Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет158/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
аса дарынды сөз зергері ретінде оқырманға зор шеберлікпен жеткізген. 
Абай ақыл мен қайраттың иесі болған адамды «жарты адам» дейді. 
Өйткені, ондай адам тек «суық ақыл» мен «жүгенсіз қайраттың» ғана 
өкілі. Ал, бойына осы екі қасиетпен қоса-қабат әділет-шапқат (жүрек) 
біткен адам ғана «толық адам», яғни, ол енді «нұрлы ақылдың өкілі» деп 
танылады. Сөйтіп, Абайдың «нұрлы ақыл» жайындағы тұжырымының 
қайнар-бастаулары ғалымның интеллект туралы ілімінде жатқанын 
аңғарамыз.
Абайтанушы ғалым Ә. Дастанұлы былай деген:«Абайдың қара 
сөздері тұнып тұрған философиялық ой. Сол себепті де «философиялық 
трактаттар» деп айтуға әбден болады» [4]. Бұл сөзімізге дәлел ретінде 
тізбектесек:
Біріншіден, Абай жан, ой, дін, ләззат, ынсап, ақыл, түйсік,ғылым, 
білім, құмарлық, еңбек, ұят талап, ар т.б. философиялық категорияларды 
қағаз бетіне түсіріп, мән-мағынасын айқын ашып көрсеткен [5, 255 б.]. 
Сол себепті қарасөздерін даусыз философиялық трактат деп айта 
аламыз.
Екіншіден, философиялық трактат деп айтқанымызға дәлел 
ретінде жалпы жазылуы, айтар ойы Ибн Синаның стиліне ұқсас. 
Екі данышпанның шығармаларында – білім, мейірбандық, сұлулық 
үшеуінің бірлігі басым. Бұл екі ғұламаның гуманистік ой-идеялары 
әлемге кең тарады, сонымен қатар ақыл-ой мен білімнің биік мәнін 
дәріптеді.
Қорытындай кетсек, Елбасымыздың «Интеллектуалдық ұлт – 
2020» ұлттық жобасында айтылғандай, мемлекеттік саясаттың бағыты – 
интелектуалдық ақалыптастыру, яғни елдің интеллектуалдық әлеуетін 
арттыру. Сол интеллектуалды ресурстардың бірі – бүгінгі жастардың 
рухани-адамгершілік мәдениеті. Ал заманауи қазақ жастарының,ұлы 
дала ұрпақтарының санасын рухани жаңғыртуда тарихи тұлғалардың 
әлемнің және өз елінің біліміне, мәдениетіне, ғылымына қосқан үлесі, 
әділеттік жолындағы күресі, өмірлік ұстанымдары, жалпы адамзатқа 
жасаған игі істері сияқты құндылықтардың маңызы артуда. Сондай 
тұлғалардардың бірі Әл Фараби адам туғаннан ақылды, білімді 
болып тумайтынын, интеллектің өзі жүре кел, естіп, көріп барып қана 
дамитынын ескертеді. Осы тұста Абай атамыздың «Он тоғызыншы 
сөзін» еске түсірсек, «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, 
көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-
дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. 
Естілердің сөзін естіп жүрген кісі өзі де есті болады. Сол естілерден 
естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, 
сонда іске жарайды, сонда адам десе болады», – деп жазады. Және 
жетілген саналы тұлғаны тәрбиелеу үшін «Адамға ең бірінші білім 
емес, тәрбие беру керк, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас 
жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген басты 
қағидасын ұмытпағанымыз жөн. Ұлтымыздың мақтаныштары 
Әл Фараби мен Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, 
ұлы тұлғаларымыздың ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу – біздің 
парызымыз. Сондықтан Әл-Фарабиді таныған, Абайды терең түсінген 
ұрпақ өзінің ұлттық рухын жоғары ұстайды, қиын-қыстау кезеңдерден 
дұрыс жол тауып, еліміздің алға дамуына барынша үлес қосады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы, 1972. – 
314 б.
2 Машанов А. Әл-Фараби және Абай. – Алматы, 1989.– 89 б.
3 https://mangystaumedia.kz/kk/adebiet/101431
4 https://bilimainasy.kz/24-01-13-2021/
5 Абай және қазіргі заман: зерттеулер жинағы. – Алматы: 
Ғылым, 1994. –255 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет