Ќўжаттыѕ аты


Фонетикалық сөзжасам тәсілі



бет10/33
Дата28.09.2022
өлшемі0.55 Mb.
#461549
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33
umkd sozzhasam

Фонетикалық сөзжасам тәсілі

Фонетика-семантикалық сөзжасам тәсілідің орындалуының өзіндік ішкі ерекшеліктері бар. Ең алдымен, кез келген дыбыс өзге бір дыбыспен алмаса келе жаңа сөз жасай алмайды. Екіншіден, дыбыстар сәйкесе келе, кез келген мағыналы атауды да туғыза бермейді. Дыбыстардың генетикалық тектестігі мен олардың жіктелу сатысы, даму заңдылықтары туралы біз тарихи сөзжасамға байланысты жазылған зерттеуімізде айтқан болатынбыз (Тарихи сөзжасам. Семантикалық аспект).
Дауысты (а(е(ә; у(ұ(ү; о(ө; и(ы(і;) және дауыссыз (п(б(в(у; ц(т(с; ч(т(ш; дж(д(ж(з(й; р(л; рс-р(з; х(қ(к(ғ(г) дыбыстардың жіктелуі адам танымының өсіп дамуымен сабақтас қарастырылып, когнитивтік аспектіде зерделенуі тиіс. Номинация теориясы тұрғысынан ұғымды атауда ерекше номинативтік белгіні танумен, жаңа туынды сөздер мағыналарының ерекшеленуімен байланыстырамыз. Әуелгі күрделі ұғымның номинативтік ерекше белгілері жіктелуіне сәйкес, атаудың таңбасы да дыбыстық жіктеліске ұшырайды. Сөйтіп жеке атау жасалады. Фонетика-семантикалық сөзжасам тәсілі тарихи ұзақ уақыттың жемісі. Сәйкес дыбыстардың жіктелісі мен туынды атау ретіндегі дамуы сәтте болатын құбылыс емес. Тарихи дамудың нәтижесі. Дыбыстардың жіктелу процесінің негізінде әлем бейнесінің көрінісі болатын ұғымы белгілейтін архитұлғаның (таңбаның) артикуляциялық өзгерісі жатады.
Номинациялық қажеттілікті өтеу үшін тілдегі аффрикат күрделі тұлғалар жіктеліске түседі, ал аллофондары мағына жасаушы фонемаға айналады. Дыбыстардың жіктелуі, аллофондардың дами келе фонемаға айналу процесі ұзақ дамудың жемісі. Бұл, ең алдымен, сөзжасамға тікелей байланысты. Жаңа ұғымды белгілеу мақсатында ғана аллофондар фонемалық сипатқа көше алуы мүмкін. Демек, дыбыстардың жіктелісі мен дамуы сөзжасамдық процеске тәуелді деп пайымдауға болар еді.

8. Синтетикалық сөзжасам. Зат есім сөздердің синтетикалық сөзжасамына толық талдау жасау. Олардың семантикалық қырын ашу. Синтетикалық сөзжасамды мотивациялық, номинациялық аспектіден талдау….........................................1 сағат.


Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамдық жүйесінде синтетика-семантикалық сөзжасамдық тәсіл ең өнімді тәсілдердің бірі саналады. Сөзжасамдық тәсілдің бұл түрі түркітануда да, қазақ тіл білімінде де кеңінен зерттелген. Сөзжасам саласы жеке пән ретінде бөлінбей тұрғанда-ақ, сөзжасамның синтетикалық тәсілі морфологиялық аспектіде қарастырылған. Мұнда сөз таптарының жасалу жүйесі бөлек-бөлек қарастырылып, өнімді және өнімсіз сөз тудырушы жұрнақтардың тұлғалық және мағыналық сипаты бағамдалған. Әдеби тілде (А.Ысқақов, Ә.Төлеуов, Н.Оралбаева т.б) және диалектіде (Ғ.Қалиев) кездесетін сөз тудырушы тұлғалар жүйелі түрде анықталған. Кез келген туынды сөз сияқты синтетика-семантикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған атаулардың да семантикалық құрылымы күрделі. Бұл ең алдымен, атаудың тұлғалық құрамының күрделілігімен де байланысты. Синтетика-семантикалық сөзжасам тәсілі (СССТ) арқылы жасалған атау мағынасы себепші негіз бен сөз туғызушы тұлғаның мағынасы арқылы пайда болады. Басқа да сөз тудырушы тәсілдердегі сияқты, бұл тәсілде де сөзжасамдық туынды мағына екіншілік сипатта болып, құрамындағы сөзжасамдық тұлғалардың мағыналық құрылымы арқылы айқындалады. Синтетика-семантикалық сөзжасам тәсілідің басқа тәсілдерден өзіндік ерекшелігі бар. Айталық, семантикалық тәсілде жаңа атаудың пайда болғандығын тек сөздің ішкі мағыналық құрылымында пайда болған ерекше сема арқылы айқындайтын болсақ, бұл тәсілде сөзжасамдық мағына себепші негіз бен сөз тудырушы жұрнақ мағынасы арқылы жасалады. Туынды сөздің тұлғалық жамылғышы өзгеріске түседі. Тұлғалық жамылғыш мағынасын сараптау нәтижесі арқылы екіншілік номинация туғызу үшін қандай ерекше мағына қосылғанын зерделеуге болады. Синтетика-семантикалық сөзжасам тәсілі өзге сөзжасамдық тәсілдермен салыстырғанда кейін пайда болған. Өйткені сөз тудырушы жұрнақтардың өзі әуел бастағы түбір сөзден қалған “жұрнақ”. Оның сөз тудырушы жұрнақ ретінде қалыптасуының өзі үлкен тарихи кезеңді қамтиды. СССТ құрамында кездесетін сөз тудырушы тұлғалардың мағынасы тарихи қалыптасу жолынан өткендіктен, оның сөзжасамдық тәсіл ретінде жүйелі түрде жұмсалуының өзіндік ерекшелігі мен сипатты белгілері бар.
Себепші негіз бен сөз тудырушы жұрнақ мағынасы арқылы жасалған сөзжасамдық мағына екіншілік мағына болады. Қазіргі қазақ тілінде синтетика-семантикалық сөзжасам тәсілі сөзжасамның ең өнімді тәсілі саналады. Себепші негізге бір ғана мағына қосатын тұлға бірнеше негізге жалғанып, себепші негіздегі мағынаға сәйкес көптеген жаңа номинативті мағына туғыза алады. Екіншілік мағына туғызатын екі сөз жасаушы тұлғалардың бір-бірімен жалғануында семантикалық валенттілік сақталады. Яғни жаңа сөзжасамдық мағына туу үшін тұлғалар синтагматикалық және мағыналық жағынан бір-бірімен сәйкес болуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет