«XXI Сәтбаев оқулары» «СТУДЕНТТЕР» сериясы 2 Увеличится спрос на загородные туры внутри страны
Загородный отдых внутри страны – новая тенденция ввиду
закрытия границ. Пока мировой туризм не вернется к докризисному,
загородные отели будут на пике популярности;
3 На смену городским отелям приходят апарт-отели;
В условиях экономической нестабильности гости экономят
на проживании. Бюджетная альтернатива отелям, где имеется
соответствующий комфорт и функциональность — апартаменты [8].
Напрашивается следующий вывод, что 2020 год не только не
убил гостиничный бизнес, но и сделал его намного устойчивее и
восприимчивее к внешним факторам.
ЛИТЕРАТУРА
1 Соколова М.В. История туризма: Учебное пособие. М.:
Мастерство, 2002 – 352 с.
2 https://hoteladvisor.livejournal.com/32450.html
3 https://prohotel.ru/news-216533/0/#:~:text=Первые%20
гостиницы%20появились%20порядка%20двух,бродячие%20
артисты%20и%20менестрели%2C%20паломники.
4 https://prohotel.ru/article-3303/0/
5 https://alterainvest.ru/rus/blogi/tendentsii-razvitiya-
gostinichnogo-biznesa-2016/
6 https://studcar.ru/stati/sovremennye-tendencii-gostinichnogo-
biznesa/
7 https://hotel.report/management/gostinichnaya-industriya-v-
epohu-covid-19
8 https://www.travelline.ru/blog/itogi-2020-go-novinki-travelline-
i-perspektivy-gostinichnogo-biznesa/
БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНДА ТУРИЗМНІң ЖАңА БАҒЫТТАРЫН ҚҰРУ жАнАй А. Ц.
студент, Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ. омАРов м. К.
ғылыми жетекші, аға оқытушы, Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ. «Туризм барлық дүниежүзілік экономиканың 10 %-ын құрайды.
Бұл – өте үлкен көлем. Бізде өте аз әлі. Біз енді 2025 жылға дейін
экономикамыздың 8 %-ын туризмнен аламыз деп отырмыз. Ол
үшін өте көп жұмыс істеу керек. Жаңағы Рухани жаңғыру мәселесі,
«Нұрлы жол», инфрақұрылым , барлығы осыған байланысты.
Қазақстанда да көретін, баратын жерлер өте көп. Даланың, таудың
өзі басқа елдер үшін өте қызықты. Көрсете білуіміз керек» деген
елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы жолдаманы алға қоя
отырып еліміздің туризм саласын дамытуға ден қойды [1].
Бүгінгі таңда Қазақстанда туристердің демалуына жағдай
жасауды ұйымдастыру, еліміздің туристік потенциалын көтеру
мәселелері жан-жақты қарастырылған. Қазакстанның тарихи -
мәдени ескерткіштерін шетелге таныстыру ел беделіне оң ықпал
етері сөзсіз. Қазақстанда ежелден аты аңызға айналған және бүгінгі
күнге дейін аңыз болып келген қаншама тарихи-мәдени орындары
бар, сондай өлкелердің бірі Павлодар облысына қарасты Баянауыл
киелі елді мекені.
Көркіне көз тоймайтын Баянауыл табиғи ұлттық саябағы –
Баянауыл ауданының орталығында орналасқан. Солтүстігінде
Торайғыр ауылдық округінің , оңтүстік - шығысында Ақсан ауылдық
округінің, оңтүстік-батысында Құндыкөл ауылдық округінің
территориясымен шектеседі. Табиғатымен тәнті етпей қоймайтын
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи бағы рекреациялық мүмкіндігі
мол аймаққа жатады.
Омбы географы В.Некрасов өзінің 1916 ж. зерттеулерінде:
«Біраз күш-қайрат пен қаражат болса Баянауыл өлкесін тамаша
демалыс орнына айналдырар еді» деген екен. Сонымен қатар 1982
жылы «Казгипроград» иститутымен ҚазССР Ғылым академиясы
біріге отырып республикадағы алғаш Баянауыл табиғи бағын құру
туралы технико-экологиялық жобасын жасады. Бұл табиғи бақ
экологиялық, тарихи, эстетикалық мәні бар кешендерді сақтау
үшін, рекреациялық және ғылыми мақсатта құрылды. Баянауыл
мемлекеттік ұлттық бағы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1985
жылғы 12 тамыздағы № 276 қаулысымен құрылды [2, 132 б.].
Қазіргі уақытта Баянауыл саябағы өте ірі туристік орталық болып
табылады. Негізгі рекреациялық жүктеме, ал бұл шамамен 90 %
76 күнге созылатын жазғы рекреациялық маусымға келеді.