Жарылыс өрт қауіпті химиялық, мұнай өңдеу және басқа өндірістерге арналған әдістемелік ұсынымдар


-тарау. Технологиялық үдерістерді аппаратты безендіру



бет3/7
Дата01.07.2016
өлшемі0.62 Mb.
#170537
1   2   3   4   5   6   7

9-тарау. Технологиялық үдерістерді аппаратты безендіру
155. Жабдықты таңдау жобалаудың бастапқы негіздеріне, қолданыстың нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жүргізіледі. Технологиялық жүйеге кіретін технологиялық блоктардың жарылыс қауіптілігі санатынан туындай келе, жабдық таңдау беріктілік көрсеткіштеріне қарай жүргізіледі.

156. Құбырөткізгіштік арматура мен технологиялық жабдық үшін пайдаланудың нақты шарттарын есепке ала отырып нақты қызмет ету мерзімі бекітіледі. Қызмет ету мерзімін дайындаушы жабдық пен құбырөткізгіштік арматураның төлқұжатында көрсетеді. Жобалау мекемесінің құбырөткізгішінде бекітілген пайдалану мерзімі орнатылады, ол жобалық құжаттамада көрсетіліп, құбырөткізгіш төлқұжатына енгізіледі.

157. Заттар үдерісінде айналатын көлемі ең төменгі жану энергиясынан асатын жарылыс қауіпті ортаның пайда болуын және энергия көздерінің туындауын болдырмау мүмкін емес болғанда, жабдықтар (аппараттар мен құбырөткізгіштер) үшін, жалынды оқшаулау және жарылысты қорғау бойынша жарылыстан қорғау және жалыннан оқшаулау бойынша әдістер мен құралдар қарастырылады, ал негізгі жағдайларда-жарылыстың толық қысымы есебінде механикалық бекемдігі арттырылады.

158. Жарылыстан қорғау құралдарының, жалыннан оқшаулау және басқа да аварияға қарсы құрылғылардың сенімділігі мен тиімділігі жарылыстан сақтанатын жабдықтың өндірістік үлгісін сынаумен нақтыланады.

159. Жабдықты аварияға қарсы құрылғылармен жабдықтау жану көздерінің туындауының алдын алуға бағытталған шараларды дайындау қажеттілігін жоққа шығармайды.

160. Жабдық пен құбырөткізгішті дайындау үшін жұмыс ортасымен өзара әрекетте қайта өндірілетін өнімдердің жарылысының бастамашысы тұрақсыз қосылыстар түзе алатын материалды қолдануға жол берілмейді.

161. Технологиялық жабдықты және құбырөткізгішті дайындау сапасы осы жабдық пен құбырөткізгішке берілген нормативтік құжаттар мен техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес болады. Жоғары қысыммен жұмыс істейтін аппарат құрылымы қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарға арналған нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес болады.

162. Технологиялық жабдық пен құбырөткізгішті монтаждау құрылыс нормасы мен талабына, стандартына және басқа нормативтік құжат талаптарына, жобаға сәйкес жүргізіледі.

163. Жабдықтар мен құбырөткізгіштер, материалдар және жинақталған бұйымдар олардың дайындалу сапасын және нормативті-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкестігін нақтылайтын құжат болмаған жағдайда монтаждауға берілмейді.

164. Құбырөткізгіштік арматура, қорғаныс құралдары, аспаптық техниканың жабдық төлқұжаттарында мемлекеттік стандарттармен көрсетілген бекемдік көрсеткіші көрсетіледі.

165. І санатты жарылыс қауіпті технологиялық блок құрылымдарында, жарылыс өрт қауіпті және улы өнімдерді тасымалдайтын І санатты құбырөткізгіштердің дәнекерленген қосылыстары 100 % бұзылмайтын әдіспен (ультрадыбыстық дефектоскопия, енетін сәулесінің көрінуі немесе басқа сәйкес әдістермен) бақыланады. Бұзылмайтын бақылаудың әдістерін талдау және басқа санатты құбырөткізгіштерді бақылау көлемі жобалық құжаттамамен анықталады және олардың қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз етуге жеткілікті болады.

166. Технологиялық жүйе саңылаусыз орындалады. Негізгі жағдайларда төлқұжат деректері бойынша жанатын заттардың регламенттелген кетеулері болады (жұмыс тәртібінде бұл кетеулердің жол берілетін үлкендіктері көрсетіледі). Жобалық құжаттамада оларды жинау мен бұру тәртібі анықталады.

167. ЖТС және ЖС байланыста жұмыс істейтін технологиялық жабдықтың жылжымалы қосылыстарын саңылаусыздау үшін шөрке түрін тығыздауда қолданылады.

168. Технологиялық аппараттар мен құбырөткізгіштердің сыртқы жылумен оқшаулау құрылғысының қажеттілігінде оған жанатын заттардың түсуінен қорғау шаралары қарастырылады. Жабдықтың сыртқы бетінің температурасын не (немесе) жылуды оқшаулау жабындарын жарылыс өрт қауіпті өнімнің өзінен өзі тұтану температурасының артуына жол берілмейді, қызмет көрсетуші персоналға арналған орындар үшін ғимарат ішінде 45°С, сыртқы құрылғыларда 60°С болады.

169. Технологиялық жабдықтың жылуалмасатын элементтерінің құрылымында технологиялық орта мен жылу тасымалдағыштың өзара біріге ену мүмкіндігін жоққа шығарады. Құрылғының дайындалуына және беріктігіне, сынау тәртібіне қойылатын талап, жылу тасымалдағыш элементтердің пайдалануы мен жағдайын бақылау тиісті нормативтік құжаттармен анықталды.

170. Газофазалық үдерістер мен газқұбырлы аппаратура үшін технологиялық үдерісті жүргізу шарты бойынша буланудың суға айналуы мүмкін, қажет болғанда сұйық фазаны жинау мен жою үшін құрал қарастырылады.

171. Технологиялық жабдықты тазалау бойынша регламентте бекітілген жұмыстарды кезеңді атқару үшін, талап бойынша жабдықтың ішінде адам болмайтын кезде гидравликалық, механикалық немесе химиялық тазалау жүргізетін құралдары қарастырылады.

172. Жарылыс өрт қауіпті өнімдері бар аппараттар су, бу, инертті газ қосу құрылғыларымен жабдықталады. Аппараттар желдетуге арналған құрылғылармен жабдықталады.

173. Жарылыс өрт қауіпті технологиялық жүйе үшін жабдықтар мен құбырөткізгіштер жұмыс түрін пайдалану кезінде тербеліске түседі, оның тығыздалу элементтеріне және технологиялық жүйе мен пайдаланылатын құрылыстардың аралас элементтерге әсерін төмендету бойынша шаралар мен тәсілдер қарастырылады.

174. Жабдықтың жекелеген түрлері мен оның элементтері (байламдар мен бөлшектер) үшін шекті деңгейдегі тербеліс, бұл көлемді бақылау әдістері мен құралдары және оның мәнін төмендетудің тәсілдері мемлекеттік стандарт талаптарына, нормативті құжаттарға сәйкес болады және жабдыққа арналған техникалық құжаттамада көрсетіледі.



10-тарау. Жабдықтарды орналастыру
175. Өндірістік ғимараттар мен ашық алаңдарда құбырөткізгіштік арматураның технологиялық жабдығын орналастыру, оларды пайдалануға ыңғайлы және қауіпсіз болуын, авариялық жағдайды болдырмау немесе аварияны оқшаулау бойынша жедел шаралар қабылдау мен жөндеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді.

176. Технологиялық жабдық пен құбырөткізгішті ғимараттарда, сыртқы құрылғыларда, сонымен қатар эстакададағы құбырөткізгіштерде орналастыру олардың жағдайын, қызмет көрсету, жөндеу және ауыстыру жұмыстарын жүргізуіне, жағдайына көзбен көру бақылауын жасау мүмкіндігін есепке ала отырып жүргізіледі.

177. Жарылыс өрт қауіпті өндірістің технологиялық жабдығына рұқсат берілмейді:

1) қосымша ғимараттардың астына және үстіне;

2) жарылыс қауіпті, улы, жанатын өнімдері бар технологиялық құбырөткізгіш эстакадаларының астына;

3) ашық сорғыш және компрессорлық құрылғылардың алаңдарының үстіне, саңылаусыз тығыздамасыз сорғыш қолдану жағдайларынан басқа немесе арнайы қауіпсіздік шаралары жүзеге асырылғанда, жарылыс өрт қауіпті заттардың төмен орналасқан жабдықтарға түсуін болдырмайтын алаңдардың үстіне.

178. Қолданыстағы технологиялық жүйеден шығарылған жабдықтар, егер ол І не (немесе) ІІ санатты жарылыс қауіпті технологиялық блоктармен бір ғимаратта орналасса қайтадан жөнделеді, қалған басқа жағдайларда қолданыстағы жүйелерден оқшауландырылады.

11-тарау. Аппараттар мен құбырөткізгіштерді

антикоррозиялық қорғау шаралары
179. Пайдалану кезінде тотығу белсенді заттарына айналатын құрылымдық технологиялық жабдықты және жарылыс өрт қауіпті өндірістің құбырөткізгіштерді тоттанудан тозу жылдамдығын ескеретін оларды қорғау тәсілдері қарастырылады.

180. Тотығу белсенді заттарымен байланысатын технологиялық жабдықтар мен құбырөткізгіштер тотығуға шыдамды құрылымдық металл материалдардан дайындалады.

181. Жабдықты және құбырөткізгіштерді қорғау үшін негізді жағдайларда тотығуға шыдамды металл емес жабындарды (фторопласт, полиэтилен) қолдануға, ал ІІІ санатты жарылыс қауіпті технологиялық блоктары бар қондырғыларда тотығуға шыдамды металл емес жабдықтар мен құбырөткізгіштерді, оның ішінде тиісті негізде зерттеу нәтижелерімен расталған және қауіпсіздік шарасын талдауда композициялық материалдар (шыны, фарфор, фторопласт, полиэтилен) қолдануға жол беріледі.

182. Жабдықтар мен құбырөткізгіштердің тоттану тозуының дәрежесін бақылау тәртібі бұзылмайтын әдістер, тәсілдер, бақылау өлшемдерін жүргізу орны мен кезеңділігін қолданумен пайдаланудың нақты шарттарын есепке ала отырып (арнайы зерттеулер нәтижесі бойынша жаңа өндірістер үшін) технологиялық регламентте анықталады және нормативтік талаптарға сәйкес орындалады.



12-тарау. Сорғылар мен компрессорлар
183. Компрессорлар мен сорғылардың құрылымы мен пайдалану қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап береді. Жанатын, қысылған және сұйытылған, жылдам тұтанғыш және жанғыш сұйықтарды ауыстыру үшін қолданылатын сорғылар мен компрессорлар ауыстырылатын өнімдердің физика-химиялық қасиетін, аумалы параметрлерін және технологиялық үдерістің параметрлерін есепке ала отырып сенімділігі мен құрылымдық ерекшеліктері бойынша таңдалады. Сорғылар мен компрессорлардың саны технологиялық үдерістің үзіліссіздігін қамтамасыз ету шартынан анықталады; негізді жағдайларда (сенімділігін қамтамасыз етудің анықталған есебімен) олардың қорлануы қарастырылады.

184. Сорғылар мен компрессорларды жауып тастау жүйесінің жұмыс істеу тәртібі технологиялық қондырғыларды аварияға қарсы автоматты қорғау жүйесінің жұмыс істеу бағдарламасымен (алгоритмімен) анықталады.

185. Сорғылар мен компрессорлардың соратын және сығып толтыратын құбырөткізгіштерінде орналастырылған бекіту арматурасын мейлінше жақындатады және қызмет көрсетуге ыңғайлы аумақта орнатады. Тасымалданатын заттарды кері жолмен ауыстыратын басқа құрылғы болмаса, сығып толтыратын құбырөткізгіште кері қақпақшаның орнатылуы қарастырылады.

186. Электр энергиясы қысқа мерзімге тоқтатылғанда немесе кернеу төмендегенде тоқтатылған жарылыс өрт қауіпті өндірістің технологиялық блоктарының сорғылар мен компрессорлары үдерістің технологиялық параметрлерінің ауытқуына аумалы мәні мен аварияның туындауына әкеліп соқтыруы мүмкін, олардың қайтадан автоматты іске қосылу мүкіндігін есепке ала таңдалады және электр қозғалтқыштың өзінен өзі іске қосылу жүйесімен жабдықталады. Өзінен өзі іске қосылу жүйесінің жұмыс істеу уақыты белгіленген шекті мән параметрінен шығу уақытынан төмен жоспарланады.

187. Жарылыс өрт қауіпті өндірістердің компрессорлық қондырғылары нормативті-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес қолдану мен сынауға тартылады.

188. Дайындаушы-зауыт төлқұжатында көрсетілген және қолданыстағы нормативті-техникалық актілердің талаптарына сәйкес орналастыру құрылымында қарастырылған автоматтандыру, бақылау құралдары мен жауып тастау жүйелерінің жұмыс істемейтін, не болмайтын жағдайларында компрессорлық құрылғыларды пайдалануға жол берілмейді.

189. ЖТС сығып толтыру үшін: екі шөркелі, ал негізді жағдайларда қосымша тығыздағышпен бір шөркелі ортадан тепкіш сальниксіз сорғылар қолданылады. Сұйытылған көмірсутекті газдар үшін ортадан тепкіш саңылаусыз (сальниксіз) сорғылар қолданылады. Екі шөркелі тығыздалған тандем түріндегі ортадан тепкіш сорғыларды қолдануға жол беріледі. Бекітпе сұйық түрінде қайтадан сору ортасында жанбайтын не (немесе) бейтарап сұйықтар қолданылады. ЖС үшін сорғылар салалық нормативтер талабына сәйкес таңдалады.

190. ЖТС және ЖС сығып толтыру үшін төмен көлемді жылдамдықпен бергендегі негізді жағдайларда, оның ішінде өлшеу жүйесінде поршенді сорғыларды қолдануға жол беріледі.

191. Екі шөркелі тығыздалған ортадан тепкіш сорғылар тығыздалған сұйықтың саңылауын бақылау және дабыл беру жүйесімен жабдықталады. Сорғыларды тоқтату бойынша жұмыстардың салдары, резервке қайта қосу және АҚҚ жүйесінде жауып тастау қажеттілігі жобаны дайындаушымен анықталады.

192. І және ІІ санатты жарылыс қауіпті технологиялық блоктарды орнатуда шөркемен тығыздалған ортадан тепкіш компрессорлар мен сорғылар мойынтіректердің жағдайын шекті мәндерге жеткенде жұмыс істейтін дабыл бергіш температура және бұл белгілерден асқанда жұмыс істеуге тиіс АҚҚ жүйесін жауып тастау бойынша бақылау жүйесімен жабдықталады. Сорғыларды тоқтату және резервке қайта қосу жұмыстарының салдары жобаны дайындаушымен анықталады:

1) компрессорлар мен сорғылардың құрылымы мойынтірек температурасын көрсеткішті орнатуды қарастырады;

2) діріл деңгейіне кезеңді бақылау орнатылады.



13-тарау. Құбырөткізгіштер мен арматуралар
193. Жанатын және жарылыс қауіпті өнімдер үшін құбырөткізгіштер мен арматураларды дайындау, монтаждау және пайдалану тасымалданатын заттардың химиялық ерекшелігі мен технологиялық параметрлерін, сонымен қатар қолданыстағы нормативті-техникалық құжаттардың талаптарын есепке ала отырып жүргізіледі.

194. Жарылыс өрт қауіпті технологиялық жүйеде иілгіш құбыршек (резеңке, пластмасса) жанатын СГ, булы газ түріндегі заттарды, ААҚ және ЖС жеткізу үшін стационарлық құбырөткізгіш ретінде қолдануға жол берілмейді. Қосымша жұмыстарды (құбырөткізгіш, сорғыш бөліктерін үрлеу, үрленген газдар мен буларды шығару, құбырөткізгіштерді СГ, ЖТС және ЖС қалдықтарынан тазалау) орындау үшін бекіткіш арматура мен бітеу фланц, ал қажеттілігі болғанда кері қақпақша орнатылған, арнайы осыған арналған жабдықтар мен стационарлық желілер (коллекторлар) қолданылады. стационарлық желілі жабдықтар мен технологиялық құбырөткізгіштерді байланыстыру үшін құбырөткізгіштердің алынбалы бөліктері қолданылады.

195. Темір жол цистерналарына және басқа да стационарлық емес жабдықтарда құю және қотару жұмыстарын жүргізу үшін иілгіш қолданылады. Құбыршекті таңдау тасымалданатын өнімнің ерекшеліктерін және жұмысты жүргізу параметрін есепке ала жүргізіледі; құбыршектердің қолданылу мерзімі қолданыстағы нормативті құқықтық актілермен бекітіліп ұзартылуға жатпайды.

196. Регламенттелген параметрлерден ауытқыған жарылыс өрт қауіпті технологиялық жүйелердегі құбырөткізгіштерде, детонациялық жарылыс болуы мүмкін, осы құбырөткізгіштермен байланысты аппараттарға жарылыстың берілуін болдырмайтын және детоноциялық жағдайлардың алдын алатын шаралар қолданылады.

197. Құбырөткізгіштерді астарлау коммуникацияның созылуын қысқартуды қамтамасыз ететіндей, салбырау және тоқырау аумағын болдырмайтындай жүргізіледі.

198. Құбырөткізгіштерді ғимараттың құрылыс құрылымдары және басқа кедергілер арқылы астарлауда құбырларға қосымша салмақ түсірмейтіндей шаралар қолданылады.

199. Құбырөткізгіштерді астарлау фланцтік және басқа да ажырайтын қосылыстар аз болғанда жүргізіледі.

200. Фланцтік қосылыстарды арматура орнатылған жерлерде және технология талаптары бойынша құбырөткізгіштерге тазалау және жөндеу жүргізу үшін кезеңді бұзу жүргізуді қажет ететін бөліктерде ғана жүргізуге болады.

201. Фланцтік қосылыстар қызмет көрсету, бұзу, жөндеу және монтаждауды көзбен көрінетін ашық орындарда орналастырылады. Құбырөткізгіштердің фланцтік қосылыстарын улы, жарылыс қауіпті заттармен, адамдар өтетін және жұмыс орындалатын алаңдарда орналастыруға рұқсат берілмейді:

1) фланц материалы, тығыздау құрылысы пайдалану шартын есепке алған нормалар бойынша қабылданады. Бұл құжаттарда көрсетілмеген жағдайларда заттарды тасымалдау үшін қолданылатын құбырөткізгіштердің фланцті байланыстарын таңдауда фланц материалы мен тығыздалу құрылымы жобалау, құрылыс және ғылыми-зерттеу ұйымының ұсынымымен қабылданады;

2) құрамында жарылыс қауіптіліктің І санатты блогы бар объектілерді.

Жарылыс қауіпті өнімді технологиялық құбырөткізгіштер үшін тегіс тығыздалатын бетті фланцті байланыстарды, шиыршықты толтырылған төселімдерді қолдану жағдайларын есептемегенде қолдануға жол берілмейді.

202. Тығыздалу құрылымын, төсем материалын және фланцтік қосылғыштарды монтаждау талаптары технологиялық жүйені пайдаланудың жөндеуаралық кезеңінде алмалы-салмалы қосылғыштың тығыздылығының қажетті деңгейін қамтамасыз ететіндей сапада орындалады.

203. Жанатын өнімдері бар құбырөткізгіштерді байланыстыратын орындарда коллекторға оларды кезеңді сөндіру үшін арматура орнату қарастырылады. І санатты жарылыс қауіпті технологиялық блоктардың құбырөткізгіштерін коллекторға қосу үшін негізді жағдайларда сенімділігін арттыру үшін қайталанатын сөндіру құрылғыларын орнату қарастырылады.

204. Жанатын және жарылыс қауіпті кеңістіктің блокаралық құбырөткізгіштерінде әрбір жеке технологиялық блокты авариялық сөндіруге арналған қашықтан басқарылатын бекіту арматурасы орнатылады. Арматура жөндеуге және қызмет көрсетуге, әрі оның жағдайын көзбен бақылауға ыңғайлы орындарда орнатылады. Технологиялық блоктардың құбырөткізгіштерде қолмен басқарылатын 10 бар арматурасы оны әрекетке мейлінше аз уақытта келтіруді қамтамасыз ету есебімен орнатылады.

205. ІІІ санатты жарылыс қауіпті блоктардың технологиялық жүйесінде бекіту және бекіту-басқару болат арматуралары қолданылады.

206. ІІ және ІІІ санатты жарылыс қауіпті блоктардың технологиялық жүйесінде пайдалану жағдайында жұмыс кеңістігінің коррозиялық әсеріне тұрақты және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша нормативті-техникалық құжаттардың талабына жауап беретін болат арматура қолданылады:

1) 10 бар технологиялық блоктарда шойыннан жасалған арматура мен темір емес (шыны, пластика) құрылымдық материалдарды қолдануға тиісті негіздеме болғанда (арнайы зерттеулер нәтижесі бойынша), пайдалану жағдайында қауіпсіздіктің қосымша шараларын дайындағанда жол беріледі;

2) қауіпсіздік шаралары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қолданылатын нормативті-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес дайындалады.

207. Жарылыс өрт қауіпті өнімдердің құбырөткізгіштерінде орнатуға қолданылатын бекітпедегі металл тығыздамалы арматура саңылаусыздықтың «В» класына сәйкес болады.

208. Р>2,5 МПа орта қысымымен, температурамен, регламенттелген қысымда қайнау температурасына тең және қосылғыштардың сенімділігі мен тығыздылығының жоғарылаған қысымында жарылыс қауіптіліктің І санатты технологиялық блоктарының құбырөткізгіштерінде дәнекерленген арматура қолдану қарастырылады.

14-тарау. Аварияға қарсы құрылғылар
209. Аварияның алдын алу, олардың дамуын жоюға арналған технологиялық жүйелерде аварияға қарсы құрылғылар: бекіту және бекіту-басқару арматурасы, қақпақшалар, бөлетін және басқа да сөндіретін құрылғылар, қысымның жоғарылауынан сақтандыратын құрылғылар, жалынды тоқтату және сөндіру құралдары, жарылысты тоқтататын автоматты жүйе қолданылады.

210. Аварияның дамуын жою және тоқтату, қорғау жүйесі элементтерінің жұмыс істеу жүйелігін дайындау әдістері мен тәсілдерін таңдау объектіге кіретін технологиялық блоктардың жарылысқауіптілік санаты мен технологиялық үдеріс ерекшелігін есепке ала отырып бұл авариялардың даму мүмкіндігінің сұлба талдауының нәтижесі бойынша жоба құжаттамасымен анықталады және технологиялық регламентте көрсетіледі.

211. Жарылыс қауіптіліктің барлық санаттарының технологиялық блоктарында және жанатын ортаның бөлетін құрылғылар ретіндегі авариялық сөндірулерге арналған тотықтырғыштары бар барлық басқару жүйелерінде жылдам әсер ететін және сенімділк талаптарына жауап беретін бекіту-басқару арматураларын қолдануға жол беріледі.

212. Блокты авариялық сөндіруге арналған бекіту арматурасы, қақпақша, бөлгіш және басқа да құрылғылар жылдам әсер ету бойынша төмендегі талаптарға жауап береді:

1) жанатын сұйықтарды буландыру үшін қолданылатын жылу тасымалдағыш құбырөткізгіштерде орнатылған сөндіру құралдарының жылдам әсер етуі жобамен анықталады;

2) І және ІІ санатты жарылыс қауіпті технологиялық блоктары бар қысым көздерін орнату жылдам, әсер етуі жобамен анықталатын, айдау желісінде бөлетін арматураның жұмыс істеуімен бір уақытта сөндіріледі.

213. Технологиялық аппаратураға жылдам әсереткіштігі және өнімділігі бойынша ингибирітті және инертті заттарды беру жүйесінде қолданылатын арматура, қақпақша және басқа да құралдар:

1) жарылыс қауіптіліктің барлық санатындағы технологиялық блоктарға инертті газ беру жүйесінде үдерістің регламенттелген мәннен ауытқуының барлық мүмкін жағдайында жарылыс қауіпті қоспаның пайда болуын болдырмайтын инертті газ енгізудің көлемді жылдамдығын қамтамасыз ету;

2) жарылыс қауіптіліктің барлық санатындағы технологиялық блоктарға ингибирітті заттарды енгізу жүйесінде бағынбайтын экзотермиялық реакцияларды басу үшін қажетті көлемді жылдамдықтарды беруді қамтамасыз ету;

3) жарылыс қауіптіліктің барлық санатындағы технологиялық блоктарға жанатын булы газ және сұйық заттарды ұйымдасқан түрде түсіру коммуникациясында бұл заттардың ауаға шығарылу мүмкіндігін болдырмау.

214. Жабдықта орнатылған қорғау құралдарының жұмыс істеуінде қызмет көрсету персоналының жарақаттануына, жарылыс қауіпті өнімдердің жұмыс аумағы мен қоршаған ортаға шығарылуына жол берілмейді.

215. Технологиялық жүйенің жарылыс қауіптілігін сақтау үшін қолданылатын арматура, алдын ала сақтау құрылғылары, жалынды тоқтату құралдары бұл құрылғыларды дайындау, сынау және монтаждауға арналған қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес дайындалады.

216. Қолданылуға сынақтан өткен және дайындаушы-зауыттың төлқұжаты бар құрылғылар пайдаланылады.

217. Аппараттар мен коммуникациялардың қысымнан көтерілуінен қорғау құралдарын пайдалану, есептеу және таңдау қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес орындалады.

218. Жарылыс қауіпті өнімдері бар технологиялық аппараттарда (құбырөткізгіштерде) алдын ала қорғау қондырғыларын орнатуда олардың мейлінше жиі айналуын қамтамасыз ететін құралдар мен әдістер (сонымен қатар, үдерісті автоматты басқару) қарастырылады.

219. Жалынды таралудан қорғау құралдары (оттың алдын алғыштар, жалыншапқыштар, бекітпе сұйықтары) жалын таралуы мүмкін, оның ішінде кезеңді жұмыс істейтін немесе құбырөткізгіштің толмаған қиылысында, қатты қызған катализаторлы жабдықтың құбырөткізгіштерінде, жалындай жану мен басқа да тұтану көздерінен ЖТС және ЖС дем алу және айдап салу аппараттары мен резервуарларының желілерінде, сонымен қатар, ЖТС және ЖС құбырөткізгіштерінде орнатылады.

220. Бұл желілерге оларда жарылыс қауіпті қоспалардың болуын болдырмайтындай мөлшерде инертті газ берілгенде, жалынның таратылуынан қорғау құралын орнату міндетті болмайды. Инертті газ беру тәртібі регламенттеледі.

221. Өртке тосқауыл және сұйықтай алдын ала қорғауыш бекітпелерінің құрылымының негізгі бағытын пайдалану кезін есепке ала отырып жалынды сенімді тоқтатуды қамтамасыз етеді.

222. Өртке тосқауыл және сұйықтай алдын ала қорғауыш бекітпелерін пайдалану кезінде олардың жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету шаралары, оның ішінде криссталдану, полимерлену және заттардың қатуы мүмкіндігіне қарай қарастырылады.

223. Жарылыс қауіптіліктің І санатты блогына жататын, қысыммен жұмыс істейтін ЖТС резервуарында оны сөндіру үшін вакуумның туындауын және жарылыс қауіпті ортаның пайда болуын болдырмайтын орта резервуарында болатын инертті газ беру қарастырылады.

224. ЖТС резервуарында жарылыс қауіптіліктің І санатты блогына жататын, қысымсыз жұмыс істейтін ЖТС резервуары үшін жарылыс қауіпті қоспаның пайда болуының алдын алатын не жалындау көзін болдырмайтын шаралар қарастырылады.

225. Жарылыс өрт қауіпті технологиялық қондырғыларды ақаулы не сөндірілген аварияға қарсы құрылғылармен инертті және ингибирлі заттарды беру жүйесімен пайдалануға рұқсат берілмейді.

226. Аварияға қарсы қорғаныс құралының, инертті және ингибирлі заттарды беру жүйесінің жағдайы уақытылы бақыланады.

227. Бақылау уақыты мен әдістері жобамен анықталады және регламенттеледі.



15-тарау. Технологиялық үдерістердің бақылау, басқару,

дабыл беру және аварияға қарсы автоматты қорғаныс жүйелері
228. Технологиялық үдерістерді автоматты және қашықтан басқару (басқару жүйесі) бақылау жүйелері, аварияға қарсы автоматты қорғаныс жүйесі (ААҚ), сонымен бірге авариялық жағдай туралы хабарландыру және байланыс жүйесі (ХжБ жүйесі), сонымен қатар жабдықпен комплектілі жеткізілетін, қолданыстағы нормативті-техникалық құжаттама, жоба, регламент талаптарына жауап береді және технологиялық параметрлерді ұстауының нақтылығы, технологиялық үдерістерді жүргізудің сенімділігі мен қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

229. Бақылау, басқару және ААҚ, сонымен қатар ХжБ жүйелерінің сенімділігін, жылдам әсер еткіштігін, өлшеу жүйелерінің қол жетімді кемшілігін және басқа да техникалық сипаттамасын таңдау технологиялық үдерістің ерекшеліктерін және объектіге кіретін технологиялық блоктардың жарылыс қауіптілігінің санатына байланысты есептеумен жүргізіледі.

230. Аварияға қарсы автоматты қорғау құралдары мен оңтайлы әдістері технологиялық объектілердің олардың қауіптілігін таңдау негізінде, болуы мүмкін авариялық жағдайлардың дамуы мен туындау шартымен, технологиялық үдеріс ерекшеліктері және аппаратты безендірумен таңдалады. ААҚ жүйесі үшін құралдарды рационалды таңдау олардың жылдам әсер еткіштігін, сенімділігін есепке ала отырып жүргізіледі.

231. Электр құралдарын және бақылау жүйесінің элементтерін, басқару және ААҚ орналастыру, сонымен қатар өндірістік ғимараттар мен сыртқы қондырғылардың жарылыс қауіпті аумақтарын хабарландыру және байланысы, жарылыстан қорғау деңгейі электроқондырғы құрылғылары бойынша нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жүргізіледі.

232. Жарылыс қауіпті ғимараттарда және сыртында, кіретін есіктердің алдында ауаның газдануы туралы жарық және дыбыстық дабыл бергіш қондырғыларын орнату қарастырылады.

233. Авариялық жағдайлардың жайылмауын тоқтату жоспары бойынша қолданылатын автоматика құралдары, тиісінше оларды технологиялық регламентте орналастыру орындары бойынша белгіленеді.

234. Бақылау, басқару және ААҚ, сонымен қатар байланыс және хабарландыру жүйелері олардың функционалды қызметін айқын көрсететін, қорғаныс шарасының көлемі, бақыланатын параметрлердің аумалы мәні тиісті жазбалар енгізіле отырып белгіленеді.

235. Бақылау, басқару және ААҚ, сонымен қатар байланыс және хабарландыру жүйелерін орналастыру қызмет көрсетуге ыңғайлы және қауіпсіз орындарда орнатылады. Бұл орындарда жүйелердің нақтылығына, сенімділігіне және жылдам әсер еткіштігіне әсер ететін діріл, технология өнімдерімен қоқыстану, механикалық және басқа да зиянды әрекеттер болмайды. Сонымен қатар, олардың жабдықтар мен құбырөткізгіштер элементтерін саңылаусыздандырмай және жүйелерді қайтадан монтаждау құралдары мен әдістері қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет