Жасанды интелект



бет7/12
Дата15.09.2022
өлшемі140.5 Kb.
#460793
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Жасанды интелект

Сараптаушы жүйе құрылымы.
Сараптаушы жүйе - нақты салада тәжірибелі маманның білімі енгізілген және осы салада кеңес беретін диагноз қою сияқты. Сараптаушы шешім қабылдайтын интеллектуалды жүйе. Бұл саланың бағыты бойынша мамандардың шешіміне ұқсас нәтиже шығарып, қызметкердің дұрыс шешім қабылдауына үлкен септігін тигізеді. Сараптаушы жүйелер мамандардың нақты жағдайында қабылдайтын дұрыс шешімі сияқты мәселені шешетін компьютерлік программа. Мұнда сол облыста дайындаған үлкен көлемді білім қоры бойынша эксперт, яғни сараптаушы ретінде жасанды интеллектті пайдалану электронды кеңес алу жүзеге асады. Сараптамалық жүйенің құрылымдық схемасы төмендегідей:



Мұндағы пайдаланушы интерфейсі – пайдаланушымен байланысқа орнатылған программаны ақпараттар алмасуы, нәтижесінде сараптамалық жүйенің зерттеу жүргізіп сәйкес қорытында шығаратын программалық өнім.
Білім қоры – қандайда бір тілде жазылған нақты облыстың білімдер жиынтығы. Шешуші пайдаланушы енгізген берілгендер мен білім қорында сақталған білімдерді пайдаланып сараптаушының ой бағытын өңдеуші программа. Түсінік беруші ішкі жүйе – шығарушының сәйкестігін қадағалайтын және нәтиженің қалай алынғандығы немесе іс-әрәкетінің дұрыс еместігі сияқты сұрақтарға жауап беретін арнайы программа. Шешуші мен түсінік беруші ішкі жүйені шығару машинасы деп аталады. Шығару машинасы сараптаушы қызметін келесі кезеңдермен атқара отырып қорытынды дайындайды.

  • пайдаланушыдан түскен информацияны білім қорында сақталған информациямен салыстырады.

  • Мақсатты байланыстарды іздейді.

  • Әрбір факты үшін сенімділік коэффиценттерін негізге ала отырып, фактілерінің салыстырмалы дәлдігін бағалайды.

  • Қорытынды шығарады.

Интеллектуалды білім қоры редакторы – жасанды интеллекті шамасына сұхбаттың режимінде білім қорын дайындауға мүмкіндік беретін программа. Сонымен сараптамалық жүйені дайындау үшін оған келесі мамандар қатысады:

  • Сараптаушы.

  • Білім жөніндегі инженер, яғни жасанды интеллект маманы.

  • Программалаушы.

  • Пайдаланушы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет