3. Кілт, кісі, кес, тақ, бақ сөздерінің сөзжасамдық ұясын тізіп, олардың денотаттық, сигнификаттық, коннатациялық мағыналарда дамитынына назар аударыңыздар, себебін түсіндіріңіздер.
10-тақырып. Сөзжасам тәсілдері, олардың түрі, ерекшеліктері
Теориялық тапсырма
Тіл-тілдегі сөздердің жасалуы сөзжасам тәсілімен байланысты. Сөзжасам тәсілідің зерттелуі, түрлері, ерекшелігі. Түркі және қазақ тіліндегі сөзжасам тәсілідің түрлері.
Әдебиет
Гарипов Г. М. Башкирское именное словообразование. Уфа, 1959.
Юлдашев А.А. Система словобразования и спряжения глагола в башкирском языке. –М., Наука, 1958.
Ганиев Ф.А. Суффиксальное словообразование в современном татарском литературном языке. – Казань, 1974.
Севортян Э.В. Аффиксы глаголообразования азербайджанском языке. –М., 1962.
Хабичев М.А. Именное словобразование и формообразование в куманских языках. -М., 1989.
Оралбаева Н. Сөзжасам тәсілдері. // Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989.
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі.- Алматы: Ғылым, 1989.
Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. – Алматы, 2002.
Салқынбай А.Б. Қазақ тілі сөзжасамы. - Алматы, 2003.
Практикалық тапсырма
Мәтіндерді оқып шығып, туынды сөздерді табыңыз, олардың қай сөзжасам тәсілі арқылы жасалғанын анықтап, талдап көрсетіңіз.
1-мәтін.
Ымырт үйіріліп, қас қарая бастаса да, бұл ауылдың шамы жана қойған жоқ. Баяғы заман емес, жердің жарығы аспандағы жұлдыздан бетер самаладай жарқыраған уақытта, қараңғы үйде қамалып, кешкі ас-суын іше алмай отырған өзгеше қызық екен. Әсіресе, қаладан барған адам елу жылға шегініп, өмір сүргендей халді бастан кешері рас. Осы Шыңғыстайдың да дәл үстінен жоғары қуатты Бұқтырма ГЭС-інің арқандай шуатылған сымы, бұдан аттай алты жыл бұрын тартылған, әлдеқайда алысқа кермедей керіліп, кете барған. Аппақ күмістей бағаналары қолтық көтерсе, қол соза зәулімденген электр сымдарына ауыл адамдары тек қызығы қарағаны болмаса, осы бесжылдықтың аяғына дейін дәме қылып отырған жоқ (О. Бөкей).
2-мәтін.
Жүргіншілердің қарсы алдынан Шыңғыстың желі есті. Алыста, сахараның ғажайып ертегісіндей боп, сұлу сағым толқынданды. Неше алуан бейнелер, елестер шығып, бадырая түсіп, ереуілдеп қояды. Кейде олар көк мұнар ішінде қалқып, көтеріліп, жерден үзіліп, аспандап кетеді. Кейде тау, кейде қыстау, мола, кейде тоғай сүйтеді. Осы сағым ар жағында, көкшіл мұнар арасында, Шыңғыстың қалың қатпар, қара кө биіктері көрінеді.
Айнала, бар дүниені ал қара көк бетеге мен шашақтанған ал күрең көде басыпты. Анда-санда жол жағасында түп-түп ши кездеседі. Теңселіп, ырғалып, тобыменен бір ғана нәзік, ызың үн салады.
3-мәтін.
Осы көктемде Абай көңілі бар дүниенің дырдуынан, бар адамның реніш, қуанышынан оқшау кеткен, оңашаланып кеткен бір құпия сырдың соңында еді. Сол сырына Абай бар жүрегімен, бар қиял сезімімен шомған болатын. Домбырамен, хатпен де талай шыншыл жыр айтты. Жыр емес, жас жүректің тебіреніп толқыған сырын айтты. Бірақ ол ғана емес, айтылған жыр аз ғана. Айтқанының бәрі, көңілінің бары емес. Әлдеқайда бері жатыр. Егер көкірегін ақтарып, іште барын көрер, тыңдар, ілтифат етер жар болса, айтылып болмас, тілмен жетпес әсем саз, шерлі наз сонда жатушы еді. Ойда барын жеткізе алмай, кеудеде тыныс біткендей құста болған шағында, Абай қатты сенделіп қиналып кетіп:
– Япырмау, қайтем енді? Хат шорқақ, тіл мақау!– дейтін (М.Әуезов).
Достарыңызбен бөлісу: |