Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет186/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
суын құйып» отырған жалғыз келіні. Бұл екі жазушы қоғамда 
өзіндік орындары бар, «мен қазақпын» деген адамның санасында 
образдары бар екі тұлға арасын байланыстыратын қатынас - ата 
мен келін арасындағы байланыс. Бұл байланыс түрі тек Бауыржан 
Момышұлы мен Зейнеп Ахметоваға ғана қатысты қатынас түрі 
емес. Бүкіл «қазақ, өзбек, орыс т.б.» деп аталатын жұртшылықтың 
өткен тарихында болған және келер болашақта болатын да, бола 
беретін де қатынас. Көптеген мақалаларда, газет беттерінде, 
журналдарда, көгілдір экрандарда көріп, естіп жүргендей «ене мен 
келін» арасындағы байланыс көп сөз етіледі. Қазір қозғалынатын 
«ата мен келіні» арасындағы қатынас көз үйренген, құлақ жауыр 
болған байланыс емес, ерекшелеу, еректеу. 
Зейнеп Ахметова өзінің кітаптарында «қайын ата» бейнесін 
жақсы сақтап, көрсете білген. Ұлттық құндылықтардың шежірешідей 
білгірі қайын атасының аузынан шыққан әрбір ғибрат сөздері мен 
нақыл сөздерін санасына қорғалжыңдай құйып, тәлімін бойына 
сіңіріп, сол кісінің көрігінде шыңдалып, қорытып, бізге, болашақ 
бастаушы, өкшебасар ұрпаққа азды-көпті өсиет, ғибрат ретінде 
бірнеше кітап басып шығарды. Зейнеп Ахметова осы тұрғыда «Бұл 
күнде өзімнен кейінгі буынға айтарым болса сол ардақты кісілердің 
бойыма сіңіргені. Олар маған қазақ халқының ортақ қазынасы 
болған ұлттық қасиеттерді қадірлеп, қастерлеуге, отбасым, ошақ 
қасымда сақтап отыруыма баулыды», – дейді [2, 5 б.]. Нақты 
дерек келтірер болсақ, «Күретамыр», «Бабалар аманаты» сынды 
кітаптарында қайын атаның тәпіштеп айтқан, өмірден түйген, алуан 
түрлі тәрбиелік мәні бар, салт-дәстүрге, жөн-жоралғыға байланысты 
айтылған, бойына дарыған ата сөдерін түсірген. Бұл кітаптарда 
халқымыздың салт-дәстүрлері, салт-санасы, ырым-тыйымдарының 
астарында жатқан жақсы ізгі-ниетін, мәнін, мағынасын жас ұрпаққа 
кеңінен ашып түсіндіріледі. Осы арқылы бұрынғы жақсы мен 
бүгінгі жаңамен ұштастырып, ұлттық болмыстан тайып кетпей, 
қазақы тәлім-тәрбиенің мәнін, түбіндегі ойын ұғындырады. Шет 
мемлекеттердің ағымына еліктеп бара жатқан, салт-дәстүрден 
мақұрым бола бастаған жаңа заманауи жастарға қайталап, 
саналарында жаңғырту мақсатында шығарылған. 
Кітаптардың бастауы Бауыржан Момышұлының 1973 жылы 
қараша айының он тоғызыншы жұлдызы, аптаның бастауы дүйсенбі 
күні жазып қалдырған «Халықтың ана тілі мен салт-санасын, ұлттық 
жан дүниесін, тұрмыс-тіршілігін көрсететін төл белгілері» атты 
қолжазбасынан бастау алады және 1974 жылдың желтоқсан айының 
жиырма бесінші күнінде жазып қалдырған пікірімен аяқталады. 
Тек пікірлер ғана емес, жауынгер, ержүрек батыр жазушының 
айтқан ырым-тыйымдары, ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерін 
кіптарға басып шыққан. Мысал келтірер болсақ: «Жолашар», 
«Бесік жыры», «Балаға ат қою», «Мүшел жас» және тағысын тағы 
тақырыптарда Зейнеп Ахметова ата сөзін кітапқа жазып түсірген. 
Бұл салт-дәстүрлерге тоқталмауды жөн санаймыз. Өйткені, әр 
үтір, нүктесіне дейін атаның келініне айтқан бұл жоралғылар кітап 
беттерінде жазылып тұр.
Бауыржан Момышұлы Зейнеп Ахметованың өмірінде тек 
қайын ата рөлінде ғана емес, білгенін үйретуші, бағыт беріп 
бағдарлаушы, ұлағатты ұстаз және кітап жазып шығаруға негізгі 
тірек болған. Біздің қазақ халқының қанына сіңіп, ана сүтімен бойға 
тараған тәлім-тәрбие бойынша келін бала қайын атасын сыйлай 
біліп, құрметпен қарап, өз әкесіндей қадірлеп, жатсынбауы қажет. 
Қазақ жұртында ата-енеге «қайын ата», «қайын ене» дейді. Қарап 
отырсақ, «қайын» сөзі тілімізге дін арқылы енген екен. Араб тілінде 
«қайым» сөзі, біреудің орнында тұрған, біреудің орнын басқан деген 
мағынаны білдіреді екен. Араб тіліндегі көптеген сөздер біздің 
тілге кіріккен, біз ол сөздерді өзіміздің фонетикамызға сай қылып 
алғанбыз. Демек, «Қайын ата» мен «Қайын ана» қыздың өз анасы 
мен әкесінің орнын басқан, оның екінші анасы мен әкесі деген 
мағынаны білдіреді. Фиқһ (терең түсіну мен жан-жақты ұғыну) 
үкімдері бойынша, әйел үшін ең жақын туыстарының қатарына 
қайын ата мен қайын ене жатады. Олай болса келін осы жағын 
толық меңгеріп сыйлай білгені жөн. Әрі үлкенді сыйлау баршамызға 
ортақ парыз. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деп жатамыз, осы 
тұрғыдан алған да да келін «қайын» деп аталатын ел-жұртты қолдан 
келгенше сыйлап отыруы керек. Осы аталған үлкендердің батасы 
мен разылығын алса көсегесі көгере береді. 
Халқымыздың бұл заңдылығы әкеден балаға беріліп, ананың 
сүтімен бойына тарап өскен Зейнеп Ахметованың тал бойынан 
байқалатын қасиет. Жазушы Зейнеп Ахметова жүрген жерінде 
де, берген сұхбаттарында да, жазған кітаптарында да Бауыржан 
Момышұлы атамызды «Қайын ата» деп емес «ата» деп және 
осы сөзінен таймай, сыйластық жібін үзбеген. Бұған дәлел керек 
етсеңіз, ол өз сөзінде «... ата сөзінен естіген-ұққандарымды, 
көңілге түйгендерімді кітапқа арқау етіп шығардым. Мен тек 
баяндаушымын», - дейді. Зейнеп Ахметова қайын атасына туған 
әкесіндей қарап, Бауыржан Момышұлының жауынгершілік мінезіне 


340
341


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет