Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет81/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
Сурет 3 – Мойылды шпажайы
Бүгінгі таңда санаторий демалушылардың бос уақытын өткізуге 
көп көңіл бөледі. Мұнда бильярд залы, жазғы би алаңы, спорт залы 
(волейбол, баскетбол, теннис), шахмат бар. Павлодар қаласына 
экскурсиялар ұйымдастырылды. 
Тұзқала көлі (Лебяжі ауданы Ямышев ауылы) бірегей ауа-
су тұзының үйлесіміне ие. Көлдің суы мен балшығы бұлшықет 
кернеуін, қабынуды, ауырсынуды азайтады, қан айналымын 
тыныштандырады және күшейтеді, жасартатын әсерге ие. 
Көл Павлодар қаласынан 50 км жерде (Семей қаласына қарай) 
орналасқан.
Сурет 4 – Тұзқала көлі
Көлде ыңғайлы екі демалыс орны ашылды (душ, монша, 
шағын кафе), олар аймақ пен көрші облыстардың тұрғындары 
арасында танымал: «Сұлтан» және «Тұз-қала». Сондай-ақ, 2018 
жылы мұнда жеті киіз үй, алтыбақан, батуттар және т. б. бар жаңа 
«Tuz city» демалыс аймағы жұмыс істей бастады. Айта кетер жайт 
облысымыздағы табиғат сиы қызғылт түсті Көбей тұз көлі. Павлодар 
маңында орналасқан қызғылт көлді полицейлер күзетеді. Қазір 
мұнда қазақстандықтар әдемі фотосуреттер жасауға келеді [1, 1 б.]. 
Сурет 5 – Көбей тұз
Кемер тұз көлі Павлодар облысы, Май ауданы, Малайсары 
ауылының оңтүстік батысында 35 шақырым жерде орналасқан 
тұзды көл. Теңіз деңгейінен 155 метр төмен жатқан минералды 
көл (6-сурет). Климаты шұғыл континеталды, шөлейт зонада, 
Сарыарқаның солтүстік батысында жатыр. Малайсары ауылынан
35 жердегі «Кемер тұз» көлде болғандар оның суының емдік шипасы 
бар екенін айтып жүр. 
Сурет 6 – Көл жағалауы
Сурет 7 – Кемертұз жағалауындағы қына


152
153
«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
Кемертұз көлі – емдік қасиеті өте мол ағынсыз су қоймасы. 
Мұндағы Арқаның қуаң даласындағы құрғақ ауа теңіз бетіндегі 
дымқыл ауамен араласып жағасындағы адамға жағымды әсер 
береді. Көл суы да минералды ресурстарға, йодқа, тұзға, химиялық 
элементтерге бай болғандықтан, судың денсаулыққа пайдасы 
медицинада дәлелденген. Бір замандарда адамдар көл жағасын 
басып өткендіктен, оның суы мен ауасы ұзақ жолдан науқас меңдеген 
адамдардың денсаулығын құр аттай қылып, емдеп жіберетіндігі ерте 
кезден байқалған. Көл жағасы құстар мен өсімдік дүниесіне бай. Қаз, 
үйрек т.б. құстар, қамыс арасында қоян, саршұнақ, өзен сағаларында 
қарсақ кездеседі. Жағалауы – шабындық және жайылым. Кемертұз 
көлінің жағалауының ұзындығы 17 км, диаметр 3 км. Кемертұз 
көлінде Менделеев кестесінің 16 түрлі қазба байлығы «жасырынып» 
жатыр. Тұзды көлдің солтүстік жағы төбелер мен қоршалған, 
Оңтүстік жағалауы жазық. Ал біздің айтпағымыз басқа, өңірдегі 
тұйықкөл – осы аймақтағы табиғат ғажайыптарының бірі [2, 15 б.].
Бұл аталған көл жағалауларына демалыс инфрақұрлымдарын 
салып, туристік қызмет көрсетуді еңгізіп , туризм саласын дамыту 
жеке кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін тиімді екенін халыққа 
көрсету. Жағдай жасалмаған жағалауына заман талабына сай 
жаңаша жабдықталған, біліктілігі жоғары маман дәрігерлер жұмыс 
істейтін өзге де шипажайлар мен емдеу- сауықтыру орталықтары 
сияқты үлкен мүмкіншіліктер мен қажеттілікті тудыратын пайдасы 
зор, халық игілігіне пайдаланылатын сауықтыру орталығы салынса 
деймін! Бұл жерлерде айтарлықтай үлкен сауықтыру орталығы 
салынса сал аурулары, буын, сүйек және тағы да басқа көптеген 
ауруларға ем болары айқын. Тіпті онкологиялық аурулар мен қант 
ауруымен ауратын адамдардың өмірі шектелген уақытқа қарағанда 
бес жылға айтарлықтай ұзарар еді... Бірақ ол жер ауылымыздан 
алыс болғандықтан көліктік қолжетімділігі төмен (жол өте нашар), 
жарық көзі тапшы, байланыс желісі жоқ. Осындай қолайсыздыққа 
қарамастан ем алушылар саны жылдан жылға артуда. Ем 
қабылдаушылардың көбі шетелдіктермен өзге аймақтықтар. Тұзды 
көлдердің заманауи экологиялық мәселелері сыртқы жағдайлардың 
табиғи және антропогендік өзгерістерінің әсерінен қалыптасады. 
Сонымен қатар, тұзды көлдердің экожүйелеріне ең зиянды 
әсер климаттың жағымсыз климаттық өзгерістеріне қоршаған 
ортаны қорғауға немқұрайлы қараудың жағымсыз салдарын 
суперпозициялау жағдайлары жасайды (ауа ылғалдылығының 
төмендеуі, ауа температурасының жоғарылауы және т.б.) [3, 61 б.].
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Журнал: Ветер Странствий 12 желтоқсан 2020жыл.
[электрондық ресурс]. – URL: http://veters.kz/v-pavlodarskuyu-oblast-
za-zdorovem/ [сайтқажарияланған күні 01.12.20]
2 Коваленко В.В., Викторова Н.В., Гайдукова Е.В. 
Моделирование гидрологических процессов. – Санкт–Петербург: 
РГГМУ, 2006. – 559 б.
3 Worral L., ed. Geographic information system: developments and 
applications. –London: Belhaven Press, 1990. 251 p.[ағылшынтілінде]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет