284
285
«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
түсіндім» деген екен. Бұдан шығатын қорытынды – Абай тек
қазақ ауыз әдебиетінің орасан байлығымен ғана емес,
Шығыс
шайырларының шығармаларын бойына сіңіріп, солар арқылы
әл-Фараби еңбектерімен де таныс болған деп тұжырым жасауға
болады [1, 314 б.].
Шығыс мәдениеті – әл-Фараби мен Абай үшін бірдей рухани
бастау, олардың арасын жалғастыратын арқау. Әл – Фараби мен
Абай үндестігін, шығармаларының
ұқсастығын зерттеген, екі
ойшылдың арасындағы сабақтастықты жалғастыра білген ғалым
А. Машанов әл-Фарабидің: « Әрбір адамның өз орны бар», – деген
ойын Абай ақын жаңа көзқараста: «Сен де бір кірпіш дүниеге,
кетігін тап та, бар қалан!», – деп әрбір адамның өмірде алатын
өзіндік орны бары, ел өмірінде елеулі орын алатындығын айтып
өткен [2, 89 б.].
Әбу Насыр айтуынша, адам өзінің мінез-құлқын жетілдіре түсу
үшін, ең алдымен, ол өзіне-өзі мейлінше адал болуы тиіс. Сонда
ғана адам өз бойындағы ізгілікті қасиеттерді барынша жетілдіруге
мүмкіндік алады. Әбу Насыр «қандай шебер әдістің жәрдемімен жақсы
мінез-құлыққа жететінімізді қарастыруымыз керек» дей келіп, әзіл
мен күлкі сияқты құбылыстарға моральдық-этикалық тұрғыдан баға
береді. Қоғамдағы әрбір құбылыс шектен шығып кеткен жағдайда
адамға теріс әсер ететіні сияқты адамның мінез-құлқындағы шамадан
асып кеткен көріністер де ізгі қасиеттерге кері ықпалын тигізеді. Осы
пікірін түйіндей келіп, Фараби: «әзілқойлық – әзілді шектен тыс
қолданудан болады. Ал әзілдеу оңай болғандықтан, біз соған бейім бола
бастаймыз. Енді бізге қалғаны бір шеткеріліктен екінші шеткерілікке
немесе орташа мөлшерге ауысуды жеңілдету үшін қандай амалдар
бар екенін білу» деп жазады. Әл-Фарабидің осы тұжырымын Абай
өзінің «Төртінші сөзінде» жетілдіре түседі: «Күлкіге салынған кісі не
шаруадан, не ақылдан, не бір ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп
отырса керек». Ұлы бабамыз Әбу Насыр Әл-Фарабиден мұра болып
қалған «Мемлекет қызметшісінің нақыл сөздері» деген трактаты
да бар. Ол осы еңбегінде ғылым мен билікті бірлікте қарастыруға
тырысады. Философ Аристотельдің «Билікті сатып алғандар – одан
пайда та буды әдетке айналдырады» – деген ойын одан әрі дамыта
түседі. Сол себепті де жоғарыдағы еңбекте қалаларды қалай басқару
керектігін, оны кім басқарғаны дұрыс екенін тізбелеп, өзгеше ой түйген.
Әрі білімді, әрі ақылды, әрі таза ниетті адам ғана шаһар тұрғындары
тұрмысын жақсартып, бақытқа жетуге ықпал етпек дейді. Қысқасы,
философ ғалым ғылым жетісіктері мен билік әдістерін неғұрлым бір-
біріне жақындата түссек, соғұрлым өмір де алға басады, тіршілік те
жайнай бермек деп түйін жасаған. Былай қарасақ, бабамыздың он бір
ғасыр бұрын айтып жазып кеткендері әлі де маңызды болып көрінеді.
Билік басына келген адам өзі де, жан-жағы да,
ары да тап-таза болып
тұруы керек.
Дана Абай да өз заманындағы әділетсіз билікті өткір сынға
алады. Сонымен қатар халықтың мерейін тек өнер-білім ғана ұшпаққа
шығаратындығын талай өлеңдеріне арқау еткендігін жақсы білеміз.
Әл-Фараби мен Абай өз ойларын әртүрлі сөзбен жазса да, олардың
мағынасы бір-бірімен астасып жатыр.
Әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының
көзқарастары» деген философиялық трактатында «Қайрат», «Ақыл»
және «Жүрек» сияқты ұғымдарға түсінік бере келіп: «Жүрек – басты
мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін
ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес»,
– дейді. Әл-Фарабидің «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» жөніндегі
философиялық тұжырым- ойы Абайдың «Он жетінші сөзінде» өзінің
логикалық жалғасын тапқан сияқты. Абайдың осы сөзінде «Қайрат»,
«Ақыл» және «Жүрек» үшеуі әрқайсысы өзін мықты санап, айтысып,
таласып, ақыры «ғылымға» келіп жүгінеді.Сонда «ғылым» бұл
үшеуіңнің де айтқандарың рас, үшеуің де қажетсің: «Ей, Қайрат, сенсіз
ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаталдығың
да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік
ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман», – депті.
Бұдан кейін «ғылым» өз шешімін «Ақылға» айтыпты: «Жаратқан
тәңіріні де сен танытасың. Жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің.
Бірақ, сонымен тұрмайсың, амал да, айла да – бәрі сенен шығады.
Жақсының, жаманның – екеуінің де сүйенгені, сенгені – сен; екеуінің
іздегенін тауып беріп жүресің, соның жаман», – депті [3].
Бұдан кейін Абай осы үш категория жайында түйін жасап, Әл-
Фарабидің жоғарыда айтылған пікірін өз оқырманының ұғымына
лайықтап жеткізеді. Абай осы үшеуінің басын қосып,
бәрін де
«Жүрекке» билет, – деп ұқтырып айтушының аты «ғылым» екен. –
Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табыссаңдар, табанының
топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол. Үшеуің ала болсаң, мен
«Жүректі» жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта,
құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы»
– депті деген қорытындыға келеді. Әл-Фарабидің «қайрат», «ақыл»
және «жүрек» жайындағы философиялық ой-пікірлерін Абай өзінің
«Әсемпаз болма әрнеге» атты өлеңінде де әрі ойшыл-кемеңгер, әрі