AKADEMİ
K BAKIŞ
DERGİSİ
Sayı: 32
Eylül – Ekim 2012
Uluslararası Hakemli Sosyal Bilimler E-Dergisi
ISSN:1694-528X İktisat ve Girişimcilik Üniversitesi, Türk Dünyası
Kırgız – Türk Sosyal Bilimler Enstitüsü, Celalabat – KIRGIZİSTAN
http://www.akademikbakis.org
2
1. ДЕНСАУЛЫҚ ҰҒЫМЫ
Денсаулық – мінез-құлықтың дұрыс қалыптасуының, бастаманың, ерік-
жігерінің, дарын мен табиғи қабілетті дамытудың ең маңызды алғышарты. Денсаулық
мəселесі жүзеге асатын сауықтыру кешендерінің толық мəнінде жүзеге
асырылуы
адамның денесін өмір бойы жетілдіріп отыруына негіз жасайды. Онда жабдықталған
қондырғылар мен денесін шынықтырумен үнемі айналысу оқушы-жастардың бос
жүрмеу
проблемасын шешудің, жат қылықтардың көрінісін болдырмаудың да тиімді
жолы.
Дана халқымыз: «Дені саудың – жаны сау», «Басты байлық – денсаулық»,
«Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» - деп тегін айтпаса керек. Медицина
атасы Ибн Сина: «Күнделікті дене шынықтырумен шұғылданып жүрген адам ешбір
емді қажет етпейді», - деп өсиет қалдырған. Шығыстың ғұлама ғалымы Əл-Фараби:
«Жас
жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін
десе, болашақ ұрпақ қамы жайында Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында:
«Қазіргі заманда кез-келген мемлекеттің жоғары тыныс-тіршілігін қалыпты ұстап
тұрудың аса маңызды шарты – адамдардың өздері, олардың ерік-жігері, қажыры, білімі
болып табылады», деген. Яғни, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды, тазалық
пен санитария ережелерін насихаттайтын пəрменді ақпараттық іс-шаралар жүргізілу
қажет. Өмір салтын теріс əдеттерден спортқа көшіру
тиімді жолдардың бірі болып
табылады.
Дене шынықтыру – сауықтыру жұмыстарын жетілдіру мəселесін ғылыми
тұрғыда негіздеу, оның түп тамыры мен тарихи даму жағдайларынан бастап талдауды
қажет етеді. Сауықтыру кешендерін дене тəрбиесінің теориясы мен əдістемесінің
дамуы мен қалыптасуын тарихи тұрғыда талдап өтсек, оның бастау көздері антикалық
дəуірден-ақ бастау алғаны белгілі. Мысалы, Ертедегі Греция мен Римде дене тəрбиесіне
негізделген кешендер жүйесі болған. Спартада үстем тап балаларына əскери дене
тəрбиесі берілген. Құл иеленушілердің балалары 7-ден 18 жасқа дейін мемлекеттік
тəрбие мекемелерінде тəрбиеленген. Бұл мекемелерде дене тəрбиесіне ерекше мəн
берілген.
Балалардың денесін шынықтыру, қолайсыз климат жағдайларына төтеп
беруге жаттықтыру, əскери жаттығуларға (жүгіру, секіру, күрес, жекпе-жек, найзаласу
т.б.) үйретілген. Ал ежелгі дүниенің жəне орта ғасырдың спорттық-сауықтыру
кешендеріне үңілсек дене шынықтыру мен спорт өзінің тарихи тамырымен өте тереңге
кетеді. Археологиялық қазба жұмыстары тас дəуірінде
дене шынықтыру
жаттығуларына арналған кешендер болғанына мəліметтер беріледі. Мұндай кешендер
Үндістан, Мысыр, Орта Азия жəне Оңтүстік Америка жерлерінде табылған. Ежелгі
Грецияда дене шынықтру
дамуын сипаттайтын айғақ бар, ол олимпиядалық ойындар.
Жалпы гректің жəне аймақтық ойындарды өткізу үшін көптеген стадиондар салынған.
Ал Х-ХІ ғасырларда дене шынықтыру жаттығуларының кейбір мақсаты өте баяу