Ќўжаттыѕ аты


Сөздің антонимдік, синонимдік, көпмағыналылығының даму сипаты. Көпмағыналылық пен омонимия құбылысының арақатынасы. Оның номинация теориясы негізінде түсіндірілуі



бет13/33
Дата28.09.2022
өлшемі0.55 Mb.
#461549
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33
umkd sozzhasam

12. Сөздің антонимдік, синонимдік, көпмағыналылығының даму сипаты. Көпмағыналылық пен омонимия құбылысының арақатынасы. Оның номинация теориясы негізінде түсіндірілуі………………………………..1 сағат
Сөздің дыбыстық жамылғышын өзгертпей-ақ, туынды мағынада жұмсалу қасиеті, ең алдымен, сөйлеуде, атаудың әртүрлі қызметте жұмсалуымен байланысты пайда болады. Сөз мағынасының жіктеле дамуындағы сөйлеудің рөлі мен маңызы ерекше. Тек сөйлеу арқылы ғана атау өзінің туынды мағынасына жіктеліп, жаңа ұғымды атау қабілетіне ие бола алады. Семантикалық сөзжасам негізінде жасалған туынды сөздердің мағыналық құрылымын тану аса күрделі. Түркітануда семантикалық сөзжасам негізінде жасалған атаулар көптеген ғылыми еңбектерде тарихи омоним ретінде де танылғаны белгілі. Дегенмен, сөздің мағынасы терең зерделегенде, мұндай туынды сөздердің арасындағы генетикалық-мағыналық байланысты айқындау аса қиындық туғызбайды.
Тілдің ішкі даму табиғатын тап басып тауып, ішкі иірімдерін түйсіну оңай шаруа емес. Әсіресе тұлғалық жағынан ерекшеленіп, анық көрініп тұрмаған сөздердің ішкі мағынасына терең бойлау оңай емес. Сондықтан да тұлғасы ортақ, мағынасы әртүрлі болып тұрған таңбаның (бірі – зат есім, бірі – етістік) тарихи даму байыбына бармай-ақ, омоним ретінде тани салу оп-оңай. Бірақ ғылыми жағынан толық дұрыс тұжырым бола алмайды. Тұлғалық жағынан ешқандай өзгеріске түспей-ақ, мағыналық байланыстылығы мен негізділігін сақтай отырып, туынды мағынаға көшуін, олардың мағыналық ерекшелігін тек сөйлеуде (речь), лебізде (высказывания) немесе контексте ғана айыруға болады. Яғни сөздің мағыналық дамуы сөйлемдегі қызметімен тікелей байланысты. Семантикалық сөзжасам негізінде жасалған туынды сөздердің мағынасы сөйлемде туындайды, сөйлем ішінде анықталады. Жекелей тұрғанда мұндай тұлғаларды бір-бірінен айырар, мағыналық ерекшелігін анықтар белгі жоқ. Сондықтан сөз қасиеті тек сөйлеуде не контексте ғана айқындалады. Семантикалық сөзжасамның тарихи бір буынды түбірлердің мағыналық дамуында өте маңызды рөл атқарып, заттық және қимылдық мағыналы атауларды жасағаны туралы айтылды. Сондықтан біз қазіргі тіл тұрғысында семантикалық сөзжасам тәсілімен жасалған атаулардың мағыналық құрылымын саралаймыз.


13. Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл. Есім негізді күрделі сөздер. Олардың зерттелуі, орфограммасы туралы көзқарастар. Күрделі сөздердің атау теориясы арқылы зерделенуі………….........................................................................….1 сағат. \ Аналитика-семантикалық сөзжасам тәсілі тілдің дамуында маңызды рөл атқарған. Тілдің ежелгі бастауында түбіртектің, түбірдің бірігуі арқылы екіншілік мағына жасалып, жаңа сөздер туындаған. Тіліміздегі бір буынды түбірлер санатындағы ГСГ (ГС+Г, Г+СГ т.б.) тұлғасындағы атаулар түбіртектердің осындай бірігуі нәтижесінде болған деп пайымдауға негіз бар. Қазіргі қазақ тілінде аналитикалық-семантикалық сөзжасам тәсілінің мынадай сөзжасамдық қалыптары қалыптасқан: тұлғалардың бірігу қалыбы; тұлғалардың қосарлану қалыбы; тұлғалардың тіркесу қалыбы.
Аналитика-семантикалық сөзжасам тәсіліінің өзіндік ішкі байланысу заңдылығы бар. Кез келген екі тұлғаның бір-бірімен қосарлануы не бірігуі, тіркесуі мүмкін бола бермейді. Өзге де сөзжасамдық тәсілдердегі сияқты мұнда да парадигматикалық және синтагматикалық қатынастар орындалуы тиіс. Халықтың болмыс белгілері мен қасиеттері туралы ұғымды, түсінікті танып, оны таңбалауының ішкі заңдылықтарына сәйкес аналитика-семантикалық сөзжасам тәсіліде де халықтық дәстүрлі дүниетаным мен ментальдылықтың берік жүйесі орныққан. Осыған сәйкес жаңа номинативтік белгісі бар ұғымды таңбалауда лингвистикалық және экстролингвистикалық факторлардың орындалуы шарт.
Өзге сөзжасамдық тәсілдермен салыстырғанда, аналитика-семантикалық сөзжасам тәсілідің өзіндік ерекшелігі бар. Бұл ерекшелік аналитика-семантикалық сөзжасамның толық мағыналы сөздер арқылы жаңа туынды мағына жасай алуымен байланысты. Туынды сөздің жаңа сөзжасамдық мағынасының ішкі семантикалық құрылымы күрделі болады, әрі оған екі негіз мағынасы да бірдей қатынасып, “ортақ” жаңа сема жасайды. Жаңа сөзжасамдық зерттеулерге сүйене отырып, аналитикалық-семантикалық тәсіл негізінде пайда болған сөздердің ішкі мағыналық құрылымы арқылы да олардың жаңа атаулық қасиетін айқындаймыз. Себебі кез келген жеке сөз өзінше қалыптасқанымен, оның ортақ заңдылықтары болды. Ал сөздердің жеке атау ма немесе еркін сөз тіркесі бола ма деген сұраққа жауап берілу үшін, оның тек морфологиялық құрылымын айқындау аздық етеді.
Аналитика-семантикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған атаулар адам танымының нәтижесінде танылған ұғымды номинативтік белгілерінің ерекше қасиеті мен сапалық сипатының өзге заттар мен құбылыстардың бойындағы жақын, мәндес, ұқсас, қарама-қарсы, абстрактылы, ассоциативті мән туғызу жағдайына орай таңбалайды. Айталық, “баспасөз” лексемасының екіншілік мағынасының жасалуына себепші негіз болған “баспа” және “сөз” тұлғаларының қайсысының мағыналық деңгейі жоғары не төмен, жаңа атау жасауда қайсысы артық сема қосып, тірек сыңар қызметін атқарып тұрғанын айқындау мүмкін емес. Өйткені сөзжасамдық мағына үшін екі тұлғаның қосар мағыналық үлесі бірдей. Туындаған жаңа сөзжасамдық мағына екі тұлғаның да мағыналық құрылымындағы номинативтік белгілерді тиісінше қабылдап, өзінше ерекше семалы жаңа денотаттық мағына туғызады. Бұл туынды екіншілік мағына себепші негіздердің мағынасы арқылы бірдей уәжделеді. Демек, аналитика-семантикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған туынды сөздердің құрамындағы себепші негіздердің біреуі тірек сөз, біреуі көмекші сөз деуге келмейді. Туынды сөздің екіншілік сөзжасамдық мағынасында себепші негіздің екеуінің де семалық үлесі болады, әрі олардың үлес салмағы екіншілік мағына семасының ерекше семасын туғызуға бірдей қатысады. Аналитика-семантикалық сөзжасам тәсілі арқылы туынды сөз жасалу процесінде бір тұлғаның мағынасы негізінде бірнеше атау жасалуы ықтимал. Бірақ бұл оның тірек мағыналылық сипатын таныта алмайды, тек сөзжасамдық парадигма жасау қабілетін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет