Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет201/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
1) тірі деп саналатын тіршілік иелерінің немесе тіршілік 
иелерінің есімдері
2) жергілікті жер, үй, жүріп-тұру құралдары, бейнелеу өнері 
туындылары, астрографиялық және ғарыштық объектілердің 
атаулары жататын заттардың атаулары
3) мекемелердің, қоғамдардың атауы
4) іс-әрекеттерді атау: би, ойындар
5) белгілі бір ойларды, идеяларды атау: әдеби шығармалар, 
әскери және т. б. жоспарлар
6) музыкалық мотивтер мен туындыларды атау [5]. 
Адам ар ежелден бері өз өнімдеріне арнайы белгілер қойып 
келеді, бұл өнімді өндірушіні көрсетіп, сапа кепілі болды. Мұның 
бәрі жарнама атауын жасауға қызмет етті. Номинацияның жаңа 
нысандары мен өз есімдерін айтуға болады. Бұл атаулар жарнаманың 
бір бөлігіне айналады, сондықтан олар «жарнама атауы»деген бір 
терминге біріктіріледі. Бұл өнім мен қызметтің бірегейлігін құруда 
маңызды рөл атқарады. Жарнамалық атауды басқа тиісті атаулармен 
жақындастыратын және ономастикалық өрістің бөлігі болуға 
мүмкіндік беретін басты белгі – даралау. Алайда, бұл белгілер 
абстрактілі субъектілердің даралануында және қабылдануында, атап 
айтқанда кәсіпорынның түрі, салтанатты шараның негізгі идеясы 
және т. б. нақты көрінеді.
Әр халықтың ғасырлар бойы дамыған тағам атаулары өзгеріссіз 
қалуы керек және дәстүрлі мазмұны мен ұлттық ерекшелігіне 
байланысты технологиясына қатаң сәйкес келуі керек. Бүгін Астана 
мен Алматының дүкендері мен кофеханаларында рахат лукум 
мен халвадан бастап чизкейк пен веналық штрудельге дейінгі 
тәттілердің дәмін татуға болады. Бірақ десерттердің қайсысы шын 
мәнінде отандық өнім?
Қазақтардың тағамдары салт-дәстүрлермен, ұлттық 
ойындарымен, ауқымды мәдени бағдарламамен және мерекемен 
байланысты болып келеді. Сонымен қатар белгілі бір оқиғалармен, 
мерекелермен байланысты. Атап айтқанда, үйлену тойы, баланың 
тууы, Наурыз (қазақтың жаңа жылы), Ораза айт пен Құрбан айт 
дастарханы тәттілерсіз өтпейді. Қазақ дастарханында жиі көрінетін 
тағам түрлері ретінде чак-чак, жент, бауырсақ, ірімшік, тәтті 
тоқаштар тағы басқа тағамдарды айтуымызға болады.
Тәтті тағам атауларына талдау жасау барысында Алматы 
қаласындағы «Рахат» кондитерлік фабрикасы, Қарағанды және 
Қостанайдың «Баян сұлу» кондитерлік фабрикасында шығаратын 
өнімдердің атауларын шолып шықтық. Онда шығатын көптеген 
өнімдерде сол нысанның орналасқан орны туралы ешқандай 
хабар бермейтін тәтті тағам атаулары да бар. Мысалы, «Рахат» 
кондитерлік фабрикасы «Алатау», «Жетісу» деген атпен печенье 
түрлерін, «Астана», «Отырар», «Алтын құм» деген атаумен кәмпит 
түрлерін өндіреді. «Қарағанды кәмпиттері» кондитерлік фабрикасы 
өндіретін тәтті тағам түрлерінің ішінен «Полярный» (вафлиі), 
«Каракум», «Мишка на севере» (шоколады) тәтті тағам түрлеріне 
қойылған атауларды кездестіруге болады. «Баян сұлу» кондитерлік 
фабрикасы «Балтика» (мармелад), «Кара кум» (карамель), «Кызыл-
кум» (карамель) деген атаумен бірнеше тәтті тағам түрлерін 
өндіреді екен. Келтірілген атаулардың ішінде «Рахат» кондитерлік 
фабрикасының «Алатау» печеньесі мен «Қарағанды кәмпиттері» 
кондитерлік фабрикасының «Мишка на севересі» шығарылатын 
жеріне жақындау берілген. Олай дейтініміз, «Рахат» кондитерлік 
фабрикасы Алматыда орналасқан. Ал Алатаудың Алматыда екендігі 
белігілі. Сол сияқты Қарағанды қаласы солтүстік қазақстанға 
жататыны белгілі. Сондықтан шоколадтың атауына негіз болып 
тұрған аюы солтүстіктен («Мишка на севере»). 
Тәтті тағам түрлеріне атау қойғанда, тауардың өтімділігі 
көзделеді. Соны мақсат еткен басшылық құлаққа жағымды және 
тез жатталатын атауларды таңдайды. Осы жағдайда тәтті тағам 
атауы жарнамалық қызмет атқарып тұрады. Мәселен, қонаққа 
немесе туған күнмен құттықтауға барарда тәтті апарамыз. Апаратын 
тәттінің сапасы және дәмділігімен қатар атауына да мән береміз. 
Жоғарыда аталған «Каракум», «Кызылкум», «Полярныйдан» гөрі 
неғұрлым тақырыпқа сай келетін «Для тебя!», «Желаем счастья!», 
«Құттықтаймыз!», «От всей души!», «Поздравляю» деген атаулары 
бар тәттілерді таңдаймыз.
Біз жоғарыда бөлгендерді негізге ала отырып, елімізде өндіріліп 
жатқан тәтті тағам атауларын төмендегідей лексика-семантикалық 
жағынан топтастыруды жөн көрдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет