Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет197/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
М. ӘУЕЗОВТЫң ФОЛЬКЛОРТАНУДАҒЫ ОРНЫ
РАШитовА А. А. 
студент, Павлодар педагогикалық университеті, Павлоддар қ.
ӘміРенов А. д.
ф.ғ.д., доцент, Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ.
Халық ауыз әдебиеті – кез келген халықтың мәдени-тұрмыстық 
өмірінен хабар беретін, әрі сонау ерте замандардан бері жалғасып 
келе жатқан күрделі синкреттік ғылым саласы. Қазақ фольклорының 
зерттелу тарихы XVIII ғасырдан бастау алады. Бұл қазақ 
хандығының Ресей империясының қол астына кіруіне байланысты 
орын алған жағдай еді.
Қазақ фольклорын жинақтау және оны ғылыми тұрғыда зерттеу 
ісі XIX ғасырдың II жартысында бүтіндей жолға қойыла бастады. 
Дәл осы кезеңдегі қазақ фольклорының жай-күйі белгілі еңбекте: 
«Қазақ фольклорын, тілін, этнографиясын таза ғылыми мақсатта, 
академиялық түрде зерттегендер де болды. Бұл топтағы адамдар 
фольклорлық және әдеби шығармаларды барынша дұрыс жазып 
алуға, сұрыптап, жүйеге келтіруге және соларды жарыққа шығаруға, 
ғылыми түрде талдап, зерттеуге күш салды. Сөйтіп, 80-жылдардан 
бастап, әсіресе 1890-1900 жылдар аралығында қазақ ауыз әдебиеті 
жөнінде ғылыми еңбектер мен библтографиялық көрсеткіштер 
жиірек шыға бастады» [1, 92 б.], – деп сипатталған.
Қазақ ауыз әдебиетінің филология ғылымының бір саласы 
ретінде өсуі, зерттелуі, таралу деңгейі әсіресе оның тарихымен 
тығыз байланысты болып келеді. Біз жоғарыда қазақ фольклорының 
ғылыми жолға қойылу тарихы, оны алғашқы зерттеушілер, жинақ 
ретінде көшіріп алушы қазақ оқымыстылары туралы бекер айтып 
отырған жоқпыз. Заман өз уақытымен алға қарай жылжыған сайын 
ондағы тарихи-мәдени процесстер де соған сай бейімделе бермек. 
Демек, біз сөз еткелі отырған, қазақ әдебиетінің жұлдызы, көркем 
ойдың алыбы, қазақ руханиятының нары, заңғар зерттеуші, қазақ 
фольклорының зерттелуі мен ғылыми айналымына теңдессіз 
үлес қосқан Мұхтар Омарханұлы Әуезов те өзінен алдыңғы 
зерттеушілерді айналып өте алмаса керек. 
«Мен өз өмірімде үш түрлі қоғамдық формацияны бастан 
кешірдім. Олар: феодализм, капитализм, социализм. Кейбір ретте 
мен өзімше жастық шағы мен бүгінгісінің арасында ғасырлар 
жатқан шежіре адам бола алар едім деймін. Көргенім, бастан 
кешіргенім, байқағаным жөнінен XX ғасырдың орта шенінен, тіпті 
сонау Еуропаның да емес, одан әрмен Азияның орта ғасырынан 
келген адам сияқтымын» [2]. Бұл М. Әуезовтің қазақ даласында 
болған күрделі тарихи оқиғалардың шиеленіскен кезеңінде дүниеге 
келгендігін айғақтайтын құжаттамалық анықтама еді. 
Алдымен М. Әуезовтің білім жолына келуін бір шолып 
көрелік. Болашақ ғалым бес-алты жасында туған әкесінен түркіше 
сауат ашады. 9-10 жас шамасында Семейдегі Камали қазіреттің 
медресесінен мұсылманша оқып үйреніп, артынан орыс оқуына 
түсуге дайындалады. Бұл туралы М. Әуезов өз естелігінде: «Қалаға 
барып оқи бастағанға шейін ауылда өткен балалық уақытында 
әкелерімнің оқытатыны Абай өлеңдері болатын. Ол кезде Абай – 
жазба. Бірақ елдің басты адамдары балаларына оқыту үшін Абай 
кітабын, белгілі кітап көшіргіш молдаларға ақша беріп жазғызып 
алатын» [3, 69 б.], – деп еске алады. 
Демек, ғалым бала күнінде қазақ жазба әдебиетінің алғашқы 
кезеңін көзімен көреді, қала берді ауыз әдебиетінің соңғы көшіне 
де ілесіп үлгереді. Осылайша Омарханның бала Мұхтарды ауыз 
әдебиетімен тәрбиелеуі болашақ ғалымның қазақ ауыз әдебиетін 
зерттеуіне зор мүмкіндік ашады. 
М. Әуезовтің қаламалды туындылары «сырлы әдебиетке» 
(М. Әуезов «көркем әдебиетті» осылай атаған – мақала авторы
емес, ғылыми мақалаларға арналуы тегін емес. Оның ең алғашқы 
баспа бетін көрген мақаласы – «Адамдық негізі – әйел» еді 
(Тұрағұл Абайұлымен бірлесіп жазған). Ал кейінгі мақалалары 
мен баспасөз бетіндегі шығармашылық өмірбаяны 1918 жылы 
«Абай» журналының шығуымен байланысты болды. Кейінгі он 
жыл ғалымның әдебиет жанрының әңгіме, повесть, драмалық 
туындыларына негізделді. Және М. Әуезовтің қазақ фольклорын 
зерттей бастауы да дәл осы уақытпен тұспа-тұс келеді. 
М. Әуезовтің ауыз әдебиеті үлгілерін жинастырып, бастыру 
ісі 1922 жылдан басталады. Мәселен оның «Абайдың кейбір 
өсиет сөздері», «Бұхар жыраудың Керейге айтқан сөзі. Көкбай 
ақсақалдан», «Бұхар жырау сөздері. Көкбай ақсақал айтуынша», 
«Сыбан Сабырбай ақынның төреге айтқан сөзі», «Айтаңсықтың 
қоштасқаны», және т.б. көптеген фольклорлық шығармаларды 
баспаға ұсыну ісімен өмірінің соңына дейін айналысады. Сондай-
ақ ол «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының кітап болып шығуына 
(1936), «Үміт қыздың өлімі», «Байжұман» секілді поэмаларды халық 
аузынан жазып қалдырады.


354
355


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет