2 - параграф. Материалды ортаны бөлу процесстері
62. Химиялық өнімдерді бөлудің технологиялық процесстері (жанатын немесе олардың жанбайтындармен қоспасы) жарылыс аумағынан тыс жүргізіледі. Бұл ретте процесстің барлық сатысында жарылыс қауіпті қоспаның пайда болуын болдырмайтын шаралар қарастырылады. Ортаны бөлу деңгейі мен жарылыс қауіпсіздік шаралары технологиялық процессті өңдеу кезінде анықталады және регламенттеледі.
63. Жанатын булар (газдар) мен сұйықтарды бөлу кезінде фазаны бөлу деңгейін реттеу мен автоматты бақылау құралдары қарастырылады. Фазаны бөлу деңгейін бақылау құралын пайдалану қажеттілігі процессті өңдеу және өндірісті жобалау сатысында анықталады.
64. Жанатын және жанбайтын сұйық өнімдерді бөлудің ыдыстық аппаратурасы қоршаған ортаға жанатын булардың түсуін болдырмайтын сорғытудың жабық жүйелерімен жарақталады.
65. Кәрізге лақтырылуға жататын жанбайтын сұйық, еріген сұйық газ болған кезде олардың шығарылуы бойынша шаралар өңделеді. Жанбайтын сұйықтағы ерітілген сұйық газдардың қалдығы бақыланады, ал бақылау кезеңділігі және газдың рұқсат берілетін болуы регламенттеледі.
66. Газ сұйықты қоспаларды бөлу жүйелері газ фазасының сұйыққа түсуін және сұйықтың булы газ фазасынан алып кетілуін болдырмайтын фаза бөлгіштермен жарақталады.
67. Суспензияны бөлуге арналған жабдықтар оның іске қосылуын болдырмайтын, ажыратуды қамтамасыз ететін және инертті орта өлшемдерінің қолжетімсіз ауытқулары кезінде суспензияның берілуін тоқтататын бұғаттаумен жарақталады.
68. Центрифугаларда суспензияны бөлу процессін жүргізу мен өңдеу центрифуганың өзінде де, үй-жайдың жұмыс ауасы атмосферасында да жарылыс қауіпті қоспаның пайда болуын болдырмайды.
69. Жанатын аэрозельдерді (газ – қатты фаза) бөлудің технологиялық процесстері үшін сүзгілерде (электр сүзгілерде) және циклондарда оларды жүргізу кезінде жарылыс қауіпсіздікті, бұл ретте бұл аппараттардағы сұйылуға автоматты бақылауды, ал қажеттілігі болғанда шығыс аэрозольде немесе шығатын газ фазасында оттектің болуына автоматты бақылауды қамтамасыз ететін шаралар, сондай-ақ электростатикалық кеңістік ұзындығының қауіпті мәнінің туындауын болдырмау бойынша шаралар қарастырылады.
70. Аэрозольдерді бөлу аппараттары үшін бұл аппараттардың ішкі бетінде қатты фаза қатпарының пайда болуын болдырмау немесе оларды алып тастау (адгезионға қарсы жабындар, механикалық сілкігіштер, дірілдеткіштер, қосымшалар қосу және басқалар) бойынша сенімді және тиімді шаралар қарастырылады. Қатпарларды (шаңдануды) алып тастау бойынша операцияларды жүргізу тәсілдерінің кезеңділігі регламенттеледі.
3 - параграф. Май алмасу процесстері
71. Технологиялық өлшемдердің регламенттелген мәндерінен ауытқу кезінде тұрақсыз жарылыс қауіпті қосылыстардың пайда болуы мүмкін май алмасу процесстерін жүргізу мен өңдеу кезінде жарылыс қауіптіліктің І және ІІ санатты технологиялық блоктары бар объектілер үшін бұл өлшемдерді автоматты реттеу құралдары қарастырылады.
Жарылыс қауіптіліктің ІІІ санатты технологиялық блоктары бар объектілер үшін реттеу операциясын процесстің аталған өлшемдерін автоматты бақылау және олардың рұқсат берілген мәннен асқаны туралы дабылдама қамтамасыз етілген кезде қолмен (өндірістік персоналмен) орындауға рұқсат беріледі.
72. Ауа оттегісімен жарылыс қауіпті қоспа түзуге қабілетті сұйылтумен жұмыс істейтін колонналарда булы газ фазасында оттектің болуына автоматты бақылау қарастырылады. Жарылыс қауіптіліктің ІІІ санатты технологиялық блокты объектілері үшін кезеңді бақылаудың әдістері мен құралдары қарастырылады, бақылаудың кезеңділігі мен тәсілдері регламенттеледі.
73. Жанатын сұйықтар ректификациясының колоннасы бақылау және шаршылық бөлікте сұйықтың температурасы мен деңгейін, өнім мен флегманы бөлуге түсетін температураны автоматты реттеу құралдарымен, сондай-ақ процесстің жарылыс қауіптілігін анықтайтын өлшемдер мәнінің қауіпті ауытқуы және қажеттілігі болғанда колоннаның жоғарғы және төменгі бөліктері арасында қысымның түсуі туралы дабылдама құралдарымен жарақталады.
74. Флегманың ректификация колоннасына түсуі тоқтатылған жағдайларда процесс өлшемдерінің қауіпті ауытқуларына соқтырады, флегманың берілуінің үзіліссіздігі қамтамасыз етіледі.
75. Адсорбция және десорбция процесстерін жүргізген кезде жұтқыштың өзінен өзі тұтануын болдырмау бойынша, сондай-ақ адсорберлерді өзінен өзі тұтану ошақтарын автоматты бақылау құралдарымен және оларды сөндіру құрылғыларымен жарақтау шаралары қарастырылады.
4 - параграф. Араластыру процесстері
76. Жанатын өнімдерді араластырудың әдістері мен тәртіптері, жабдық пен араластырғыш құрылғылар құрылымы бұл өнімдердің тиімді араласуын қамтамасыз етеді және тоқырау аймақтарының пайда болу мүмкіндігін болдырмайды.
77. Әрекеті басқарылмайтын экзотермиялық реакциялардың дамуына соқтыратын заттарды араластырудың үздіксіз процесстері үшін бұл заттарды мөлшерлеудің қауіпсіз көлемді жылдамдықтары анықталады, жылуды кетірудің тиімді тәсілдері қарастырылады, автоматты бақылау құралдары, процессті реттеу, аварияға қарсы қорғаныс пен дабылдама қарастырылады.
Араластырудың кезеңді процесстерінде өзінен өзі қысқартылатын экзотермиялық реакциялардың даму мүмкіндігі кезінде олардың бақыланбайтын ағынын болдырмау үшін аппаратураға тиелетін заттардың рұқсат берілетін саны мен жүйелілігі, реагентерді тиеу жылдамдығы регламенттеледі.
78. Технологиялық процесстерде жанатын өнімдерді, сондай-ақ жанатын өнімдерді тотықтармен араластыруда араластырғыштар алдында компоненттер қатынасын автоматты реттеу, ал булы газ орта үшін қысымды қосымша реттеу қарастырылады.
79. Жанатын булы газ ортасын тотықтармен араластыру кезінде қажетті жағдайларда араластырғыштан шығатын орындарда тотықтардың материал ағындарында регламенттелген болуы немесе жүйеде компоненттердің қатынасын, тотық қойылуының регламенттелген мәннен ауытқыған кезде компоненттердің араласуға түсуін тоқтататын аварияға қарсы қорғаныс құралдарын анықтайтын технологиялық процесстің басқа өлшемдері қарастырылады.
80. Жарылыс қауіптіліктің І санатты технологиялық блоктарында қоспа құрамын бақылау және жанатын заттардың тотықтармен қатынасын реттеу, сондай-ақ араластырудан кейін материал ағындарында тотықтың болуы автоматты жүзеге асырылады.
81. Араластырғыштарға жеткізілетін коммуникация кері клапанмен немесе бұл коммуникацияларға араластыруға берілетін жанатын заттардың, тотықтардың немесе қоспалардың кері жүріспен түсуін болдырмайтын (процесстің регламенттелген өлшемдерінен ауытқыған кезде) басқа құрылғылармен жарақталады.
Егер реакциялық қоспаның жеткізуші коммуникацияға түсуі процессті жүргізу шарттарымен болдырылмаса, жоғарыда аталған құрылғыларды орнату міндетті емес.
82. Жүйеде жарылыс қауіпті қоспаның пайда болуын болдырмау үшін ұсақталған қатты жанатын өнімдерді ұсақтау, араластыру инертті газ ортасында жүзеге асырылады.
Ұсақтау мен араластыруға арналған жабдықтар берілетін инертті газдың қысымын бақылау құралдарымен, оның қысымының регламенттелген мәннен ауытқығаны туралы дабылдамамен, инертті газдың алдын ала берілмеуінсіз жабдықтың іске қосылуын болдырмайтын немесе инертті газ берілуі тоқтатылған кезде, бұл жабдықтың тоқтатылуын қамтамасыз ететін автоматты бұғаттаумен жарақталады.
5 - параграф. Жылу алмасу процесстері
83. Жылу алмасуды, жылу тасымалдағышты (хладагентті) және оның өлшемдерін таңдауды ұйымдастыру қажетті жылу беруді қамтамасыз ету, қатты қызу мүмкіндігі мен өнімнің жайылуын болдырмау мақсатында жылытылатын (суытылатын) материалдың физика-химиялық қасиетін есепке алумен жүзеге асырылады.
84. Жылу алмасу процессінде технологиялық ортамен өзара химиялық әрекеттесу кезінде жарылыс қауіпті өнім пайда болдыратын жылу тасымалдағышты пайдалануға рұқсат берілмейді.
85. Жылуды қабырға арқылы беретін процесстерді өңдеу кезінде жылу тасымалдағыш пен технологиялық өнімнің бірлесе енуі туралы, егер бұл жарылыс қауіпті орта пайда болдыруға әкелуі мүмкін болса, бақылау және дабылдама әдістері мен құралдары қарастырылады.
86. Аппаратурадағы жылытылатын жанатын сұйықтың деңгейі төмендеуі мен жылу алмасу бетінің жалаңаштануы қатты қызуға, кебуге және жанатын өнімнің жайылуына, басқарылмайтын процесстердің пайда болуына соқтыратын жағдайларда процессті бақылау және реттеу құралдары, сонымен қатар жылытылатын жанатын өнім деңгейі рұқсат берілген мәннен төмендеген кезде жылытылатын агентті беруді тоқтататын бұғаттаулар қарастырылады.
87. Жоғарғы беттік жылу алмастырғыштарда жанбайтын жылу тасымалдағыштың (хладагенттің) қысымы жылытылатын (суытылатын) жанатын заттардың қысымынан артық болады. Бұл талапты орындау мүмкін болмаған жағдайда жанбайтын жылу тасымалдағышта жанатын заттардың болуына бақылау көзделеді.
88. Технологиялық параметрлердің регламенттелгеннен ауытқуы кезінде басқарылмайтын, өзінен өзі қысқаратын экзотермиялық реакциялардың дамуы мүмкін жылу алмасу процесстерінде, сонымен қатар реакциондықта олардың дамуын болдырмайтын құралдар қарастырылады.
89. Жүргізу кезінде өнімнің кристаллдануы немесе кристалл гидратының пайда болуы мүмкін жылу алмасу процесстерінде бұл өнімдердің пайда болуын болдырмайтын реагенттерді енгізу көзделеді, технологиялық процесс пен оның қауіпсіздігін жүргізудің сенімділігін, үзіліссіздігін қамтамасыз ететін басқа шаралар қолданылады.
90. Отты жылытумен жылу алмасу процесстерін ұйымдастыру кезінде жылыту элементтерінде, жағу кеңістігінде және пештің жұмыс аумағында жарылыс қауіпті қоспаның пайда болу мүмкіндігін болдырмайтын шаралар мен құралдар қарастырылады.
91. Жылыту пештерінің жағу кеңістігін аварияға қарсы автоматты қорғау:
жылу, ауа және су буының берілген қатынасын реттеу жүйелерімен;
олардың қысымы белгіленген өлшемнен төмендеген кезде, сондай-ақ бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы (бұдан әрі – БӨАжА) электр (пневмо) жабдықтау тоқтатылған кезде газ тәрізді жанармай мен ауаның берілуін тоқтататын бұғаттаумен;
жанармай берілуінің тоқтауы туралы, сондай-ақ ауаның жағу кеңістігіне ықтиярсыз берілуі кезіндегі дабылдама құралымен;
тарту деңгейін бақылау құралдары және түтін сорғы тоқтаған кезде немесе пеште сирексудің рұқсат берілмейтіндей төмендегенінде жану аумағына жанармай газын беруді автоматты тоқтату, ал пеш агрегаттарын үйлестіру кезінде түтін сорғысыз агрегаттарды жұмысқа ауыстыру жүйесімен пайдалану-қазандықтарымен;
жағу кеңістігіне және иректүтікке құбыр күйген кезде су буын автоматты беру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
92. Қыздыру пештерінің жанатын элементтерінің (иректүтіктердің) аварияға қарсы автоматты қорғанысы:
құбыр зақымдалған кезде немесе оның айналыстың тоқтаған кезінде жылытылатын сұйық өнімнен пеш иректүтіктерін авариялық босатумен;
шикізат берілу тоқтатылған кезде жанармай беруді ажырату бойынша бұғаттаумен;
иректүтік жүйесінде авария жағдайында шикізат пен жанармайдың берілуін қашықтан ажырату құралдарымен;
шикізат беру жүйелерінде қысымның түсуі туралы дабылдама құралдарымен қамтамасыз етіледі.
93. Ашық отты процессті пештерді авария кезінде газды ортадан оқшаулау үшін сыртқы қондырғыларда немесе пеш ғимараттарында автоматты немесе қашықтан іске қосылатын бу шымылдығымен жабдықталады. Шымылдықтар іске қосылған кезде дабылдама жұмыс істейді.
94. Жылыту пештері үшін жағармай газы оның құрамында сұйық фазаның, дымқылдың және механикалық қоспаның болуына регламенттелген талаптарға сәйкес болады. Жануға түсетін жағармай газында сұйықты және механикалық қоспаны болдырмайтын құралдар қарастырылады.
95. Жоғары температуралы органикалық жылу тасымалдағыштарды (бұдан әрі - ЖТОЖТ) – иісті майларды және басқаларды пайдаланумен жылу алмасу процесстерін ұйымдастыру кезінде, олардың жекелей ыдырауы нәтижесінде пайда болатын ұшатын өнімдерді жою жүйесі қарастырылады.
Процессті ЖТОЖТ пайдаланудың жоғарғы рұқсат берілген шегіне жақын жүргізу кезінде жылу тасымалдағыштың құрамының өзгеруіне бақылау орнатылады; ЖТОЖТ құрамы көрсеткіштерінің рұқсат берілген мәні регламенттеледі.
96. Кептіру агенті және кептіру тәртібі кептірілетін материалдың, жылу тасымалдағыштың жарылыс өрт қауіпті қасиетін және блоктың жарылыс қауіптілік мүмкіндігін төмендетуді есепке алумен таңдалады.
97. Кептіру процессін жүргізу кезінде инертті газ атмосферасында кептіргішке инертті газдың кіруінде және (немесе) шығуында (процесс ерекшелігіне байланысты) оттектің болуына автоматты бақылау қарастырылады.
Оттек қойылуының рұқсат берілген артуы жағдайында кептіру процесі тоқтағанда автоматты бұғаттау қарастырылады және аппаратурада жарылыс қауіпті қоспаның туындау мүмкіндігін болдырмайтын басқа шаралар өңделеді.
98. Кептіру агрегаттарында жарылыс қауіпті қоспаның кептіргіштен жылыту құрылғысына кері жүріспен түсуін болдырмайтын шаралар қарастырылады.
99. Кептіру процессін газ ауалық ортада жүргізудің негізді қажеттілігі болған кезде процессті жарылыстан ескерту және жабдықты жарылыстан қорғау шаралары қарастырылады:
фрикциялық (соққы, үйкелу) және электрлік ұшқын туғызуды болдырмайтын құрылғылармен жарақтау;
жергілікті қатты қызуды, тоқырау аймағының пайда болуын, кептірілетін материалдың жоғары температура аумағында болу уақытының үлкеюін және кептіру камераларының қабырғасында өнімнің жинақталуын болдырмайтын кептіру тәртібін ұстау;
шашыраңқы кептіргіштерді кептіру материалын беруді автоматты ажырату және кептіру агенті құралдарымен олардың бірінен түсу тоқталған кезде жарақтау;
термодеструкцияны және (немесе) жанатын өнімдердің тұтануының алдын алу үшін кептіру агрегаттары кептіру материалы мен кептіру агентінің температурасын автоматты реттеу құралдарымен, сондай-ақ бұл температуралардың рұқсат бергеннен (кептіру агентін беруді ажырату, хладагентті беруді іске қосу және басқа) жоғары көтерілу мүмкіндігін болдырмайтын бұғаттаумен жарақталады.
Хладагентті беруді жүзеге асыру (суық газ, су және басқа) кептіру материалы рұқсат берілген мәннен жоғары болғанда автоматты.
100. Жанатын заттарды вакуум астында кептіру процессін жүргізу кезінде кептіргішті іске қосу алдында, сондай-ақ оның тоқтауы кезінде жұмыс кеңістігіне инертті газды беру (инертті газбен үрлеу) қарастырылады. Инертті газды беру ұзақтығы технологиялық процессті жүргізудің нақты шарттарын есепке алумен анықталады және регламенттеледі. Сонымен қатар, кептіру агрегаттары жұмыс кеңістігінде вакуммның рұқсат берілгеннен төмендегенінде немесе болмағанда олардың қыздырылуының іске қосылуын болдырмайтын автоматтандыру жүйелерімен жарақталады.
101. Жанатын заттарды кептіруге арналған кептіру агрегаттары өрт сөндіру құралдарымен жарақталады. Өрт сөндіру тәсілдері шаң пайда болдыруды, жанатын заттарды қоршаған ортаға лақтыруды және аппаратурада да, қондырығының жұмыс аумағында да жарылыс қауіпті қоспаның пайда болуын болдырмайды.
102. Кептірілетін өнімнің кептіру агентімен тікелей қатынасы бар кептіру қондырғылары жұмыс істеген кептіру агентін кептірілген өнім шаңынан тазалау құрылғыларымен және тазалауды бақылау құралдарымен жарақталады. Тазалау тәсілдері мен бақылау кезеңділігі регламенттеледі.
6 - параграф. Химиялық реакциялық процесстер
103. Бірнеше процессті біріктіретін технологиялық жүйелер (гидродинамикалық, жылу масса алмасушылық, раекциондық) регламенттелген өлшемдерді бақылау аспаптарымен жарақталады. Басқару, реттеу және аварияға қарсы қорғаныс құралдары процесстің тұрақтылығын және жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
104. Жарылыс қауіптіліктің кез келген санатты блоктары үшін реакциялық процесстердің технологиялық аппаратурасы автоматты бақылау, реттеу құралдарымен және процесстің жарылыс қауіптілігін анықтайтын (түсетін шығыс заттардың саны мен қатынасы, қойылуы реакциялық аппаратурада шекті мәнге, қысымға және орта температурасына, санына, шығынға, жылу тасымалдағыштың өлшемдеріне материалдық ағындардағы құрамдардың болуы) бір немесе топты өлшемдердің қорғаныс бұғаттауларымен жарақталады. Бұл ретте жарылыс қауіптіліктің І санатты технологиялық блок құрылғысы құрамына кіретін технологиялық жабдықтар әр қауіпті өлшем үшін кемінде екі көрсеткішпен (тәуелді параметрлер үшін әрқайсысына бір көрсеткіш бойынша), реттеу құралдарымен және аварияға қарсы автоматты қорғаныспен, ал қажеттілігі болғанда басқару мен қорғаныстың қосалқы жүйесімен жарақталады.
105. Аварияға қарсы қорғаныстың автоматты жүйесінің іске қосылуы берілген бағдарлама (алгоритм) бойынша жүзеге асырылады.
106. Qв £ 10 бар технологиялық блоктарда реакциялық процесстерді басқару жүйелерінде рұқсат берілген мәннен шыққанда іске қосылатын қауіпті өлшемдер мен дабылдаманы автоматты бақылау шарты кезінде қолмен реттеу құралдарын пайдалануға рұқсат беріледі.
107. Аралық тотық қосылыстардың пайда болуымен, күйген жарылыс қауіпті өнімдер мен тығыздаулардың (полимерлену, көп шоғырлану) және басқа тұрақты емес заттардың аппаратура мен құбыр өткізгіште қатпарлануымен ағатын реакциялық процесстерінде:
жарылыс қауіпті заттардың пайда болуына себептесетін түсетін шикізаттағы қоспаның болуына, сондай-ақ аралық өнімдерде тұрақсыз қосылыстардың болуы мен берілген тәртіпті қамтамасыз етуді бақылау;
аппаратурада тұрақсыз заттардың қауіпті қойылуларының пайда болуын болдырмайтын ингибиторларды енгізу, пайдаланылатын құрылымдық материалдардың сапасы мен аппараттардың, құбыр өткізгіштердің, арматураның, процессте өнімдермен байланыста болатын аспаптар көрсеткіштерінің бетіне қойылатын ерекше талаптарды орындау;
қатты жарылыс қауіпті тұрақсыз өнімдердің қатпарлану мүмкіндігін болдырмайтын немесе төмендететін өнімдердің, шикізаттардың ыдыстық аппаратурадағы үздіксіз айналымы;
аппаратурадан қауіпті компоненттермен толтырылған реакциялық массаның шығарылуы;
полимерленуге немесе шайырлануға бейім өнімдерді оларды тасымалдау уақытын қоса, сақтау уақыты мен белгіленген тәртіптерді қамтамасыз ету қарастырылады.
Процессті ұйымдастырудың қажетті және жеткілікті шарттарын таңдау процессті өңдеушімен анықталады.
Қоспаның шикізатта болуын бақылаудың тәсілдері мен кезеңділігі, реакциялық массадағы аралық және соңғы өнімдердің тұрақсыз қосылыстары, қауіпті улы заттары бар реакциялық массаны шығару тәртібі, өнімдерді сақтау тәртібі мен уақытын процессті өңдеуші белгілейді, өндірістің жобалық құжаттамасында және технологиялық регламентінде көрсетіледі.
108. Жабдықтар мен құбыр өткізгіштердің ішкі беттерінде қатты өнімдердің қатпарлану мүмкіндігі кезінде, олардың қағылуы сонымен қатар технологиялық жүйеден авариялық құю құрылғысы бұл қатпарлардың болуына бақылау және оларды қауіпсіз жою шаралары, ал қажетті жағдайларда резервті жабдық қарастырылады.
109. Ауа оттегісімен және (немесе) сумен өзара әрекеттескен кезде өзінен өзі жануы және (немесе) жарылуы мүмкін катализатор, сонымен қатар металл органикалық пайдаланған кезде жүйеге шикізат, материал, оттек және (немесе) белгіленген мәннен артық ылғалы бар инертті газ беру мүмкіндігін болдырмайтын шаралар қарастырылады. Оттек пен ылғалдың рұқсат берілген шоғырлануы, олардың шығу өнімдерінде болуының кезеңділігі мен тәртібі пайдаланылатын катализаторлардың физика-химиялық қасиеттерін, технологиялық блоктың жарылыс қауіптілік санатын есепке алумен анықталады және регламенттеледі.
110. Реакциялық процесстердегі компоненттер мөлшерлемесі автоматты болуы және аппаратура ішінде жарылыс қауіпті қоспа немесе процессті өңдеуші анықтайтын реакцияның басқарылмайтын жүрісінің пайда болуын болдырмайтын кезеңділікте жүзеге асырылуы тиіс.
111. Процесске қатынасатын заттардың қызу мүмкіндігін болдырмау үшін олардың өзінен өзі тұтануы немесе аппаратураның жылытылған элементтерімен байланыс нәтижесінде жарылыс өрт қауіпті өнімдер пайда болумен термикалық жайылуы, өнімдерді тасымалдаудың тиімді жылдамдығы, олардың жоғары температура аумағында барынша көп болу уақыты температуралық тәртіпте анықталады және регламенттеледі.
112. Процесстің басқарылмайтын даму қауіптілігін болдырмау үшін оны қалыптандыру, авариялық оқшаулау немесе аппаратпен босату шаралары қабылданады.
113. Реакциялық массаны басқа аппаратқа қайта қысу үшін кезеңді әрекет реакторында ортаның қалдық қысымын пайдалану жеке негізді жағдайларда ғана рұқсат беріледі.
114. Сұйық фазалы процесс аппаратурасы ондағы сұйық деңгейін бақылау мен реттеу жүйелерімен және (немесе) берілген деңгейден артқан кезде бұл сұйықты аппаратураға беруді автоматты ажырату құралдарымен немесе қайта құю мүмкіндігін болдырмайтын басқа құралдармен жарақталады.
115. Араластырғыш құрылғылы жарылыс қауіпті технологиялық процесстердің реакциондық аппараттары араластырғыштардың иіндерінің тығыздығының герметикалығы мен сенімді жұмысын автоматты бақылау құралдарымен, сондай-ақ араластырғыш құрылғылар жұмыс істемеген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен процессті жүргізу шарттары бойынша талап етілсе, аппаратураға өнімдердің артылу мүмкіндігін болдырмайтын бұғаттаумен жарақталады.
116. Қабырға арқылы жылу беру кезінде реакцияның артық жылуын бұру суытатын сұйықтың (хладагент) булануы есебінен жүзеге асырылатын реакционды аппаратура автоматты бақылау, реттеу және жылу алмасу элементтерінде хладагент деңгейі дабылдамасының автоматты құралдарымен жарақталады.
117. Реакциялық аппаратураны сұйытылған газдармен суыту жүйелерінде:
хладагент температурасы (сұйытылған газдың қайнау температурасы), мәні автоматты реттелетін тең салмақты қысымды ұстап тұруды қамтамасыз етеді;
хладагентті реакциондық аппаратураның жылу алмасу элементтерінен босатуды (қотаруды) автоматты қамтамасыз ететін шаралар, сондай-ақ суыту жүйелерінде оның кенет тоқтағанында қысымның рұқсат берілгеннен жоғары көтерілу мүмкіндігін болдырмайтын шаралар қарастырылады.
118. Жоғары жарылыс қауіптілікпен (ацетилен, этилен, жоғары параметрлер кезінде пероксидті, металлорганикалық қосылыстар және басқа) сипатталатын, термиялық жайылуға немесе өз еркімен шатасқан полимерленуге, өзінен өзі жылынуға, сондай-ақ өзінен өзі тұтануға немесе сумен және ауамен өзара әрекеттескен кезде жарылуға бейім өнімдерді алған немесе пайдаланған кезде реакциялық процесстерді жүргізу мен өңдеу осы қасиеттерді есепке алумен жүзеге асырылады және қауіпсіздіктің қосымша арнайы шаралары қарастырылады.
7 - параграф. Сұйытылған газдарды, жылдам тұтанатын және жанатын сұйықтарды сақтау және құю-қотару процесстері
119. СГ, ЖТС және ЖС сақтау мен тасымалдауға арналған СГ, ЖТС және ЖС қоймаларының, құю-қотару эстакадасының (бекеттерінің), резервуарлардың (ыдыстардың) құрылғысы бұл объектілерге арналған тиісті нормативтер мен осы Талап талаптарына сәйкес болады.
120. Жанатын сұйық заттарды (СГ, ЖТС және ЖС) сақтау мен тасымалдау, жылжымалы және стационарлы резервуар-қоймаларды толтыру мен босату, бұл операциялардың жарылыс қауіпсіздігін (қысым, ауыстыру жылдамдығы, барынша шекті ең жоғарғы және ең төменгі деңгейлер, вакуумды түсіру тәсілдері және басқалар) анықтайтын процесс өлшемдерін таңдау бойынша технологиялық операцияларды орындау тәртібі жанатын өнімдердің физика-химиялық қасиеттерін есепке алумен жүзеге асырылады және регламенттеледі.
121. Сақтауға арналған резервуарлар мен СГ, ЖТС және ЖС құю қотару эстакадалары 120-тармақта көрсетілген, процесстің қауіпті өлшемдерін бақылау мен басқару құралдарымен жабдықталады.
122. СГ, ЖТС және ЖС сақтау және құю қотару операциясын жүргізу кезінде стационарлы және жылжымалы резервуарлар (ыдыстар) мен құю қотару құрылғысы тек олар арналған өнімдерге ғана пайдаланылады. Бұл ретте құю-қотару операциясын орындау барысында өнімнің кездейсоқ араласу мүмкіндігін болдырмайтын қажетті шаралар өңделеді және жүзеге асырылады.
Қажетті жағдайларда арнайы дайындалған ыдыстарды физика-химиялық сипаттарымен және олар арналған сол сұйық жанатын өнімдермен сақтау көрсеткіштерімен ұқсас басқа өнімдермен толтыруға рұқсат беріледі. Бұл жағдайларда ыдыстарға арналған қысымның арту мүмкіндігі болдырылмайды. Ыдыстарды толтыруға дайындау тәртібі (онда болған өнім қалдықтарынан босату, жуу, тазалу, ыдысты майсыздандыру және басқа) және құбыр өткізгіштерді, арматураны қайта қосу бойынша жұмыстар жүргізу регламенттеледі.
123. Сақтау шарттарында қосымша тұрақсыз қосылыстар пайда болдыруға, негізгі өнімнің жарылыс қауіптілігін арттыратын қоспалар жинақталуға қабілетті заттармен құю қотару операцияларын жүргізу мен сақтау кезінде қоспалар мен қосымша қосылыстардың пайда болу мен жинақталу жылдамдығын азайтатын немесе мүмкіндігін болдырмайтын, сондай-ақ олардың құбыр өткізгіште, стационарлы, жылжымалы резервуарда және басқа жабдықта болуын бақылау шаралары мен оларды уақытылы жою тәсілдері қарастырылады.
124. Стационарлы және (немесе) жылжымалы резервуарлардың СГ мен ЖТС монтаждаудан, жөндеуден, тазалаудан және сәйкес жұмыстарды орындағаннан кейін толтыруға дайындау кезінде бұл жабдықта жарылыс мүмкіндігін болдырмайтын шаралар қарастырылады. Құюға дайындау тәртібі, жабдықта оттек шоғырлануын, сондай-ақ жарылыс қауіптілікті анықтайтын басқа өлшемдерді бақылау регламенттеледі.
125. Қысым астында сақталатын сұйытылған жанатын газдардың стационарлы резервуарларының сыйымдылығы жарылыс қауіптілік пен нақты шарттардың энергетикалық көрсеткіштерін есепке алумен тиісті нормативтік құжаттармен белгіленеді.
126. СГ, ЖТС және ЖС резервуарлары оларды авриялық жағдайларда жанатын өнімдерден босату үшін авариялық жағдайларда қызмет көрсетуге қол жетімді орындардан қашықтан басқарылатын жылдам әрекет ететін ажырататын арматурамен жабдықталады. Ажырату арматурасының жылдам әрекет етуі осы Талаптың 34 - тармағы талаптарына сәйкес анықталады.
127. Балқитын қақпақты (понтондармен) резервуарлар құрылымы, оларды толтыру, босату бойынша операцияларды жүргізу тәртібі және өнімді таңдау жүйесі тасымалданатын бөлшектердің үйкелуі және олардың соғылуы есебінен жергілікті жылуларды, ұшқын шығаруды, ал қақпақтардың (понтондардың) ақаулығы кезінде олардың бұзылуын және резервуардағы мүмкін жарылыстарды болдырмайды.
128. Темір жолмен СГ, ЖТС және ЖС құю мен тасымалдауға арналған цистерналар тасымалданатын заттардың физика-химиялық қасиеттерін, сәйкес арматурамен, бақылау құралдарымен, құю қотару, қорғаныс жарақталады.
129. Жанатын өнімдерді құю қотару астына теміржол цистерналарын орнату (беру) тәртібі бұл операцияларды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етеді және арнайы салалық нормативтік-техникалық құжаттамамен анықталады. Темір жол цистерналарын құю қотару кезінде құйылу астында болатын цистернаның өз бетімен ауысу мүмкіндігін, құю құрылғыларының герметизациясын жою және атмосфераға жанатын өнімдердің лақтырылуын, сондай-ақ газдануы мүмкін аумақта тұтанудың тұрақты немесе кездейсоқ көзін (механикалық, электр және басқа туындаудан) болдырмайтын шаралар қарастырылады.
130. Теміржолдағы СГ, ЖТС және ЖС теміржол цистерналарын стационарлық, қоймалық (шығыстық) ыдыс ретінде пайдалануға рұқсат берілмейді.
131. Цистернадан қотару және оған СГ, ЖТС және ЖС құю арнайы құю қотару бекеттерінде жүзеге асырылады. Құйылатын өнімнің әрбір түрі үшін оны басқа өнімдермен араластыру мүмкін болмаған жағдайда осы бекеттерде жеке құю құрылғылары немесе бөлек құю қотару бекеттері қарастырылады. Құю бекеттерін өзара сәйкес болмайтын өнімдерді ауыстырып құюға пайдалануға рұқсат берілмейді.
132. Құю қотару бекеттерінде ақаулы цистерналарды авариялық босату бойынша операцияларды орындау үшін әдістер мен құралдар, арнайы жабдықталған орындар қарастырылады. Бұл операцияларды орындау кезінде қауіпсіздік шаралары нұсқаулықпен белгіленеді.
133. СГ, ЖТС және ЖС құю-қотару жүесіндегі цистерналар, резервуарлар, құбыр өткізгіштер және басқа жабдықтар пайдалануға сенімді, жайлы және ыңғайлы болады. Олардың құрылғысы құю қотару операцияларын жүргізу кезінде жанатын булар мен газдардың атмосфераға түсу және төгілу мүмкіндігін болдырмайды.
134. Құю қотару жүйелерінде тасымалдау ортасына тұрақсыз материалдардан дайындалған құрылғыларды пайдалануға рұқсат берілмейді.
135. СГ, ЖТС және ЖС құю қотару бекеттері цистернаның құюлуын болдырмайтын сенімді, автоматты құрылғылармен жабдықталады.
136. Құю операцияларын СГ, ЖТС және ЖС сорғылармен жүргізу кезінде оларды қашықтан ажырату құралдары қарастырылады. Ажырату құрылғылары қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын есепке алумен таңдалатын қолжетімді және пайдалану мен қызмет көрсету үшін ыңғайлы орындарда орналастырылады.
137. Эстакадаға СГ, ЖТС және ЖС түсетін құбыр өткізгіштерде жылдам әрекет ететін бекіту құрылғылары немесе эстакадада авария болған жағдайда бұл құбыр өткізгіштерді ажырату үшін қашықтан басқарылатын ысырмалар орнатылады.
Бұл құрылғылармен басқару орны бойынша және қашықтан да (қауіпсіз орыннан) болады.
138. Сұйытылған газдар мен төмен қайнайтын жанатын сұйықтарды (қайнау температурасы қоршаған орта температурасынан төмен) цистерналарға құю (қотару) операциясын қауіпсіз жүргізу үшін құбыр өткізгіштерде бу, кавитация, гидравликалық соққы және құю-қотару жүйесі элементтерін механикалық бұзылуға соқтыруға қабілетті басқа жағдайлардың пайда болу мүмкіндігін болдырмайтын шаралар қарастырылады.
139. Құю қотару операцияларын жүргізу кезінде атмосфералық және статикалық электрден қорғау шаралары қарастырылады.
140. Құю қотару эстакадаларында құю-қотару жүйесін ұйымдасқан жинау қондырғыларына қосу және жүйені бұл өнімдерден босату қажеттілігі кезінде булы газ фазасын кәдеге жарату мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Құю және қотару құбыр өткізгіштері мен коллекторлары жүйесінде жарылыс қауіпті қоспалардың пайда болуын болдырмау үшін оларға инертті газ бен будың берілуі, сондай-ақ бұл жүйелерден жанатын заттардың толық және сенімді жойылу мүмкіндігі қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |