«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
қыласың? // Майбасар не дерін білмей, сұмдық естігендей, бір нәрсе
дейін деп еді // Әнді сүйген мен екем ғой! Менің ауылымда Оралбай
мен Керімбала ән салыпты, содан екен ғой! // Тұр, аттан сен де! –
деп, Әбділда Абылғазыға бұйрық берген // Ендеше, шаттық молы
сізде екен // Сын мен есеп сонда емес пе?
Екінші сыңарда орын тепкен көмекші етістіктер алдыңғы
сыңарда сындық, сандық мағынадағы сөздің, сол сияқты
тұйық етістік тұлғалы сөзден де болады: Қазірде шаруа жайын
сөйлескенде, Абай үлкен емес, Оспан соғұрлым тәжірибелі сияқты
көрінді //Абай осы бүгінгідей етіп өз ауылына Тобықтының әнші,
күйші жасынан жігіт-желең, қыз-келіншегін талай рет жинаған
// Сол сөз әмір бұйырықтай болды // Бірақ Әйгерімнің қазіргі көңіл-
күйі, өзінің сында отырған әншілігін қысылып сезінуде емес.
Модаль мәнді сөздердің түйдекті тіркес жасаудағы қызметі
жоғары. Мұндайда модаль сөз әр алуан сөз таптарымен тіркесе
алады: Үмітей сұлу Айғыздың сіңілісі есепті // Әйгерім әнді үзген
жоқ // Біржан сияқты шет қонақтарға Базаралының мына жайын
бұл ауыл білдірмеуге тырысты // Әйгерім, Үмітейлер бұл сияқты
кесек қалжаққа өте қысылып тұрып, қатты күлді // Түн жігіті
әнмен таласып, өзі де әндей боп келген сияқты // Оралбай мен
Керімбаладан аянып қалғанымыз ұят, бар көмегіне жарау керек //
Бұл талмайтын табандылықты керек етеді.
Септеулік шылау – түйдекті тіркес жасаушы ең белсенді тілдік
бірлік. Олар атау септікті сөзбен тіркесіп келіп отырады: Ол ел
бірлігі үшін Керімбала мен Оралбайдан ұялды // Бар Жігітекке
Достарыңызбен бөлісу: |