаралары қарастырыла отырып жүргізіледі.
8-тарау. Сұйытылған газдарды, жылдам тұтанатын және
жанатын сұйықтарды құю-төгу және сақтау үдерістері
131. СГ, ЖТС және ЖС қоймаларының құрылымы, сонымен қатар СГ, ЖТС және ЖС жеткізу және сақтау үшін құю эстакадалары (пунктері), резервуарлары (ыдыстары) бұл объектілерге арналған тиісті нормативтіктер талаптарына сәйкес болады.
132. Жанатын сұйық заттарды (СГ, ЖТС және ЖС) сақтау және орын ауыстыру бойынша технологиялық операцияларды орындау тәртібі, жылжымалы және стационарлық сақтау резервуарын толтыру және босату, бұл операциялардың жарылыс қауіпсіздігін анықтайтын (қысым, орын ауыстыру жылдамдығы, шекті рұқсат мейлінше жоғары және төмен деңгейі, вакуумды түсіру тәсілі) үдеріс параметрін таңдау, жанатын өнімдердің физика-химиялық құрылымын есепке ала жүзеге асырылады және регламенттеледі.
133. Сақтау резервуарлары және СГ, ЖТС және ЖС сақтау қоймалары бақылау және үдерістің қауіпті параметрлері 153-тармақта көрсетілген басқару құралдарымен жарақтандырылады.
134. СГ, ЖТС және ЖС сақтауда құю-төгу операцияларын жүргізуде стационарлы және жылжымалы резервуарлар (ыдыстар) және құю-төгу құрылғылары арнайы қарастырылған өнімдерге ғана қолданылады. Құю-төгу операцияларын орындаудың барлық сатыларында өнімнің кездейсоқ араласу мүмкіндігін болдырмайтын тиісті шаралар дайындалып жүзеге асырылады. Қажетті жағдайларда босатылған арнайы дайындалған ыдыстарды басқа физика-химиялық сипаттары мен сақтау көрсеткіштері үйлесетін соларға арналған сұйық жанатын өнімдермен толтыруға рұқсат беріледі. Ыдыстарды толтыруға дайындау тәртібі (бұрын онда болған өнім қалдықтарынан босату, жуу, тазалау, ыдысты залалсыздандыру) және құбырөткізгіштерді, арматураларды қосу (жалғау) жұмыстарын жүргізу регламенттеледі.
135. Сақтау барысында тұрақсыз жанама жалғануларды пайда болдыруға, негізгі өнімнің жарылыс қауіптілігін арттыратын қоспа жинақталуына қабілетті заттармен құю-төгу операцияларын жүргізу және сақтауда қоспалар мен жанама жалғанулардың жинақталуы мен пайда болу жылдамдығын азайтатын немесе тоқтататын шара, сонымен қатар оларды құбырөткізгіштерде, стационарлық, жылжымалы резервуарларда және басқа жабдықтарда болуын бақылау мен оларды уақытылы жою тәсілдерді қарастырылады.
136. Стационарлық не (немесе) жылжымалы СГ және ЖТС толтыруға дайындауда монтаждау, жөндеу, тазалау және балама жұмыстардан кейін бұл жабдықта жарылыс болуды болдырмайтын шаралар қарастырылады. Төгуге дайындау тәртібі, жабдықта оттегі концентрациясын бақылау және жарылыс қауіптілігін анықтайтын басқа да параметрлер регламенттеледі.
137. Қысым астында сақталатын сұйытылған жанатын газдардың стационарлық резервуарлар сыйымдылығы, жарылыс қауіптіліктің энергетикалық көрсеткішін және нақты шарттарды есептей отырып, тиісті нормативтік құжаттармен анықталады.
138. СГ, ЖТС және ЖС резервуарлары оларды авария жағдайларында жанатын өнімдерден босату үшін талап бойынша қашықтан басқарылатын, авария болғанда қолданылатын жылдам әсер еткіш сөндіретін арматурамен жабдықталады.
139. Қалқыма қақпақты (понтондарды) резервуарларды құру олардың толуы, босатылуы және іріктеу жүйесі бойынша операциялар жүргізу тәртібі жергілікті қыздырылуды болдырмайды, орын ауыстыратын бөлшектерді уқалау есебінен туындаған ұшқын пайда болуы және олардың болу мүмкіндігін тудыратын соғылу, ал қақпақшалардың (понтондардың) ақаулығында олардың бұзылуын және резервуарда болуы мүмкін жарылыстар тоқтатылады.
140. Темір жолмен СГ, ЖТС және ЖС құю және тасымалдауға арналған цистерналар арматурамен, бақылау құралдарымен, құю-қотару, қорғау және тасымалданатын өнімдердің физика-химиялық құрылымын, мемлекеттік және салалық нормативтік құжаттардың талабын және теміржол көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдаудың қауіпсіздік ережесіне сәйкес есепке ала отырып басқа да құралдармен жабдықталады.
141. Жанатын өнімдерді құю-қотаруда теміржол цистерналарын орнату (беру) тәртібі бұл операцияларды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етіп және арнайы салалық нормативтік құжаттармен анықталады. Теміржол цистерналарын құю-қотаруда құйылып жатқан цистернаның өз бетінше ауыстырылуын, құю құрылғыларының саңылаусыздығын және ауаға жанатын өнімдердің шығарылуын, газдану аумағында тұтанудың тұрақты немесе кездейсоқ көздерін болдырмау шаралары қарастырылады.
142. Теміржолда тұрған СГ, ЖТС және ЖС бар теміржол цистерналарын стационарлық, қоймалық (қолданыс) ыдыстар ретінде пайдалануға болмайды.
143. Цистернаға СГ, ЖТС және ЖС құю және қотару арнайы құю қотару бекеттерде жүргізіледі. Құйылатын өнімнің әрбір түріне оны басқа өніммен араластыру мүмкін болмағанда, жеке құю-қотару пунктері және осы пунктерде жеке құю құрылғылары қарастырылады. Құю пунктерінде өзара келіспейтін өнімдерді кезектесіп құюға жол берілмейді.
144. Құю қотару пунктерінде ақаулы цистерналарды босатуға арнайы жабдықталған орындар, құралдар мен әдістер қарастырылады. Бұл операцияларды орындаудағы қауіпсіздік шаралары нұсқаулықпен қарастырылады.
145. СГ, ЖТС және ЖС құю-қотару жүйесінің цистерна, резервуар, құбырөткізгіш және басқа да жабдықтарының пайдалануда бекем, ыңғайлы болуы қамтамасыз етіледі. Олардың құрылғылары құю-қотару жұмыстарын жүргізгенде ауаға жанатын булар мен газдардың шығу және төгілу мүмкіндігін болдырмайды.
146. Құю-қотару жүйесінде (ғимаратында) ортаға тұрақсыз және солқылдақ материалдардан дайындалған құрылғыларды қолдануға жол берілмейді.
147. СГ, ЖТС және ЖС құю-қотару пунктері цистерналардың төгілуін болдырмайтын бекем автоматты құрылғылармен жабдықталады.
148. СГ, ЖТС және ЖС құю операцияларын сорғышпен жүргізгенде оларды қашықтан сөндіру құралы қарастырылады. Сөндіру құрылғылары қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талапты ескере отырып пайдалануға, қолдануға ыңғайлы және қолжетімді орынға орналастырылады.
149. Эстакадаға СГ, ЖТС және ЖС түсетін құбырөткізгіштерде эстакадада авария туындаған жағдайда құбырөткізгіштерді сөндіру үшін жылдам әсер ететін бекіткіш құралдар немесе қашықтан басқарылатын тартпалар орнатылады.
150. Бұл құрылғыларды басқару қашықтан да, орнында да (қауіпсіз орында) жүргізіледі.
151. Сұйытылған газдарды және төмен қайнайтын жанатын сұйықтарды (қоршаған орта температурасынан төмен қайнау температурасында) цистернаға құю (қотару) жұмыстарын қауіпсіз жүргізу үшін құбырөткізгіштерде будың, кавитация, гидравликалық соққы және басқа да құю-қотару жүйесі элементтерін механикалық бұзылуға соқтыруға қабілетті белгілердің пайда болуын болдырмайтын шаралар қарастырылады.
152. Құю-қотару жұмыстарында атмосфералық және статикалық электрден қорғау шаралары қарастырылады.
153. Құю-қотару эстакадаларында құю-қотару жүйесін ұйымдастырылған жинақ және бұл өнімдерден босату қажеттілігінде булы газ фазасын пайдаға жарату құрылғыларына қосу мүмкіндігін қамтамасыз ету қарастырылады.
154. Құбырөткізгіш және құю мен қотару коллекторы жүйесінде жарылыс қауіпті қоспалардың пайда болуын болдырмау үшін оларға инертті газ бен будың жеткізілуі, сонымен қатар бұл жүйелерден жанатын заттардың толық және сенімді шығарылу мүмкіндігі қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |