Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет153/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
қару-жарақ, қамшы, балта, қасқырдың азуы, бүркіттің тұмсығын 
іліп қояды. Мұның бәрінен халық түсінігі бойынша, жын-шайтан 
сескенеді-міс» [1, 49 б.]
Әдетте, жас келіннің жүріп-тұруын қадағалайтындар – ауыл 
үлкендері мен әулеттегі қариялар. Соның ішінде қазіргі күнге дейін 
жалғасын тауып келе жатқаны – болашақ әженің немерені күтудегі 
ерекше ырым-тыйымдары.
Қазақ халқы бала тәрбиесіне үлкен мән беріп, оған ерекше 
көңіл бөлген. Себебі, ол баланы отбасының және өмірдің жалғасы 
мен болашағ деп санаған. Қазақта отбасындағы бала тәрбиесінде 
әженің алатын орны мен рөлі ерекше болған. 
Ол бір күнде ғана қалыптасқан ұғым емес, мыңдаған 
жылдар бойы үздіксіз процесте келе жатқандықтан, әже сөзінің 
фольклорлық-этимологиялық жүйесі бар екендігін ерекше атап 
өткіміз келеді. «Әже» сөзінің пайда болуына қатысты этимологиялық 
деректерде А. Құрманалиева отбасы мүшелерінің атауларын зерттей 
келе, көне түркі ескерткіштерінен мысал келтіреді: «Көне түркі 
ескерткіштерінде бұл термин 3 вариантта кездеседі: äčі, äčü, іčі. 
Кең мағынада: → «жасы үлкен туыс». Алайда, түркі тілдерінде осы 
тұлғада кездесетін сөздердің мәндері алуан түрлі болады екен. Тув. 
ача «әке», ачай «әкей» (қаратпа сөз), өзб. ача (обл.) «әже, ұлы әже», 
ұйғ. ача «үлкен апа», хак. ақа (үлкен аға) шор. аджа, ача «үлкен аға», 
«үлкен апа». Алт. ачы: 1) әкенің інісі; 2) ағаның ұлдары, қыздары, 
немерелері. Демек, алтай тілі бойынша бұл әкенің інісінің барлық 
туыстарын атаған.
Хак. ачы «әке жақтан туыс». Қазақ, қырғыз, түрікмен тілдері: 
әже. Қырғ. эже «үлкен апа». Түркм. эже: 1) мама (қаратпа); 2) әке 
жақтан әпке, үлкен апа. Бур.-монг. эжы «мама, шешей». Ачы // 
әже сөздерінің ортақ мағынасы: «жасы үлкен туыс» [2].
Мұндай этимологиялық терең талдауды С.Қондыбай абақ 
таңбаның нүктелік атауымен байланыстыра келе, ол да «белгілі 
бір әулеттің, ауылдың, рудың беделді басшысы» деген мағынаға 
сайғызады. Сондай-ақ түркі тілдеріндегі «әже», «аша» сөздерінің 
қолданылу ерекшеліктерін саралай келе, М.Қашқари еңбектерінен 
дәлелдеулер келтіреді. Осылайша, «..қазақ (түркі) тіліндегі «ажа», 
«әже», «еже» сөздері бір мезгілде «ана», «ерте заман», «дүние» деген 
үш мағынаға ие болып тұр. Өздерін жылан-анадан, жылан текті 
Бастапқы Әжеден бастау – ежелгі дравид-дей-түркі мәдениетінің 
негізгі антропологиялық мифі болған» [3, 24–26 б.], – деп ой 
түйіндейді.
Жалпы «әже» сөзіне қатысты зерттеулерге назар аударсақ
бұл сөздің мағынасы бүгінде «әулеттің үлкені» деген мағынамен 
байланысып отыратын секілді. Жаугершілік күн кешкен ата-
бабамыз «ажа» сөзін тайпаның, рудың ақсақалы, ақылшысы деп 
таныса, бүгінгі бейбіт күнде белгілі бір отбасының ұйытқысы
қамқор анасы – әже сөзімен толықтырылады. Ал сөздердің бастапқы 
қолданыс ерекшелігінен ауытқып, халықтың туыстық атауларына 
қай кезеңнен бастап ене бастағандығын анық аңғарып білу 
бүгінде мүмкін емес. Дегенмен жоғарыда аталған этимологиялық 
талдауларды басшылыққа ала отырып, бұл сөздердің қазақ хандығы 
құрылғаннан кейінгі тайпалардың бір-бірімен араласып кетуімен 
байланыстырып, XVI-XVII ғасырлар деп топшылауға негіз бар. 
Қайткен күнде де, әже сөзінің туыстық атау ретінде қашаннан 
пайдалана бастағанын анықтау біздің жұмысымыздың міндеті емес, 
сондықтан біз қазіргі қазақ қоғамындағы әже тәрбиесінің маңызына 
кеңірек тоқталуымыз қажет.
Әженің бала тәрбиесіне араласуы ежелден бар үрдіс. Біз 
өткен тарауда отбасы мүшелерінің бала өміріндегі орнын сараптап 
көргендей болдық, ал ендігі сөзіміз әже тәрбиесінің ықпалы жөнінде 
болмақ.
Қамқор ана келін түскен кезде-ақ немересі ұл болу үшін 
ырымдап алғаш сойылған малдың ұлтабарын жегізеді. Ал жүкті 
әйел болса, біреудің үйіне өз дастарқанынан апарған дәмді «қыз 
тауып қоям» деп жемейді.
Ауылдың тәжірибелі әйелдері келін бойындағы сәл өзгерістен-
ақ оның жүкті болғанын сезе қояды. Олар «келіннің құрсағы ақ 
айранға тойыпты, ақ алғысты болыпты» деп, енесіне тұспалдап 
жеткізеді. Осы емеуріннен-ақ енесі келінінің бойына бала біткеннін 
түсініп, қуанышты хабарды жеткізген әйелге ризашылығын 
білдіреді. «Келінді атамыздың аруағы біліп, қолдап жүрсін» деп, 
ауылдағы үлкен үйдің оң керегесіне ақ орамал таңады. «Керегеге 
орамал таңу» ырымынан кейін келіннің жүкті екенін бүкіл ауыл 
біледі. 
Әжелер болашақ немересінің дені сау туылуы үшін көптеген 
ырымдар мен жол-жоралғыларды жасайды. Солардың бірі – «құрсақ 
шашу» деп аталады. Егер жас келін асқа тәбеті тартпай жүрсе, енесі 
ауыл әйелдерін шақырып, қонақ етеді. Бұл томалаққа жиналған 
тәжірибелі аналар өз үйлерінен бір-бір дәм пісіріп әкеледі. Ондағы 
мақсат – келіннің жерік асын табу. 


278
279


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет