Ентікпенің екі түрі бар: Ентікпенің екі түрі бар:
Инспираторлық ентікпе – демді сыртқа шығаруға қарағанда демді ішке алу қиындайды;
Экспираторлық ентікпе – демді ішке алуға қарағанда демді сыртқа шығару қиындайды.
- Науқастың ентікпесі кезіндегі көмек: - Медбике ентікпе кезінде дереу дәрігерге хабарлау қажет.
- Тыныс алуды жеңілдету үшін шұғыл шаралар қолданыңыз.
- Науқастың басын көтеріп, жаурынына бірнеше жастық қойып немесе арнайы керуеттің жоғары жағын көтеріп тіке отырғызыңыз,Фаулер жоғарғы қалпын беріңіз.
- Науқастың үстіндегі көрпені алып, қысып тұрған киімдерін шешіп жеңілдетіңіз.
- Бөлменің терезесін ашып, көбірек таза ауа келуін қамтамасыз етіңіз.
- Ингалятор болған жағдайда қолданыңыз, ол үшін науқас терең дем алған уақытта инголятордың мунштугін аузына алып, дәрігердің тағайындалған дозасын жіберіңіз.
- Оттегі жастықшасынан оттегіні ылғалдап жіберіңіз.
- Жөтел - Жөтел – жоғары тыныс жолдарының, бронхтардың және өкпенің түрлі аурулары кезінде қақырықтар шығаратын қорғаныш-рефлекторлық акт болып табылады.
- Жөтел рефлексі қақырынуға көмектеседі.
- Сипатына қарай жөтел құрғақ қақырықсыз және қақырық түсетін ылғалды болады.
- Құрғақ жөтел жоғарғы тембірмен сипатталады, тамақты қышытады, қақырық түспейді.
- Ылғалды жөтелде қақырық түседі: ол іріңді, кілегейлі, иісті, сілемейлі болып келеді.
Құрғақ жөтел кезінде көрсетілетін көмек: - Қақырықты түсіретін тұнба ерітінділерін беріңіз.
- Кеуде тұсына қыша қағазын қойыңыз.
- Аяққа ыстық ванна қабылдатыңыз.
- Ингаляция жасаңыз (май, эвкалипт, бал және т.б.).
- Қақырық – жөтел кезінде тыныс жолдарынан шығатын патологиялық бөліністер. - Қақырықтың түсуі әрдайым өкпеде немесе бронхтарда патологиялық процестің бар екенін дәлелдейді. - Қақырықты тыныс органдары ауруының белгісі ретінде санау үшін алдымен оның мөлшерін, сұйықтығын, түсін, иісін және қоспаларын ескеру қажет. - Қақырық кілегейлі, ұйымды, іріңді, тат басқан түрде аралас және қанды болады.
Достарыңызбен бөлісу: |