«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі



бет14/33
Дата23.09.2022
өлшемі132.62 Kb.
#461209
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33
жасыл экономика

Халықаралық сауда
Халықаралық сауда – халықаралық еңбек бөлінісі негізінде пайда болған әртүрлі елдің тауар өндірушілері арасындағы байланыс формасы болып табылады, және олардың өзара экономикалық тәуелсіздігін білдіреді. Сонымен бірге, халықаралық сауда дегеніміз - әлемнің барлық елдері арасында жүргізілетін төлемі бар жиынтық тауар айналымы. Халықаралық дамуын ғылыми тұрғыда түсіндіруге тырысқан бірнеше классикалық теориялар бар. Олардың қатарында:
· Меркантилизм – феодализмнің ыдырауы мен капитализмнің қалыптасуы кезеңіндегі (ХҮ-ХҮІІІ ғғ.) сауда буржуазиясының мақсат-мүдделерін кескіндейтін экономикалық ілім мен экономикалық саясат. Меркантилистер байлық көзі өндіріс аясы емес, айналым аясы болады деген қағидаға сүйенеді; олар мемлекет ауқаттылығы елде ақшаның (алтынның, күмістің) мүмкіндігінше неғұрлым көп жиналғандығына байланысты деп есептеді және елден шет елге шығарылатын тауарлар елге әкелінетін тауарлардан көп болуына қол жеткізуге тырысты.
Бұл ілімді қолданушылар ұлттың өркендеуінің негізі алтын қорларының болуында деп бекітті. Ақша құралдары (алтын, күміс түрінде) әскерді ұстауға мүмкіндік береді, мемлекет басшысының басқарушы ретіндегі дәрежесін күшейтеді, алтынның қордалануы отарлау соғыстарын жүргізуге, фабрикалар (мануфактуралар) салуға, жаңа жұмыс күшін қалыптастыруға себепші болады.
Меркантилистердің ойынша, сыртқы сауда қалайда алтынды қолға түсіріп алуға негізделуі қажет, себебі жай тауар айырбасы жағдайында (мысалы, жүнді шарапқа айырбастағанда) ол тауарлар тұтынылады да өз айналымын мүлде тоқтатады. Бұл кезде сауда нөлдік сомамен ойын түрінде қарастырылды, яғни бір ойыншының ұтысы екіншінің ұтылысы деген сөз. Меркантилистердің көзқарастары бойынша, әлемдегі барлық байлық шектеулі, сондықтан бір елдің баюы, екінші елдің кедейленуі арқылы жүргізіледі. Экономикалық жүйе 3 сектордан тұрады: өндіруші сектор, ауылшаруашылық секторы және шетелдік колониялар. Елдің байлығын қазынадағы алтын мен күмістің көлеміне байланысты деп есептеген олар, мемлекеттің мүддесін нығайту үшін алтынның сырттан әкелуіне қолайлы жағдайлар жасау керек деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет