Ќўжаттыѕ аты


-Модуль 11-тақырып. Фонетикалық сөзжасам тәсілі



бет27/33
Дата28.09.2022
өлшемі0.55 Mb.
#461549
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33
umkd sozzhasam

3-Модуль


11-тақырып. Фонетикалық сөзжасам тәсілі.
Оның негізгі сөзжасамдық қалыптары


Теориялық тапсырма:


Фонетикалық сөзжасам тәсілінің түркітанудағы зерттелуіне шолу. Дыбыс сәйкесулері нәтижесінде жасалған сөздердің мағыналық ерекшелігіне назар аудару. Фонетикалық сөзжасам тәсілінің түрлері мен қалыптары. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың сәйкесуі арқылы жасалған туынды сөздердің құрылымдық ерекшелігін анықтау.
Әдебиет

Гарипов Г. М. Башкирское именное словообразование. Уфа, 1959.


Юлдашев А.А. Система словобразования и спряжения глагола в башкирском языке. –М., Наука, 1958.
Ганиев Ф.А. Суффиксальное словообразование в современном татарском литературном языке. – Казань, 1974.
Севортян Э.В. Аффиксы глаголообразования азербайджанском языке. –М., 1962.
Хабичев М.А. Именное словобразование и формообразование в куманских языках. -М., 1989.
Салқынбай А.Б. Тарихи сөзжасам. Семантикалық аспект. –Алматы, 1999.
Кажыбеков Е.З. Глагольно-именная корреляция гомогенных корней в тюркских языках. –Алматы, 1986.


Практикалық тапсырма

1. Дауысты дыбыстардың сөзжасамдық қалыбы арқылы жасалған туынды сөздерге мысалдар тауып, олардың семантикалық құрылымын анықтаңыз.


2. Дауыссыз дыбыстардың сөзжасамдық қалыбы арқылы жасалған тукынды сөздерге мысалдар тауып, олардың семантикалық құрылымын анықтаңыз.
3. Мәтін бойынша фонетикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған туынды сөздерді тауып, сөзжасамдық қалыбы мен мағынлаық құрылымындағы сөзжасамдық мағынаны анықтаңыз.
1. Тортай тас күркені ұядай қылып жинап, тазалап қойыпты. Бұдан бұрын да осы жерге сан келіп, мекеніне айналдырған секілді. Қайран қалдым. Ағаштан қиып нар жасап, үстіне шөп төсеген. Өзіне тиесілі кітаптар әбден көп оқылғандықтан, жемтір-жемтір болып, бір бұрышта жинаулы тұр. Төр алдына ешкінің терісі төселген. Қарағайдың жуан кеспелтек шөркесінен стол жасап, май шам қойыпты. Тастан қаланған жерошақта маздап жанған от. Сіркіреп жаңбыр жауды. Үңгірге су тимейді екен. Күн бұлтты болған соң ба, ымырт ерте үйіріліп, көз байлана бастады. Үйден ұрлап алып шыққан нан мен ірімшікті стол үстіне қойдым (О.Бөкей).
2. Аттарын тұсап-тұсап тастаған балалар бүлдіргеннің қызығына әлі қанған жоқ. Алғаш кеп түскен бір беттен жылжымаса да, сол алаңның өзінің жемісін де мойыта алған жоқ. Жегеннен асқанды тақия, тымақ, дорба, қалталарға да сықап жатыр. Бір мезгілде бар баланың құлағына ап-айқын боп дүрілдеген қалың үн келді. Балалар елең етісті. Араларындағы үлкені Тәкежан мен Абай да қарасты. Абай бұл дүбірдің мәнін ұққандай, саспай ғана Шыңғыс жақтағы бір белеске қарап отыр екен (М.Әуезов).

3. Қызметке қазақ оқығандары керек болып, өткен істерге кешірім жариялағаннан бері Жорғабек жақында келіп, жер бөліміне кіріп еді. Оның бар мақсаты: жастарды еппен ұстап, беделін, ықпалын жүргізіп, айтқанын істету еді. Қаза берсек, түпкі ойы – бір үлкен орын еді. Ол ойы жүрегінің түкпірінде сары майдай сақталып жатушы еді. Сыртқы түрінде ептілік, шешендік, әлеуметшілдік, ісшілдік, бүтіншілдіктен басқа оғаш мінез білінбеуші еді. Әркімнің бетіне қарай құбылып, өз пікірін әсте білдірмеуші еді. Ол кәрімен де, жаспен де, коммунстпен де, емеспен де жанасып кетер еді. Онда орыс та, қас та болмаушы еді.


Ауыл жақтағы иттердің манағы шабаланғаны жоқ, анда-санда сақ қаншықтың безілдеген, жас күшіктің шәуілдеген әлсіз даусын төбеттердің күңіренген ұзын сарыны басып тұрғандай. Сөйтіп тұрғанда бірдеме ысқырғандай болды. Ауылдан иттерді шабаландырған аттың дүрсілі тауға қарай кетті. Ит даусы алыстап барып, қайта жақындап абалады. Ажал да абалады. Дүрсіл ауылға қайтып келді. Күбір-күбір адам даусы естілген тәрізденді. Ақбілектің жүрегі зырқ ете түсті. Зырқ етпей қайтсін тықыр шықты. Жүрегінің дүрсілі болғай еді деп, қолын кеудесіне басып еді. Тас, тас емес-ау, темір емес – ажал шықыр еткендей, құйқа тамыры шымыр етті. Апан көр сияқтанды. Өйткені ажалдай түсі суық саудыраған үш адам келіп қалды. Бала қамаған лаққа ұсап, апанды айнала жүгіріп, өкпесін соққан торғайдай торға ілінді (Ж.Аймауытов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет