Жарылыс өрт қауіпті өндірістерге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптары


- параграф. Технологиялық процесстерді басқару жүйелері



бет4/5
Дата09.07.2016
өлшемі0.5 Mb.
#187108
1   2   3   4   5

2 - параграф. Технологиялық процесстерді басқару жүйелері
207. Құрамында жарылыс қауіптіліктің І санатты технологиялық блогы бар процесстер есептеу техникасы құралын қоса, бақылаудың электронды құралы мен автоматика базасында басқарудың автоматты жүйесімен жарақталады.

208. Есептеу техникасы құралдары базасында технологиялық процесстерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі - ТПБАЖ) техникалық тапсырма талаптарына сәйкес болады және:

процесс өлшемдері мен олардың регламенттелген мәндерін ұстау үшін тәртіпті басқаруды тұрақты бақылау;

іске қосылуды тіркеу және АҚАҚ құралдары жағдайының жұмыс қабілеттілігін бақылау;

объект шегінде ауа жағдайына тұрақты бақылау;

өлшемдердің критикалық мәнге қарай өзгеруі мен болуы мүмкін аварияны болжаудың тұрақты талдауы;

қауіпті жағдайдың дамуын тоқтатын басқару және АҚАҚ құралдарының әрекеті;

авриялық жағдайды оқшаулау құралдарының әрекеті, оңтайлы басқару әсерлерін таңдау мен орындау;

авариясыз іске қосу, тоқтату және бұған қажетті барлық операцияларды жүргізу;

объектіде қауіпсіздік жағдайы туралы жоғары тұрған басқару жүйесіне ақпарат беру қамтамасыз етіледі.

209. Басқару үй-жайларында жарылыс қауіптілікті анықтайтын процесс өлшемдерінің ескерту мәндеріне жеткен кезде жарықтық және дыбыстық дабылдама қарастырылады.

3 - параграф. Аварияға қарсы автоматты қорғаныс жүйелері
210. Аварияға қарсы автоматты қорғаныс жүйесінің іске қосылу уақыты мен сенімділігі жобаның технологиялық бөлігі талаптарын есепке ала отырып АҚАҚ жүйесін өңдеуші анықтайды. Бұл ретте объектіге кіретін технологиялық блоктардың жарылыс қауіптілік санаты және болуы мүмкін аварияның даму уақыты есепке алынады.

Қорғаныс жүйесінің іске қосылу уақыты процесстің қауіпті дамуы болмайтындай болады.

АҚАҚ жүйелерінде процесстің жарылыс қауіптілігін анықтайтын өлшемдерді бақылаудың көп нүктелі аспаптарын пайдалануға рұқсат берілмейді.

211. Бақылау, басқару және АҚАҚ жүйелерінің жарылыс қауіпті технологиялық объектілері үшін арнайы бағдарлама бойынша жиынтық сынама жүргізіледі. Сериялы шығарылатын аспаптар аспаптарды шығарушы кәсіпорындарда (паспорттарда тиісті белгімен) қосымша қабырғалық сынама нәтижесі бойынша арнайы жарамсыздықтан өтеді; олар сенімділік бойынша талаптарды қанағаттандырады:

бас тартулар айқындығын бөлу заңдылығы қалыпты (гауссті) болады;

бас тартулардың орташа шаршылы ауытқуы [X]- математикалық күтілу үлкендігінен M [X] 0,2 артық емес;

аспаптардың іске қосылу кезеңділігі үзіліссіз жұмыста сәйкес құжаттамамен расталатын 360 с кем емес;

элементтер мен аспаптарды пайдалану жұмысты аяқтау сәтінен математикалық күтілу үлкендігінен M [X] 0,3 дейін кезеңділікте жүзеге асырылады.

212. Технологиялық объектілер мен оның элементтері АҚАҚ жүйесін таңдау пайдалану, қызмет көрсету және қорғалатын объектінің жөндеу аралық жұмысы бойында жөндеу бойынша талаптарды орындау кезінде оның жұмысын қамтамасыз ету шартынан туындай жүзеге асырылады.

Басқару жүйесі жұмысының бұзылуы АҚАҚ жүйесі жұмысына әсер етпейді.

213. АҚАҚ және технологиялық процесстерді басқару жүйелерінде технологиялық процесстің қалыпты жүрісінен бұзылуының кездейсоқ және қысқа дабылдарында, сонымен қатар электр қоректенудің резервті немесе авариялы көзіне іске қосылу кезінде іске қосылу болдырылмайды.

214. Электр энергиясын ажырату немесе АҚАҚ жүйесінің бақылау және басқару жүйесін қоректендіру үшін қысылған ауаны беруді тоқтату жағдайында технологиялық объектіні қауіпсіз қалыпқа ауыстыруды қамтамасыз етеді. Қоректі қалпына келтіру кезінде бұл жүйелерде еркін қайта қосу мүмкіндігі болдырылмайды.

АҚАҚ іске қосылғаннан кейін технологиялық объектінің жұмыс қалпына қайтарылуы нұсқаулық бойынша қызмет көрсетуші персонал орындайды.

215. Жобалық құжаттамада, технологиялық регламентте және АҚАҚ объектілері жүйесінің тізбесінде жарылыс қауіптіліктің барлық санатты технологиялық блоктарында қауіпті өлшемдер бойынша қорғанысты орналастырумен өлшемдердің критикалық шекаралары көрсетіледі.

216. Қорғаныс жүйесін орналастыру мәні өлшеу құралдары, жылдам әрекет ету жүйесі, өлшемдер мен технологиялық блоктың жарылыс қауіптілік санатының өзгеруі мүмкін жылдамдығы құрылғыларының дабылдамасының іске қосылуын есепке алумен анықталады. Бұл ретте қорғау жүйесінің іске қосылу уақыты өлшемнің ескертуден барынша шекті рұқсат берілетін мәнге ауысуы үшін қажетті уақыттан аз болады.

Орналастыру мәні жоба мен технологиялық регламентте келтіріледі.

217. Жарылыс қауіптіліктің кез келген категориялы технологиялық блокты объектілері үшін өлшемдердің ескерту мәндері бойынша объектінің жарылыс қауіптілігін анықтайтын авария алды дабылдама қарастырылады.

218. АҚАҚ жүйесінің соңғы жағдайды көрсеткіштерден басқа атқару механизмдері басқару үй-жайында соңғы жағдайдың индикациясын орындауға мүмкіндік беретін құрылғысы болады.

219. АҚАҚ жүйесінің сенімділігі әр түрлі түрдің (қайталау, үштік) аппаратуралық резервтелуімен уақытша және функционалды артықтықпен және диагностика жүйесі мен өзінен өзі диагностикалаудың болуымен қамтамасыз етіледі. Резервтелудің жеткіліктілігі және оның түрін жобаны өңдеуші негіздейді.

220. Жарылыс қауіптіліктің І және ІІ санатты технологиялық блоктары бар объектілерде процесстің жарылыс қауіптілігін анықтайтын өлшемдерді бақылау сенімділігі өлшемдерді бақылау жүйесінің қайталануымен, жұмыс жағдайының индтикациясымен өзінен өзі диагностикалау жүйесінің болуымен, технологиялық байланысты өлшемдердің мәнін салыстырумен қамтамасыз етіледі.

Жарылыс қауіптіліктің ІІІ санатты технологиялық блогы бар объектіде критикалық мәні бар өлшемдерді бақылаудың сенімділігін қамтамасыз ету бойынша техникалық шешімдерді жобаны өңдеуші өңдейді және негіздейді.

221. Жарылыс қауіптіліктің кез келген санатты блоктары бар объектілердің АҚАҚ схемасында бұза бұғаттайтын құлыптарды орнату іске қосуды, тоқтатуды, қайта қосуды қамтамасыз ету үшін рұқсат беріледі. Мұндай құлыптардың саны барынша аз. Бұл ретте қорғаныс өлшемдерінің ажыратылуының барлық жағдайлары мен олардың ұзақтығын тіркейтін құрылғы қарастырылады.

222. Жарылыс қауіптіліктің І санатты блогы бар технологиялық процесстің жарылыс қауіптілігін анықтайтын өлшемдерді бақылау таңдаудың жеке нүктелерінің кемінде екі тәуелсіз көрсеткішімен жүзеге асырылады.

223. Процесстің жарылыс қауіптілігін анықтайтын бақыланатын өлшемдердің тізбесін әрбір нақты жағдайда процессті өңдеуші құрастырады.



4 - параграф. Газды талдаудың автоматты құралдары
224. Өндірістік үй-жайлар, ашық сыртқы қондырғылардың жұмыс аумағында барынша шекті рұқсат берілген шоғырлану мен жарылыстың төменгі шоғырлану деңгейі бойынша газдануды бақылау үшін барынша рұқсат берілген үлкендікте іске қосылған кезде іске қосылатын дабылдамалы автоматты газ талдау құралы қарастырылады. Бұл ретте газданудың барлық жағдайы аспаптармен тіркеледі.

225. Көрсеткіштерді немесе анализаторлардың сынама алу құрылғыларын орнату орындары мен саны жобада анықталады.



5 - параграф. Бақылау, басқару және АҚАҚ жүйелерін энергетикалық қамтамасыз ету
226. Электрмен қамтамасыз ету бойынша жарылыс қауіптіліктің І санатты технологиялық блогы бар бақылау, басқару және АҚАҚ жүйелері электр қондырғы құрылғыларына қойылатын нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес электр қабылдағыштардың І санатты тобына жатады.

Жарылыс қауіптіліктің ІІ және ІІІ санатты технологиялық блогы бар бақылау, басқару және АҚАҚ жүйелерін электр қабылдағыштардың ерекше тобына жатқызылу қажеттілігі жобамен анықталады.

227. Жарылыс қауіптіліктің І санатты технологиялық блогы бар бақылау, басқару және АҚАҚ жүйелерін қоректендіру үшін электрмен жабдықтаудың үшінші тәуелсіз көзінің қуаттылығы технологиялық жүйенің авариясыз тоқтауына әрекеттесетін жүйенің барлық элементтерінің жұмысын қамтамасыз етеді.

228. Бақылау, басқару және АҚАҚ пневматикалық жүйелері үшін сығылғын ауаның жеке қондырғылары мен жеке желілері қарастырылады.

229. Ауалық компрессор мен БӨАжА жүйесі үшін ауа шаңнан, майдан, ылғалдан тазартылады.

Сығылған ауа сапасы аспаптар мен БӨАжА жүйесіне дайындаушының техникалық құжаттамасында (төлқұжатында) белгіленген талаптарға сәйкес болады.

230. Басқару және АҚАҚ құралдарын сығылған ауамен қамтамасыз ету жүйесінің бақылау, басқару және АҚАҚ жүйесін компрессор объектінің авариясыз тоқтауы үшін жеткілікті тоқтаған кезінде, есеппен расталатын, бірақ 1 с кем емес уақыт бойына ауамен қамтамасыз ететін буферлі ыдыстары (реципиенттері) болады. Сығылған ауаны бақылау, басқару және АҚАҚ құралдары үшін тағайындалмауы бойынша пайдалануға рұқсат берілмейді.

231. Цехқа енгізер алдында сығылған ауаның ластануын талдау үшін сынама алу құрылғысы қарастырылады. Талдаулар кезеңділігі қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамамен анықталады.

232. Технологиялық объектілерді басқару үй-жайы және ауаны компримирлеу қондырғылары сығылған ауа қысымының желіде буферлі ыдысқа (реципиенттерге) дейін түсуі кезінде іске қосылатын жарықтық және дыбыстық дабылдамамен жарақталады.

233. БӨАжА жүйесін қоректендіру үшін инертті газды пайдалануға рұқсат берілмейді.



6 - параграф. Бақылау, басқару және АҚАҚ жүйелерін метрологиялық қамтамасыз ету
234. Қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланушы ұйымдарда қолданыстағы нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес технологиялық өлшемдерді өлшеудің біркелкілігі мен нақтылығын қамтамасыз ету сұрақтарын қоса, өндірістік бақылау қызметі ұйымдастырылады.

235. Бақылау, басқару және АҚАҚ жүйесіне кіретін өлшеу құралдары және ақпаратты-өлшеу құралдары (бұдан әрі – АӨҚ) өлшеу және тексеру құралдарының түрін бекітумен сынаудан өтеді.


7 - параграф. Басқару үй-жайы мен

анализаторлық үй-жай құрылғылары және орналастыру
236. Бақылау, басқару, АҚАҚ және газды талдау жүйелері үшін көлемді-жоспарлау шешімдері, ғимарат, үй-жай және көмекші имараттар құрылымы, жобалы құрылымдық құжаттармен асырылады.

237. Басқару үй-жайы мен анализаторлық үй-жай жеке орналасқан және жарылыс қауіпті аймақтан тыс болады. Сәйкес негіздеме кезінде жекелеген жағдайларда оларды жарылыс қауіпті аймақты ғимараттарға тіреуге рұқсат беріледі. Бұл ретте үй-жай жарылыс өрт қауіпті үй-жай, химиялық белсенді және зиянды орталы үй-жай, ағу және сору желдеткішті камералар, дымқыл процессті үй-жайлар үстіне (астына) орналастырылмайды. Үй-жайларда технологиялық процессті басқару жүйесімен байланысты емес жабықтар мен басқа құрылғылар орналастырылмайды.

Құбыр өткізгіштерді, ауа өткізгіштерді, кабельдерді және басқаларды транзитті төсеу басқару үй-жайы, бумен немесе сумен жылыту құрылғысы, өрт су өткізгіштеріне кірулер, импульсті желілер және жанатын, жарылыс қауіпті және зиянды өнімдері бар басқа құбыр өткізгіштер арқылы жүзеге асырылмайды.

238. Басқару үй-жайы келесі талаптарды қанағаттандырады:

ауалық жылыту және ауаны белгілі бір норма үшін қондырғылары болады (негізді жағдайларда электронды аспабы жоқ басқару үй-жайында сумен жылыту құрылғысына рұқсат беріледі);

басқару үй-жайына берілетін ауа газдан, будан және шаңнан тазартылады және орнатылатын жабдықты пайдалану жән санитарлық норма бойынша талаптарға сәйкес болады;

басқару үй-жайларындағы едендер жылы және электр өткізгішті емес кабельді каналдар мен қос едендер электр қондырғы құрылғысы ережесі талаптарына сәйкес болады;

өрт сөндіру құралдары мен жүйелері нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес болады;

басқару үй-жайында өндірістік үй-жай мен басқарылатын объект аумағының газдануы туралы жарықтық және дыбыстық дабылдама қарастырылады.

239. АҚАҚ жүйесі үшін негізді жағдайларда бұғаттау жағдайы, энергия қоректену көздері және атқару органдары туралы дыбыс беретін жарықтық құрылғылармен жарақталатын бұғаттау құрылғысының мнемосхемалы щиттері (немесе панельдер) қарастырылады.

240. Анализаторлық үй-жайлар келесі талаптарға сәйкес болады:

сақтандырғыш құрылғысы болады;

анализаторлық үй-жай көлемі және желдету жүйесінің техникалық сипаттамасы үй-жайда 1 с бойында бұл өнімдердің шығыны мен қысымын шектегіш болған кезде олардың үй-жайдағы санына қарамастан бір анализатордың газ жеткізуші құбырының толық жарылған кезінде талданатын өнімдердің жарылыс қауіпті қойылуы пайда болу мүмкіндігі болдырылмайтын шарттардан туындай отырып анықталады; бұл шартты қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде жалпы алмасу желдетуінен басқа үй-жайда үй-жай ауасында айналатын заттар шоғырлануы жарылыстың төменгі шоғырлану деңгейінің 20 % жеткен кезде автоматты іске қосылатын авариялық желдету қарастырылады.

241. Анализаторлық үй-жайға анализатор жұмысы үшін талап етілетін қысымнан жоғары сынама алу түтіктері енгізілмейді.

Сынама алу құрылғыларында шығын мен қысымды шектегіштер анализаторлық үй-жайдан тыс, қауіпсіз орындарда орналастырылады.

Талданатын заттың артығы талдау аяқталған соң, технологиялық жүйеге қайтарылады немесе жойылады.

242. Тексеру газдары мен қоспалары, газ – тасымалдағыштар, эталондар және тағы басқалары бар баллондар қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану бойынша нормативтік құжаттар талаптарына жауап береді.

Баллондарды орналастыру, сақтау және пайдалану орындары мен тәртібі жобамен анықталады.

243. Анализаторлық үй-жайларда үнемі адамдардың болуына рұқсат берілмейді.

244. Анализаторлардың газ желілері бойынша тұтанудан және жарылыстан қорғанысы болады.



8 - параграф. Байланыс және хабарлау жүйелері
245. Құрамында жарылыс қауіптіліктің барлық санатты блоктары бар объектілер, онымен байланысты басқа объектілер екі жақты қатты дауысты және телефон байланысы жүйесімен жабдықталады.

Екі жақты қатты дауысты байланыс негізді жағдайларда жарылыс қауіптіліктің І санатты технологиялық блокты объектілері үшін диспетчер пункті персоналы, өндірістік объектінің әскерилендірілген апаттық - құтқару қызметі (бұдан әрі - ӘАҚҚ), өрт бөлімі (бұдан әрі - ӨБ), құю-қотару пункттері, қоймалар және жанатын, сұйытылған және қауіпті өнімдердің сорғылықтары қарастырылады.

Байланыс орнатылатын өндірістік бөліністер тізімі, байланыс түрін технологиялық процесс ерекшеліктеріне, оған кіретін технологиялық блоктардың жарылыс қауіптілік санатын және басқа факторларды есепке алумен өндіріс шарттарына байланысты жобаны өңдеуші анықтайды.

246. Жарылыс қауіптіліктің барлық санатты технологиялық блоктарында қауіпті дүркін және басқа химиялық лақтырылуларды табу, оқшаулау және тарату туралы хабарлауды қамтамасыз ететін техникалық құралдар көзделеді, бұл ретте, жарылыс қауіпті (немесе зиянды химиялық) бұлттың таралу мүмкіндігінің жолы туралы болжау деректерін қоса өндірістік объектінің ӘАҚҚ қызметтеріне және ұйымның диспетчеріне, басқарудың жоғары тұрған органына ақпарат беріледі.

247. Құрамында жарылыс қауіптіліктің І санатты блоктары бар өндірістерді басқару үй-жайларында, сыртқы қондырғыларда, кәсіпорын диспетчері үй-жайында қауіпті химиялық зат лақтырылуы туралы хабарлау үшін басқару посты мен дабыл орнату қарастырылады.

Ішкі безендіру бойынша хабарлау құралы сәйкес өндірістік пайдалану құралынан ажыратылады, олардың орналасуы мен құрылғысы бөтен тұлғалардың қолжетімділігі мен кездейсоқ пайдалануды болдырмайды. Хабарлау жүйесінің дыбыстық құрылғылары пломбыланады.

248. Өндірістік персонал мен азаматтық жұртшылықты авариялық жағдай туралы хабарландыруды ұйымдастыру мен тәртібі, техникалық құралдар мен химиялық зақымдалу қаупін тарату бойынша тиісті қызметтердің дайындықта болу жауаптылығы аварияны тарату жоспарымен анықталады.

9 - параграф. Бақылау, басқару және АҚАҚ,

байланыс пен хабарлау жүйелерін пайдалану
249. Бақылау, басқару және АҚАҚ жүйесін пайдаланудың дұрыстығына бақылау орнатылады.

250. Технологиялық процесстер мен жабдық жұмысы ақаулы немесе ажыратылған бақылау, басқару және АҚАҚ жүйесімен жүзеге асырылмайды.

251. Үзіліссіз процесстер үшін ерекше жағдайларда кәсіпорын басшысының жазбаша рұқсаты бойынша тек күндізгі уақытта жекелеген өлшемдер бойынша қорғанысты қысқа мерзімге ажыратуға рұқсат беріледі. Бұл ретте ұйымдастыру-техникалық шаралар және технологиялық процесс пен жұмыс өндірісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмысты ұйымдастыру жобасы өңделеді.

Бұл жағдайда авария алды дабылдамасын ажыратуға рұқсат берілмейді.

Технологиялық процесстерді автоматты басқару жүйелеріндегі қолмен бұзу бұғаттауына рұқсат берілмейді.

252. Бақылау немесе басқару жүйелерінің элементтерін ауыстыру кезеңіне процессті қол тәртібінде қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ететін шаралар мен құралдар қарастырылады.

Жобада, технологиялық регламентте және нұсқаулықта қол тәртібінде басқаруға рұқсат берілмейтін процесс сатылары немесе жекелеген өлшемдер анықталады.

253. Жарылыс қауіптіліктің кез келген санаттағы технологиялық блокты объектілері үшін бақылау, басқару және АҚАҚ, байланыс және хабарлау жүйелерінде қызмет көрсету мерзімін өткерген аспаптар, құрылғылар және басқа элементтер пайдаланылмайды.

254. Ауысымды технологиялық персонал жұмыс істеушілерге арналған нұсқаулық көрсеткіштеріне сәйкес жекелеген аспаптар мен автоматтандыру құралдарының авариялық ажыратуын жүргізеді.

Бақылау, басқару және АҚАҚ жүйелерін реттеу мен жөндеуді БӨАжА қызметі немесе мамандандырылған ұйым жұмыскерлері жүргізеді.



10 - параграф. Бақылау, басқару және АҚАҚ,

байланыс пен хабарлау жүйелерін монтаждау, реттеу және жөндеу
255. Технологиялық процесстердің бақылау, басқару және АҚАҚ схемаларына қатысатын бекіту реттегіш арматура, атқару механизмдері жөндеуден кейін және орнына орнату алдында жылдам әрекетке, беріктік пен жабылу тығыздығына акт ресімдеумен немесе паспортқа, журналға жазба енгізумен кезеңді сыналудан өтеді. Сынау кезеңділігі регламенттеледі.

256. Бақылау, басқару және АҚАҚ, байланыс және хабарлама жүйесін монтаждау, қалыпқа келтіру, жөндеу, реттеу және сынау жұмыстары ұшқын шығаруды болдырмайды. Мұндай жұмыстарды жарылыс қауіпті аймақтарда жүргізуге наряд-рұқсат ресімделеді, ұйымның қауіпсіздігі мен жұмысты жүргізуді қамтамасыз ететін шаралар өңделеді.

257. Жөндеу, реттеу немесе тексеру үшін бақылау, басқару және АҚАҚ, байланыс және хабарлау құралдарын түсірген кезінде түсірілген құралдарды бірден барлық өлшемдері бойынша бірдейіне ауыстыру жүргізіледі.

258. Жарылыстан қорғалған электр жабдықты жөндеу техникалық қызмет көрсету жүйесінің нормативтік құжаттары және өлшеу мен автоматтандыру жүйесін жөндеу және басқа нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.



6 - тарау. Жарылыс қауіпті технологиялық жүйелерді

электрмен қамтамасыз ету және электрмен жабдықтау
259. Электр қондырғылар құрылғысы, монтаждау, қызмет көрсету және жөндеу электр қондырғылар құрылғысы бойынша нормативтік құжаттар, құрылыс нормалары мен ережелері, осы Талап талаптарына сәйкес болады.

260. Құрамында жарылыс қауіптіліктің І санатты технологиялық блоктары бар объектілерді электрмен жабдықтау сенімділіктің І санатынан кем болмай жүзеге асырылады. Бұл ретте технологиялық процессті өндіріс қызметінің барлық тәртібінде қауіпсіз жағдайға авариясыз ауыстыру мүмкіндігі, сонымен қатар электр энергиясын екі тәуелсіз өзара резервтелетін қорек көзінен беруді бір уақытта тоқтату қарастырылады.

261. Құрамында жарылыс қауіптіліктің ІІ және ІІІ санатты блоктары бар технологиялық жүйелердің электр қабылдағыштары пайдаланудың нақты шарттары мен электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету бойынша технологиялық процесстің ерекшеліктеріне байланысты І немесе ІІ санатты электр қабылдағыштарға жатады.

262. Кернеу сыныбына тәуелсіз, электрмен жабдықтаудың І санатты сенімділік тобын тұтынушыларды қоректендіретін ішкі көздерден электрмен қамтамасыз ету желілері автоматты жиілік жүк түсіру (бұдан әрі - АЖЖТ) құрылғысымен жабдықталмайды.

263. Кәсіпорын аумағы бойынша кабельдерді төсеу мен орнату ашық орындау ұсынылады: эстакадалар бойынша, галереяларда және технологиялық эстакадалардың кабельдік құрылымдарында.

Кабельді құрылыстарды технологиялық эстакадаларда құбыр өткізгіштерді электр қондырғы құрылғысы бойынша нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес монтаждау және бұзуды қамтамасыз етуді есепке алумен орналастырады.

Кабельдерді құм төселген каналдар мен траншеяларда төсеуге рұқсат беріледі.

Технологиялық қондырғылар мен өндірістер аумағы бойынша төселетін кабельдердің жануды таратпайтын материалдан оқшаулауы мен қабығы болады. Кабельдердің оқшаулауы мен қабығын таңдау төсем аумағында болатын өнімдер буының зиянды әсерін есепке алумен жүргізіледі. Полиэтиленді оқшаулау немесе қабықты сымдар мен кабельдер пайдаланылмайды.

264. Сыртқы технологиялық қондырғыларды электр жарықтандырудың операторлықтан қашықтан және қызмет көрсету аймағы бойынша жергілікті іске қосу тетігі болады.

265. Қысылысу шартында, газдану мүмкіндігінде, сонымен қатар технологиялық аппарат ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде электр қондырғылар құрылғылары бойынша нормативтік құжаттар талаптарына жауап беретін жарықтандыру орындаудың тиісті орнында тасымалданатын жарылыстан қорғалған аккумуляторлық шамдар немесе тасымалданатын жарылыс қауіпті орындаудағы шамдар көмегімен қамтамасыз етіледі.

266. Қажеттілігіне қарай сенімділіктің І санатты тобына жататын өндірісті авариялық тоқтату жүзеге асырылатын жұмыс орындарын авариялық жарықтандыруды электрмен қамтамасыз ету сенімділіктің сол санаты бойынша жүзеге асырылады.

267. Биіктік колонналарда, аппараттарда және басқа технологиялық жабдықтарда қоршау оттары жарылыстан қорғалған орындауда болады.

268. Технологиялық қондырғылар мен өндірістер дәнекерлеу электр жабдығын іске қосу үшін стационарлы желімен жабдықталады.

269. Дәнекерлеу аппараттарын іске қосу үшін коммутациондық жәшіктер (шкафтар) пайдаланылады.

270. Дәнекерлеу аппараттарын қосуға арналған желі тоқсыздандырылады. Бұл желіге кернеуді беру және дәнекерлеу электр жабдығын іске қосу электр қондырғыларды қауіпсіз пайдалану мен өрт қауіпсіздігі бойынша нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес орындалады.

271. Электр дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

272. Жылжымалы және тасымалданатын электр жабдықты іске қосу құрылғысы жарылыс қауіпсіз аймақтан тыс орналастырылады.

7 - тарау. Жылыту мен желдету
273. Жылу және желдету жүйесі тағайындалуы, құрылысы, техникалық сипаттамасы, орындалуы, жобалы құрылымдық құжаттарға сәйкес болады.

274. Желдету жүйесінің, сонымен қатар авариялы құрылғысы, ауа алмасудың қысқылығы сенімді және тиімді желдетуді қамтамасыз ету қажеттілігімен анықталады.

Жарылыс қауіптіліктің кез келген санатты технологиялық блоктары бар үй-жайлар үшін желдетудің барлық түрін пайдалану мүмкіндігінің бағасы авариялық, дүркіндік технологиялық жабдықтан үй-жайға жанатын және улы заттардың барынша көп мүмкін лақтырылулары жобалау кезінде жүзеге асырылады, технологиялық және пайдалану құжаттамасында көрсетіледі.

275. Пайдалану, қызмет көрсету, жөндеу, реттеу және желдету жүйесі жұмысының тиімділігіне аспаптық тексеру жүргізу тәртібі салалық ережелермен және өнеркәсіптік желдетуді пайдалану бойынша нұсқаулықтармен анықталады.

276. Желдетудің қиыстыру жүйесі үшін ауа жинағыш құрылғысы желдету жүйесіне өндіріс жұмысының барлық тәртібінде жарылыс қауіпті булар мен газдардың түсуін болдырмайтын орындардан қарастырылады.

277. Жалпы алмасу және авариялы сору желдеткіші жүйесінен ауаны лақтыру құрылғысы тиімді себілуді қамтамасыз етеді және лақтыру аймағында жарылыс пен кәсіпорын аумағы үстінде, сонымен қатар тұтанудың стационарлы көзінде жарылыс қауіпті қоспаның пайда болу мүмкіндігін болдырмайды.

278. Жарылыс өрт қауіпті шаң мен газдарды жоятын жергілікті сорулар жүйесі жұмыс істемейтін сору кезінде онымен құрылымды байланысты технологиялық жабдықты іске қосу мен жұмысын болдырмайтын бұғаттаумен жарақталады.

279. Авариялық желдету жүйесі үшін үй-жайда орналасқан жарылысқа дейінгі шоғырлану дабылдамасы іске қосылған кезде немесе жарылыс қауіпті булар мен газдар шоғырлануының рұқсат берілген деңгейден асқан кезінде газ анализаторлардан оларды автоматты іске қосу қарастырылады.

280. Желдету жүйесінде ауа өткізгіштер арқылы бір үй-жайдан басқасына жарылыс өрт қауіпті булар мен газдардың түсуін болдырмайтын шаралар мен құралдар қарастырылады.

281. Желдету жабдығы, ауа өткізгіштер, сору желдету жүйесіне арналған элементтерді орындау (шиберлер, жапқыш, клапандар) механикалық (соққы, үйкелу) немесе электр (статикалық электр) шығулы тұтану көзін болдырмауды қарастырады.

Желдеткіштер жарылыстан қорғалған желдеткіштерді қауіпсіз пайдалану бойынша нормативтік құжаттар талаптарына жауап береді.

282. Желдету жүйесінің ауа өткізгіштері, олардың бөліктерін бір-бірімен және желдеткішпен қосу орындары герметикалы және ағынды желдету жүйесіне жарылыс қауіпті булары мен газдары бар ауаның түсуін болдырмайды.

283. Сору желдету жүйесі үшін ауа жинағыштар мен жабдықтардың (желдеткіштердің) сұйық немесе қатты жарылыс өрт қауіпті өнімдердің пайда болуы (қоюлану, тұндыру) мүмкін ішкі беттерінде жүйені бұл өнімдерден кезеңді тазалау, сондай-ақ қажеттілігі болған жағдайда өрт сөндірудің стационарлы жүйесімен жарақтау қарастырылады. Тазалау бойынша жұмыстарды орындау кезеңділігі мен тәртібі салалық нормативтермен анықталады.

284. Өндірістік үй-жайда, ғимарат сыртында және желдету жабдығы (желдету камераларында) үй-жайында орналастырылған желдету жүйесінің электр жабдығы жарылыстан қорғау түрі мен деңгейі, тобы мен температуралық сыныбы бойынша электр қондырғылар құрылғылары ережелері талаптарына сәйкес таңдалады.

285. Желдету жүйесінің (сору және айдау) барлық металл ауа өткізгіштері мен жабдықтары химиялық, мұнай химиялық және мұнай өңдеу өнеркәсіптері өндірістерінде статикалық электрден қорғау ережесі және электр қондырғылар құрылғысы бойынша нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жерге тоғытылады.

286. Басқару үй-жайлары мен өндірістік үй-жайларда желдету жүйелерінің ақаулы жұмысы туралы дабылдама қарастырылады.

287. Жарылыс өрт қауіпті аймақтары бар үй-жайларда ағынды желдетумен біріктірілген ауалық жылыту қарастырылады. Үй-жайды айналымдағы заттар сумен жарылыс қауіпті өнім пайда болдырмайтын шарт кезінде сумен немесе бумен жылытуды пайдалануға рұқсат беріледі. Жылыту жүйесінің қыздыру бетінің барынша көп температурасы процессте айналатын заттардың өзінен өзі тұтану температурасының ең төмен өзінен өзі тұтану температурасының 80 % аспайды.

288. Жылыту (сумен, бумен) жүйесінің құрылғысы, пайдаланылатын элементтер мен арматура, олардың электр үй-жайлар мен БӨАжА үй-жайлары мен электр үй-жайлар үстінде төсеу кезінде орналасуы бұл жүйелерді пайдалану мен қызмет көрсетудің барлық тәртібі кезінде ылғалдың түсуін болдырмайды.

289. Жылу тасымалдағышты енгізу түйіні:

ағынды желдету жүйесі үй-жайында (желдету камерасында);

баспалдақты тордан немесе жарылыс өрт қауіпті емес өндірістік үй-жайдан бөлек шығатын орынды жеке үй-жайда;

су немесе бу жылытуы пайдаланылатын өндірістік үй-жайларда орналасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет