Экологиялық таза өнімдерді сатып алыңыз! Бұл біздің әрқайсымыздың денсаулық жағдайымызды айтарлықтай арттырады, сондай-ақ экологиялық таза ауыл шаруашылығын құруға көмектеседі.
Жаяу көбірек жүріңіз. Пайдаланылған газдар табиғатты ластаудың маңызды көздерінің бірі болып табылады. Пайдаланылған газдың шығуының сәл де болса азаюына біздің әрқайсымыз жасай аламыз.
Браконьерлікке жол жоқ! Адамдардың заңсыз әрекеттерінен өсімдіктер мен адамдардың сирек түрлері қазіргі кезде мүлде жоғалып кетті. Табиғаттың бірегейлігін сақтау – әрқайсымыздың міндетіміз.
Табиғатты қорғайық! Өзіңнен кейін қоқысты қалдырмау, ағаштардың бұтақтарын сындырмау немесе гүлдердің байламдарын үзбеу сияқты ережелерді қарапайым сақтау табиғат жағдайында маңызды көрініс табады.
«Жасыл» экономика кедей елдердің дамуына және бай елдердегі кедейлердің қысқаруына ықпал етеді.
«Халықаралық сарапшылардың пікірінше мемлекет «жасыл» экономикаға көшуде мынадай міндеттерді шешуі тиіс:
экологиялық салықтарды енгізу;
«қоңыр» өнеркәсіп үшін мемлекеттік субсидияларды азайтып, экологиялық талаптарды күшейту; «Қоңыр» өнеркәсіп қазіргі күнгі дәстүрлі яғни ресурстарды ысыраппен пайдалануды, өндірісте көміртектің көп пайдаланылуын білдіреді.
«жасыл» өнеркәсіпке мемлекеттік инвестициялар жасау;
жаңа «жасыл» технологияларды трансферттеу мен енгізу» [4]
Қазіргі таңда әлеуметтік жағдайы,экономикасы дамыған елдер мен мемлекеттер қаншама.Қазақстан да осы экономикасы дамыған елдер қатарына қосылуға ұмтылуда.
«Энергия (электр энергиясы, жылу, мұнай және газ) – Мұнайгаз секторы Қазақстанның маңызды саласы болып қалып отыр. Ол ЖҰӨ 30% мен экспорттың 60% құрайды. Қазақстан «жасыл» экономикаға көшу үшін мұнайгаз секторына бірыңғай сенім артудан біртіндеп арылуы тиіс;
Су – Қазақстан су тұтыну көлемін қысқартуды басыңқы бағыттардың бірі ретінде қарастырып отыр. Сонымен бірге таза ауыз су тапшылығын елдегі халықтың 20% сезініп отыр, кейде су сапасын нормативтік талаптарға сай келмейді. Сумен қамсыздандыру ЖҰӨ 2% ғана құрайды;
Қалдықтар. Қалдықтарды қайтара өңдеу бар болғаны 20%. Үкімет 2020 жылға қарай қалдықтарды утилизациялауды 70% жеткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі күні Қазақстан қауіпті қалдықтарды жинақтаудан Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінің арасында екінші орында болып табылады.
Ауыл шаруашылығы, балық аулау және орман шаруашылығы. Аталған сектор көшет газдарының шығарылымының 10% құрайды. Ауыл шаруашылығы ұлттық ЖҰӨ 5% мен экспорттың 2% құрайды. Қазақстан үшін бидай өсіру мен оны эксорттау ісі басыңқы болып қала береді, себебі біздің еліміз бидай экспорттаушы әлемдік бестікке енеді.
Көлік. Қазақстандағы тасымалдаудың басым бөлігі дизель/бензинге тиісті. Ол ең алдымен ауаны ластауға әсерін тигізеді. Тасымалдау секторы Қазақстанның ЖҰӨ 8% береді, сондықтан да елдің көлік әлеуетін арттыру маңызды болып табылады»[5].
Табиғи ресурстардың орнына түрлі жаңа технологиялар қолданылуда. Мемлекетіміздің алтын капиталы саналатын адам денсаулығын жақсарту, әсіресе жас ұрпақтың тәнінде ақау, жанында кірбің болдырмау мәселесі ел болғалы бері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың айтып келе жатқан табанды тапсырмасы екендігін атап өткіміз келеді.
«Қазіргі уақытта елімізде жасыл энергетиканың, яғни айтқанда күн, жел сияқты энергия көздерін пайдалану мөлшері 1,33% құрайды. Болашақта, дәлірек айтқанда, алдағы екі-үш жыл көлемінде мұндай энергияны пайдалану мөлшерін 35% көтеру жоспарланып отыр.
Осыған байланысты, облыста баламалы энергия көздерiн дамыту бағытында 35 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Олар жалпы қуаты 50,7 МВт жалпы құны 13,2 млрд тенге болатын энергия көздерін қалпына келтірудің 7 нысаны,атапайтқанда,6 су электр станциясы, 1 жел электр станциясы іске асу жоспарланған. 2017 жылы қуаты 150,1 МВт жалпы құны 59,3млрд тенге 12 су элетр станциясын қолданысқа енгізбек.. Жел энергетика саласында қуаттылығы 90 МВт құрайтын 2 жоба жүзеге асырылуда. Күн энергетика саласында жалпы қуаттылығы 349 МВт құрайтын 12 жоба жүзеге асырылуда. Ал, Сайрам ауданындағы «Ақбай Шымкент» және Шымкент қаласындағы күн электр станциялары iске қосылып, қызмет көрсетуде.»[6].
Қазіргі таңда пайдалы қазбалардың қорының азайуы, экологиялық мәселелердің ушығуы, дүниежүзілік энергия тапшылығы және халықтың эканомикалық, әлеуметтік жағдайдың тұрақсыздығы үрдістері ұлғаю үстінде. Аталған мәселелердің алдын алу және болдырмаудың бірден-бір жолы ол «Жасыл экономика» және балама энергия көздерін айқындап, олардың қорларын тиімді пайдалану.
«Ғалымдардың пікірінше, бүгінде құрылысы басталған қуаты 1320 МВт болатын «Балқаш ЖЭО салу» жобасын іске асыру қоршаған ортаға теріс әсерін тигізеді. Бұл жылу электр станциясы ашық тәсілмен өндірілетін Екібастұз көмірімен жұмыс істейтін болады. Жылу электр станциясы жұмыс істеуі үшін тәулігіне 186 вагон (немесе 4 состав) құрамында күлі 40 пайыздан асатын Екібастұз көмірін тасуға тура келеді. Күл үюге атшаптырым алаң бөлуді талап ететін, оны тазартуға заманауи технологиялардың пайдаланылуына қарамастан Екібастұз көмірін тасымалдау мен оның қалдықтары қоршаған ортаны ластау қаупін күшейтеді. Оның үстіне, станцияның жұмысы Балқаш көлінің су айдынындағы жылу алмасуға әсерін тигізіп, өңірдегі экологиялық ахуалды одан әрі нашарлата түседі»[7].
Сайып келгенде,Қазақстан жалпы экологиялық және экономикалық жағдай шарттарының бұзылуының жаһандық проблемасымен және соның салдарынан әлеуметтік әл-ауқаттың нашарлау қаупімен бетпе-бет келді. Сондықтан да, бұл қордаланып қалған проблемаларды шешудің тиімді жолдарының бірі елімізді «жасыл экономикаға» көшіру болып табылады.
«Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында көмірсутегі экономикасының дәуірі бірте-бірте аяқталып келе жатқаны анық екенін, адамзаттың өмір тіршілігі тек бір ғана мұнай мен газға емес, энергияның жаңғыртылатын көздеріне негізделетін жаңа дәуір келе жатқанын атап өтті. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығымен Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасы бекітілді»[8].
Еліміздің «Жасыл» экономикаға көшу жайлы жоспарлар елбасымыздың жолдауларында, статегияларында қарастырылған. Егер де осы берілген бағыт-бағдар бойынша жүретін болсақ,онда туған жеріміз Қазақстан әлемдегі дамыған мемлекеттер қатарында өз орнын ойып алатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |