Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет194/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

қарызым болар» деп, «жетімдік көрсетпеспін» деп ант еткендей 
болатын // Абайжан, менің әнім саған жақсы қозғау салды деуші 
ең // Тым құрмаса сауығын Ділдәнің үйіне құрғанда орынды болмас 
па еді дейді екен. Ол қошемет болар деп, сыртына сыр шығарған 
жоқ // Апа, «аз күндік қонағымсың» деуші едің ғой // Қыз «жаным 
сеніиен бірге шықсашы!» деп еді // Келіні жаққа сол қолымен 
ишарат жасап, «тоқтат» дегендей етті.
Енді бірде нақтылы көмекші етістіктер бірінші орналасып, 
басқа етістік тұлғалары оған көмекшілік атқаратыны кездесіп 
отырады: Абайдың сөзі Біржан өнерін сонша зор көтеріп, өз елінің 
бар жасына «бізден бұл артық» деп отыр // Үмітей бұл әннің сөзін 
арманды күдікпен, аса бір құпия сыр етіп айтады // Оспан өз ағасы 
Абайдың шаруа шебері емес екенін білетін-ді // Анасының үнсіз 
жүзінің өзі Абайға «кінәлісің, кінәлаймын» деп тұрғандай // «Мен 
жер құдайымын дейтін» шығар // Қаршығамның өнерін сіздерге 
көрсетейін деп келдім.
Толық мағыналы болып келетін етістік тұлғалы сөз нақтылы 
көмекшілік мағынада келетін етістік сөздердің ортасына да түсіп 
кетеді: «Мынаның мінгені менікі емес пе?» деп айтады дейтін.
Түйдекті тіркестің күрделенуінің бір жолы етістік тұлғалардың 
ортасына, немесе соңына басқа сөз таптарының сөздік тұлғаларын 
қосу/ерту болып саналады. Мәселен, төмендегі сөйлемнің түйдекті 
тіркесінің өзі одағай сөз табымен тіптен күрделене түскен: Әуелі 
өзің пәлеге бата түс, өртене түс» дейді екенсіз, ә? - деді // Көптен 
бұндай қуанған да емес сияқты // Сыртқы ажарымен софыяна, 
мүләйім, пұшайман жан болған тәрізді // Қажыған кәрілікті күлкі 
етейін деген ойы жоқ едіСоңғы үш сөйлем түйдекті тіркестің 
модаль мәнді сөздердің қабаттаса келуімен күрделенген. Ал 
төмендегі сөйлемде атау тұлғалы сөзден кейін келетін үшін шылауы 
толық мағыналы сөз (қызық) бен емес көмекші етістігінің ортасына 
түскен: Қаршыға қызығы үшін емес, Абайдың жеңілдігін, балаша 
қуанғанын мазақ етіп, мысқылдап келе жатыр.
Тілде түйдекті тіркестің күрделенуіне бірден-бір әсер ететін 
тілдік бірліктер мол кездесіп отырады. Олар түйдекті тіркесті 
тұлғаның жасалуындағы тілдік бірліктердің (көмекшілік қызметтегі 
тұлғалар) тіркесуіне байланып, бастапқы мағынасынан ажырайды. 
Мәселен, Үні жіңішке, таза, сәнді екен сөйлемінде бір жеке сөздік 
тұлға (үні), бір түйдекті тіркес (қалғандары) бар. сол түйдекті 
тіркес деп танылған тұлғалардың өзі екі тілдік тіркестен тұрған: 
біріншісі – салаласқан тіркес (жіңішке, таза, сәнді) те, екіншісі 
екен деп аталатын түйдекті тіркесті жасаушы тұлға. Бірақ мұндайда 
салаласқан тіркес деп аталатын тілдік тұлға өзінің бастапқы 
қызметінен айырылып, басқа тілдік тіркестің заңдылығына 
бағынады. Демек, енді ол салаласқан тіркес емес, керісінше, түйдекті 
тіркестік құбылыс. Бұған әкелген аталған тіркесімнің бір ғана бірлік 
болып саналатындығы және екен көмекші етістігінің шылауына 
бағынғандығы. Сонымен, күрделі түйдекті тіркесті жасаудағы 
келесі бір жол төмендегідей (Біз ерекшеленген тұлғаларды басқа 
тіркестердің қызметіндегі бірліктер деп санаймыз):
а) Салаласқан тіркес пен түйдекті тіркес жасаушы тұлғаның 
қызметі: Әр түнде «алып кетті», тиіп кетті» деп, ел іші даурығып 
тұр // «Жүр, жүр» десіп ап, тебініп жіберіп, ойдан төмен ағыза 
жөнелісті // Сөйтіп, көшіп келе жатқан ауылдар қаралы, жылаулы 
екен // Ол өзінің келісімен-ақ, «Әйгерім аңғарар, қояр» деп еді.
ә) Атаулық тіркес пен түйдекті тіркес жасаушы тұлғаның 
қызметі: Ол ақырын тыңқылдатып, өз домбырасына Біржан 
үйреткен «Жиырма бес» дейтін әнді салып отырған // Аса бір кең 
жарастық құрмет кеші боп еді.
б) Фразеологиялық тіркес пен түйдекті тіркес жасаушы 
тұлғаның қызметі: Ел бауырға түсіп келе жатқан кез болған 
еді // Ақшоқыдан осы ауылдар қонып жатқан қоныс құнан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет