«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі


«Қазақстан-2050» Стратегиясының жасыл экономикаға көшу бағытындағы тұжырымдамасының негізгі мақсаты



бет11/33
Дата23.09.2022
өлшемі132.62 Kb.
#461209
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33
жасыл экономика

«Қазақстан-2050» Стратегиясының жасыл экономикаға көшу бағытындағы тұжырымдамасының негізгі мақсаты:

  • су және жер ресурстарын қайта қалпына келтіру, табиғат капиталын пайдалану тиімділігі бойынша ЭЫДҰ елдерімен иық теңестіру;

  • 2030 жылға қарай атмо­сфе­ра­ға шығарылатын қалдықтар бойынша стандарттарды еуропалық деңгейге жеткізу;

  • 2050 жылға қарай ЖІӨ-нің энер­­гия сыйымдылығының 50%-ға төмен­деуіне қол жеткізу;

  • 2050 жылға қарай энергияның балама және қайта қалпына келетін көздерінің жиынтық өнімділігінің үлесін 50%-ға дейін жеткізу;

  • тұрмыстық және өнер­кәсіп­тік қалдықтарды кәдеге жарататын индустрия құру;

  • тиімді инфрақұрылымы бар газ саласын құруды қамтамасыз ету болып табылады»[9].

Қазақстанның жарқын болашағы дарынды да қабілетті азамат пен азаматшаның қолында.Осы мақсатта елордамыз Астана қаласында бүкіләлемдік деңгейде өтетін «ЭКСПО- 2017» Халықаралық көрмесі ұйымдастырылған болатын.
«Астанада өтетін «ЭКСПО – 2017» ҰҚ АҚ арасында арнайы меорамдумға қол қойылып, «ONLINE EXPO 2017″ Халықаралық байқауын бірлесе өткізу жөніндегі республикалық штабы құрылды.Байқаудың мақсаты еліміздің бүкіл ғылыми жинағын жинақтап,ең үздік «жасыл жобаларды»табуды және олардың жүзеге асуына жағдай жасады. Қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерге сай, көрме тақырыбының «Болашақтың энергиясы» аталуы өте орынды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты жұртшылықтың назарын энергия ресурстарын ұтымды пайдалануға аудару және жаңартылатын энергия көздері мен энергияның басқа да баламалы көздерін пайдалануды ынталандыру болып табылады. Халықаралық көрме Қазақстан Республикасына жаңа технологияларды тартуға мүмкіндік береді, бұл тех­нологиялар баламалы энергетиканы дамытуға, «жасыл» энергетиканы өр­кен­детуде алдыңғы қатардағы елдермен тәжірибе алмасуға, климаттың өзгеруі мен көмірқышқыл газының шыға­рындыларына байланысты мәсе­лелерді неғұрлым тиімді шешуге, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері та­қырыбына бизнес-қоғамдастықтың на­зарын аударуға үлкен әсері болады[9]».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет