Бөкенші туралы ең деректі сөзді алып келген Абылғазы үлкен
ептілік жасады // Соны ұққан сайын, Абайға, әсіресе, жан
тартады // Ол туралы Дәркембай қысқа айтты. Бұл мысалдар
«Үшін, сайын, арқылы, жөнінде, туралы, бойынша, сияқты, тәрізді
деген демеулер де өздерінен бұрын тұрған атау септіктегі сөздермен
тұтасып бір түйдек болады» деген М. Балақаевтың тұжырымын
қуаттай түседі [3, 335].
Барыс септікті сөзді меңгеретін де септеулік шылаулар бар:
Жиренше мен Базар кеше түнге дейін Абаймен бірге еді // Бірақ
еттен кейін, таңға шейін созылған Біржан, Абай мәжілісі де ұзақ
болды // Абай қонақ үйлерге қарай кетті // Енді бүгін түстіктен
кейін, кешке қарсы көп қонақ атқа қонбақшы боп отыр // Оралбай
мен Керімбаланы кешке жақын бір үш-төрт үйлі кішкене кедей
ауылға әкелісіп еді.
Шығыс септікті сөзді меңгеретін септеулік шылаулар да жиі
кездеседі: Абай үйге кірместен бұрын тыста жүрген Оспаннан
Базаралының сабалғанын естіп, қынжылып келген // Осы күн түс
ауған соң, Біржан Құнанбайдың үлкен ауылынан аттанған еді //
Осы сөзден соң Жігітек берік байлау жасамаса да, таңертеңнен
бергі екі ұдайылықтан, былық-сылықтан арылып, сөзді бір араға
түйген-ді // Кеш жатқан қонақтар түске жақын тұрып, шай ішіп
болған соң, тез жүруді талап етті.
Көмектес септікті сөзді меңгеруге септеулік шылаулардың
қатысы бар: Сөзін де әнімен бірге қызыға сүйсініп, Біржаннан
ұққан // Ауыллдар қалың шоғыр көштерімен қатар көшіп, қатар
жеткен болу керек.
Жоғарыда айтқанымыздай, алдыңғы сыңардың еліктеуіш сөзді
болуы жиі: Ауылыма келіп, мұндағы үлкен аға, кіші ініні өнеріңе қарқ
қылып барасың // Ол Бөкеншінің шарасынан асып, бұрқ-сарқ етіп
жатқан хабарын да есітті // Үнемі жауапсыз сұрағын қайталай
қадалтып, сұңқ-сұңқ етеді // Ат үстіндегі денесі дір-дір етіп,
үзеңгілері табанына тұрмайды.
Етістіктердің өзара байланысынан түйдекті тіркес туындайды.
Мұндайда етістік құрамы нақтылы көмекшілік қызмет атқаратын
етістіктермен (е, ет, де, қыл, жазда) толығуы керек, әрі олар
етістіктің әр түрлі категорияларында тұр алады: Кезіккеннің қолында
Достарыңызбен бөлісу: |