XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm
«XXI Сәтбаев оқулары» «СТУДЕНТТЕР» сериясы Сурет 1 – Туристердің 2012-2020 жылдар
Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес туризм саласын дамыту
2025 жылы туристер саны 450 мың адамға жетеді деп болжануда [3]
Баянауыл ауданыны туристердің өзіне тартатын керемет жайлы
климаты қоныржай континентті және көп ғасырлар бойы тарихи
қалыптасқан ғажайып тас кескіндер, бір көргенде жануарларға,
адамдарға немесе таудан түсіп келе жатқан жүк машинаға ұқсайтын
жеке шыңдар мен тастар ерекше қызықтырады.
Туристерді қызықтыратын әлемге әйгілі шыңдардың арасында
– «тас бас» мүсіні, қазіргі таңда «Кемпір тас» деген атауы кең
тараған. Белгілі бір жағынан байқап қарағанда ол шынымен шашсыз,
тіссіз, кекесін зұлымдықпен күліп тұрған кемпірдің басына
ұқсайды екен. Ғажайып сан алуан керемет тастардың арасында
– түйе, мамонт, горилла А. С. Пушкиннің қырынан қарағандағы
келбеті, ұшатын тарелка, динозавр, көгершін, жылқының басы және
көптеген басқа да тастар бар. Шыңға өрмелеушілер арасында Бөлке
тауы және Ер жүректілер шыңы, сондай-ақ ең биік тау ретінде
Ақбет тауы кең тараған. Бөлке тауының шыңында құрғақшылық
кезінде тартылатын алты көл орналасқан.
Нақты айтар болсам керемет аты аңыз болған жер – «қиелі
үңгір». Ата-бабамыздың айтуы бойынша үңгірге кірген әрбір
адам оның қабырғасына алақанын қойып тілек тілесе, одан кейін
шыға беріске басын бұрмай үңгірден шықса, оның арман тілегі
орындалады екен. Сонымен бірге үңгірге барып, балаға зәру болған
адамдар тілек етсе ниеттері қабыл болады деген сенім бар, ол үшін
үңгірде арнайы рәсім орындау керек екен. Бұның рас-өтірігіне
қарамастан, үңгірге кіруге болатын күндері туристер көптеп келіп
жатады. Үңгір жоғары жерде орналасқан, оған апаратын тік өрдің
бір жақырымдай жерін жаяу өтуге тура келеді. Қазіргі кезде жолдың
шет бөлігінде арнайы ағаш саты орнатылған.
Баянаула ауданында этнотуризмді дамытуда көптеген іс-
шаралар атқаруды қажет етеді. Этнотуризм қазіргі таңда туристік
саланың ең қарқынды дамып келе жатқан саласы болып табылады.
Этнотуризмнің жалпы мақсатты кез-келген халықтың мәдениетін,
сәулет, тұрмыс-салт дәстүрін жәнеде этнографиялық нысандарды
шетелдік туристерге немесе отандық туристерге насихаттау.
Баянауыл өңірінде Этнотуризмді дамытуда көптеген мүмкіндіктер
бар. Көркем табиғатымен, климаттық ерекшеліктері мен тарихи
жәдігерлері негіз болады.
Баянауыл ұлттық саябағы – Қазақстан жерінде туризмді дамыту
үшін қолайлы жер болып табылады..Саябаққа келуші туристер
санын арттыру мақсатында туризм бөлімінде қызмет атқарушы
мамандар Баянауыл ұлттық табиғи саябақ базасында қазіргі
кезде 13 туристік маршруттар құрастырылған.. Алғашқы уақытта
тапшылығына байланысты 2006 жылы тек 6 туристік бағдар жүзеге
асырылды [2].
Кесте 1 – Туристік бағдарлар [4]
№
Бағдар атауы, бағдардың ұзындығы
№1 бағдар
Жасыбай көлі – Кемпіртас жартасы.
Ұзындығы – 10 км.
№2 бағдар
Жасыбай көлі – Қоңырәулие үңгірі .Ұзындығы – 12 км.
№3 бағдар
Жасыбай көлі – ботаникалық соқпақ. Ұзындығы – 7 км.
№4 бағдар
Жасыбай көлі – Жасыбай батырдың қабірі .Ұзындығы – 6 км.
№5 бағдар
Сабындыкөл көлі – Жасыбай батырдың қабірі.
Ұзындығы – 14 км.
№6 бағдар
Жасыбай көлі – Көгершін жартасы .Ұзындығы – 10 км.
№7 бағдар
Жасыбай көлі – «Писаница туристов» жартасы».
Ұзындығы – 3 км.
№ 8 бағдар
Жасыбай көлі – кен алан алаңы .Ұзындығы – 7,5 км.
№9 бағдар
Сабындыкөл көлі - Сұлтанмахмұт Торайғыровтың бейіті.
Ұзындығы – 3,5 км.
№10 бағдар
Жасыбай көлі – Кемпіртас жартасы – Сұлтанмахмұт
Торайғыровтың бейіті-Айманбұлақ .Ұзындығы – 44 км.
№11 бағдар
Жасыбай көлі – Қоңырәулие үңгірі. Ұзындығы – 30 км.
№12 бағдар
Жасыбай көлі – Баянауыл (Жасыбай батырдың қабірі) .
Ұзындығы – 44 км.
№13 бағдар
Жасыбай – Жаңажол
–
Ескелді
–
(м. ж. Көпеев кесенесі).
Ұзындығы
–
77 км.