Постдуралды дренаж (бронхты қақырықтан тазарту)
Мақсаты: төсетегі науқастың дене қалпын ауыстырғанда қақырық күш әсерімен ағады, қақырықтың бөлініуін қамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары (бронхит, бронхоэктазды ауру, өкпе абцессі және т.б.).
Даярлаңыз: түкіргішті 1/3 бөлігін зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз, егер де қақарықты зерттеуге жинауға қажет болмаса.
Іс-әрекет алгоритмі:
І. Квинке бойынша дренажды қалыпты жасаңыз.
Емшараға науқастың келісімін алыңыз.
Бас жақ деңгейден 20-30 см жоғары кереуеттің аяқ жағын көтеріңіз.
Төсектегі науқастың жағдайын бақылыаңыз, жөтел пайда болғанда қақырықтың бөлінуінің кқбейгеніне көзіңізді жеткізіңіз.
10-15 миуттық үзіліспен емшараны бірнеше рет 20-30 минут бойы қайталаңыз.
Кереуетке әдеттегідей қалып беріңіз (науқаста дененің көтеріңкі қалпымен байланысты жағымсыз сезім шағымы пайда блоғанда).
ІІ. Науқасты арқасымен жатқызу
Науқастың тұлғасын денесінің айналасына 3600 С аударыңыз.
Науқасты 450 С аударыңыз. Терең дем алу және тездетіп дем шығаруды сұраңыз.
Жөтел пайда болғанда науқасқа жақсы жөтелуіне мүмкіншілік беріңіз.
10-15 минут үзіліспен емшараны 3-6 рет қайталаңыз.
ІІІ. Науқастыңғ оң жақ қырымен жатқызыңыз – «креует астынан аяқ киімді іздеу «позасы.
Кереует деңгейінен төмен басын және қолын түсіріңіз.
Төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз, жөтел пайда болғанда қақырықтың көп бөлінгеніне көзіңізді жеткізіңіз.
Сол қырымен жатқызу қалпынада емшараны қайталаңыз.
Емшараны күніне 5-6 рет қайталаңыз.
IV. Науқасқа тізе шынтақ қалпын алуын ұсыныңыз – «намаз оқитын мұсылман» дене келбеті.
Науқасты тізесімен тұруын және алдына еңкейуін сұраңыз.
Науқастың еңкейуді 6-8 рет қайталауын сұраңыз. 1 минут пауза жасайды, сосын 6-8 рет еңкейуді қайталайды (6 цикл барлығы).
Емшараны күніне 5-6 рет қайталаңыз.
Төсекте жатқан науқасқа ыңғайлы қалыпты беріңіз.
Түкіргішке зарарсыздандыруды жүргізіңіз.
Емшараны орындау және науқастың емшараға ракциясы туралы жазыңыз.
Ескерту: Төсекте дене қалпын өзгертумен немесе жөтел жоқтығымен байланысты ыңғайсыз сезім шағымы пайда болғанда емшараны тоқтатыңыз (дәрігерге хабарлаңыз).
Достарыңызбен бөлісу: |