Жарылыс өрт қауіпті өндірістерге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптары


- тарау. Технологиялық процесстерді аппаратуралық безендіру



бет3/5
Дата09.07.2016
өлшемі0.5 Mb.
#187108
1   2   3   4   5

4 - тарау. Технологиялық процесстерді аппаратуралық безендіру

1 - параграф. Жалпы талаптар
141. Жабдықты таңдау жобалауға шығарылатын деректерге, қолданыстағы нормативтік құжаттар мен осы Талап талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Технологиялық жүйеге кіретін технологиялық блоктардың жарылыс қауіптілік санатына қарай жабдықты таңдау сенімділік көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады.

142. Технологиялық жабдық пен құбыр өткізгішті арматура үшін пайдаланудың нақты шарттарын есепке алумен рұқсат берілген қызмет көрсету мерзімі белгіленеді. Қызмет көрсету мерзімі туралы деректер жабдық пен құбыр өткізгішті арматура паспортында көрсетіледі. Жобалық ұйым жобалық құжаттамада көрсетілетін құбыр өткізгіштер үшін пайдаланудың есепті мерзімін белгілейді.

143. Үлкендігі процесс айналысындағы заттар тұтануының барынша аз энергиясынан асатын, жарылыс қауіпті ортаның пайда болуы мен энергия көзінің туындауын болдырмау мүмкін емес жабдықтар үшін (аппараттар мен құбыр өткізгіштер) жарылыстан қорғау және жалынды жайылтпау бойынша әдістер мен құралдар, ал негізді жағдайларда жарылыстың толық қысымы есебінде механикалық беріктіліктің артуы қарастырылады.

Жарылыс қауіптілік құралдарының тиімділігі мен сенімділігі, жалынды және басқа да аварияға қарсы құрылғыларды жайылтпау жабдықтың өндірістік үлгілерін жарылыстан қорғалғандыққа сынаумен расталады.

144. Жабдықты аварияға қарсы құрылғылармен қамтамасыз ету оларда тұтану көздерінің пайда болуын болдырмауға бағытталған шараларды өңдеудің қажеттілігін жоққа шығармайды.

145. Жабықтар мен құбыр өткізгіштерді дайындау үшін жұмыс ортасымен әрекеттескен кезде өңделетін өнімдердің жарылуының тұрақсыз қосылғыш-инициаторының пайда болуы мүмкін материалдарды пайдалануға рұқсат берілмейді.

146. Технологиялық жабдық пен құбыр өткізгішті дайындау сапасы жобалы құрылымдық құжаттарталаптарына сәйкес болады.

Артық қысыммен жұмыс істейтін аппараттар құрылғылары қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарға арналған нормативтік құжаттар мен осы Талап талаптарына сәйкес болады.

147. Технологиялық жабдық пен құбыр өткізгіштерді монтаждау жобаға сәйкес, дайындаушы басшылығымен жүргізіледі.

Жабдықтар мен құбыр өткізгіштер, материалдар мен жиынтық өнімдер дайындау сапасын растайтын құжаттар болмаған кезде монтаждауға жіберілмейді.

148. Жабдық, құбыр өткізгіш арматурасы, қорғаныс құралы мен аспаптық техника паспорттарында мемлекеттік стандартпен көзделген сенімділік көрсеткіштері көрсетіледі.

149. Жарылыс қауіптіліктің І санатты технологиялық блокты қондырғыларында жарылыс өрт қауіпті және улы өнімдерді тасымалдайтын І санатты құбыр өткізгіштердің дәнекерлі қосылыстары бұзылмайтын әдіспен 100 % бақылауға (ультра дыбыстық ақаутапқыш, кіру сәулесі арқылы сәулелену немесе басқа да сәйкес әдістер) тартылады.

Бұзылмайтын бақылау әдісі мен құбыр өткізгіштердің басқа санаттарын бақылау көлемін таңдау жобалық құжаттамамен анықталады және олардың қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету үшін жеткілікті.

150. Технологиялық жүйелер герметикалы. Паспорттық деректер бойынша жанатын заттардың регламенттелген ағуына (бұл ағулардың жұмыс режимінде рұқсат берілетін үлкендіктерін көрсетумен) рұқсат берілетін негізді жағдайларда жабдықты пайдалануға рұқсат беріледі. Жобалық құжаттамада оларды жинау және бұру тәртібі анықталады.

151. ЖТС пен СГ қатынаста жұмыс істейтін технологиялық жабдықтың жылжымалы қосылыстарын герметизациялау үшін дөңбек типті тығыздау пайдаланылады.

152. Технологиялық аппараттар мен құбыр өткізгіштердің сыртқы жылумен оқшаулау құрылғысының қажеттілігі кезінде оған жанатын өнімдердің түсуінен қорғау шаралары қарастырылады.

Жабдықтың сыртқы бетінің және (немесе) жылумен оқшаулау жабындары қабығының температурасы анағұрлым жарылыс өрт қауіпті өнімнің өзінен өзі тұтану температурасынан аспайды, ал қызмет көрсетуші персоналға қолжетімді орындарда 45 С және сыртқы қондырғыларда 60 С артық емес.

153. Технологиялық жабдықтардың жылу алмасу элементтерінің құрылымы жылу тасымалдағыш пен технологиялық ортаның өзара кіру мүмкіндігін болдырмайды. Құрылғыға, дайындау мен сенімділікке қойылатын талаптар, сынау тәртібі, жылу алмасу элементтерінің жағдайы мен пайдаланылуын бақылау пайдалануға дайындау басшылығымен анықталады.

154. Технологиялық процессті жүргізу шарттары бойынша будың шоғырлануы мүмкін газ фазалы процессті және газ өткізгішті аппаратура үшін қажеттілігіне қарай, сұйық фазаны жинау мен жоюға арналған құрылғы қарастырылады.

155. Технологиялық жабдықты тазалау бойынша регламентпен белгіленген кезеңді жұмыстарды жүргізу үшін жабдықтың ішіне адамдардың кіруін болдырмайтын гидравликалық, механикалық немесе химиялық тазалау құралдары қарастырылады.

156. Жарылыс өрт қауіпті өнімдері бар аппараттар су, бу, инертті газ желілерін қосуға арналған құрылғылармен жабдықталады. Аппараттар желдетуге арналған құрылғылармен жарақталады.

157. Жабдықтар мен құбыр өткізгіштер жұмыс барысында пайдалану процессінде дірілге ұшырайтын жарылыс өрт қауіпті технологиялық жүйе үшін технологиялық жүйенің аралас элементтері мен құрылыс конструкциясына әсерін төмендету мен тығыздау элементтеріне әсерін болдырмау бойынша шаралар мен құралдар қарастырылады.

Жабдықтың жекелеген түрлері мен оның элементтері (түйіндер мен бөлшектер) үшін дірілдің рұқсат берілген деңгейі, бұл үлкендіктерді бақылау әдістері мен құралдары және олардың мәнін төмендету пайдалануға дайындау басшылығы тәсілімен сәйкес келеді.

2 - параграф. Жабдықты орналастыру
158. Технологиялық жабдықты, құбыр өткізгішті арматураны және тағы басқаларды өндірістік ғимараттар мен ашық алаңдарда орналастыру оларды пайдаланудың ыңғайлылығы мен қауіпсіздігін, жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі мен авариялық жағдайдың алдын алу немесе аварияны жайылтпау бойынша жедел шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.

159. Техникалық жабдық пен құбыр өткізгішті үй-жайда, сыртқы қондырғыларда, сондай-ақ құбыр өткізгіштерді эстакадаларда орналастыру олардың жағдайына көзбен шолу бақылауын жүргізу, қызмет көрсету, жөндеу және ауыстыру бойынша жұмыстарды орындау мүмкіндігін есепке алумен жүзеге асырылады.

160. Жарылыс өрт қауіпті өндірістердің технологиялық жабдықтары:

қосалқы үй-жайлар асты мен үстіне;

жанатын, улы, жарылыс қауіпті өнімдері бар технологиялық құбыр өткізгіштер эстакадасы астына;

тығыздамасыз герметикалы сорғыларды пайдалану немесе төмен орналасқан жабдыққа жарылыс өрт қауіпті заттардың түсуін болдырмайтын арнайы қауіпсіздік шаралар жүзеге асырылған жағдайлардан басқа, ашық сорғылық және компрессорлық қондырғылар үстіне орналастырылмайды.

161. Қолданыстағы технологиялық жүйеден шығарылған жабдық егер ол жарылыс қауіптіліктің І және ІІ санатты технологиялық блогымен бір үй-жайда орналасқан болса жөнделуге жатады, ал қалған басқа жағдайларда ол қолданыстағы жүйеден оқшауландырылады.

3 - параграф. Аппараттар мен құбыр өткізгіштерді

таттануға қарсы қорғау шаралары
162. Таттануға белсенді заттар айналатын технологиялық жабдық пен жарылыс өрт қауіпті өндірістің құбыр өткізгіштерін пайдалану кезінде пайдаланылатын құрылымдық материалдың таттану жемірілу жылдамдығын есепке алумен оларды қорғау шаралары қарастырылады.

163. Таттанатын заттармен байланыста болатын технологиялық жабдық пен құбыр өткізгіштер таттануға тұрақты металл құрылымдық материалдардан дайындалады.

Жабдықтар мен құбыр өткізгіштерді қорғау үшін негізді жағдайларда таттануға тұрақты металл емес жабындарды (фторопласт, полиэтилен және басқа) пайдалануға, ал жарылыс қауіптіліктің ІІІ санатты технологиялық блокты қондырғылары үшін зерттеу нәтижелерімен расталған сәйкес негіздер және қауіпсіздік шарасын өңдеу кезінде металл емес таттануға тұрақты материалдарды (шыны, фарфор, фторопласт, полиэтилен және басқа) пайдалануға рұқсат беріледі.

164. Бұзылмайтын әдістерді пайдаланумен жабдық пен құбыр өткізгіштің таттану тозуының дәрежесін бақылау тәртібі, бақылау өлшеулерін жүргізу тәсілдері, орындары мен кезеңділігі пайдаланудың нақты шарттарын есепке алумен технологиялық регламентте анықталады.



4 - параграф. Сорғылар мен компрессорлар
165. Жанатын, қысылған және сұйытылған газдарды, жылдам тұтанатын және жанатын сұйықтарды тасымалдау үшін пайдаланылатын сорғылар мен компрессорлар сенімділігі мен құрылымдық ерекшеліктері бойынша тасымалданатын заттардың критикалық өлшемдерін, физика-химиялық қасиеттерін және технологиялық процесс өлшемдерін есепке алумен таңдалады. Бұл ретте сорғылар мен компрессорлардың саны технологиялық процесстің үзіліссіздігін қамтамасыз ету шартынан анықталады, негізді жағдайларда (расталған сенімділікті қамтамасыз ету есебімен) олардың резервтелуі қарастырылады.

166. Сорғылар мен компрессорлар жүйесінің іске қосылу тәртібі технологиялық қондырғының аварияға қарсы автоматты қорғалу жүйесінің іске қосылу бағдарламасымен (алгоритмімен) анықталады.

167. Сорғының немесе компрессордың айдау және сору құбыр өткізгіштерінде орнатылған бекіту арматурасы оған барынша жақындатылған және қызмет көрсету үшін ыңғайлы аумақта болады.

Айдау құбыр өткізгішінде егер басқа құрылғы болмаса, тасымалданатын заттарды кері жүріспен тасымалдауды болдырмайтын кері клапанды орнату қарастырылады.

168. Кернеу түскен немесе электр энергиясы қысқа мерзімге ажыратылған кезде тоқтауы процесстің технологиялық өлшемдерінің шекті мәнге дейін ауытқуына және аварияның дамуына соқтыратын жарылыс өрт қауіпті өндірістердің технологиялық блоктарының сорғылары мен компрессорлары олардың қайтадан автоматты іске қосылу мүмкіндігін есепке алумен таңдалады және электр қозғалтқыштардың өзінен өзі іске қосылу жүйесімен жарақталады. Өзінен өзі іске қосылу жүйесінің іске қосылу уақыты өлшемдердің шекті мәннен шығу уақытынан кем болады.

169. Жарылыс өрт қауіпті өндірістердің компрессорлық қондырғылары нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкестікке қабылдау мен сынаққа тартылады.

170. Компрессорлық қондырғыларды автоматтандыру, бақылау және бұғаттау жүйесінің дайындаушы паспортында көрсетілген көзделген ақаулы жағдайында немесе болмаған кезінде пайдалануға рұқсат берілмейді.

171. ЖТС айдау үшін: қос маңдайшалы, ал негізді жағдайларда қосымша төсемді бір маңдайшалы тығыздамасыз сыртқа тебуші сорғылар пайдаланылады. Сұйытылған көмірқышқылды газдар үшін сыртқа тебуші герметикалы (тығыздамасыз) сорғылар пайдаланылады. Тандем типті қос маңдайшалы төсемді сыртқа тебуші сорғыларды пайдалануға рұқсат беріледі. Бекіту сұйығы ретінде жанбайтын және (немесе) сұйықты айдау ортасына бейтарап сұйықтар пайдаланылады. ЖС үшін сорғылар салалық нормативтер талаптарына сәйкес таңдалып алынады.

ЖТС мен ЖС айдау үшін негізді жағдайларда берудің аз көлемді жылдамдықтарында, сонымен қатар мөлшерлеу жүйесінде поршенді сорғыларды пайдалануға рұқсат беріледі.

172. Қос маңдайшалы төсемді сыртқа тебуші сорғылар тығыздамалы сұйықтың ағуын бақылау және дабылдама жүйесімен жарақталады. Сорғыларды тоқтату, резервке қайта қосу және АҚАҚ жүйесіне бұғаттау қажеттілігі бойынша операциялардың кезеңділігін жобаны дайындаушы анықтайды.

173. Жарылыс қауіптіліктің І және ІІ санатты технологиялық блокты қондырғыларында маңдайшалы тығыздамалы сыртқа тебуші компрессорлар мен сорғылар шекті мәндерге жеткен кезде іске қосылатын және бұл мәндерден асқан кезде іске қосылатын АҚАҚ жүйесін бұғаттаумен мойынтіректердің жағдайын дабылдамамен температура бойынша бақылау жүйесімен жарақталады. Сорғыларды тоқтату және резервке қайта қосу бойынша операциялардың кезеңділігін жобаны өңдеуші анықтайды. Компрессорлар мен сорғылардың құрылымы мойынтірек температурасы көрсеткіштерін орнатуды қарастырады.

Діріл деңгейін бақылауға кезеңді бақылау орнатылады.



5 - параграф. Құбыр өткізгіштер мен арматура
174. Жанатын және жарылыс қауіпті өнімдер үшін құбыр өткізгіштер мен арматураны дайындау, монтаждау мен пайдалану тасымалданатын ортаның химиялық қасиеті мен технологиялық параметрлерін, қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттама талаптарын есепке алумен жүзеге асырылады.

175. Жарылыс өрт қауіпті технологиялық жүйелерде иілмелі түтіктерді (резеңке, пластмасса және басқа) жанатын СГ, булы газ жағдайындағы заттарды, ЖТС мен ЖС тасымалдау үшін стационарлы құбыр өткізгіш ретінде пайдалану ұсынылмайды. Қосымша операцияларды (құбыр өткізгіш, сорғы бөліктерін үрлеу, үрлеу газдары мен буларын бұру, құбыр өткізгіштерді СГ, ЖТС, ЖС және басқалардан босату) орындау үшін бекіту арматурасымен және бітеу ернемекпен бұрулар (келте құбыр) қарастырылатын, осыған арналған арнайы жабдық пен стационарлы желілер (коллекторлар) пайдаланылады, ал қажеттілігі болғанда кері клапан орнатылады. Жабдық пен технологиялық құбыр өткізгішті стационарлық желілермен қосу үшін құбыр өткізгіштердің алынбалы бөліктері пайдаланылады.

Темір жол цистерналарына және басқа да стационарлы емес жабдықтарға құю және қотару операцияларын жүргізу үшін иілмелі түтіктер пайдаланылады. Түтікті таңдау тасымалданатын өнім қасиеті мен процессті жүргізу өлшемдерін есепке алумен жүзеге асырылады, түтіктерді пайдалану мерзімі дайындаушымен қолданыстады.

176. Регламенттелген өлшемдерден ауытқыған кезде құбыр өткізгіштерде детонациялық жарылыс болуы мүмкін жарылыс өрт қауіпті технологиялық жүйелерде детонациялық құбылыстардың алдын алу бойынша және бұл құбыр өткізгіштермен байланысты жарылысты аппаратқа беруді болдырмайтын шаралар қабылданады.

177. Құбыр өткізгіштер төсемі коммуникацияның барынша аз созылымдылығын қамтамасыз етеді, ілінуді және тоқырау аумағының пайда болуын болдырмайды.

178. Ғимараттың құрылыс құрылымдары және басқа кедергілер арқылы құбыр өткізгіштерді төсеу кезінде құбырларға қосымша жүктеме берілу мүмкіндігін болдырмайтын шаралар қабылданады.

179. Құбыр өткізгіштердің ернемектік немесе басқа айыру қосылыстары болмайды.

Ернемектік қосылыстар тек арматураны орнату немесе құбыр өткізгіштерді аппараттарға қосу орындарында технология шарттар бойынша құбыр өткізгішті тазалау мен жөндеу жүргізу үшін кезеңді бөлшектеу талап етілетін бөліктерде рұқсат беріледі.

180. Ернемектік қосылыстар көзбен шола қарауға, қызмет көрсетуге, бөлшектеуге, жөндеуге және монтаждауға қолжетімді және ашық орындарда орналастырылады. Құбыр өткізгіштердің ернемектік қосылыстарын жарылыс өрт қауіпті, улы заттармен, адамдар өтуге арналған орындар үстінде және жұмыс алаңдарында орналастыруға рұсқат берілмейді.

Ернемек материалы, тығыздау құрылымы пайдалану шарттарын есепке алумен сәйкес норма мен стандарт бойынша қабылданады. Бұл құжаттарда көрсетілмеген заттарды тасымалдауға арналған құбыр өткізгіштердің ернемектік қосылыстарын таңдау кезінде, ернемек материалы мен тығыздау құрылымы жобалық, құрылымдық немесе ғылыми-зерттеу ұйым ұсынымы бойынша қабылданады.

Жарылыс қауіптіліктің І санатты технологиялық блогы бар жарылыс қауіпті өнімді технологиялық құбыр өткізгіш үшін тегіс тығыздамалы беті бар ернемектік қосылыстарды пайдалануға, шиыршықты оралған төсемдерді пайдалану жағдайларын қоспағанда рұқсат берілмейді.

181. Тығыздау құрылымы, төсем материалы және ернемектік қосылыстар монтажы технологиялық жүйені пайдаланудың жөндеу аралық кезеңі бойына айыру қосылысының қажетті герметикалық деңгейін қамтамасыз етеді.

182. Жанатын өнімдері бар құбыр өткізгіштерді коллекторға қосу орындарында оларды кезеңді ажырататын арматураны орнату қарастырылады.

Жарылыс қауіптіліктің І санатты технологиялық блогының құбыр өткізгіштерін коллекторға қосу кезінде негізді жағдайларда сенімділікті арттыру үшін қосалқы ажырату құрылғысын орнату қарастырылады.

183. Жанатын және жарылыс қауіпті ортаның блокаралық құбыр өткізгіштерінде әрбір жеке технологиялық блокты авариялық ажыратуға арналған қашықтан басқарылатын бекіту арматурасы орнатылады. Арматура қызмет көрсету мен жөндеу, оның жағдайына көзбен шолу бақылауын жүргізу үшін ыңғайлы орындарда орнатылады. Qв £ 10 бар технологиялық блоктардың құбыр өткізгіштеріндегі қол жетекті арматура оны әрекетке барынша аз уақытта келтіруді қамтамасыз ету есебімен орнатылады.

Жарылыс қауіптіліктің І санатты блогы бар технологиялық жүйелерде болат бекіту және бекіту-реттегіш арматура пайдаланылады.

184. Жарылыс қауіптіліктің ІІ және ІІІ санатты блогы бар технологиялық жүйелерде пайдалану шартында жұмыс ортасының таттану әсеріне тұрақты және өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша нормативтік-техникалық құжаттама мен осы Талап талаптарына жауап беретін болат арматура пайдаланылады.

Qв £ 10 бар технологиялық блоктарда сәйкес негіздеме кезінде (арнайы зерттеу нәтижелері бойынша), пайдалану шартында қауіпсіздіктің қосымша шараларын өңдеуде шойыннан немесе металл емес құрылымдық материалдардан (пластикалық салмақ, шыны және басқа) жасалған арматураны пайдалануға рұқсат беріледі. Қауіпсіздік шаралары өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес өңделеді.

185. Жарылыс өрт қауіпті өнім құбыр өткізгіштерінде орнату үшін пайдаланылатын металл тығыздамалы арматура герметикалықтың «В» сыныбына сәйкес болады.

186. Орта қысымы P > 2,5 МПа температурасы регламенттелген қысым кезінде қайнау температурасына тең, қосылыстардың сенімділігі мен тығыздығы бойынша жоғарылатылған талаптармен жарылыс қауіптіліктің І санатты технологиялық блогтарының құбыр өткізгіштерінде дәнекерлеу астындағы арматура пайдаланылады.

6 - параграф. Аварияға қарсы құрылғылар
187. Аварияның алдын алуға, олардың дамуын болдырмауға арналған технологиялық жүйелерде аварияға қарсы құрылғылар пайдаланылады: бекіту және бекіту-реттегіш арматура, клапандар, ажырататын және басқа да сөндіретін құрылғылар, қысымның артуынан сақтандыру құрылғылары, жалынды тұншықтыру мен жайылтпау құралдары, жарылысты басудың автоматты жүйелері.

188. Әдістер мен құралдарды таңдау, қорғаныс жүйесі элементтерінің іске қосылуының кезеңділігін өңдеу, аварияның дамуын жайылтпау мен болдырмау технологиялық процесстің ерекшеліктері мен технологиялық блоктың жарылыс қауіптілік санатын есепке алумен бұл авариялардың дамуы мүмкін схемасын (сценарийлер) талдау нәтижесі бойынша жобалық құжаттамада анықталады және технологиялық регламентте көрсетіледі.

189. Жарылыс қауіптіліктің барлық санаттарындағы технологиялық блоктарда және барлық реттеу жүйелерінде жанатын ортаның тотықтармен қатынасы кесілетін құрылғы ретінде авариялық ажырату үшін жылдам әрекет ету және сенімділік бойынша талаптарға сәйкес келетін бекіту-реттегіш арматураны пайдалануға рұқсат беріледі.

190. Блокты авариялық ажыратуға арналған бекіту арматурасы, клапандар, ажырату және басқа құрылғылар, жылдам әрекет бойынша келесі талаптарға жауап береді:

жылу тасымалдағыштың құбыр өткізгішінде орнатылған, жанатын сұйықтың булануы үшін пайдаланылатын ажырату құрылғыларының жылдам әрекеті жобамен белгіленеді;

жарылыс қауіптіліктің І және ІІ санатты технологиялық блоктары бар құрылғылардың қысым көзі жылдам әрекеті жобамен анықталатын, айдау желісінде ажырату арматурасының іске қосылуымен бір уақытта ажыратылады;

жабдықтың авариялық герметизациясын жою кезінде ажырату құрылғыларының іске қосылу уақыты осы Талаптың 34-тармағының талаптарына сәйкес болады.

191. Технологиялық аппаратураға ингибирлейтін және инертті заттардың беру жүйесінде пайдаланылатын арматура, клапан және басқа құрылғылар жылдам әрекет ету мен өнімділік бойынша:

жарылыс қауіптіліктің барлық санатты технологиялық блоктарына инертті газды беру жүйесінде, процесстің регламенттелген мәннен ауытқуының барлық мүмкін жағдайларында жарылыс қауіпті қоспаның пайда болуын болдырмайтын, инертті газды енгізудің қажетті көлемді жылдамдықтары қамтамасыз етіледі;

жарылыс қауіптіліктің барлық санатты технологиялық блоктарының ингибирлейтін заттарын енгізу жүйесінде басқарылмайтын экзотермиялық реакцияларды басу үшін ингибиторларды берудің қажетті көлемді жылдамдығы қамтамасыз етіледі;

жарылыс қауіптіліктің барлық санатты технологиялық блоктарының жанатын булы газ және сұйық ортасын ұйымдасқан лақтыру коммуникацияларында бұл орталардың атмосфераға лақтырылу мүмкіндігін болдырмайды.

192. Жабдықта орнатылған қорғаныс құралдары іске қосылған кезде қызмет көрсетуші персоналдың жарақаттану мүмкіндігінің, жарылыс қауіпті өнімнің жұмыс аумағы мен қоршаған ортаға лақтырылуының алды алынады.

193. Технологиялық жүйенің жарылыстан қорғалуы үшін пайдаланылатын сақтандырғыш құрылғылар, жалынды жайылтпау құралдары бұл құрылғыларды дайындау, сынау және монтаждауға қолданыстағы нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес өңделеді.

Пайдалануға сынаудан өткен және дайындаушы паспорты бар құрылғылар жіберіледі.

194. Аппараттар мен коммуникацияларды қысымның артуынан қорғау құралдарын таңдау, есебі мен пайдалану қолданыстағы нормативтік құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.

Жарылыс өрт қауіпті өнімді технологиялық аппараттарда (құбыр өткізгіштерде) сақтандырғыш құрылғыларын орнату кезінде олардың іске қосылуының барынша аз жиілігін қамтамасыз ететін шаралар мен құралдар (сонымен қатар процесстің автоматты реттелуі) қарастырылады.

195. Жалынның таралуынан қорғау құралдары (оттың алдын алғыштар, жалынды кескіштер, сұйық бекітпе және басқалар) ЖТС пен ЖС бар аппараттар мен резервуарлардың тыныс алу және күйдіру желілерінде, жалын таратылуы мүмкін, сонымен қатар кезеңді немесе құбыр өткізгіштің толмай ағуында, жарылған катализаторы, жалынды жану және басқа тұтану көзі бар жабдықтан құбыр өткізгіштерде жұмыс істейтін ЖТС пен ЖС құбыр өткізгіштерінде орнатылады.

Жалынның таралуынан қорғау құралдары бұл желілерге инертті газдың оларда жарылыс қауіпті қоспалардың пайда болуын болдырмайтын мөлшерде берілуі кезінде орнатылмайды.

Оттың алдын алғыштар мен сұйықтық сақтандырғыш бекітпелер құрылымы пайдалану шарттарын есепке алумен сенімді жалынды жайылтпауды қамтамасыз етеді.

196. Оттың алдын алғыштар мен сұйықтық сақтандырғыш бекітпелер үшін олардың пайдалану шартында, кристаллдану, полимерлену және заттардың мұздау кезінде жұмыс істеу сенімділігін қамтамасыз ететін шаралар қарастырылады.

197. Қысыммен жұмыс істейтін және жарылыс қауіптіліктің І санатты блогына жататын ЖТС бар резервуарлар, оларды сөндіру үшін оларда вакуумның пайда болу мүмкіндігі мен жарылыс қауіпті ортаның пайда болуын болдырмау кезінде ортада болған резервуарға қатысты инертті газ беруді қарастырады.

Жарылыс қауіптіліктің І санатты блогында қысымсыз жұмыс істейтін ЖТС бар резервуарлар үшін жарылыс қауіпті қоспаның пайда болу немесе тұтану көзін болдырмайтын шаралар қарастырылады.

198. Ақаулы немесе ажыратылған аварияға қарсы құрылғылы және инертті және ингибирлі заттарды беру жүйесімен жарылыс өрт қауіпті технологиялық қондырғыларды пайдалануға рұқсат берілмейді.

Аварияға қарсы қорғаныс құралдарының, инертті және ингибирлеу заттарын беру жүйесінің жағдайы кезеңді бақыланады.

Бақылау кезеңділігі мен әдістері жобамен анықталады және регламенттеледі.

5 - тарау. Бақылау, басқару, дабылдама және технологиялық

процесстердің аварияға қарсы автоматты қорғау жүйелері

1 - параграф. Жалпы талаптар
199. Технологиялық процесстерді бақылау жүйесі, автоматты және қашықтан басқару (басқару жүйелері), аварияға қарсы автоматты қорғау жүйесі (АҚАҚ жүйесі), сондай-ақ авариялық жағдай туралы, бұл ретте жабдықпен жиынтықта қоса берілетін байланыс пен хабарлау жүйелері (БжХ жүйесі) осы Талапқа, қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттамаға, жобаларға, регламенттерге жауап береді және технологиялық процессті жүрізудің сенімділігі мен қауіпсіздігін, технологиялық өлшемдерді ұстаудың берілген нақтылығын қамтамасыз етеді.

200. Бақылау, басқару және АҚАҚ, сондай-ақ БжХ жүйесін сенімділік, жылдам әрекет ету, өлшеу жүйесінің рұқсат берілетін кемшілігі және басқа техникалық сипаттамасы бойынша таңдау технологиялық процесс ерекшеліктерін есепке алумен және объектіге кіретін технологиялық блоктардың жарылыс қауіптілік санатына байланысты жүзеге асырылады.

201. Аварияға қарсы автоматты қорғаныс құралдары мен оңтайлы әдістері олардың технологиялық объектілердің қауіптілік талдауы, болуы мүмкін авариялық жағдайдың туындау және даму шарттары, технологиялық процесстер мен аппаратуралық безендіру ерекшеліктері негізінде таңдалады. АҚАҚ жүйесі үшін құралдарды рационалды таңдау олардың сенімділігі мен жылдам әрекеті және басқаларды есепке алумен жүзеге асырылады.

202. Электр құралдары мен бақылау, басқару және АҚАҚ, байланыс пен хабарлау жүйелері элементтерін өндірістік үй-жайлар мен сыртқы қондырғылардың жарылыс қауіпті аймақтарында орналастыру электр қондырғыны орнату бойынша нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес болады.

203. Жарылыс қауіпті үй-жайлар мен кіретін есіктердің алдында сыртынан ауаның газдануы туралы жарықтық және дыбыстық дабылдама құрылғысы қарастырылады.

204. Аварияны тарату жоспары бойынша пайдаланылатын автоматика құралдары оларды орнату орындары бойынша технологиялық регламент пен нұсқаулықта белгіленеді.

205. Бақылау, басқару және АҚАҚ, байланыс пен хабарлау жүйелері олардың функционалдық тағайындалуларын, қорғаныс қондырғылары үлкендіктерін, бақыланатын өлшемдердің критикалық мәнін анық көрсететін тиісті жазба енгізумен таңбаланады.

206. Бақылау, басқару және АҚАҚ, байланыс пен хабарлау жүйелерін орналастыру қызмет көрсетуге ыңғайлы және қауіпсіз орындарда жүзеге асырылады. Бұл орындарда жүйенің нақтылығына, сенімділігіне және жылдам әрекетіне әсер ететін діріл, технология өнімдерімен ластану, механикалық және басқа зиянды әсер ету болдырылмайды.

Бұл ретте жабдықтар мен құбыр өткізгіштер герметизациясын жоюсыз жүйені және оның элементтерін бөлшектеу құралдары мен шаралары қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет