«XXI Сәтбаев оқулары» «СТУДЕНТТЕР» сериясы ең алдымен селт етіп, Әйгерімге қарап, ес жия бере өзі де күліп жіберді. Бірақ өңі құп-қу болған // Ол төрдегі сый қонақтардың қатарында отыр еді // Сол Әмірді Біржанға құр шақырушы етіп жібермеген-ді // Ондай сынды серт еткен Базаралы жоқ болатын // Бұл саналы көңілдің шер-шемені еді.
Мысалдық деректерге (Мақалада тек М. Әуезовтің «Абай
жолы» шығармасы пайдаланылды) тартқан сөйлемдердің
әрқайсысында түйдекті тіркестер кездеседі. Көбі көмекші етістіктік
тіркесімде келген. Тек соңғы екі сөйлем әр қилы: алғашқысы модаль
мәнді сөзбен тіркескен де, соңғысы есім мәнді сөзбен тіркескен.
Сонымен, бұл сөйлемдердегі селт етіп, ес жия бере, құп-қу болған, отыр еді, шақырушы етіп, серт еткен, жоқ болатын, шер-шемені еді тіркесімдері жалаң құрамды түйдекті тіркеске жатады. Себебі
бұлар тек қана екі тілдік тұлғадан тұрады: алдыңғысы толық
мағыналы да, соңғысы көмекші мағыналы. Ескеретін бір жайт,
біз күрделі сөз түрлерімен келетін түйдекті тіркестерді де жалаң
құрамды деп танытамыз. Себебі оларда ұғымды күрделендіретіндей
қауқар жоқ деп білеміз.
Сонымен бірге түйдекті тіркес деп танылған тілдік бірлік ішіне
демеулік мәнді шылаулардың кірігуі оларды күрделендіре алмайды:
Біржан Әмірге ғана емес, Абайға да ерекше ұнады. Осындағы
түйдекті тіркес Әмірге ғана емес, бірақ оның құрамында үш тілдік
бірлік бар деп, күрделілікке жатқызуға болмайды. Себебі ғана демеулігінсіз қолдану да тіркес мағынасына нұқсан келтірмейді.
Тағы бір мысал: Қанаты қайырылды ғой! – деді. Сөйлемдегі
түйдекті тіркесті жасайтын қайырылды мен деді сөздерінің
тіркесімі. Ал олардың ортасында келген ғой шылауының сөз санын
ұлғайтқаны болмаса, мағынаға тигізер ешқандай әсері жоқ. Үлкен үйдің көші келе ме екен сөйлемінде де түйдекті тіркесті келу мен
екен құрайды. Ал ортаңғы бөліктегі ма сұраулық шылауының сұрау
мәнін үстеудегі қызметі болмаса, түйдекті тіркесті бұзу қызметіне
ие емес. Мұны ғалым С. Аманжоловтың мына пікірі де қуаттайды:
«ау, ақ, мыс, ғой, да сияқты шылаулар қосыла айтылған сөз күрделі
деп саналмайды» [2, 66 б.].
Жоғарыдағы мысалдарға көз жүгіртсек, жалаң құрамды
түйдекті тіркестер басқа сөз таптары мен көмекші етістік
тұлғаларының байланысынан түзіледі. Олар зат есім мен көмекші
етістік (ес жия бере, серт еткен, шер-шемені еді, шақырушы етіп),
еліктеуіш сөз бен көмекші етістік (селт етіп, құп-қу болған) және
модаль сөз бен көмекші етістік (жоқ болатын) арқылы жасалған.
Бұлардың басқадай да жасалу жолдарына бағынатыны сөзсіз.
Шағын мысалдық деректемелердің өзінен жалаң құрамды түйдекті
тіркестердің өзін екіге бөліп қарастыруға болатынын түсінеміз.
Алғашқысы есім сөз табымен қиюласа келетін тіркестер де, екіншісі
– алдыңғы сыңардың етістік тұлғалы сөздермен келетіндері.
Есім сөз таптары мен көмекші есімдердің тіркесуінен болған
түйдекті тіркестің алдыңғы сыңарын, әрине, көбіне-көп зат есім
құрайды. Басқа есім сөз таптары заттанған уақытта көмекші
есімдерді қабылдайды. Төмендегі мысалдарда зат есім мен
көмекші есім тіркесінен басқа, есімдік пен көмекші есімдердің
байланысуынан болған тіркестерді қамтыдық: Абайдың қасында отырған – інісі, жас бозбала Әмір, Құдайбердінің баласы // Өзі білетін сыбысы, сыры бар Нұрғаным алдында жігітті жер қылмақ боп, бір сұм қулық ойлады // Ал Әмір болса сол балалар