Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»


СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ ТӨңІРЕГІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ



Pdf көрінісі
бет159/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ ТӨңІРЕГІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ
ТАЛАС ЖӘНЕ ТҰЖЫРЫМДАР
АШіРбеК А. А. 
студент, Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ.
САҒындыҚұлы б. 
ф.ғ.д., профессор, Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ.
Қазақ тіл білімінде сөйлем мүшелерінің зерттелуіне өзіндік үлесін 
қосып, алдыға қарай ілгерілеп қадам басуына әр жылдары әр түрлі 
ғалымдар, қазақ тіл білімінің марқасқа майталмандары ғылыми еңбектер 
жазып қалдырғаны белгілі. Осы жолда, бүгінгі таңда да ғылыми зерттеу 
еңбегін жазып, тіл біліміне, оның ішінде сөйлем мүшелерініе ерекше 
зейін қойып жүрген ғалымдар баршылық. Жазылып отырған ғылыми 
мақаламның негізгі арқауы, өзегі ғалымдар арасындағы болған ғылыми 
талас, тұжырым және соның дәйектемелері. Соның біразының басын 
құрап, алдарыңызға жинастырып, өз пайымымызды да қоса ұсынғалы 
отырған жайымыз бар.
1894 жылдары Мелиоранскидің жазып қалдырған «Қазақ-
қырғыз тілінің қысқаша граматикасы» атты еңбегінің екінші 


288
289
«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
бөлімінде синтаксис мәселелері қарастырылады. Дей тұрғанмен 
ғылыми сипатта, әсіресе қазақ тіл біліміне жіліктеп, егжей-тегжей 
зерттеп-зерделеп әкелген Ахмет Байтұрсынов екенін зиялы қауым 
жақсы біледі. Осы мәселеге кеңірек тоқтала кетсек.
Алдыңғы шепте 1936-1940 жылдар аралығында қарқынды 
түрде жүргізілген зерттеу жұмыстарына назарымыз ауды. Оған 
да айтарлықтай себеп баршылық. Неге деңіз? Сөйлем мүшелері 
жайлы жазылған алғашқы фундаменталды зерттеу жұмыстары 
осы жылдары жарық көргенін көзі қарақты жұрт жақсы біледі. 
Оның бастауында А. Байтұрсынов, С. Аманжолов, Қ. Жұбанов,
І. Байтенов, Х. Басымов, М. Балақаев, А. Ермеков сияқты 
зерттеушілер тұр. Аталған ғалымдардың зерттеулері сөйлем 
мүшелерінің жалпы сипаты немесе жасалуы хақында ғана емес, 
тіл білімінде өзіндік орын алуы, қарқынды қалыптасуы жайлы 
жазып, негізгі екпінді осы мәселеге көбірек қойғаны сезіледі. 
Сөйлем мүшелерінің қазіргі қолданыстағы атауын бізге Ахмет 
Байтұрсыновтың «Тіл құрал» атты еңбегінің үшінші оқулығы 
арқылы тиіп отыр. Яғни бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, 
толықтауыш және пысықтауыш атауларын ғылымға А. Байтұрсынов 
енгізген. Оған қоса оларды тұрлаулы және тұрлаусыз деп бөліп 
қарастырып өткен. Арада Қ. Жұбанов пен С. Аманжолов сияқты тіл 
біліміне елеулі үлес қосқан ғалымдар Ахмет Байтұрсыновтың және 
артынан ерген бірнеше ғалымдардың осы төңіректегі жұмыстарын, 
тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін, сынға алып өздігінше басқаша 
жіктеп шыққаны белгілі болып отыр. Олар сөйлем мүшелерін екіге 
жіктеп қарастырған Қ. Жұбанов та, С. Аманжолов та бастауыш пен 
баяндауышты негізгі сөйлем мүшелері деп атап, ал анықтауыш, 
пысықтауыш, толықтауыштарды Жұбанов айқындауыштар десе, 
Аманжолов анықтауыштар деп қарастырады. Қос ғалым да, 
тұрлаусыз мүшелердегі кейбір мәселелермен келіспейтіндіктерін 
алға тартып, сөйлем мүшелерінің қалыптасу жолында жаңаша 
тұжырымдар келтіргендері рас. 
Ерекше атап өтетін жайт, сөйлем мүшелерін зерттеуде
М. Балақаевтың қосқан үлесі зор болды. Ол Қ. Жұбанов пен
С. Аманжоловтардың жолымен емес, Байтұрсынов бастаған 
жіктеуге қайтып келеді де оның дұрыстығын көрсетеді. Тұрлаулы 
және тұрлаусыз сөйлем мүшелеріне бөліп, оның әрқайсысына 
бірнеше ғылыми мақалалар жазып, қазақ тіл білімінде ойып тұрып 
орын алуы үшін және де, сөйлем мүшелерін жіктеп қарастырғанның 
әлде қайда оңайға түсетінін де жақсы білген. Десе де сөйлем 
мүшелеріне қатысты мынадай тұжырымдар болғанына ат үсті қарап 
өтіп кете алмадық.
Қ. Жұбанов сөйлем мүшелеріне тоқталып, зертеу жұмыстарын 
жүргізе келе аталмыш сөйлем мүшелерді екі жақты қарастырғаны 
белгілі. Зертеулерінде негізгі екпінді орын тәртібі мен жасалуы 
сияқты өзекті дүниелерге қойып, сөйлемнің тұлаусыз, тұрлаулы 
мүшелері хақында жаңа ұсыныстар жасауды мақсат етті. Осы 
жолда еңбектене келіп, «О построении порядка слов в казахском 
предложении», «Из истории порядка слов в казахском предложении» 
сияқты ғылыми еңбектерінде ғалым сөйлем мүшелерінің жасалуын, 
негізгі сипаттамаларын сөз етеді. 
Оған қоса Х. Басымов : «Осы күнге шейін қазақ
грамматикасындағы аяғы жерге тимей келген мәселенің бірі 
– осы сөйлем мүшелері болып келеді» деген пікір білдірді [1, 37 б.]. 
Бір қызығы, әлі күнге дейін осы мәселенің табанына жердің иісі де 
бармаған сыңайлы көрінеді. Десе де бүгінгі таңда осы мәселенің бір 
пұшпағын илеп жүргендердің арасынан синтаксис мәселесін жан-
жақты зерттегендер де баршылық. 
Жұбановтың сөйлем мүшелері хақындағы ғылыми пікірін, 
көзтастасын «Жаңа грамматикалық жаңалықтар жайынан» атты 
ғылыми мақаласынан көруімізге болады. Бұл туралы ғалым 
Талғат Сайрамбаев «Сөйлем мүшелерінің зерттелуі» атты ғылыми 
мақаласында былай дейді:
«Ғалым сөйлем мүшелерін топтастыруда А. Байтұрсыновтың 
жүйелеуіне сын айтады. Оның сөйлем мүшелерін жасаудағы 
көзқарастарына бүтіндей қарсы екендігін дәлелдейді. Қ. Жұбанов 
сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері туралы өзінен бұрынғы авторларды


290
291


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет